"Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 ақпанда № 26730 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2023 № 205 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай мазмұнда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Шапкенов
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 1 ақпандағы
№ 38 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 14 бұйрығымен
бекітілген

Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектерге өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектерге өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және пассив қозғалысына арналған техникалық көмек түрі;

      2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес халықтың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеу шарттарында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектісі болып табылатын әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі;

      3) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедекке ілесіп жүру және объектілерге баруы кезінде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам;

      4) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектерге протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануға үйрету;

      5) протездік-ортопедиялық құралдар – жетіспейтін аяқ-қолдарды немесе дененің басқа бөліктерін ауыстыратын, ауру немесе денсаулығына зиян келтіру салдарынан бұзылған немесе жоғалған организм функцияларының орнын толтыратын құралдар;

      6) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, жеке көмекшілер;

      7) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар – протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар;

      8) уәкілетті орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы;

      9) ымдау тілінің маманы – еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызметтерді көрсетумен байланысты мүгедекке әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.";

      3. Өнім берушілерге Портал арқылы сатылған ОТҚ-ның, арнаулы жүріп-тұру құралдарының (бұдан әрі – тауарлар), сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерінің, санаторий-курорттық емдеудің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын өтеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

2-тарау. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібі

      4. Өнім берушіге тауарлар мен қызметтердің құнын өтеу:

      1) жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері;

      2) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері;

      3) санатоий-курорттық емдеу;

      4) протездік-ортопедиялық көмек көрсету;

      5) арнаулы жүріп-тұру құралдары;

      6) ОТҚ үшін кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асырылады.

      5. Уәкілетті орган тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушының өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтініші (бұдан әрі-өтініш) және порталда ұсынылған және өнім берушінің ЭЦҚ-сымен расталған өнім берушінің растайтын мына құжаттары негізінде жүзеге асырады:

      1) "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі- № 562 бұйрық) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің ілесіп жүру парақтары, ымдау тілі маманын ілесіп жүру парақтары, санаторий-курорттық емделуден өткен тізімдері, протездік – ортопедиялық құралдарға арналған ведомостарын қоса бере отырып, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;

      2) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша кассалық чекті және/немесе өнім берушінің жеткізгенін растайтын құжатты, арнаулы жүріп-тұру құралдары, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, протездік-ортопедиялық құралдар үшін шот–фактураларды қоса бере отырып, тауарды (ларды) қабылдау-беру актісі.

      Өнім берушілер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі 412-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда онда "Қосымша мәліметтер" жолында кепілдендірілген сомаға және қосымша ақы сомасына бөле отырып, тауарлардың және/немесе қызметтердің құны (бұдан әрі – шот-фактура) көрсетілетін қағаз жеткізгіштегі шот-фактуралар жазып береді.

      ОТҚ-ны және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарын курьер жеткізген кезде порталда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша курьердің тауарды алушыға жеткізгенін растайтын құжат (бұдан әрі - жеткізуді растайтын құжат) қалыптастырылады.

      6. Өнім беруші уәкілетті орган тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу үшін құжаттарды қарауға қабылдағанға дейін, қажет болған кезде себептерін көрсете отырып, құжаттарды кері қайтарып алады және оларды пысықтайды.

      7. Уәкілетті орган "Е-собес" ақпараттық жүйесіне тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге құжаттар түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және қабылдайды немесе осы Қағидалардың 11, 14, 17 және 20-тармақтарына сәйкес себебін көрсете отырып, өнім берушіге пысықтауға қайтарады.

      Порталдағы "Өнім берушінің жеке кабинеті" модуліне және өнім берушінің ұялы байланысының абоненттік нөміріне құжаттарды пысықтауға қайтару туралы ақпарат жіберіледі.

      8. Өнім беруші қайтару туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның қайтару себептерін жоя отырып, тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге құжаттарды қайта жібереді.

      9. Тауарды алушы жеткізушіге қайтарған жағдайда, өнім беруші тауардың құнын уәкілетті органға қайтаруды тауар қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырады.

1-параграф. Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеу

      10. Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

      1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі;

      2) "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2005 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 26 бұйрық) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің ілесіп жүру парағы/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсету парағы;

      3) шот-фактура.

      11. Жеке көмекшінің / ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеуге арналған құжаттарды қызмет берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның қызметті берушіге пысықтауға қайтару себептері:

      өтеуге өтінішке қол қойған алушыға орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің және (немесе) жеке көмекшінің ілесіп жүру парағының/ымдау тілі маманының қызметтер көрсету парағының болмауы;

      орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің және (немесе) жеке көмекшінің ілесіп жүру парағының/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету парағының сканерленген көшірмелерін ұсынған кезде оларда қойылған қолдың (қолдардың) болмауы;

      жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтер көрсету кезеңі және (немесе) сағаттары дұрыс көрсетілмеген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және (немесе) жеке көмекшінің ілесіп жүру парағын ұсыну;

      ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсету кезеңі және (немесе) сағаттары дұрыс көрсетілмеген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін және (немесе) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсету парағын ұсыну.

      Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін беруші құжаттарды пысықтайды және ағымдағы айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қайта жібереді.

      12. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеу уәкілетті орган осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеуге құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

2-параграф. Санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу

      13. Санаторий-курорттық емдеуді беруші уәкілетті органға мыналарды:

      1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін;

      2) алушы кепілдік берілген сома мен санаторий-курорттық емдеудің нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда шот-фактураны, сондай-ақ чекті ұсынады.

      14. Санаторий-курорттық емдеу құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:

      Өтеуге өтінішке қол қойған алушыға осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;

      ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіздігі.

      15. Санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу уәкілетті орган осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген санаторий-курорттық емдеу құнын өтеуге құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

3-параграф. ОТҚ мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу

      16. ОТҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдарын жеткізуші уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

      1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ОТҚ-ны және арнаулы жүріп-тұру құралдарын өз бетінше алып кеткен жағдайда – тауарды босату фактісін растайтын қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат;

      2) алушы кепілдік берілген сома мен ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда – шот-фактура, сондай-ақ чек;

      3) сенім білдірілген адам ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған кезде – нотариалды куәландырылған сенімхат; ;

      4) қорғаншы немесе қамқоршы ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған кезде – қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы құжат;

      5) 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған кезде – туу туралы куәлік .

      17. ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:

      өтеуге өтінішке қол қойған алушыға осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;

      ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіздігі.

      18. ОТҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеуге арналған құжаттардың немесе жеткізілгенін растайтын құжаттың негізінде күнтізбелік 14 (он төрт) күн өткеннен кейін, бірақ уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.";

4-параграф. Протездік-ортопедиялық көмек көрсету құнын өтеу

      19. Өнім беруші протездік-ортопедиялық құралдарды жеке сипаттамалары бойынша дайындаған кезде уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

      1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;

      2) протездік-ортопедиялық құралдарды жеке сипаттамалары бойынша дайындау жағдайларында № 26 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша протездік-ортопедиялық бұйымдарға тапсырыс бланкісі;

      3) протездеу тарихынан үзінді көшірме, стационарлық протездеу жағдайында – стационар жағдайында протездік-ортопедиялық құрал дайындау;

      4) алушы протездік-ортопедиялық көмектің кепілдік берілген сомасы мен нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда – шот-фактура, сондай-ақ чек.

      20. Протездік-ортопедиялық көмектің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауға кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтару себептері:

      өтеуге өтінішке қол қойған алушыға осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;

      ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіздігі.

      21. Протездік-ортопедиялық көмектің құнын өтеу уәкілетті орган осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген протездік-ортопедиялық көмектің құнын өтеуге арналған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  Мүгедектерге тауарлар мен
қызметтерді әлеуметтік
қызметтер порталы арқылы
сатқан кезде олардың құнын
мемлекеттік бюджет
қаражатынан өтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
______________________
_______________________
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы/бөлімі

Өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге өтініш

      Мен, ______________________________________
(Мүгедектің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 32-1-бабына сәйкес өнім берушіге:
өнім берушінің атауы ___________________
өнім берушінің ЖСН / БСН __________________
БСК ___________________________________
ЖСК / IBAN (банктік шот нөмірі) _____________
банктің атауы ______________________________
Өнім беруші "Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы
арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына сәйкес растайтын құжаттарды ұсынған кезде
№ _______________ тапсырыс _________ ______________
саны (саны) (өлшем бірлігі)
____________________________________________
(тауардың, көрсетілетін қызметің атауы)
әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алу үшін ____________ теңге кепілдік
(сома)

      берілген соманы өтеуді сұраймын.
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын, ақпараттық жүйелерде және кепілдік берілген соманы өтеу үшін ұсынылған
құжаттарда қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Күні 20__жылғы "__" ____

      көрсетілетін қызметті алушының / заңды өкілінің ЭЦҚ-сы

  Мүгедектерге тауарлар мен
қызметтерді әлеуметтік
қызметтер порталы арқылы
сатқан кезде олардың құнын
мемлекеттік бюджет
қаражатынан өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Көрсетілетін қызметті алушыға тауарды курьердің жеткізуі туралы деректер

      20__ жылғы "___" _______ № _________ тапсырыс
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер

      Көрсетілетін қызметті алушының ЖСН ______
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. ___
ӘҚП-да сатып алынған тауар туралы мәліметтер
Тауардың атауы ___________________________

      Саны (дана) _____

      Тапсырыс сомасы ________ теңге
Кепілдік берілген сома ______ теңге
Қосымша ақы (сомасы) _____ теңге
Трек тапсырыс нөмірі ______________________
Тауарды жеткізу туралы мәліметтер ____________________________
Жеткізу күні 20__ жылғы "___" _______
Жеткізу мекенжайы _________________________
Құнын өтеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме туралы деректер
(ЖҚҮжӘББ, ЖҚжӘББ, ЖҚжӘББ)
БСН / ЖСН______________________
Байланыс телефоны +7 ( ______________
Мемлекеттік ұйымның атауы ____________________________
Мемлекеттік ұйымға қызмет көрсететін банктің атауы ___________________________
БСК _______________________________________
КБЕ _______________________________________
Тауарды жеткізуші туралы мәліметтер
БСН / ЖСН______________________
Байланыс телефоны +7 ( ______________
Ұйымның атауы ____________________________
Өнім берушінің ЖСК / IBAN ________________
Өнім берушінің БСК ______________________
Өнім берушінің КБЕ ______________________
Өнім берушінің ТБК ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады