"Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 22 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 наурызда № 26980 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар құрған және азаматтық қорғау күштерінің құрамында бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған құрылымдар болып табылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын құру";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Азаматтық қорғау аумақтық құралымдарының жеке құрамының жалпы саны:

      жер сілкінісіне бейім өңірлер үшін зардап шеккен халықтың он адамына құралымның бір мүшесі есебінен;

      басқа өңірлер үшін зардап шеккен халықтың жиырма адамына құралымның бір мүшесі есебінен есептеледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Азаматтық қорғау құралымдарының құрамын және жарақтау нормаларын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау құралымдарының жұмыстарды жүргізуінің бағдарлық мүмкіндіктері негізінде ұйымдар басшысы бекітеді.

      Азаматтық қорғау құралымдары жергілікті жағдайлар мен өндірістің ерекшеліктеріне, қызмет түріне, жұмыс істейтіндердің санына, базасында азаматтық қорғау құралымдары құрылған ұйымдардың қызметін айқындайтын мүліктің, техника мен көлік құралдарының болуына қарай құрылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын ұстау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Саны елу адамнан аспайтын ұйымдарда, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету басшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және оған: құрылатын бір азаматтық қорғау құралымына (жасақ, команда, буын, бекет) екі өрт сөндіргіш, бір медициналық дәрі қобдишасы және екі бірлік тасымалданатын радиостанция кіреді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындау және тарту";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Азаматтық қорғау құралымдарын даярлау мыналарды қамтиды:

      1) үш жылда бір рет азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде құралымдардың (жасақтардың, командалардың, звенолардың және бекеттердің) басшыларын оқыту;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын дайындау бағдарламасы бойынша жеке құрамды оқыту;

      3) азаматтық қорғау құралымдарының азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар мен машықтануларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою іс-шараларына қатысуы.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын жыл сайын оқытуды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде немесе ұйымдарында және оқу орындарында үш жылда бір рет оқудан өткен және тиісті сертификаттары бар азаматтық қорғау жөніндегі сабақтар топтарының басшылары және азаматтық қорғау құралымдарының командирлері жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 28-1 тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Азаматтық қорғаудың әрбір құралымы үшін әзірлікке келтіру жоспары әзірленеді, онда мыналар көзделеді:

      1) жеке құрамды жұмыс және жұмыстан тыс уақытта құлақтандыру және жинау тәртібі;

      2) мүлікті, азық-түлікті беру орны, тәртібі, мерзімі;

      3) жиын кезеңінде құралымды басқару, оны әзірлікке келтіру және шоғырлану ауданына жылжыту немесе авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау мәселелері;

      4) материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібі;

      5) техника мен құралдарды жеке құрамға бекіту;

      6) әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде жұмыстар жүргізу учаскелері (объектілері).";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
И. Кульшимбаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 22 ақпандағы
№ 57 Бұйрығына қосымша
Азаматтық қорғау
құрылымдарын құру, ұстау,
материалдық-техникалық
қаматасыз ету, дайындау және
оларды тарту қағидаларына
1-қосымша

Азаматтық қорғаудың құралымдарындағы қажеттілік есебі

р/с №

Құралымдарың атауы

Құралымдар жеке құрамының саны

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана

Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қала

Қалалық аудандар

Селолық аудандар

1

Шұғыл ден қою жиынтық жасағы

-

1

1

1

1

2

Адамдарды іздеу және құтқару командасы

10-70

1

1

-

1

3

Әуе барлау буыны

5

1

1

-

-

4

Өзен (теңіз) барлау буыны

5

Өзен (теңіз) бағытына 2 буын құрылады

5

Теміржол барлау буыны

5

Темір жол бағытына 2 буын құрылады

6

Құтқару командасы

10-50

Тиісті аумақтық-әкімшілік бірлік әкімінің шешімі бойынша

7

Алғашқы медициналық көмек көрсету жасағы

10-150

Бейбіт уақытта аурухана желісіне 500 төсек-орын 1 жасақ құрылады

8

Жұқпалы ауру жылжымалы госпиталі

10-60

Жұмылдыру резерві есебінен жұмылдыру тапсырманың негізінде құрылады

9

Хирургиялық жылжымалы госпиталь

10-60

10

Токсикологиялық-терапевтік жылжымалы госпиталь

10-60

11

Медициналық қызметтің эпидемияға қарсы жылжымалы жасағы

10-60

12

Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы

5

Республикалық, облыстық, көпбейінді, қалалық емдеу мекемелері (ауруханалар) құрады

13

Инженерлік команда

10-37

Ықтимал жағдайға байланысты

14

Жол-көпір командасы

10-55

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

15

Инженерлік барлау буыны

3

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

16

Электр желілері бойынша авариялық-техникалық команда

10-45

Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты

17

Газ желілері бойынша авариялық-техникалық команда

10-35

Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты

18

Су өткізу желілері бойынша авариялық-техникалық команда

10-43

Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты

19

Кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық команда

10-43

Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты

20

Жылу желілері бойынша авариялық-техникалық команда

10-37

Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты

21

Байланыс авариялық-қалпына келтіру командасы

10-24

1

1

1

1

22

Тамақтандыру жылжымалы пункті

10-18

Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының 1500 адамын ыстық тамақпен қамтамасыз ету есебінен құрылады

23

Азық-түлікпен жабдықтаудың жылжымалы пункті

9

Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамына 4000 құрғақ азық беру есебінен құрылады

24

Заттай жабдықтаудың жылжымалы пункті

10-19

Бір рейсте жеткізу және 1400 жиынтық беру есебінен құрылады

25

Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы

3

Азаматтық қорғау құрылымдарының әр 400-500 техникасына біреу

26

Жөндеу-қалпына келтіру жылжымалы пункті

10-20

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

27

Су тасу буыны

7

Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының 7,5 мың адамын ауыз сумен қамтамасыз ету есебінен құрылады

28

Халықты тасымалдау автоколоннасы

10-36

Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы ықтимал жағдайларға байланысты тиісті азаматтық қорғаныс бастығының шешімі бойынша

29

Жүктерді тасымалдау автоколоннасы

10-20

30

Автосанитариялық жасақ

10-190

31

Эвакосанитариялық пойыз

10-94

32

Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы

-

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

33

Қоғамдық тәртіпті сақтау тобы

-

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

34

Өртке қарсы команда

-

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

35

Радиациялық және химиялық қорғау командасы

-

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

1-ден кем емес

36

Басқа жасақтар, командалар, буындар

-

Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы ықтимал жағдайларға байланысты тиісті азаматтық қорғаныс бастығының шешімі бойынша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады