Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № ҚР ДСМ-20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26975 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мынадай:

      1) "Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1034 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12956 болып тіркелген);

      2) "Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7321 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрі
  2022 жылғы 28 ақпандағы
  № ҚР ДСМ-20 Бұйрыққа
  қосымша

Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Кодексі 138-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген. Бұл Стандарт "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы принциптері мен талаптарын белгілейді.

      2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      2) бірінші деңгей - медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;

      3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым - денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

      4) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) екінші деңгей - мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;

      6) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – ЖТМКК) - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурсты қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызмет;

      7) жоспарлы медициналық көмек - көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

      8) кезек күттірмейтін медициналық көмек - пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      9) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;

      10) медициналық авиация – әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек беру;

      11) медициналық ақпараттық жүйе - денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

      12) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді алғашқы қол жеткізу орны;

      13) медициналық ұйым (бұдан әрі – МҰ) – медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      14) мультипәндік топ - пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;

      15) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМСЖ) – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      16) пациент – медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

      17) профилактика - аурулардың пайда болуының, аурулардың ерте сатыларда өршуінің алдын алуға және өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

      18) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) - бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;

      19) үшінші деңгей - жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;

      20) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

      3. Нейрохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына:

      1) штатында "ересектер, балалар нейрохирургиясы" мамандығы бойынша бейінді мамандар (бұдан әрі – нейрохирург) болған кезде амбулаториялық жағдайда көмек көрсететін ұйымдар;

      2) стационарлық жағдайда көмек көрсететін, құрамында нейрохирургиялық бөлімшелері және (немесе) нейрореанимациялық блогы (төсектері) бар денсаулық сақтау ұйымдары, ғылыми ұйымдар жатады.

      4. Нейрохирургиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:

      1) нейрохирургиялық аурулардың, орталық және перифериялық нерв жүйесі жарақаттарының профилактикасына мен ерте диагностикасына , мүгедектіктің және олардан болатын өлім профилактикасына алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      2) медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, диагностика мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістерін, оның ішінде дәлелді медицина қағидаттарына негізделген ЖТМҚ қолдана отырып, нейрохирургиялық аурулары және орталық және перифериялық жүйке жүйесінің жарақаттары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

      5. Халыққа нейрохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары "Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21679 болып тіркелген) бекітілген өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін сақтай отырып жинақталады.

      6. Нейрохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Нейрохирургиялық көмек ТМККК шеңберінде ("Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес) және МӘМС жүйесінде көрсетіледі ("Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес), сондай-ақ ақылы негізде "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Нейрохирургиялық көмек амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, үйде, шұғыл және жоспарлы түрде көрсетіледі.

2-тарау. Нейрохирургиялық көмек көрсету шарттары.

1-параграф. Амбулаториялық негізде нейрохирургиялық көмек көрсету.

      9. Амбулаториялық жағдайда нейрохирургиялық:

      1) бірінші деңгейде;

      1) екінші деңгейде, оның ішінде бастапқы деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша;

      2) үшінші деңгейде, оның ішінде бірінші және екінші деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша көмек көрсетіледі.

      10. МСАК дәрігері:

      1) орталық және перифериялық жүйке жүйесінің нейрохирургиялық аурулары мен жарақаттарының шағымдары мен симптомдары бар пациенттер жүгінген кезде жалпы клиникалық және рентгенологиялық зерттеулерді (көрсетілімдер бойынша) тағайындайды және диагнозды нақтылау және консультациялық-диагностикалық көмек алу үшін оларды екінші деңгейдегі медициналық көмек көрсететін ұйымының нейрохиругына жібереді. Жолдама медициналық ақпараттық жүйелерде электрондық нысанда ресімделеді;

      2) КХ мен нейрохирургтың ұсынымдарына сәйкес нейрохирургиялық аурулардың белгіленген диагнозы бар пациенттерді динамикалық бақылауды жүзеге асырады;

      3) көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызуға жібереді.

      Бірінші деңгейде нейрохирургиялық аурулары бар пациенттер "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

      11. Амбулаториялық жағдайда екінші деңгейдегі нейрохирургиялық көмек консультациялық-диагностикалық көмек түрінде көрсетіледі және оған мыналар кіреді:

      1) нейрохирургтің қарап-тексеруі;

      2) орталық және перифериялық жүйке жүйесінің нейрохирургиялық аурулары мен жарақаттарының диагнозын қою, дифференциалды диагностика мақсатында пациентті зертханалық және аспаптық тексеру;

      3) КХ сәйкес анықталған ауру бойынша емдеуді іріктеу және тағайындау;

      4) мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде стационарлық жағдайларда ЖТМҚ қолдана отырып, шұғыл айғақтар бойынша емдеуге жатқызуға жіберу;

      5) мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде ЖТМҚ қолдана отырып стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу;

      6) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ – 198/2020 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру;

      7) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу қужаттамасы нысандарынын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығына (бұдан әрі- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес есепке алу қужаттамасын және "Денсаулық сақтау саласындағы есептік қужаттама нысандарынын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 313/2020 бұйрығына (бұдан әрі- № ҚР ДСМ- 313/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) сәйкес есепке алу құжаттамасын ресімдеу және жүргізу.

      12. Амбулаториялық жағдайларда нейрохирургиялық көмекті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге Денсаулық сақтау ұйымының сәйкестігі туралы қорытындысы бар денсаулық сақтау ұйымдары үшінші деңгейде көрсетеді.

      Пациенттерді үшінші деңгейде көмек алу үшін жіберу "Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

2-параграф. Стационарды алмастыратын жағдайларда нейрохирургиялық көмек көрсету

      13. Стационарды алмастыратын жағдайларда нейрохирургиялық көмек тәуліктік медициналық бақылау мен емдеуді талап етпейтін және екінші және үшінші деңгейде төсек-орын ұсына отырып, медициналық бақылауды және күндізгі уақытта емдеуді көздейтін жағдайларда көрсетіледі.

      14. Стационарды алмастыратын жағдайларда нейрохирургиялық көмек амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының күндізгі стационарларында зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен және нейрохирургтың консультациялық қорытындысымен бастапқы және бірінші деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша көрсетіледі және мыналарды қамтиды:

      1) дәрігердің қарап-тексеруі, көрсеткіштер бойынша бейінді мамандардың консультациялары;

      2) КХ сәйкес диагностикалық, оның ішінде зертханалық, аспаптық және патологоанатомиялық қызметтер (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер);

      3) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар мен хирургиялық операциялар жүргізу арқылы күндізгі стационарға жіберуге себеп болған негізгі ауруды емдеу;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 "Қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) сәйкес қанмен, оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

      5) уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру);

      6) № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрыққа сәйкес есептік құжаттаманы және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрыққа сәйкес есептік құжаттаманы ресімдеу және жүргізу.

      15. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Стационарды алмастыратын жағдайларда үшінші деңгейдегі нейрохирургиялық көмекті денсаулық сақтау ұйымының жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге сәйкестігі туралы қорытындысы бар денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

      Пациенттерді үшінші деңгейде көмек алу үшін жіберу № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

3-параграф. Стационарлық жағдайларда нейрохирургиялық көмек көрсету

      18. Тәулік бойы медициналық бақылауды, емдеуді, күтім жасауды, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайларда нейрохирургиялық көмек бастапқы және қайталама деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен екінші және үшінші деңгейлерде және жолдаманың бар-жоғына қарамастан шұғыл тәртіппен көрсетіледі.

      19. Стационарлық жағдайдағы нейрохирургиялық көмек мыналарды қамтиды:

      1) дәрігердің күнделікті тексеруі;

      2) келіп түскен кезде және кейіннен қажеттілігіне қарай бөлімше меңгерушісінің қарап-тексеруі;

      3) бейінді мамандардың консультациялары (көрсетілімдер болған кезде);

      4) КХ сәйкес диагностикалық, оның ішінде зертханалық, аспаптық және патологоанатомиялық қызметтер (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер) ;;

      5) емдеуге жатқызуға себеп болған негізгі ауруды дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар мен хирургиялық операциялар жүргізу жолымен емдеу, оның ішінде ерте оңалту;

      6) "Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) сәйкес негізгі ауру бойынша медициналық оңалтудың бірінші кезеңі;

      7) № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрыққа сәйкес қанмен, оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

      8) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру;

      9) № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрыққа сәйкес есептік құжаттаманы және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрыққа сәйкес есептілі құжаттаманы ресімдеу және жүргізу.

      20. Стационарлық жағдайларда үшінші деңгейде нейрохирургиялық көмекті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау ұйымының сәйкестігі туралы қорытындысы бар денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

      Пациенттерді үшінші деңгейде көмек алу үшін жіберу № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

4-параграф. Үйде нейрохирургиялық көмек көрсету

      21. Нейрохирургиялық аурулары бар пациенттерге үйде медициналық көмекті МСАК мамандары шақырту, белсенді патронаж, үйде емдеуді ұйымдастыру (үйдегі стационар) кезінде көрсетеді.

      22. МСАК маманы үйде көмек көрсету кезінде пациентті қарап-тексереді, жүргізілетін диагностикалық зерттеулер мен емдеуді түзетеді, қажет болған жағдайда КХ басшылыққа ала отырып, қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулер мен бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды.

3-тарау. Шұғыл нысанда нейрохирургиялық көмек көрсету

      23. Шұғыл нысанда нейрохирургиялық көмек стационарлық жағдайда алғашқы және екінші деңгейдегі мамандардың, жедел медициналық көмек мамандарының жолдамасы бойынша немесе мынадай жағдайларда өз өтініші бойынша көрсетіледі:

      1) бассүйек-ми жарақаты (бұдан әрі – БСЖ) (бассүйекішілік гематомаларды алып тастау, бассүйекті декомпрессивті трепанациялау, бассүйектің жаншылған сынықтарын бастапқы хирургиялық өңдеу, бассүйекішілік қысым датчигін орнату, вентрикулярлық ликворды дренаждау);

      2) бассүйекішілік жарақаттық емес қан құйылулар (бассүйекішілік гематомаларды алып тастау, бассүйекті декомпрессивті трепанациялау, гемикраниэктомия, бассүйекті бифронтальды декомпрессивті трепанациялау, артқы бассүйек шұңқырын декомпрессивті трепанациялау, вентрикулярлық ликворды дренаждау, бассүйекішілік қысым датчигін орнату, қажет болған жағдайда басқа да операциялар);

      3) цереброваскулярлық аурулар (микрохирургиялық клиптеу, жарылған аневризмалардың эндоваскулярлық эмболизациясы, артериовеноздық мальформациялар, бас және жұлын фистулалары);

      4) ишемиялық инсульт (бас сүйегінің декомпрессивті трепанациясы, эндоваскулярлық тромбэктомия);

      5) омыртқа-жұлын жарақаты (жұлынның қысылуын жою, омыртқа-қозғалыс сегментін тұрақтандыру);

      6) омыртқаның дегенеративті зақымдануы (жұлынның қысылуын жою);

      7) бас миының ісігі (өмірге қауіп төндіретін ми дислокациясы кезінде ісіктерді алып тастау, вентрикулярлық ликворды дренаждау, бас сүйегінің декомпрессивті трепанациясы);

      8) орталық нерв жүйесінің қабыну аурулары (мидың, жұлынның абсцессін алып тастау, дренаждау);

      9) орталық нерв жүйесінің туа біткен патологиясы (жұлын жарығының жарылуы кезіндегі операциялар);

      10) орталық жүйке жүйесінің туу жарақаттары (бассүйекішілік гематомаларды алып тастау, бас сүйегінің гематомаларын алып тастау).

      24. Шұғыл нысанда нейрохирургиялық көмек пациенттің орналасқан жерінде нейрохирург болмаған жағдайда көрсетіледі.

      "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес медициналық авиацияны тарта отырып, екінші және үшінші деңгейдегі медициналық ұйымдарға екінші және үшінші деңгейдегі мамандарды жеткізу немесе пациентті тасымалдау жүзеге асырылады.

      Нейрохирург болмаған кезде пациенттің өміріне айқын қауіп төнген кезде шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсету бойынша даярлықтан өткен хирургиялық бейінді мамандардың шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсетуіне жол беріледі.

      Шұғыл нысанда нейрохирургиялық көмекті бейінді мамандар көрсетеді.

4-тарау. Жекелеген нозологиялық нысандарда нейрохирургиялық көмек көрсету ерекшеліктері

      25. Жеңіл дәрежедегі БСЖ бар пациенттер көрсетілімдер болған кезде нейрохирургтің консультациясы және компьютерлік томография (бұдан әрі - КТ) жүргізу үшін "нейрохирургия" бейіні бойынша (ересектер, балалар) медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.

      Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуге көрсетілімдер болмаған кезде медициналық көмекті амбулаториялық жағдайларда нейрохирург, нейрохирург болмаған кезде - нейрохирургтың ұсынымдарын ескере отырып, невролог, невролог болмаған кезде - нейрохирургтың және (немесе) неврологтың ұсынымдарын ескере отырып, МСАК дәрігері көрсетеді.

      Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер болған кезде пациенттер стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының нейрохирургиялық бөлімшесіне жіберіледі.

      Нейрохирургиялық бөлімше (төсек) болмаған жағдайда пациенттер неврологиялық немесе травматологиялық бөлімшеге жіберіледі.

      Емдеуге жатқызуға жеңіл дәрежедегі БСЖ-сі бар пациенттер жатады (АХЖ бойынша негізгі диагноз коды-10: S06.0):

      бет қаңқасы сүйектерінің біріккен сынықтарымен, көз алмаларының контузияларымен, бастың көгерген-жыртылған және скальпильденген жараларымен, желке жарақаттарымен;

      60 жастан жоғары;

      орташа және ауыр дәрежедегі алкогольдік мас күйінде.

      Аудандық деңгейде пациенттер аудандық аурухананың хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне және (немесе) қалалық, облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.

      Көрсетілімдер бойынша аудандық ауруханадан қалалық/қалалық балалар, облыстық/облыстық балалар ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне ауыстыру жүзеге асырылады.

      26. Орташа және ауыр дәрежедегі БСЖ-сі бар ересек пациенттер стационарлық жағдайларда медициналық көмек алу үшін құрамында нейрохирургиялық бөлімшелері (төсектері) бар денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі.

      Ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі БСЖ-сі бар балалар қалалық, балалар облыстық ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.

      Нейрохирургиялық бөлімшелер болмаған кезде емдеуге жатқызу нейрохирургиялық төсектері бар балалар стационарының хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) жатқызылады.

      27. Омыртқа-жұлын жарақаты бар пациенттер (көрсетілімдер болған кезде) аудандық аурухананың хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне және (немесе) қалалық, облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.

      Көрсетілімдер бойынша аудандық ауруханадан қалалық және (немесе) облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесіне, бейінді ғылыми ұйымдарға ауыстыру жүзеге асырылады.

      28. Омыртқа-жұлын жарақаты бар балалар аудандық аурухананың хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне немесе қалалық балалар, көп бейінді облыстық балалар ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.

      Нейрохирургиялық бөлімшелер болмаған жағдайда емдеуге жатқызу нейрохирургиялық төсектері бар балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде (травматология және ортопедия) жүзеге асырылады.

      Көрсеткіштер бойынша аудандық ауруханадан қалалық балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне, облыстық балалар ауруханасына, мамандандырылған ғылыми ұйымдарға ауыстыру жүзеге асырылады.

      29. Орталық нерв жүйесінің босандыру жарақаттары кезінде өмірге айқын қауіп төнген және пациентті тасымалдау мүмкіндігі болмаған кезде шұғыл нысанда нейрохирургиялық көмек көрсету нейрохирургтарды шақыра отырып, босандыру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      Көрсетілімдер болған кезде қалалық балалар, облыстық балалар ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне ауыстыру жүзеге асырылады.

      Нейрохирургиялық бөлімшелер болмаған кезде нейрохирургиялық төсектері бар балалар стационарының хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) емдеуге жатқызу жүзеге асырылады.

      30. Орталық нерв жүйесінің туа біткен патологиясы кезінде өмірге айқын қауіп төнген және тасымалдау мүмкіндігі болмаған кезде шұғыл нысанда нейрохирургиялық көмек көрсету босандыру ұйымдарында нейрохирургты шақыра отырып жүзеге асырылады.

      Көрсетілімдер бойынша қалалық балалар, көп бейінді облыстық балалар ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне, бейінді ғылыми ұйымдарға ауыстыру жүзеге асырылады.

      Нейрохирургиялық бөлімшелер болмаған кезде нейрохирургиялық төсектері бар балалар стационарының хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) емдеуге жатқызу жүзеге асырылады.

      31. Омыртқаның дегенеративті зақымданулары, бас және жұлын миының қан тамырлары аурулары, бас миының ісіктері бар ересек пациенттер (көрсетілімдер болған кезде) қалалық, облыстық ауруханалардың нейрохирургиялық бөлімшесіне, бейінді ғылыми ұйымдарға операциялық емдеу үшін емдеуге жатқызылады.

      32. Онкологиялық генездің нейрохирургиялық ауруына күдік болған және хирургиялық емдеуге көрсетілімдер болған кезде пациент нейрохирургиялық бөлімшеге жіберіледі. Хирургиялық емдеуге көрсетілімдер болмаған кезде пациент емдеу тәсілін айқындау үшін онкологиялық орталыққа (диспансерге) жіберіледі.

      Онкологиялық генездің нейрохирургиялық ауруы бар пациентті емдеу және бақылау онкология мәселелері бойынша даярлықтан өткен нейрохирургтың және онкологтың қатысуымен жүзеге асырылады.

      Онкологиялық шығу тегі нейрохирургиялық аурулары бар пациенттер үшін мамандандырылған емдеу (сәулелік терапия, химиотерапия) онкологиялық орталықтарда (диспансерлерде) жүзеге асырылады.

      33. Омыртқаның дегенеративті зақымдануы, бас және жұлын тамырларының аурулары бар қалалық балалар, облыстық балалар ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне, бейінді ғылыми ұйымдарға операциялық емдеу үшін емдеуге жатқызылады.

      Нейрохирургиялық бөлімшелер болмаған кезде емдеуге жатқызу нейрохирургиялық төсектері бар балалар стационарының хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) жүзеге асырылады.

      34. Орталық нерв жүйесінің ісіктері бар қалалық балалар, облыстық балалар ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін (мидың қарыншалық жүйесін сырттай дренаждау, вентрикулоперитонеостомия, эхинококтық кистаны алып тастау және қажет болған жағдайда басқа да операциялар) емдеуге жатқызылады.

      Нейрохирургиялық бөлімшелер болмаған кезде емдеуге жатқызу нейрохирургиялық төсектері бар балалар стационарының хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) жүзеге асырылады.

      Емдеудің негізгі кезеңін өткізу үшін (бас және жұлының ісіктерін алып тастау бойынша жоспарлы операция) құрамында мамандандырылған балалар нейрохирургиясы бөлімшелері, облыстық, қалалық көп бейінді ауруханалардың құрамында балалар нейрохирургиясы бөлімшелері бар, тиісті жабдықтармен жарақтандырылған және мамандармен жасақталған бейінді ғылыми ұйымдарға емдеуге жатқызу жүзеге асырылады.

      Бейінді ғылыми ұйым мен мамандандырылған нейрохирургиялық бөлімшелердеңгейінде орталық нерв жүйесінің ісіктері бар балаларды емдеу тәсілін балалар бейініндегі денсаулық сақтау ұйымының нейрохирург (балалар), невропатолог (балалар), онколог (балалар) құрамындағы мультипәндік топ айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады