Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 ақпанда № 26850 болып тіркелді

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 64 бұйрығымен
бекітілген

Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі

      1. Резеңке таяқшалар.

      2. 1 - 5-қорғау сыныптарындағы қорғау кеудешелері.

      3. 1 - 3-қорғау сыныптарындағы қорғау шлемдері.

      4. Қол кісендері.

      5. Қолды және аяқты қорғауға арналған қорғану қалқаншаларының жиынтығы.

      6. Қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтайтын детекторлар.

      7. Радиоактивті, химиялық және улағыш заттарды анықтайтын детекторлар.

      8. Күзет, дабыл сигнализациясы жүйелері.

      9. Кіруді бақылау және басқару жүйесі.

      10. Қосарлы қолданылатын техникаға жатпайтын телевизиялық бейнебақылау және бейнекүзет жүйелері.

      11. Хабар беру, оның ішінде радиоарналар арқылы хабар беру жүйелері.

      12. Портативті алып жүретін бейнетіркегіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады