"Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 359 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қаңтарда № 26623 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      1. "Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 359 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17077 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілердің тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда Кодексте белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылау мен мониторингтеуге, сондай-ақ электрондық сатып алуды жүргізуге және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      2) өтініш иесі – электрондық сатып алу жүйесінің иесі және (немесе) меншік иесі болып табылатын және пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмыстарын Тізілім жұмысымен үйлестіруді іске асыруға өтінім берген (бұдан әрі - өтінім) жеке немесе заңды тұлға;

      3) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;

      4) сервис – белгілі бір логиканы іске асыратын және электрондық хабарларды беруге негізделген интерфейстер арқылы желілік өзара іс-қимыл үшін қолжетімді операциялар жиынтығы;

      5) электрондық сатып алу жүйесі – қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушылар немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) пайдаланатын ақпараттық жүйе.";

      4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмыстарды үйлестірудің қатысушылары уәкілетті орган және өтініш иесі болып табылады.

      5. Жұмыстарды үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін уәкілетті орган тұрақты негіздегі жұмыс тобын құрады.

      Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.

      Өз құзыреті шегінде жергілікті қамтуды дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының басшысы жұмыс тобының төрағасы болып табылады. Жұмыс тобының төрағасы жұмыс тобының жұмысына басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді. Жұмыс тобының төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның функцияларын жұмыс тобының шешімі бойынша жұмыс тобы мүшелерінің бірі жүзеге асырады.

      Жұмыс тобының отырысын өткізуге арналған кворум жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде 50 (елу) пайызын құрайды. Жұмыс тобының әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Жұмыс тобының шешімдері ашық дауыс беру арқылы дауыс беруге қатысатын жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда жұмыс тобы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Қабылданған шешіммен келіспеген жұмыс тобының мүшелері ерекше пікірді жазбаша түрде көрсете алады, ол жұмыс тобының хаттамасына қоса беріледі.

      Жұмыс тобының жұмыс органы өз құзыреті шегінде жергілікті қамтуды дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады. Жұмыс органы жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Жұмыс тобы отырысының нәтижелері бойынша жұмыс органы бес жұмыс күні ішінде екі дана (уәкілетті орган мен өтініш беруші үшін бір-бірден) хаттама жасауды қамтамасыз етеді, оған жұмыс тобының төрағасы және жұмыс тобының барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды.

      6. Жұмыстарды үйлестіру үшін өтініш иесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсына отырып өтінім береді:

      1) ақпарттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша акті;

      2) электрондық сатып алу жүйесіне арналған техникалық құжаттама.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін техникалық құжаттама деп техникалық тапсырманы, жобалауға арналған тапсырманы, пайдалану құжаттамасы мен өзге де құжаттаманы қамтитын ақпараттық жүйеге арналған құжаттамалар жиынтығы түсініледі.

      Өтінім Қағидалардың осы тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі ол түскен сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.

      Уәкілетті орган өтінімді қарау нәтижелері бойынша өтініш иесіне Қағидалардың осы тармағында белгіленген талаптарға өтінімнің сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстарды үйлестіруді іске асыруға арналған өтінімді қанағаттандыру туралы немесе оны қанағаттандырудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Өтінімді қанағаттандырудан бас тарту немесе жұмыс тобының осы Қағидаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді тоқтатуы өтініш иесі бұрын уәкілетті орган немесе жұмыс тобы анықтаған сәйкессіздіктерді жойған жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қайта жүгіну мүмкіндігін жоққа шығармайды.

      7. Жұмыстарды үйлестіруді іске асыруға арналған өтінімді қанағаттандыру туралы хабарлама жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өтініш иесімен бірлесіп, Кодекстің 213-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілген қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің сатып алу тәртібіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыратын жұмыс тобын шақырады.

      Электрондық сатып алу жүйесінің функционалы осы тармақта көрсетілген тәртіпке сәйкес келген жағдайда жұмыс тобы осы Қағидалардың 8-тармағында айқындалған тәртіппен жұмыстарды үйлестіру қабылдау сынақтарын өткізеді.

      Электрондық сатып алу жүйесінің функционалы осы тармақта көрсетілген тәртіпке сәйкес келмеген жағдайда, өтініш иесі хаттама жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды.

      Жұмыс тобы анықтаған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймау, бұл еңсерілмейтін күшпен байланысты болмаған жағдайда немесе жұмыс тобының қайталама отырысында электрондық сатып алу жүйесі функционалының Қағидалардың осы тармағында көрсетілген тәртіпке өзге де сәйкессіздіктерді табу жұмыстарды үндестіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді тоқтату үшін негіз болады.

      8. Жұмыс тобы жұмыстарды өнеркәсіптік пайдалануға үйлестіру енгізілгенге дейін осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жүргізілген жұмыс тобы отырысының хаттамасы жасалған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жұмыстарды үйлестіруді қабылдау сынақтары жүзеге асырылады.

      Жұмыстарды үйлестіруді қабылдау сынақтарының нәтижесі теріс болған жағдайда өтініш иесі хаттама жасалған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ақпаратты электрондық сатып алу жүйесінен Тізілімге беру кезінде туындаған жұмыс тобы анықтаған сәйкессіздіктерді жояды. Анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймау, бұл еңсерілмейтін күшпен байланысты болмаған жағдайда, жұмыстарды үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді тоқтату үшін негіз болады.

      Жұмыстарды үйлестіруді қабылдау сынақтарының оң нәтижесі болған жағдайда жұмыс тобы жұмыстарды үйлестіруді өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді жүзеге асырады және екі дана мөлшерінде (уәкілетті орган мен өтініш иесі үшін бір-бірден) жұмыстарды өнеркәсіптік пайдалануға үйлестіру актісі жасалады.

      9. Қабылдау сынақтарын жүргізу кезінде жұмыс тобы электрондық сатып алу жүйесінен Тізілімге мынадай ақпаратты берудің дұрыстығын тексереді:

      1) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып туралы хабарлама;

      2) әлеуетті жеткізушінің ТЖҚ сатып алуы бойынша ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге арналған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысуға ұсынылған конкурстық өтінімдерін қарау хаттамалары;

      3) ТЖҚ бір көзден сатып алу әдісі бойынша қорытындыларды шығару хаттамасы;

      4) ТЖҚ сатып алуының ашық конкурсы, бағаны төмендетуге арналған ашық конкурсы (электрондық сауда-саттық) бойынша қорытындыларды шығару хаттамасы;

      5) деректер базасының өзгертілген объектілері;

      6) ТЖҚ сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына), орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламалары.";

      11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жұмыстарды өнеркәсіптік пайдалануға үйлестіру енгізілгеннен кейін өтініш иесі оның шарттарының өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған ақпаратты өзгерту құқығынсыз әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттамасы мен конкурстық өтінімдерін қарауға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      Жұмыстарды үйлестіру шарттарын өзгертуге өтініш иесінің тиісті өтінішін қарау нәтижелері бойынша жұмыс тобының шешімі бойынша жол беріледі. Жұмыс тобы оң шешім қабылдаған жағдайда өтініш иесі осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес ТЖҚ-ны сатып алуды рәсімін аяқтау үшін осындай шешім қабылданған сәтке дейін қолданыста болған жұмыстарды үйлестіру шарттарының өзгермеуін қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіп өзгерген жағдайда, өтініш иесі электрондық сатып алу жүйесін осындай өзгерістермен оларды қолданысқа енгізген күннен кешіктірмей сәйкестікке келтіреді не электрондық сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін оның функционалын осындай өзгерістерге сәйкес келтіру сәтіне дейін тоқтата тұрады. Бұл ретте өтініш иесі осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген, ТЖҚ-ны сатып алу рәсімін өткізу (хабарландыруды орналастыру) басталған күні қолданыста болған тәртіпке сәйкес электрондық сатып алу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылатын ТЖҚ-ны сатып алуды аяқтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Қағидалардың осы тармағының талаптары сақталмаған жағдайда уәкілетті орган бір жақты тәртіппен жұмыстарды үйлестіруді тоқтатады. Қағидалардың осы тармағының талаптарын сақтамауға байланысты туындаған үшінші тұлғалардың шығыстарын өтініш иесі көтереді.

      12. Берілген ақпараттың сақталуын, тұтастығын және өзгермеуін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган қажет болған жағдайда электрондық сатып алу жүйесінің деректерін аудиттеуді жүзеге асырады, атап айтқанда оқиғалар логын, сәйкестендіргіштерді және өзгертілген қасиеттерін көрсете отырып, өзгертілген объектілердің тізімін алады.";

      мынадай мазмұндағы 20, 21-тармақтармен толықтырылсын:

      20. Егер үздіксіз алты ай өткеннен кейін осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген ақпаратты электрондық сатып алу жүйесінен Тізілімге беруді уәкілетті орган бір жақты тәртіппен жүзеге асырмаған жағдайда, өтініш иесінің атына тиісті хабарлама жібере отырып, жұмыстарды үйлестіру тоқтатылады.

      21. Жұмыстарды үйлестіруді іске асыру жөніндегі шығыстарды жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырудың бастамашысы болып табылатын өтініш иесі көтереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 18 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
1-қосымша
Пайдалы қатты қазбаларға
қатысты электрондық сатып алу
жүйесінің жұмысын жер
қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде пайдаланылатын
тауарлар, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтер және
оларды өндірушілер тізілімінің
жұмысымен үйлестіру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  Кімге ____________________
  (уәкелетті органның атауы)

Электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын пайдалы қатты қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіруді іске асыруға ӨТІНІМ

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (өтініш иесінің атауы, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      (электрондық сатып алу жүйесінің атауы) электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын

      пайдалы қатты қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды

      жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін

      қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен үйлестіру жұмыстарына

      дайындығы туралы мәлімдейді.

      1. Электрондық сатып алу жүйесінің веб-мекенжайы:

      _________________________________________________________________________.

      2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша

      актінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (электрондық құжат) _________

      парақта қоса беріледі.

      3. Электрондық сатып алу жүйесіне арналған техникалық құжаттаманың нотариалды

      куәландырылған көшірмесі _________ парақта қоса беріледі.

      4.________________________________________________________________________

      (өтініш иесінің атауы, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын Тізілімнің жұмысымен үйлестіру

      жөніндегі іс-шараларды жүргізуге дайын. _________________________________

      Мөр орны (болған жағдайда) (қолы) 20____ жылғы "____" ____

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 18 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
2-қосымша
Пайдалы қатты қазбаларға
қатысты электрондық сатып алу
жүйесінің жұмысын жер
қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде пайдаланылатын
тауарлар, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтер және
оларды өндірушілер тізілімінің
жұмысымен үйлестіру
қағидаларына
4-қосымша

Жұмыстарды үйлестіру кезінде пайдаланылатын жіктеуіштер мен анықтамалықтар

р/с №

Жіктеуіштің атауы

1

Әкімшілік-аумақтық бірліктер жіктеуіші

2

Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы

3

Өлшем бірліктері мен шоттардың мемлекетаралық жіктеуіші

4

Әлем елдерінің жіктеуіші

5

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының жіктеуіші


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады