Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы _____________ С. Жұманғарин 2021 жылғы "____" ___________ |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі
1. Білім мазмұнын бағалау, оқулықтарды, электрондық оқу басылымдарын әзірлеу және сапасын бағалау технологияларын әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
2. Пилоттық орта білім беру ұйымдарында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
3. "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесіне енгізілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқулықтарының, оқу-әдістемелік кешендерінің сапасына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу, олардың мазмұнын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
4. Орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру.
5. Сарапшылар базасына енгізу мақсатында ғалымдар мен педагогтер үшін оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу.
6. Сараптама жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды, ұсынымдарды, ережелерді дайындау және бекіту.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптамалық талдауды ұйымдастыру.
8. Пилоттық мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу.