"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 6001-16-7-6/22 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының м.а. 2022 жылғы 21 ақпандағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26933 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:   

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 6001-16-7-6/22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13491 нөмірімен тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Цифрландыру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Департамент басшысының
міндетін атқарушы
А. МУСРАЛИНОВ
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады