Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 ақпанда № 26700 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі      А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ ҚР ДСМ-7 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Туберкулез ұйымдары қала маңы аймағында немесе шеткері аудандарда, мүмкіндігінше жасыл алқаптарда, сеитебтік аумақтан алшақтықты сақтай отырып орналастырылады.".

      2. "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарында, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемінде:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметкерлері

Флюорография

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әр 6 ай сайын

2.

Тамақ өнеркәсібі және азық-түлік сауда объектілерінің қызметкерлері, азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын тұлғалар

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 ай сайын

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігінде және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Мерзімдік тексеріп-қарауларды өткізу кезеңділігі:

      1) жыл сайынғы мерзімдік қарап-тексеру – жылына 1 рет;

      2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымы басталардан 1 сағат ішінде;

      3) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеру – рейс басталардан 30 минут ішінде және рейс аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде.";

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі қарап-тексерулер осы Қағидаларға 4-1-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде келтірілген ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізіміне және рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруді талап ететін кәсіптер тізіміне сәйкес жүргізіледі.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядағы 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

  бұйрыққа қосымша
Міндетті медициналық қарап-
тексерулерді жүргізу
қағидалары мен мерзімділігі
және "Алдын ала міндетті
медициналық қарап-
тексерулерден өткізу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-1-қосымша

      1-кесте

Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптердің тізімі

Кәсіп

Қарап-тексеру кезеңділігі

1

2

3

1.

технологиялық цехтардың (полимеризация, дистилляция, катализаторлар өндірісі, полипропиленді түйіршіктеу, желім дайындау) аппаратшылары

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

2.

сирек кездесетін элементтерді бөлу, компрессорлық қондырғылар бойынша аппаратшылар-гидрометаллургтар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

3.

жолаушылар поезының бригадасы (поезд бастығы, жолсеріктер, поезд электрмеханигі)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

4.

өндіру және қазба жүргізу бригадаларының бригадирлері мен жетекшілері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

5.

жарушылар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

6.

қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге қызмет көрсететін вулканизаторлар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

7.

сүңгуірлер

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

8.

дезактиваторлар, дозиметристер

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

9.

әуе және теміржол қозғалысы және метрополитен ұйымдарының диспетчерлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

10.

аффинаж өндірісі шеберлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

11.

азот-оттек станциясының машинистері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

12.

бұрғы қондырғылары машинистері мен машинист көмекшілері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

13.

мұнаралы, төрттағанды, көпір, шынжыр табанды, автомобиль, темір жол, порт және жүзу крандарының машинистері мен машинистердің көмекшілері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

14.

локомотивтер (электровоздар, тепловоздар, дизель және электр поездары) машинистері мен машинистердің көмекшілері; локомотивтік бригадалардың, оның ішінде метрополитен электропоездарының жұмыскерлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

15.

жол машиналарының машинистері және машинисттің көмекшілері, дрезина, мотовоздар, автомотристер және оның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері және жүргізушілердің көмекшілері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

16.

өндіру және қазба жүргізу комбайндарының машинистері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

17.

қазандықтар машинистері, операторлары (жұмыс қысымы 0,07 мегапаскаль - бір шаршы сантиметрге 0,7 килограмм-күш болатын қазандықтар)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

18.

көтергіштердің машинистері, экскаваторлардың, діңгекті көтергіштердің, шприцмашиналардың машинистерінің көмекшілері, компрессорлық қондырғылардың операторлары, оттегі баллондарын толтырушылар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

19.

шлюз вахталарының және бақылаушылар бригадалырының бастықтары, аға бақылаушылар мен бақылаушылар, қылмыстық-атқару жүйесінің жүргізуші мамандары

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

20.

ұңғымаларды жерасты жөндеу жөніндегі және бұрғылау мұнай өндіру, қабат қысымын ұстау, дайындау және айдау жұмыстарын жүргізу құқығы бар операторлар, арнайы су тазалау мен реакторлы қондырғылардың аға шеберлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

21.

атом реакторын зерттеу, реактордың жұмысы және тоқтау жұмыстарына дайындық кезеңіндегі бригадалардың персоналы (жобаның бас инженері, ауысым бастығы, басқару инженері, инженер физик, инженер технолог, бақылау-өлшеу аспаптары инженері, қорғауды басқару жүйесінің инженері, инженер электрик, кезекші механик, электрик, слесарь-жөндеуші және дозиметрист, барлық кәсіптер бойынша стажерлар, жұмысқа қатысатын басқа да кәсіптер)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

22.

220 Вольт және одан да жоғары кернеулі қолданыстағы электр құрылғыларға қызмет көрсететін, оларды жедел іске қосу және баптау, монтаждау жұмыстарын және осы электр құрылғыларында жоғары вольтты сынақтар өткізетін персонал

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

23.

ядролық қауіпті учаскелерде ядролық қауіпті бөлінетін материалдармен жұмысты тікелей орындайтын басшылар, мамандар мен жұмыскерлер

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

24.

азот-оттек станцияларының, арнайы су тазалау ауысымдарының шеберлері

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

25.

бағанға шығатын және адамды көтергіштің тұтқасын ұстайтын адамдар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

26.

атыс қаруын ұстауға және оларды қолдануға рұқсат етілген атқыштар (ведомстволық күзеттегі жұмыскерлер)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

27.

әуе кемелерінің экипаждары (ұшқыштар, бортинженерлер, бортсеріктер) бортмеханиктер, бортрадистер, штурмандар, бортоператорлар, бортсеріктер, әуесқой ұшқыштар)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

28.

әуе кемелеріне, аэродромдарға және авиажолаушыларға қызмет көрсететін жұмыстарды атқаратын аэропорт жұмыскерлері (авиациялық қауіпсіздік қызметі, инженерлік-авиациялық қызмет, аэродром қызметі, жолаушылар және жүк тасымалын ұйымдастыру қызметі, авиа жанар-жағар май материалдары қызметі, аэропорттың диспетчер қызметі

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

29.

өзен және теңіз кемелерінің экипаждары (капитандар мен оның көмекшілері, штурмандар, механиктер, матростар, электриктер, радио мамандары)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

30.

метрополитеннің құрылысы және оны пайдалану кезінде барлық жерасты жұмысының түрлерін атқаратын жұмыскерлер (метрополитеннің қазба жүргізу комбайндарының машинистері, тау-кен шебері, тау-кен жұмысшысы, қазушы, эскалаторға қызмет көрсететін жұмысшылар, бағанға шығатын және адамды көтергіштің тұтқасын ұстайтын адамдар, жол жөндеушілер, радио мамандары)

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

31.

вагонды тексерушілер, вагон қозғалысының жылдамдығын реттеушілер, поезд құрастырушылар және құрастырушылардың көмекшілері, құюшылар, шахтерлар

жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде

      2 кесте

Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруді талап ететін кәсіптердің тізімі

Кәсіп

Тексеру кезеңділігі

1

2

3

1.

жолаушыларды, багажды, жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері

рейс басталар алдында 30 минут ішінде және рейс аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады