БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21619 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 67) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптарда сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
2) бірлесіп орындаушы – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына (бұдан әрі – дерекқор) енгізілген, ТМККК немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша ТМККК қосымша қамтамасыз ету бойынша қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
3) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспары (бұдан әрі – өңірлік перспективалық жоспары) – денсаулық сақтау ұйымдарының бұрыннан бар желісі, жоспарланып отырған қайта құрылымдау (ашу, біріктіру, жабу, қайта бейіндеу) жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ денсаулық сақтаудың жаңа объектілеріне қажеттілік және инвестицияларды жоспарлау туралы ақпаратты көрсететін өңірдің инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді жоспары;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
6) дерекқор – қор осы Қағидаларға сәйкес қалыптастыратын ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі;
7) көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу веб-порталы (Қағидаларға қатысты) (бұдан әрі – веб-портал) – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін ақпараттық жүйе;
8) қызметтер беруші – "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) (бұдан әрі – сатып алу Қағидасы) бұйрығымен бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын немесе ТМККК қосымша қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын (бұдан әрі – шарт) жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
9) ТМККК қосымша қамтамасыз ету бойынша сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазба түріндегі келісім;
10) ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін жазбаша нысандағы келісім;
11) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі (Қағидаларға қатысты) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау субъектілерімен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты қоса алғанда, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттық-техникалық сүйемелдеу бөлігінде цифрлық денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін заңды тұлға;
12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу тәртібі
3. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер және көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің есебін (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектілерін есепке алу) жүргізуді қор жүзеге асырады.
4. Денсаулық сақтау субъектілерін есепке алу:
1) дерекқорды қалыптастыру және өзектендіру;
2) дерекқордан шығарылған денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және өзектендіру;
3) қызметтер берушілер тізбесін қалыптастыру және өзектендіру;
4) бірлесіп орындаушы тізімін қалыптастыру және өзектендіру арқылы жасалады.
5. Дерекқорды қалыптастыруды қор веб-порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын енгізу (өзекті ету) үшін өтінім дерекқорға (дерекқорларға) енгізуге денсаулық сақтау субъектілері берген өтінімдер және оларға қоса берілетін құжаттар (бұдан әрі – өтінім) негізінде тұрақты негізде жүзеге асырады.
6. Өтінім денсаулық сақтау субъектісімен электрондық нысанда веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып беріледі:
1) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ) ақпараттық жүйесінде тіркелген, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заңы) сәйкес денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасы орналасқан жерде медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) тиісті медициналық қызметтер көрсету құқығын растайтын қосымшалардың болуы;
2) банкроттық немесе тарату рәсіміне қатыспауы;
3) осы Қағидалардың 19-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларына сәйкес дерекқорға қосуға шектеулер болмауы;
4) өңірлік перспективалық жоспарға денсаулық сақтау объектілері ретінде денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базаларын енгізу (ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер беруші ретінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері үшін).
Филиалы, өкілдігі немесе өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі бар денсаулық сақтау субъектісі ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көрсетуге үміткер барлық өндірістік базаларды көрсете отырып, өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы ретінде өтінім береді.
7. Денсаулық сақтау субъектілері өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі (заңды тұлға үшін) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу куәлігінің (анықтаманың) көшірмесі және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін);
2) денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша тиісті медициналық қызметтер көрсету құқығын растайтын Заңына сәйкес медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) оларға қосымшалардың көшірмесін.
8. Өтінімді және оған тіркелген құжаттарды қалыптастыру кезінде осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер "Е-лицензиялау" МДҚ ақпараттық жүйесімен интеграциялану арқылы тіркеледі.
9. Қор денсаулық сақтау субъектісі өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды және денсаулық сақтау субъектіcін дерекқорға енгізу (енгізбеу) туралы немесе денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын ақпараттарды өзекті ету (өзекті етпеу туралы) шешім жасайды.
10. Өтінімді қарау кезінде қор өтінімде көрсетілген деректерді оған қоса берілген құжаттардың деректерімен салыстырып тексереді және оларды осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінімді қарау нәтижелері бойынша қор денсаулық сақтау субъектісі ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, веб-порталда өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес келген кезде денсаулық сақтау субъектісін дерекқорға енгізеді немесе денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын ақпараттарды өзекті ету осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына (өзекті ету) үшін өтінім дерекқорға (дерекқорларға) енгізу туралы денсаулық сақтау субъектісіне хабарлама жібереді.
12. Қор осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінімді қарау нәтижелері бойынша өтінімді қабылдауда ЭЦҚ пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектісі веб-порталда өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас тартады және осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес келмеген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорға (дерекқорларға) енгізу (өзекті ету) үшін өтінім дерекқорға енгізуге денсаулық сақтау субъектілері берген өтінімнің қабылданбағаны туралы денсаулық сақтау субъектісіне хабарлама жібереді, келесі себептердің бірін көрсете отырып:
1) медициналық қызметке лицензияның және (немесе) оған қосымшалардың медициналық көмектің мәлімделген нысандарына (түрлеріне) сәйкес болмауы (келмеуі);
2) медициналық қызметке лицензияның және (немесе) оған қосымшалардың "Е-лицензиялау" МДҚ ақпараттық жүйесіндегі деректерге медициналық көмектің мәлімделген нысандарына (түрлеріне) сәйкес келмеуі;
3) денсаулық сақтау субъектісінде банкроттық немесе тарату рәсімдерін жүргізу;
4) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көрсету үшін денсаулық сақтау субъектісі мәлімдеген қолда бар өндірістік базаларды толық көрсетпеу;
5) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу куәлігінің (анықтаманың) және жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін) қоса берілген көшірмесінің болмауы;
6) денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша тиісті медициналық қызметтер көрсету құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) оларға қосымшалардың қоса берілген көшірмесінің болмауы;
7) денсаулық сақтау субъектісі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) өтінімде көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі (анық болмауы);
8) осы Қағидалардың 19-тармағының 3) және (немесе) 4) тармақшаларына сәйкес негіздерде денсаулық сақтау субъектісін дерекқордан алып тастауға байланысты дерекқорға енгізуге шектеулердің болуы;
9) денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша тиісті медициналық қызметтер көрсету құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға арналған Заңына сәйкес лицензияның және оларға қосымшалардың қоса берілген көшірмесінің қайтарылуы;
10) өңірлік перспективалық жоспарда денсаулық сақтау объектілері ретінде денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базаларының болмауы (ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер беруші ретінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері үшін);
11) сот шешімінің негізінде Заңға сәйкес медициналық көмек көрсету құқығы заңды күшіне енгізілген.
13. Веб-порталда толассыз нөмірлеу беріле отырып, өтінімдерді автоматты түрде тіркеу жүргізіледі.
14. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқоры электрондық нысанда веб-порталда қалыптастырылады және оны қор қордың интернет-ресурсында орналастырады.
Денсаулық сақтау субъектісін дерекқорға енгізу денсаулық сақтау субъектісінің осы Қағидалардың, сатып алу Қағидалары, "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген), "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу реестрінде № 21904 болып тіркелген) нормаларын сақтауға келісімін білдіру болып табылады.
Уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өздерінің интернет-ресурстарында веб-порталда қалыптастырылған дерекқорға сілтемені көздейді.
15. Дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері туралы ақпаратты қордан алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде цифрлық денсаулық сақтау субъектісі ұсынатын денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізе алады ("Ресурстарды басқару жүйесі" және "Медициналық техниканы басқару жүйесі" ақпараттық жүйелеріне – барлық денсаулық сақтау субъектілері; "Бекітілген халық тіркелімі" порталына қосымша – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері).
Денсаулық сақтау субъектілері өз деректерін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне оларға қол жеткізуді алған күннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізеді, сондай-ақ деректерді тұрақты негізде өзекті жағдайда ұстайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілгендерден басқа, жұмыс істеу үшін қажетті басқа денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі көрсететін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектілері және олардың бірлесіп орындаушылары алады.
16. Дерекқорды өзектілендіруді қор веб-порталда осы Қағидалардың 9-13-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау субъектілері берген өтінімдер негізінде тұрақты негізде жүзеге асырады және дерекқордағы мәліметтерді өзгертуді көздейді.
17. Денсаулық сақтау субъектілері деректер базасындағы мәліметтерді өзгерістер басталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өзекті етеді.
18. Қормен немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі дерекқордағы мәліметтердің өзгеру жағдайлары анықталған кезде қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі үш жұмыс күнінің ішінде денсаулық сақтау субъектісін дерекқордағы веб-порталда деректерді өзектендіру қажеттігі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
19. Денсаулық сақтау субъектілерін дерекқордан шығару қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзған кезде мынадай жағдайларда қормен жүзеге асырылады:
1) денсаулық сақтау субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда (қажет болған кезде) және денсаулық сақтау субъектісін дерекқордан шығаруды көздейтін меншік нысаны немесе оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген өзге де жағдайларда – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бұзылған күнінен бастап;
2) егер денсаулық сақтау субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда – денсаулық сақтау субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрған күнінен бастап;
3) егер алдыңғы үш жыл ішінде жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын қор немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісі орындамауына, уақтылы орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты біржақты тәртіппен бұзған жағдайда – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бұзылған күнінен бастап;
4) егер алдыңғы үш жыл ішінде жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты денсаулық сақтау субъектісінің бастамасы бойынша біржақты тәртіппен бұзылған жағдайда – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бұзылған күнінен бастап;
5) егер денсаулық сақтау субъектілері заңды немесе жеке тұлғаның қызметі туралы жалған мәліметтерді қамтитын дәйексіз деректерді және (немесе) ақпаратты ұсынған жағдайда – заңды немесе жеке тұлғаның қызметі туралы жалған мәліметтерді қамтитын дәйексіз деректерді және (немесе) ақпаратты ұсыну фактісі анықталған күнінен бастап;
6) сот шешімінің негізінде Заңға сәйкес медициналық көмек көрсету құқығы – сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы тармақтың негіздері бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі денсаулық сақтау субъектісін дерекқордан шығару себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қорды жазбаша нысанда хабардар етеді.
20. Денсаулық сақтау субъектісі дерекқордан шығарылған жағдайда, қор бір жұмыс күнінің ішінде дерекқорынан алып тастаған күннен бастап денсаулық сақтау субъектісіне осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес ерекшеліктің себебін көрсете отырып, веб-порталда электрондық құжат түрінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорынан денсаулық сақтау субъектісін алып тастау туралы хабарлама жібереді.
21. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорынан шығарылған денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі (бұдан әрі – дерекқордан шығарылған денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда электрондық нысанда қалыптастырылады және оны қор өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
22. Дерекқордан шығарылған денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесін өзектендіруді қордың интернет-ресурсында қор тұрақты түрде жүзеге асырады.
23 Осы Қағидалардың 19-тармағының 2) – 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша дерекқордан шығарылған қызметтер беруші дерекқордан шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде дерекқорға қызметтер беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы ретінде енгізілмейді.
24. Арасында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтердің көлемі орналастырылмаған денсаулық сақтау субъектілері осы Қағидалардың 19-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, дерекқордан шығарылмайды.
25. Қор осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қормен ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасқан қызметтер берушілердің тізбесін (бұдан әрі – қызметтер беруші тізбесі) немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ТМККК шеңберінде қосымша қамтамасыз ету бойынша сатып алу шарттары қалыптастырады және қордың интернет-ресурсында орналастырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектісімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан кезде осы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қорға жазбаша нысанда қызметтер берушілердің тізімін жібереді.
26. Қызметтер берушілердің тізбесін өзектендіру қордың интернет-ресурсында қор немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметтер берушілермен жасасқан қызметтерді сатып алу шарттарының негізінде тұрақты түрде жүзеге асырылады.
27. ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасқан қызметтер берушілермен бірлесіп орындау шарттарын жасасу үшін әлеуетті бірлесіп орындаушылардың тізбесі осы Қағидаларға (бұдан әрі – бірлесіп орындаушылардың тізбесі) 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда электрондық нысанда қалыптастырылады және орналастырады.
28. Бірлесіп орындаушылар тізбесін өзектендіру қордың интернет-ресурсында дерекқорға бірлесіп орындаушы ретінде қосуға арналған денсаулық сақтау субъектілерінің өтінімдер негізінде қормен тұрақты түрде жүзеге асырылады.
29. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаралардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары веб-порталда немесе қордың интернет-ресурсына жарияланған қызметтер берушілердің тізбесі, бірлесіп орындаушылардың тізбесі және дерекқордан шығарылған денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесін өз интернет-ресурсында сілтемелерді орналастырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын енгізу (өзекті ету) үшін өтінім дерекқорға (дерекқорларға) енгізуге үшін өтінім
1. ______________________________________________________________________
("Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ филиалының атауы)
__________________________________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
__________________________________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің БСН (жеке тұлға үшін ЖСН))
__________________________________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің меншік нысаны)
__________________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы)
__________________________________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің заңды мекенжайы)
__________________________________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________________________________________________________________.
(денсаулық сақтау субъектісінің байланыс телефондары, электрондық мекенжайы)
2. Денсаулық сақтау субъектісі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде (керегін көрсету) медициналық қызметтер көрсетуге үміткер болады:
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) бойынша қызметтер беруші;
көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің міндеттемелерінің бір бөлігін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бірлесіп орындау шарты негізінде (Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес) бірлесіп орындаушы:
медициналық көмектің мынадай түрі (түрлері), нысаны (нысандары), оны көрсету шарты (шарттары) бойынша:
№ | Медициналық көмектің түрі, нысаны немесе оны көрсету шарттары | Медициналық көмек түрінің кіші түрлері, нысандары немесе оны көрсету шарттары |
1 | 2 | 3 |
1 |
3. Көрсетілген медициналық қызметтер халыққа мынандай өндірістік базада (базаларда) көрсетіледі:
№ | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы | Өндірістік базаның мекенжайы | Ені | Бойлық | Өндірістік базаның ӘАОЖ* | Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының болуы (болмауы) ** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
4. Осы өтініммен денсаулық сақтау субъектісі "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21619 болып тіркелген) дерекқорды енгізу немесе өзектендіру үшін денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын нормалардың бұзушылықтарының болмауын және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайды.
5. Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі (тек қоса берілген құжаттарды көрсету):
1) ______________________________ ____ бетте;
2) …;
Ескертпе:
* әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы;
** деректер базасына өнім беруші ретінде енгізуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі көрсетеді.
______________________________________________________, _________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) денсаулық сақтау субъектісі басшысының
немесе ол уәкілеттік берген адамның қолы)
Толтырылған күні ______________
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткерлерді денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізу (өзекті ету) үшін өтінім дерекқорға (дерекқорларға) енгізу туралы хабарлама
____________________________________________________________________
("Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ филиалының атауын көрсету)
____________________________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауын көрсету)
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21619 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген 6 және 7-тармағының негізінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізу (өзекті ету) үшін өтінім дерекқорға (дерекқорларға) енгізуге байланысты хабарлайды.
Филиал басшысы (ол уәкілеттік берген тұлға)
_______________________________________________________________________
("Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ филиалының атауы)
_______________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (бар болса)
Толтырылған күні
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын енгізу немесе өзекті ету үшін өтінім дерекқорға енгізуге денсаулық сақтау субъектілері берген өтінімді қабылдамау туралы хабарлама
_________________________________________________________________________
("Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ филиалының атауын көрсету)
__________________________________________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауын көрсету)
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе)
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде "Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау
субъектілерінің есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21619 болып
тіркелген) бұйрығымен бекітілген ___________________ (тармақ нөмірін көрсету)
тармағының негізінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау
субъектілерінің дерекқорына енгізуге_____________________________________
(ауытқу себебін көрсету)
енгізу (өзекті ету) үшін өтінім дерекқорға (дерекқорларға) енгізуге байланысты өтінім
қабылданбайтынын хабарлайды.
Филиал басшысы (ол уәкілеттік берген тұлға)
_______________________________________________________________________
("Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ филиалының атауы)
_______________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (бар болса)
Толтырылған күні
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқоры
№ | БСН (ЖСН) | Денсаулық сақтау субъектісінің атауы | Заңды мекен-жайы | Өндірістік базаның орналасқан жерінің мекенжайы* | Денсаулық сақтау субъектісінің меншік нысаны | Халыққа қызмет көрсетілетін өңір | Дерекқорға енгізу күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Деректерқордан шығарылған күні | Дерекқордан шығару мерзімінің тоқтатылған күні | Шығару себебі | Соңғы өзгертілген күні | Медициналық көмектің түрі, нысаны, қызметтер | Байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы) | Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Денсаулық сақтау субъектісінің мәртебесі | |
Қызметтер беруші | Бірлесіп орындаушы | |||||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе:
* медициналық қызметке арналған лицензияға қосымшаға сәйкес өндірістік базаның (базалардың) мекен-жайы (мекен-жайлары) көрсетіледі (көрсетеді).
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқордан шығару туралы хабарламасы
_______________________________________________________________________
("Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ филиалының атауын көрсету)
_______________________________________________________________________
(Денсаулық сақтау субъектісінің атауын көрсету)
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық
сақтау субъектілерінің есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-
86/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21619 болып
тіркелген) бұйрығымен бекітілген тармағының негізінде
(тармақ нөмірін көрсету)
_______________________________________________________________________
(шығару себебін көрсету)
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер және
медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорынан шығару
туралы хабарлайды.
Филиал басшысы (ол уәкілеттік берген тұлға)
______________________________________________________________________
("Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ филиалының атауы)
______________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (бар болса)
Толтырылған күні
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорынан шығарылған денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі
№ | БСН (ЖСН) | Денсаулық сақтау субъектісінің атауы | Заңды мекен-жайы | Өндірістік базаның орналасқан жерінің мекенжайы* | Денсаулық сақтау субъектісінің меншік нысаны | Халыққа қызмет көрсету көзделген өңір | Деректер базасынан шығарылған күні | Деректер базасынан шығару мерзімінің тоқтатылған күні | Шығару себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ескертпе:
* медициналық қызметке арналған лицензияға қосымшаға сәйкес өндірістік базаның (базалардың) мекен-жайы (мекен-жайлары) көрсетіледі (көрсетеді).
_____ жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасқан қызметтер берушілердің тізбесін немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қосымша қамтамасыз ету бойынша сатып алу шарттарын жасасқан өнім берушілердің тізбесі
№ | БСН (ЖСН) | Денсаулық сақтау субъектісінің атауы | Заңды мекен-жайы | Өндірістік базаның орналасқан жерінің мекенжайы* | Денсаулық сақтау субъектісінің меншік нысаны | Халыққа қызмет көрсетілетін өңір | Байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы) | Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Қаржыландыру көзі | _____ жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес медициналық көмектің түрі, нысаны, қызметтер | |
ТМККК | МӘМС | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Ескертпе:
* медициналық қызметке арналған лицензияға қосымшаға сәйкес өндірістік базаның (базалардың) мекен-жайы көрсетіледі.
_____ жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасқан қызметтер берушілермен бірлесіп орындау шарттарын жасасу үшін әлеуетті бірлесіп орындаушылардың тізбесі
№ | БСН (ЖСН) | Денсаулық сақтау субъектісінің атауы | Заңды мекен-жайы | Өндірістік базаның орналасқан жерінің мекенжайы* | Денсаулық сақтау субъектісінің меншік нысаны | Халыққа қызмет көрсетілетін өңір | Байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы) | Медициналық көмектің немесе қызметтің түрі, нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпе:
* медициналық қызметке арналған лицензияға қосымшаға сәйкес өндірістік базаның (базалардың) мекен-жайы (мекен-жайлары) көрсетіледі (көрсетеді).