БҰЙЫРАМЫН:
1. "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Жол жүруге өтемақы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың мынадай санаттарына төленеді:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 2 еселенген мөлшерінде.";
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының түлектеріне - жылына бір рет 2 еселенген АЕК мөлшерінде;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттарына жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде 4 еселенген АЕК мөлшерінде;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына - жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне - жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Білiм алушыларға жол жүру өтемақыларын төлеудi өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар жыл сайын ақпан және маусым айларында қаражатты бiлiм алушылардың карт-шотына аудару жолымен немесе қолма-қол төлемдермен жүргiзедi.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының академиялық күнтізбесіне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесінің кестесіне сәйкес қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиді қоспағанда) жол жүруді растайтын құжаттар (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) болған жағдайда жол жүру ақысы төленеді.".
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә. Тойбаев) Техникалық және кәсіптік білім (Н. Оспанова) департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қ.А. Ерғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.а. |
А. Аймагамбетов |