"Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 11-1-4/37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 ақпанда № 26722 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      "1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу" бөлімінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу

100 АҚШ доллары

75 евро

65 ағылшын фунт стерлингі

110 швейцар франкі

5850 Ресей рублі

660 Қытай юані

      ";

      реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;

      "6. Азаматтық хал актілерін тіркеу" бөлімінде:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

113.

Тууды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

1420
Ресей рублі

165
Қытай юані

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады