"Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қаңтарда № 26581 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16601 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 97-бабы 2 және 7-тармақтарына, 100-бабының 2-тармағына, 101-бабының 7-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке шоттарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 97-бабы 2 және 7-тармақтарына, 100-бабының 2-тармағына, 101-бабының 7-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің (салық агенттерінің) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жеке шоттарын жүргізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есепке алу тәртібін, оның ішінде:

      1) "Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру";

      2) "Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру";

      3) "Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер түсімдерін есепке алу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 26-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді республикалық және жергілікті бюджет арасында бөлу Бюджет кодексіне сәйкес жүргізіледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 57-1-бабының ережелерін қолдану мақсатында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында есептелген:

      1) бересі бойынша – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасы:

      2018 жылғы 1 қазанға көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген "Төлем сальдосы (бересі (-) немесе артық төлем (+)" деген бағанда;

      "Есептелген" деген бағанда салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген және көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген;

      қосымша салықтық есепті ұсыну жолымен көрсетілетін қызметті алушы есептелген "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген;

      2) өсімпұл бойынша – өсімпұл сомасы:

      2018 жылғы 1 қазанға көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген "Өсімпұл сальдосы (+, -)" деген бағанда;

      "Есептелген өсімпұл" деген бағанда салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген және көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген;

      қосымша салықтық есебі бойынша уақытылы төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем үшін есептелген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген, "Есептелген өсімпұл" деген бағанда көрсетілген және 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төленбеген;

      3) айыппұл бойынша – көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында салықтың сол түрі және ол бойынша бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша көрсетілген айыппұл сомасы:

      "Айыппұл сальдосы" деген бағанда (+, -)" 2018 жылғы 1 қазанға;

      "Есептелген айыппұл" деген бағанда тексеру нәтижесі бойынша қосылған, "Есептелген" деген бағанда есептелген салық сомасы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген сома айқындалады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз тасымалдағышта ұсынбаған не ол электрондық түрде Салық кодексінің 457-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға түспеген кезде, жанама салықтардың есептелген сомасы бойынша жеке шотқа жазба Есептеу тізілімнің негізінде жүргізіледі.";

      41 және 42-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Есептеу тізілімін оның жасалуына жауапты лауазымды тұлға жасайды және Салық кодексінің 457-бабының 3-тармағында көзделген мерзімі болғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей есепке алудың жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлғаға табыс етеді.

      Есепке алудың жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлға Есептеу тізілімін алған күні оның негізінде жеке шотқа жазба жүргізілген құжатты – жанама салықтар сомаларын есептеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің қорытындысын көрсете отырып, тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша жеке шоттың "Есепке жазылған" деген бағанына есептелген салық сомасының ҚҚС бойынша жеке шотта таратып жазады.

      42. Көрсетілетін қызметті беруші Салық кодексінің 457-бабы 3-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қағаз тасымалдағышта ұсынған не электрондық түрде түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға мұндай өтінішті салық төлеуші қағаз тасымалдағышта ұсынған не электрондық түрде түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде есептің жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлғаға бұрын "кемітуге" есептелген салық сомасы көрсетілетін жанама салық сомаларын есептеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің қорытындысы негізінде жасалған Есептеу тізілімін жолдайды. Есепке алудың жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлға Есептеу тізілімді алған күні тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша жеке шоттың "Кемітілді" деген бағанына салық сомасын таратып жазады.

      Бұл ретте Салық кодексінің 457-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қағаз тасымалдағышта ұсынылмаған не оны электрондық түрде алмаған кезде салық сомасына есепке жазылған өсімпұл жеке шоттан іріктеуге жатпайды.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 10-тармағында белгіленген жағдайларда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді бұрынғы қызметкердің банктік шотына аударған кезде көрсетілетін қызметті алушы өсімпұл сомаларын есепке алмағанда, жоғарыда көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы ұсталған кезең үшін қосымша Жеке табыс салығы бойынша есепті ұсынады.

      Есепке бұрынғы қызметкерге акцепт жүргізілгені туралы банктің белгісімен бірге, міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын аудару фактісін растайтын төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.

      Бұрынғы қызметкерінің банктік шотына аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомасына жеке шотта азайту жүргізіледі.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Тізілім Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 897-бабы 1-бөлігінде көрсетілген, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының және орындалған хабарлама (хабарлау) негізінде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес шығарылған, айыппұл сомасы, бюджетке аудару мерзімі көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің шешімі негізінде толтырылады.";

      159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "159. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану немесе банкроттық туралы іс қозғау барысында берешектiң болмауы (болуы) туралы мәліметтер "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерге кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу үшін талап қою өкілеттігіне кіретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің сұрау салуы негізінде қалыптастырылады.

      Берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерде салықтарды, төлемақыларды, өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау, оңалту рәсімін қолдану мерзімін өзгерткен кезде, сонымен бірге салық берешегі және көрсетілетін қызметті алушының әлеуметік төлемдер бойынша, банкрот болып танылған – қызметті алушы банкрот болып тану туралы соттың шешімі заңдық күшіне ену күнінен, Заңымен белгіленген банкрот рәсімі өткізуі кезеңіне салық берешегі көрсетілмейді.";

      168-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "168. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағиданың 22-қосымшасының 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электрондық түрде ұсынған кезде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 22-қосымшаның 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға табыс етпеген кезде, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға келу тәртібімен тапсырған кезде – Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, және қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электронды түрде ұсынған кезде құжаттарды өңдеу автоматты түрде жүргізіледі. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 22-қосымшасы 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын электронды түрде толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, электронды түрде ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 22-қосымшасының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын қағаз тасығышта толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ӘРПК 73-баптың талаптарын сақтап, қағаз тасығышта ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы Қағидаларға сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қағаз тасығышта ұсынылған құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкестікке келтіру мерзімін көрсетеді.

      Хабарламада көрсетілген қағаз тасығышта ұсынылған құжаттарды сәйкестікке келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы қағаз тасығышта ұсынылған құжаттарды талаптарға сай сәйкестікке келтірмеген болса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Егер мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған болса, көрсетілетін қызметті беруші қағаз тасығышта құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (әдісі) туралы алдын-ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға өз позициясын білдіру үшін хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қағаз тасығышта құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Қағаз тасығышта құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау нәтижелері бойынша хаттама жасалады және көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Бұл ретте, қағаз тасығышта құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті алушы өтінішхат берген жағдайда, тыңдау рәсімі жүргізілмеуі мүмкін.

      Қағаз тасығышта тапсырылған құжаттар пакеті толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер оларды алған күні құжаттарды одан әрі өңдеу үшін ОБЖШ АЖ-не енгізеді.

      Қызметті алушының жеке шотында көрсетілген салықтың, бюджетке төлемнің, айыппұлдың, өсімпұлдың немесе жеке шот жүргізілмейтін төлемдер бойынша артық төленген сомасы болған кезде ОБЖШ АЖ салық, бюджетке төленетін төлем, айыппұл, өсімпұл сомасын есепке жатқызуды немесе қайтаруды жүргізуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастырады. Төлем тапсырмасын қалыптастырғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер ЭЦҚ төлем тапсырмасына қол қояды. Қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ төлем тапсырмасына қол қойылғаннан кейін оны бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жіберу жүргізіледі.

      Заңның 5-бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе Салық кодексінің 101-бабында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпарат түрінде жолданады;

      Салық кодексінің 101-бабында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қағаз тасығышта жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушімен, Мемлекеттік корпорациямен уақытында қажет етілмеген құжаттарды сақтау шарттары:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін сақтайды;

      Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.";

      9-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Банкрот деп танылған заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша оңалту, сондай-ақ тарату рәсімінен өтетін заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын есепке алу";

      256-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "256. Міндеттемелердің орындалуына бақылау бойынша лауазымды тұлға есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға деректемелерін көрсете отырып (атауы, БСН немесе ЖСН, орналасқан орны, банк шоттарының деректемелері, сот шешімінің күні мен нөмірі), оларға сот шешімдерімен банкроттық, оңалту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабында көзделген негіздер бойынша тарату рәсімі қолданылған дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты банкрот рәсімі қолданылған кезде міндеттемелерін орындауды бақылау бойынша лауазымдық тұлға Салықтар, төлемдер және өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту тізілімін жасайды және есеп шоттарын жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға тапсырады. Салықтар, төлемдер мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту тізілімі салық төлеушінің банкрот деп танылғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні жасалады.

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген банкроттық рәсімін өткізу кезеңінде көрсетілетін қызметті алушы салық берешегін банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енгені бар болса, "Салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер" деген жеке шотының бағанында көрсетіледі:

      "Салық (төлем) сомасы" деген бағанда салықтың, төлемдердің сомасы жүргізіледі;

      "Өсімпұл сомасы" деген бағанда өсімпұлдың сомасы жүргізіледі;

      "Айыппұл сомасы" деген бағанда айыппұлдың сомасы жүргізіледі.";

      293-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "293. Есептілік күніне 1H-нысанды есепті жасау кезінде есептің тиісті бағандары бойынша:

      1) "Жоспар" - бекітілген болжамды көрсеткіштер;

      2) "Нақты түсімдер" - бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның деректері бойынша жыл басынан бастап мемлекеттік бюджетке түсімдер;

      3) "Республикалық бюджетке нақты түсімдер" - бюджетті орындау бойынша уәкілетті органы ведомстволарының негізінде жыл басынан бастап республикалық бюджетке түсімдер;

      4) "Жергілікті бюджетке нақты түсімдер" - бюджетті орындау бойынша уәкілетті органы ведомстволарының негізінде жыл басынан бастап жергілікті бюджетке түсімдер;

      5) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан барлық түсімдер" - мемлекеттік бюджетке түсімдер қосу бюджетті орындау бойынша уәкілетті органы ведомстволарының негізінде жыл басынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мемлекеттік бюджетке түсімдер;

      6) "оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер" - жыл басынан бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның деректері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер;

      7) "орындалу %" - бюджетке түсімдер бойынша есеп күніндегі болжамды көрсеткіштерді орындау пайызы;

      8) "Бересі" - салық төлеушілердің бересілері.

      Есепті мерзімдегі "Бересі" деген бағанына:

      салық, бюджетке төлемдер және "Кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген салықтардың, кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген және мерзімінде төленбеген сомалары бойынша артық төленген соманың болуына қарамастан жеке шоттар бойынша (өсімақы мен айыппұлсыз) есептелген және мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін төлемдер;

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген бересі сомасы;

      салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың өзгертілген мерзімі өткен бойда төленуге жататын салық сомасы жатады.

      1Н-нысанды есептің "Бересі" деген бағанында мыналар көрсетілмейді:

      салықты, төлемақыны төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың өзгертілген мерзімі бар, соның ішінде сотпен бекітілген оңалту жоспарына сәйкес салық сомасы;

      заңды күшіне енген сот шешімімен банкрот деп танылған салық төлеушінің бересі.

      9) "ҚҚС-ты өтеу сомасы, барлығы" - ағымдағы жылдың басынан қайтарылған ҚҚС сомасы;

      10) "Төленген өсімпұлдың сомасы" - өсімпұлды өтеу шотына ағымдағы жыл басынан түскен түсімдер;

      11) "Төленген айыппұл сомасы" - айыппұлды өтеу шотына ағымдағы жыл басынан түскен түсімдер;

      12) "Артық төлем" - бюджетке салықтар мен төлемдердің түрлері, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген, банкрот деп жарияланған, көрсетілетін қызметті алушының артық төлемінен басқа, есепті күні жеке шоттарда іс жүзінде қалыптасқан, бірақ конкурстық өндіріс аяқталмаған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша артық төлем және сот оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының артық төлемі, әрекетсіз көрсетілетін қызметті алушының жеке шотындағы артық төлемі, Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3-тармақтарында белгіленген, талап қоюдың ескіру мерзімінен артық есептелген артық төлем сомасы;

      13) "Жинақтаушы зейнетақы қоры" деген жол бойынша толтырылады: "Нақты түсімдер" деген бағаны - міндетті зейнетақы жарналардың түсімдері, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары "Бересі", "Артық төлем" деген бағандары – тиісінше банкрот деп жарияланған, алайда олар бойынша конкурстық іс жүргізу аяқталмаған және сот оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылдаған салық төлеушілердің бересілері мен артық төлемдерінен басқа, есепті күнде жеке шоттарда қалыптасқан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі немесе артық төленген сома;

      14) "Әлеуметтік аударымдар" деген жол бойынша толтырылады: "Нақты түсімдер" деген бағаны - әлеуметтік аударымдардың түсімдері, "Бересі", "Артық төлем" деген бағандары - тиісінше банкрот деп жарияланған, алайда олар бойынша конкурстық іс жүргізу аяқталмаған және сот оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының бересілері мен артық төлемдерінен басқа, есепті күнде жеке шоттарда қалыптасқан әлеуметтік аударымдар бойынша бересі немесе артық төленген сома;

      15) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар" деген жол бойынша толтырылады: "Нақты түсімдер" деген бағаны - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың түсуі, "Бересі", "Артық төлем" деген бағандары - тиісінше банкрот деп жарияланған, алайда олар бойынша конкурстық іс жүргізу аяқталмаған және сот оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылдаған салық төлеушілердің бересілері мен артық төлемдерінен басқа, есепті күнде жеке шоттарда қалыптасқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша бересі немесе артық төленген сома.";

      295-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "295. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      16, 17, 19, 22, 25, 27 және 29-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
1-қосымша
  Жеке шоттарын жүргізу
қағидаларына
16-қосымша

"Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері

www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

салықтық өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық түрде (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

көрсетілген қызметті берушінің лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көшірме немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында салықтық өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінін анықталуы

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
"Электрондық үкімет" веб-порталда жаңылыс не техникалық ақаулар анықталған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы www.​kgd.​gov.​kz "Салық төлеушінің кабинетінде" алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
2-қосымша
  Жеке шоттарын жүргізу
қағидаларына
17-қосымша

"Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері

www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

салықтық өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық түрде (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

көрсетілген қызметті берушінің лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көшірме немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында салықтық өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінін анықталуы

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
Порталда жаңылыс не техникалық ақаулар анықталған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы www.​kgd.​gov.​kz "Салық төлеушінің кабинетінде" алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
3-қосымша
  Жеке шоттарын жүргізу
қағидаларына
19-қосымша
  нысан

Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді КӨШІРМЕ

      Көшірме күні:

      "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан

      Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 97-бабына сәйкес, сіздің "___" ______ 20

      ___ жылғы өтінішіңізге байланысты, 20__ жылдан бастап 20__ жылға дейінгі кезеңдегі бюджетпен есеп _______________________________________________

      (мемлекеттік органының атауы)

      айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      БСН/ЖСН___________________ Сізге хабарлайды.

                                         (теңге)

Салық тың (төлем нің) атауы мен коды

Кезең басына сальдо (бересі -, артық төлеу (асып түсу**)+)

Қабылданған сальдо (бересі -, артық төлеу (асып түсу**)+)

Есептелді

салық (төлем)

өсімақы

пайыздар

айыппұл

салық (төлем)

өсімақы

пайыздар

айыппұл

салық (төлем)

өсімақы

пайыздар

айыппұл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Барлыгы:













      кестенің жалғасы

Азайтылды

Төленді

Қайтарылды

салық (төлем)

өсімақы

пайыздар

айыппұл

салық (төлем)

өсімақы

пайыздар

айыппұл

салық (төлем)

өсімақы

пайыздар

айыппұл

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

























          кестенің жалғасы

Берілген сальдо (бересі -, артық төлеу (асып түсу**)+)

Есептен шығарылған сальдо (бересі -, артық төлеу (асып түсу**) +)

Кезеңнің соңына сальдо (бересі -, артық төлеу(асып түсу**) +)

салық (төлем)

өсімақы

пайыздар

айыппұл

салық (төлем)

өсімақы

пайыздар

айыппұл

салық (төлем)

өсімақы

пайыздар

айыппұл

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

























          кестенің жалғасы

Анықтама: салық міндеттемелерін орындаудың өзгертілген мерзімімен салық сомасы

Анықтама: шағымдану сатысында болып табылатын салық тексеруінің актісі бойынша есептелген сома

Есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүргізудің мерзімін бұзғаны үшін мемлекеттік кірістер органына өсімақы есептелді

Салық төлеушіге қайтарылатын өсімақы сомасы

38

39

40

41









      Лауазымды тұлға _______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)

      Штамп орны

      Ескертпе: қысқартуларды таратып жазу:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      қосылған құн салығы бойынша көрсетілген бағандағы оң сальдо асып түсу және/немесе артық төленген сома ретінде қарастырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
4-қосымша
  Жеке шоттарын жүргізу
қағидаларына
22-қосымша

"Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу көрсетілетін қызметті алушы салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішті (бұдан әрі – салықтық өтініш) және құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару көрсетілетін қызметті алушы қате сомалар бойынша салықтық өтінішті және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті және құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын оны жою немесе мөлшерін азайту салдарынан, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті және құжаттарды табыс еткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару, қайтаруға өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару, қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу;
қате төленген соманы бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті мемлекеттік кірістер органына есепке жатқызу;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және өсімпұлдың артық төленген сомасын, сондай-ақ салықтың, бюджетке төленетін төлемнің қате төленген сомаларын салық төлеушінің банк шотына қайтару;
салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, оны жою немесе мөлшерін азайту салдарынан салық төлеушінің банк шотына қайтару;
сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын салық төлеушінің банк шотына қайтару;
мемлекеттік баждың артық төленген сомасын оны төлеу орны бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банк шотына қайтару;
қатені растамау туралы жазбаша хабарлама -мемлекеттік кірістер органы аудару кезінде қателердің бар-жоғын растамаған жағдайда;
көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін – салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалуы туралы хабарлама;
1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бап талаптарын сақтап, қағаз тасығышта ұсынылған;
2) ӘРПК 73-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, портал арқылы ұсынылған салықтық өтініш негізінде мемлекеттік қызметті көрсету барысында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондау мүмкіндігі бар.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) "Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде №16425 болып тіркелді) (бұдан әрі – Бұйрық) 15-қосымшаға сәйкес нысандағы салықтық өтініш;
2) салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – айыппұлдың заңсыз салынуы салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот шешімі немесе жоғары тұрған уәкілетті органының (лауазымды тұлғаның) шешімі;
3) бюджетке төленген тіркеу үшін алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжат;
4) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжат;
5) бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін – оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжаты;
6) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – заңды күшіне енген сот шешімі;
7) сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжаты және заңды күшіне енген сот шешімі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттар сервисінен іске асырылған интеграциялау арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік құпия сөз жіберу жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлау жолдау жолымен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы құжат иесінің келісімімен цифрлық құжаттарды алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы берген кезде:
1) салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы Бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды құжат нысанындағы салықтық өтініш;
2) салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – айыппұлдың заңсыз салынуы салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот шешімінің немесе жоғары тұрған уәкілетті органының (лауазымды тұлғаның) шешімінің электрондық көшірмесі;
3) бюджетке төленген тіркеу үшін алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжаттың электрондық көшірмесі;
4) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжаттың электрондық көшірмесі;
5) бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін – оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті орган құжатының электрондық көшірмесі;
6) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – бюджетке мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімінің электрондық көшірмесі;
7) сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжаты және заңды күшіне енген сот шешімі.
Көрсетілген қызмет алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал арқылы жүгінген жагдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметі көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Салықтық өтініш көрсетілетін қызметті берушіге:
1) салықтардың, төлемдердің, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомаларын қайтару, есепке жатқызуды жүргізу үшін – салық төлеушінің жеке шоты бойынша артық төленген сома есептелген болса;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару үшін – салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді қате төленген сомасы болса;
3) салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару үшін – қайтарылуға жататын айыппұл сомасы жеке шот бойынша есептелетін айыппұл сомасы болса ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бас тарту үшін:
1) есепке жатқызу:
заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне;
мемлекеттік баждың төленген сомасы;
2) есепке жатқызу және қайтару:
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алымның, консулдық алымның, мыналар үшін:
жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені, жануарлар дүниесін пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомасы, осындай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда;
есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлар үшін акциздердің артық төленген сомасы, салық төлеушінің осындай тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтату және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша мемлекеттік кірістер органына қайтару жағдайларын қоспағанда;
артық төленген (өндіріп алынған) салық, жер учаскелерін пайдаланғаны, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем сомасы – осындай салықтар, төлемдер бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі оны табыс ету күніне дейін ұзартылған жағдайда;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген аукционды өткізу қағидаларын бұзуға байланысты аукцион жеңімпазын анықтауға әсер еткен осы аукционды жарамсыз деп тану жағдайын қоспағанда, қол қойылған бонустың төленген сомасы;
талап қою мерзімінің өтуі;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының болмауы негіз болып табылады;
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген негіздердің болуы негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушы лар үшін қол жетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильді қосымшада электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпия сөзді қолданып авторландыру өту керек, одан кейін "Цифрлық құжат" тарауына өтіп қажетті құжатты таңдау керек.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
5-қосымша
  Жеке шоттарын жүргізу
қағидаларына
25-қосымша

      нысан

Бейрезидент тұлға үшін қосылған құн салығын бойынша салық берешегін өтеу есебіне артық төленген сомалардың жүргізілген есепке жатқызуын туралы растау

      20___ жыл "____" _____________ _________________________________

      (құрастырудың датасы ) (мемлекеттік кірістер органының коды)

      бойынша ________________________________________________________

      (БСН, мемлекеттік органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 400-бабы 1-тармағына сәйкес Сізге ___________________________________________________

      (ЖСН/БСН)) қызмет алушының аты-жөні немесе (ЖСН/БСН) жеке тұлғаның аты-жөні

      Сіздің өтінішіңіздің негізінде _____________________________________,

      (өтініштің күні, № )

      Салық кодексінің 102-бабына сәйкес ____________________________ (күні)

      ________ сомасы ___________ (___________________)_____________теңге

      (жазумен)

      Салық кодексінің 400-бабына сәйкес төлеуге жататын қосылған құн салығы есебіне салықтар, төлемдер және өсімпұлдардың артық төленген сомасын есепке жатқызу жүргізілгенін хабарлайды

      Мөр орны Мемлекеттік органның басшысы ___________________ __________

      (қолы)

      Есепке алуды және жеке шоттарды жүргізуге жауапты

      лауазымды тұлға ___________________ _____________

      (қолы)

      Ескертпе: қысқартуларды таратып жазу:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
6-қосымша
  Жеке шоттарын жүргізу
қағидаларына
27-қосымша

      нысан

Резидент емес үшін қосылған құн салығы бойынша салық берешегін өтеу шотына есептелген сомадан асып кеткен, есепке жатқызылан, асып кеткен қосылған құн салығын есепке алуды жүргізу туралы растау

      20___ жыл "____" _____________ __________________________________

      (құрастырудың күні) (мемлекеттік кірістер органының коды)

      _______________________________________________ бойынша

      (мемлекеттік органының атауы) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 400-бабы 1-тармағына сәйкес Сізге _________________________

      Салық төлеушінің (салық агенті) атауы БСН

      ________________________________________________________________

      немесе ЖСН, жеке тұлғаның аты-жөні (ол болған кезде)

      Сіздің өтінішіңіздің негізінде ______________________________________,

      (өтініштің күні, № )

      Салық кодексінің 429-бабына сәйкес ___________________________ (күні)

      _______ сомасы ________ (________________________)___________теңге

      (жазумен)

      Салық кодексінің 400-бабына сәйкес төлеуге жататын қосылған құн салығы есебіне есепке жатқызу жолымен қосылған құн салығын қайтару жүргізілгенін хабарлайды

      Мөр орны Басшы _____________________ ___________________

      (қолы)

      Есепке алуды және жеке шоттарды

      жүргізуге жауапты лауазымды тұлға ______________ ______________

      (қолы)

      Ескертпе: қысқартуларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
7-қосымша
  Жеке шоттарын жүргізу
қағидаларына
29-қосымша

      нысан

Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығының есепке жатқызылуы жүргізілгені туралы растау

      20___ жыл "____" _____________ __________________________________

      (құрастырудың күні) (мемлекеттік кірістер органының коды)

      _______________________________________________________ бойынша

      (мемлекеттік органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 400-бабы 1-тармағына сәйкес Сізге ______________________

      Салық төлеушінің (салық агенті) атауы БСН

      ___________________________________________________________________

      немесе ЖСН, жеке тұлғаның аты-жөні (ол болған кезде)

      Сіздің өтінішіңіздің негізінде _________________________________________,

      (өтініштің күні, № )

      Салық кодексінің 435-бабына сәйкес ______________________________

      (күні) _______ сомасы _______ (______________________)____________ теңге

      (жазумен)

      Салық кодексінің 400-бабына сәйкес төлеуге жататын қосылған құн салығы есебіне есепке жатқызу жолымен қосылған құн салығын қайтару жүргізілгенін хабарлайды

      Мөр орны

      Мемлекеттік органының басшысы _________________ _______________ (қолы)

      Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы ________ ________ (қолы)

      Ескертпе: қысқартуларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады