"Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қаңтарда № 26595 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 20.08.2024 № 559 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 20 қаңтардағы
№ 61 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 677 бұйрығымен
Бекітілген

Егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды тізбесі

      1. Тамақ өнімдері.

      2. Жанар-жағармай материалдары.

      3. А-4, А-3 форматты "қағаз".

      4. Жолдарды қыста ұстау жөніндегі жүмыстар.

      5. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.

      6. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер.

      7. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер.

      8. Автокөлік қызметтері.

      9. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер.

      10. Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер:

      1) ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты тазалықта ұстау;

      2) ғимараттарға жапсарлас аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды жүргізу және ғимараттардың ішіндегі жасыл екпелерді күтіп-баптау;

      3) ғимараттардың ішкі үй-жайларын және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу;

      4) оларға жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;

      5) күзетпен, дабылдаумен және ғимараттарды, өрт қауіпсіздігі және оған жапсарлас аумақты күзету жөніндегі басқа да қондырғылармен қамтамасыз ету;

      6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары;

      7) лифттық жабдықты техникалық қызмет көрсету.

      11. Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, почта байланысы).

      12. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер.

      13. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер.

      14. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

      15. Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

      16. Заң жобасы нормативнтік құқықтық актілері мен ұғымдардың ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер.

      17. Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер.

      18. Жалға алынатын ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды ұстау жөніндегі қызметтер.

      19. Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.

      20. Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары мен картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер.

      21. Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру жөніндегі қызметтер.

      22. Мүгедектерге арналған санитарлық-гигиеналық құралдар.

      23. Мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметтері.

      24. Естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау маманының қызметтері.

      25. Мүгедектерді арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.

      26. Әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстау жөніндегі қызметтер.

      1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;

      2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;

      3) көшелерді, парктерді, саябақтарды, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық жинау, қолмен), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;

      4) қазылатын шүңқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;

      5) нөсер кәрізін пайдалану;

      6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;

      7) селге қарсы іс-шаралар;

      8) кәріздерден ағынды суларды шығару;

      9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;

      10) көмілген жерлерді ағымдағы ұстау.

      27. Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер.

      28. Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарына арналған тіркеу құжаттарын (көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін), транзиттік нөмірлерді дайындау бойынша қызметтер.

      29. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша қызметтер.

      30. Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық тутұғырды күтіп ұстау және қызмет көрсету.

      31. Офистік ұйымдастыру техникасын жалға алу және серверлік ресурстарды жалға алу бойынша қызметтер.

      32. Газет қағазы (газет басуға арналған қағаз).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады