"Құрылыс қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 наурызда № 27156 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құрылыс қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 қарашада № 14444 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құрылыс статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 17-тармағы бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Құрылыс статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрылыс қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
Реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
Ж. Шаймарданов

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
Реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
2022 жылғы 14 наурыздағы
№ 6 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
Статистика комитеті
төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 245 бұйрығымен
бекітілген

Құрылыс статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Құрылыс статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:

      1) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;

      2) жеке тұрғын үй құрылысы - белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы;

      3) пәтер – көппәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылатын, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғынжай;

      4) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады;

      5) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме).

2-тарау. Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру

1-параграф. Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемдерін есептеу алгоритмі

      3. Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектiлер салу, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды, инженерлік ғимараттарды күрделi және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту бойынша жұмыстар кіретін, құрылыс қызметін жасалған құрылыс мердігерлік шарттары бойынша жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған құрылыс жұмыстарының құны жатады.

      4. Құрылыс жұмыстарының көлеміне:

      1) құрылыс сметасында көзделмеген жұмыстардың;

      2) ақауларды жою және сапасыз орындалған құрылыс-монтаж және басқа да жұмыстарды қайта жасау бойынша жұмыстардың;

      3) монтаждалатын және жөнделетін жабдықты орнату жөніндегі жұмыстардың, сондай-ақ жабдықты жинақтау үшін сатып алынған немесе құрылыста дайындалған бөлшектердің құны;

      4) қосалқы өндірістердің, қызмет көрсететін шаруашылықтардың өнімдері мен көрсетілетін қызметтерінің;

      5) іске әлі салынбаған, құрылыс алаңына әкелінген немесе дайындалған бөлшектер, блоктар, конструкциялар мен құрылыс материалдарының;

      6) тапсырыс берушілерден аванстық аударымдардың;

      7) тапсырыс берушілерден мердігерлік ұйымдардың өндірістік базасын дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруға алынған қаражаттың;

      8) жұмыстардың өзіндік құнына енгізілмейтін қосылған құн салығының және басқа да салықтардың сомасы;

      9) мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаумен байланысты жұмыстардың, сондай - ақ ұңғымаларды игеру (су ұңғымаларын бұрғылаудан басқа - экономикалық қызмет түрінің коды 42.21), сынақ және барлау мақсатында бұрғылау, мұнай және газ ұңғымаларының негіздерін құру, цементтеу бойынша қосалқы жұмыстардың;

      10) жерді рекультивациялау, көмір шахталары қызметінің салдарын жою (топырақ шөгуінен кейін ойпаттарды, көлдерді, саздарды жою) жөніндегі жұмыстардың;

      11) құрылыс-монтаж ұйымдарына машиналарды, механизмдерді және механикаландырылған құрал-саймандарды, жылжымалы шеберханаларды және басқа да жабдықтарды жалға беру шартымен (қызмет көрсетуші персоналсыз) ұсыну бойынша қызметтердің;

      12) құрылыс алаңынан тыс (мысалы, қосалқы өндірістер және мердігерлік ұйымдардың қоймалардағы қызмет көрсететін шаруашылықтары үшін) орындалатын тиеу-түсіру және басқа да қосалқы жұмыстардың, сондай-ақ кеніштерде және басқа да өнеркәсіптік, көлік және өзге де кәсіпорындар мен қосалқы өндірістердегі құрылыс машиналары мен механизмдері жұмыстарының;

      13) мұнай-газ секторы жабдықтарының (магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары) құны кірмейді.

      5. Магистральдық құбырлардың құрылысы құбырларды монтаждау және орнату бойынша құрылыс жұмыстарын қамтиды. Бұл ретте мердігердің жабдықты өз қаражатына сатып алу, сондай-ақ оның құнын "Орындалған құрылыс жұмыстарын қабылдау актісіне" енгізу жағдайын қоспағанда, орындалған жұмыстардың көлеміне жабдықтың (магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының және мұнай өнімдері құбырларының) құны қосылмайды. Тапсырыс берушінің жеткізіліміне жататын, номиналды диаметрі DN 500 (диаметрі 500 милиметрден асатын болат құбырлар және фасондық бұйымдар) магистральдық құбырлар жабдық болып саналады.

      6. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі туралы статистикалық ақпарат айлық негізде жедел деректер бойынша және жылдық негізде түпкілікті деректер бойынша қалыптастырылады. Жедел деректер айға және өсу ретімен кезең үшін қалыптастырылады. Жылдық статистикалық ақпарат жалпы жыл бойынша қалыптастырылады.

      Экономикалық қызметтің негізгі және қосалқы түрлерінің коды 41-43 "Құрылыс" болып табылатын ірі, орта, шағын кәсіпорындар бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы деректері ақпараттық негіз болып табылады.

      Құрылыс қызметін жүзеге асыратын ірі, орта және шағын кәсіпорындарды статистикалық зерттеу ай сайын және тоқсан сайын жаппай есепке алу әдісін қолдана отырып жүргізіледі.

      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тобы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін қамтуды қамтамасыз ету үшін ай сайын шағын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлерге жете есептеу жүзеге асырылады.

      Есепті айдағы құрылыс жұмыстарының көлемі ірі, орта, шағын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер көлемінен қалыптастырылады.

      7. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық тобы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі мына формула бойынша айқындалады:



      мұнда:


- орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі;

- тікелей статистикалық әдістермен байқалатын орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі (алғашқы деректер);

- құрылыс жұмыстарын орындайтын шағын кәсіпорындарға жете есептеу көлемі;

- дара кәсіпкерлер орындаған құрылыс жұмыстарының көлемін жете есептеу.

      8. Шағын кәсіпорындарға жете есептеу әрбір есепті тоқсанның алғашқы екі айына жүргізіледі. Жылдық кезеңділіктегі (әрбір өңір үшін көлемнің 1/12) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері тоқсандық көлемді алғанға дейін шағын кәсіпорындар бойынша аралық көлемді жете есептеуді жүргізу үшін ақпараттық база болып табылады. Бұдан басқа, талдау үшін өткен жылғы тиісті тоқсандағы тоқсандық кезеңділік деректері (әрбір өңір үшін көлем 1/3), сондай-ақ ағымдағы жылғы өткен тоқсанның деректері қосымша пайдаланылады.

      Есеп "Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі" көрсеткіші бойынша экономикалық қызметінің негізгі және қосалқы түрлерінің коды 41-43 "Құрылыс" тоқсандық және жылдық деректер негізінде жүзеге асырылады.

      Шағын кәсіпорындар бойынша жете есептеуді есептеу үшін шағын кәсіпорындар орындаған құрылыс жұмыстары (қызметтері) жылдық көлемінің 1/12 бөлігі пайдаланылады:



      мұнда:


- шағын кәсіпорындарға құрылыс жұмыстарының көлемін жете есептеу;

- шағын кәсіпорындар орындаған құрылыс жұмыстарының жылдық көлемі.

      Шағын кәсіпорындар бойынша жете есептеуді талдау үшін ағымдағы жылғы өткен тоқсанның және өткен жылғы тиісті тоқсанның тоқсандық деректерінің 1/3 бөлігі пайдаланылады:



      мұнда:


- шағын кәсіпорындарға құрылыс жұмыстарының көлемін жете есептеу;

- шағын кәсіпорындар орындаған құрылыс жұмыстарының тоқсандық көлемі.

      Есепті тоқсанның соңғы айында шағын кәсіпорындар бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы тоқсандағы орындалған жұмыстар көлемі мен шағын кәсіпорындарға ағымдағы тоқсанның алғашқы екі айында жүргізілген жете есептеу арасындағы айырмашылықпен айқындалады.

      9. Дара кәсіпкерлерге жете есептеу ай сайын жүргізіледі. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері, сондай-ақ әкімшілік дереккөздер есептеу үшін ақпараттық база болып табылады.

      Дара кәсіпкерлер орындаған құрылыс жұмыстарының көлемін жете есептеу әрбір өңір үшін жеке жүзеге асырылады.

      10. Бағдарламалық кешенде қалыптастырылған облыстар бойынша жете есептеудің агрегатталған көлемі алдын ала белгіленген қағидаларға сәйкес қолайсыз, қарама-қайшы және өте күмәнді немесе мүмкін емес мәндерді анықтау және кейіннен өзгерту мақсатында респонденттерден жиналған алғашқы деректерді жүйелі тексеруге жатады. Нақтыланған жеке есептеу көлемі алгоритмге сәйкес бөлінеді және агрегатталған есептік деректерге қосылады.

2-параграф. Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) нақты көлем индексін есептеу алгоритмі

      11. Құрылыс қызметінің серпінін талдау үшін тұрақты бағалардағы құрылыс жұмыстарының көлеміне есептеу жүргізіледі, өйткені ағымдағы бағалардағы жұмыстардың құны бірнеше жылдардағы деректерді тікелей салыстыруға мүмкіндік бермейді.

      12. Тұрақты бағалардағы құрылыс жұмыстарының көлемін есептеу өткен жылдың бағаларында да, базистік деп қабылданған жылдың бағаларында да жүзеге асырылады. Индекстік талдаудың екі негізгі әдісі:

      1) тиісті баға индекстерін қолданумен есепті кезеңдегі ағымдағы бағалардағы деректерді дефляторлау;

      2) нақты көлем индексін қолданумен ағымдағы бағаларда базистік жылға (яғни бағаларында бағалау жүзеге асырылатын жыл) деректерді экстраполяциялау қолданылады.

      Деректерді дефляторлау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұндағы:


– ағымдағы бағалардағы құрылыс жұмыстарының көлемі;

– өткен жылға есепті кезеңнің құрылыс-монтаж жұмыстарының бағалар индексі;

- өткен жылдың бағаларында есепті кезеңдегі құрылыс жұмыстарының көлемі.

      Деректерді экстраполяциялау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:


- базистік жылдың бағаларында есепті кезеңдегі құрылыс жұмыстарының көлемі.

- ағымдағы бағалардағы базистік кезеңдегі құрылыс жұмыстарының көлемі;

- құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) нақты көлем индексі.

      13. Құрылыс өндірісі саласындағы өзгерістерді айқындау үшін орындалған құрылыс жұмыстары құнының серпінінде өзгеруін сипаттайтын құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) нақты көлем индексі пайдаланылады. Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) нақты көлем индексі дефляторды (баға индексін) есепке алумен, талданатын кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің нақты қолданыстағы бағалардағы алдыңғы кезеңге арақатынасымен айқындалады.

      14. Құндық көрсеткіштер арқылы нақты көлем индексін есептеу кезінде құрылыстағы тиісті баға индексін пайдалана отырып дефляторлау жүргізіледі.

      Дефлятор ретінде құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі пайдаланылады, ол құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу процесінде бағаның өзгеруін көрсетеді.

      Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      T – нақты көлем индексі;

      V – құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі;

      t – ағымдағы жылдың кезеңі;

      t–1 – өткен жылдың тиісті кезеңі;

      Jс t/t–1 – өткен жылдың тиісті кезеңіне құрылыс-монтаж жұмыстарының баға индексі.

      15. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) нақты көлем индексі жұмыс түрлерінің құрылымы (құрылыс-монтаж жұмыстары, күрделі және ағымдағы жөндеу) бойынша есептеледі. Есептеу құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексін (дефляторды) қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      16. Құрылыс саласындағы объектілердің (тұрғын, тұрғын емес ғимараттар мен имараттардың) типтері бойынша құнның өзгеруін айқындау мақсатында объектілердің әрбір типі үшін құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) нақты көлем индексі бөлек есептеледі. Есептеу объектілер типі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексін қолдану арқылы жүзеге асырылады (дефлятор).







      мұнда:


- тұрғын, тұрғын емес ғимараттар мен имараттар бойынша нақты көлем индексі (қарқындар);

- тұрғын, тұрғын емес ғимараттар мен имараттар бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі;

- тұрғын, тұрғын емес ғимараттар мен имараттар бойынша өткен жылдың тиісті кезеңіне құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі.

      17. Деректерді қайта қарау саясатына сәйкес түпкілікті жылдық нәтижелерді алғаннан кейін жедел статистикалық көрсеткіштер нақтыланған жылдық деректермен редакцияланады. Жедел есептіліктегі құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нақты көлем индексін есептеу үшін шілде айынан бастап өткен жылдың мұрағаттық базасы үлес салмағы бойынша жылдық деректер негізінде қайта есептеледі.

3-тарау. Жұмыстың ірілендірілген түрлері негізіндегі құрылыс өнімінің көлемін есепке алу

      18. Құрылыс өнімінің құнын ресурстық әдіспен анықтау үшін заттай және құндық мәндегі құрылыс жұмыстарының типтерін жіктеуге сәйкес жұмыстың ірілендірілген түрлері бойынша деректер қалыптастырылады.

      19. Жоба құнын бағалау тұтастай жоба бойынша да, жекелеген жұмыс түрлері бойынша да немесе ресурстардың жекелеген түрлері бойынша да баға құраушы факторларға байланысты Ресурстық-технологиялық модельді (бұдан әрі-РТМ) пайдалану арқылы анықталады. РТМ құрылыс құнын ең прогрессивті ресурстық-индекстік әдіспен есептеуге мүмкіндік береді.

      20. Құрылыс жұмыстарының ірілендірілген түрлері бойынша статистикалық ақпарат заттай және құндық мәнде агрегатталған құрылыс жұмыстарының орташа бағасын жанама түрде анықтауға мүмкіндік береді.

      21. Құрылыс жұмыстарының ірілендірілген түрлері бойынша деректерді қалыптастыру салынып жатқан объектілердің (тұрғын, тұрғын емес ғимараттар мен имараттар) түрлері бойынша жүзеге асырылады және экономиканың жекелеген секторларында құрылыс саласының дамуын экономикалық талдау үшін пайдаланылады.

      22. Құрылыс жұмыстарының ірілендірілген түрлері бойынша деректерді қалыптастыру үшін ақпараттық база жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады.

      23. Құрылыс жұмыстарының ірілендірілген түрлері бойынша деректерді жинау топтардан, ал топтар өз кезегінде жеке кіші топтарға бөлінетін "Құрылыс жұмыстарының ірілендірілген түрлерінің анықтамалығына" сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Дайын құрылыс өнімін сипаттайтын көрсеткіштер

      24. Құрылыс объектілерін салу және реконструкциялау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесі дайын құрылыс өнімі болып табылады.

      25. Дайын құрылыс өніміне құрылысы аяқталған, белгіленген тәртіпте пайдалануға қабылданған тұрғын және тұрғын емес ғимараттар, имараттар, қуаттар және әртүрлі қызмет түрлерінің объектілері жатады.

      26. Дайын құрылыс өнімі статистикасындағы байқау объектілері салынып жатқан және құрылысы аяқталған объектілер, құрылыс кезектері, іске қосу кешендері және тұтас құрылыстар болып табылады.

      27. Дайын құрылыс өнімі бойынша статистикалық ақпаратты пайдалануға берілген, оның ішінде дара құрылыс салушылар берген объектілер туралы айлық және жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың негізінде қалыптастырылады.

      28. Пайдалануға берілген объектілер, соның ішінде жеке құрылыс салушылар пайдалануға берген объектілер бойынша ақпаратты жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде жұмыс істейтіндердің санына қарамастан, есепті кезеңде объектілерді пайдалануға беруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері, шаруа немесе фермер қожалықтары ұсынады.

      29. Статистикалық байқаулардағы пайдалануға берілген объектілер туралы деректерді толтыруға негіздеме Объектіні пайдалануға қабылдау және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актілері (бұдан әрі - Актілер) болып табылады.

      Объектілердің салынған дәлелін растау құжаттары: объектілердің пайдалануға жарамдылығы және меншікке құқығын мойындау туралы сот шешімі, техникалық паспорт, объектінің техникалық сараптамасының қорытындысы дайын құрылыс өнімі туралы статистикалық нысанға енгізу үшін негіздеме болып табылмайды.

      30. Пайдалануға берілген объектілердің параметрлері (ғимараттардың саны, олардың жалпы алаңы және құрылыс көлемі, пайдалануға берілген объектінің қуаты және оның нақты құны) Актілерде көрсетілген, нақты қабылданған көлемдерде, олар берілген айда және жылда бастапқы статистикалық нысандарда көрсетіледі.

      31. Құрылыс объектісі құрылысына, реконструкциясына, кеңейтуге дербес объектілік смета құрастырылатын, оған қатысты барлық жабдықтарымен, мүкәммалдарымен, аспаптарымен, галереяларымен, жол өтпелерімен, ішкі инженерлік желілерімен және коммуникацияларымен бірге жеке ғимарат немесе имарат. Басқа жұмыстардың түрлері де (тік жоспарлау, сыртқы инженерлік желілер, құрылыс алаңын абаттандыру) жеке құрылыс объектілері болып табылады.

      Имараттарға жермен тұйықталған, құрылыс материалдарынан және жинақтаушы бұйымдардан дайындалған және/немесе оларға қатысты құрылыс жұмыстары жүзеге асырылатын құрылыстар болып табылатын құрылыс объектілері жатады. Осыған байланысты, ауылшаруашылық мақсаттары үшін топырақты дайындау, өсімдіктерді отырғызу немесе егу құрылыс объектілері ретінде қарастырылмайды.

      32. Ғимараттарға функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын, міндетті түрде жер бетіне салынған, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылыстар жатады.

      33. Жоба бойынша құрылыс алаңында қосалқы және көмекші объектілерді салусыз тек бір ғана негізгі мақсаттағы объектіні салу кезінде (мысалы: өнеркәсіпте – негізгі мақсаттағы цех ғимараты; көлікте - теміржол вокзалының ғимараты; тұрғын үй-азаматтық құрылыста - тұрғын үй, театр, мектеп ғимараты) "объект" ұғымы "құрылыс" ұғымымен сәйкес келеді.

      34. Бірнеше цех орналасатын өндірістік ғимарат (корпус) бір объект болып саналады.

      35. Бұзылған ғимараттарды, имараттарды, өндірістік қуаттарды және өндірістік емес мақсаттағы объектілерді қалпына келтіргеннен кейін объектілер мен қуаттарды белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдау үшін Объектілерді есептен шығару актісі ресімделеді.

      36. Реконструкциялау және қайта құрудан кейін пайдалануға берілген объектілер бойынша қуаты мен нақты құны олардың функционалдық мақсаты өзгерген жағдайда көрсетіледі.

      37. Секциялар бойынша пайдалануға берілген ғимараттардың саны жалпы объектінің толық аяқталуымен және пайдалануға берілуімен анықталады.

      38. Объектіге (ғимаратқа) қарағанда өзгеше функционалдық сипаты бар қолданыстағы объектілерге сыртқы жапсарлас құрылыстар тұтастай алғанда жеке ғимарат болып саналады.

1-параграф. Тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері

      39. Белгіленген тәртіпте пайдалануға берілген жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер, жатақханалар және әлеуметтік топтар үшін тұрғын ғимараттар (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлер, тұрақты мекенжайы жоқ адамдардың бейімдеу орталықтары) тұрғын үй құрылысының объектілері болып табылады.

      40. Тұрғын үй құрылысының негізгі көрсеткіштері:

      1) пайдалануға берілген тұрғын бірліктің (пәтерлер) саны;

      2) пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы;

      3) пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың нақты көлем индексі;

      4) пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың нақты құны.

      41. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы - бүкіл тұрғын үйдің жалпы алаңы мен барлық тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының жиынтығы ретінде есептеледі.

      Енгізілген тұрғын үй ғимараттарының қатарына мынадай объектілер бойынша деректер кірмейді:

      1) тұру ұзақтығына қарамастан, тек маусымдық немесе уақытша тұруға жарамды, тұрғын үйге уақытша бейімделген үй-жайлар мен ғимараттар (саяжайлар, жазғы бақ және аңшылық үйлер, қорықшылардың үйлері);

      2) киіз үйлер, жылжымалы үйлер және шағын вагондар, құрастырмалы-бөлшектенетін қалқанды, модульді үйлер және уақытша тұруға бейімделген құрылыстар;

      3) ғимараттың күрделі қабырғаларын тұрғызудан басқа, үйдің жекелеген тозған бөлшектері мен конструкцияларын ауыстыру жүргізілген күрделі жөнделген үйлер;

      4) арнайы мақсаттарға арналған тұрғын ғимараттар (әскери қызметшілерге арналған казармалар, арнайы контингентке арналған жатақханалар);

      5) спорттық және туристік базалар, мотельдер, кемпингтер, санаторийлер, демалыс үйлері, пансионаттар, келушілерге арналған үйлер, қонақ үйлер.

      42. Тұрғынжайдың жалпы алаңы тұрғынжайдың пайдалы алаңының және алаңның нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы ретінде есептеледі.

      43. Тұрғынжайдың тұрғын алаңы тұрғынжайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы ретінде есептеледі.

      44. Тұрғынжайдың тұрғын емес алаңы тұрғынжайдағы (пәтердегі) ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы ретінде есептеледі.

      45. "Тұрғын үйлердің (мамандандырылған және өзге де тұрғын ғимараттарды қоспағанда) жалпы алаңының 1 шаршы метрінің құрылысына орташа нақты шағындар" көрсеткіші құрылыс салушылардың нақты жүргізген күрделі шығындарын айқындайды және объектілер құрылысының нақты құнын (мың теңге) тұрғын ғимараттардың жалпы алаңына (шаршы метр) бөлу арқылы есептеледі.

      Объектілер құрылысының нақты құны құрылыс сметасында көзделген барлық шығындарды қамтиды. Жобалау-сметалық құжаттамаға, авторлық қадағалауға, салынып жатқан объектілер дирекцияларын ұстауға арналған шығыстарды, құрылыс аумағын дайындауға және игеруге байланысты шығындарды (оның ішінде халықтан жерді алу мемлекет мұқтажына) және құрылысқа арналған сметаларға кіретін шығындарды қамтиды.

      Құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнының негізгі құрамдас бөлігі барлық материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың, энергетикалық ресурстардың құнын, жұмысшылардың жалақысын және құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалану құнын қамтиды.

      46. Халықтың жаңадан салынған тұрғын үймен қамтамасыз етілуін анықтау үшін "1000 тұрғынға шаққанда пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың" көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


– 1000 тұрғынға шаққанда пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы, шаршы метр;

– заңды тұлғалар пайдалануға берген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы, шаршы метр;

- жеке құрылыс салушылар пайдалануға берген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы, шаршы метр;

- Қазақстан Республикасы халқының орташа жылдық (орташа) саны.

      47. Жеке құрылыс салушылар салған тұрғын үйлер бірінші рет олардың салынуы (объектіні пайдалануға қабылдау актісі ресімделген) фактісі дәлелденген кезеңде пайдалануға берілді деп саналады.

      48. Тұрақты тұру үшін пайдалануға берілген бақша үйлері (саяжай құрылыстары) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, оны өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде регламенттелген және оларды жеке тұрғын үй ретінде жылжымайтын мүлікке қайта ресімдеу туралы тиісті құжаттар болған кезде тұрғын ғимараттар ретінде есепке алынады.

      49. Тұрғын үй құрылысындағы өзгерістерді анықтайтын негізгі индикатор тұрғын үйді енгізудің пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлем индексі (қарқыны) болып табылады. Есептеу серпінде пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңының көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады және талданатын кезеңнің жалпы алаңың алдыңғы кезеңге қатынасы ретінде мына формула бойынша:



      мұнда:


– пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлем индексі(қарқын);

– заңды тұлғалар пайдалануға берген тұрғын ғимараттың жалпы алаңы, шаршы метр;

– жеке құрылыс салушылардың пайдалануға берген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы, шаршы метр.

2-параграф. Тұрғын емес ғимараттар және имараттарда пайдалануға берілген объектілердің (қуаттардың) сипаттамасы

      50. Объектілердің өндірістік қуатын, ұзындығын, сыйымдылығын өлшегіштер және заттай мәндегі белгіленген тұтынушылық қасиеттері бар құрылысы аяқталған ғимараттарды, имараттарды және оларды пайдаланудың шаруашылық параметрлері туралы мәліметтерді сипаттайды.

      51. Тұрғын емес ғимараттар мен имараттарда енгізілген объектілердің қуаттары функционалдық сипатына және тән белгілеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

      1) желілік объектілерді қоспағанда, өнім өндіру, қызметтер көрсету, пайдалы қазбалар және басқа да табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу бойынша қуаттар;

      2) әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер;

      3) желілік объектілер (құбырлар, автомобиль және теміржолдар, электр желілері, коммуналдық желілер).

      52. Пайдалануға берілген тұрғын емес ғимараттар оларды пайдалану мақсаттарына қарай ғимараттың мынадай типтеріне жіктеледі:

      1) өнеркәсіптік (құрылыс индустриясы кәсіпорындарын қоса алғанда, өнеркәсіптік өндіріс, өнеркәсіптік кәсіпорындарда қоймалау үшін пайдаланылатын ғимараттар);

      2) ауылшаруашылық ғимараттары (мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын ұстауға және жүргізуге арналған ғимараттар, қойма үй-жайлары, өндірістік ауыл шаруашылығы ғимараттары);

      3) коммерциялық (көтерме және бөлшек саудаға, қонақ үйлерге және халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған барлық ғимараттар жататын ғимараттар);

      4) әкімшілік ғимараттар (фирмалардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, агенттіктердің, кредиттік-қаржылық және сақтандыру ұйымдарының, банктердің, редакциялардың әкімшілік мекемелері мен офистерінің ғимараттары);

      5) оқу (оқытуға арналған ғимараттар: білім беру мекемелері, мектептен тыс, мәдени және ағарту, ғылыми және жобалау-іздестіру мекемелері);

      6) денсаулық сақтау (емдеу мақсаттарына арналған ғимараттар: емдеу-профилактикалық, санаторий-курорттық, сауықтыру мекемелері);

      7) жоғарыда санамаланған топтамалардың ешқайсысына жатқызылмаған ғимараттар (діни, спорт, көлік, байланыс).

      53. Пайдалануға берілген құрылыстар негізінен функционалдық мақсаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) көлік - әртүрлі көлік түрлеріне арналған (көпірлер, жолөткелдер, эстакадалар, айлақтар, темір және автомобиль жолдары);

      2) су шаруашылығы - су тарту, су тазарту, су өткізу станциялары, қайта айдау станциялары;

      3) гидротехникалық - бөгеттер, дамбалар, каналдар, шлюздер;

      4) байланыс, электр беру, құбыр көлігі имараттары - әртүрлі өнімдер түрлері үшін;

      5) спорттық-сауықтыру - стадиондар, тректер, спорт түрлері бойынша трассалар, жүзу бассейндері, теннис корттары, жаттығу залдары, хоккей алаңдары.

      54. Бірнеше аумақта (әртүрлі облыстарда) орналасқан желілік құрылыс (мұнай құбырлары, байланыс желілері, темір және автомобиль жолдары) бойынша олардың әрқайсысы бойынша объектілерді пайдалануға беру тиісті аумақта орналасқан осы құрылыстың жекелеген учаскелері мен объектілеріне жататын іске қосу көлеміне қарай айқындалады.

      Желілік объектілерді реконструкциялау кезінде статистикалық байқауларда осындай объектілердің класын, санатын және (немесе) жұмыс істеуінің бастапқы белгіленген көрсеткіштерін (қуатын, жүк көтергіштігін және басқаларын) өзгертуге әкеп соғатын немесе осындай объектілердің бөлінген белдеулерінің және (немесе) қорғау аймақтарының шекараларын өзгерту талап етілетін желілік объектілер немесе олардың учаскелері (бөліктері) параметрлерінің өзгеруі көрсетіледі.

      55. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша пайдалануға берілген объектілердің көрсеткіштеріне электр және (немесе) жылу энергиясын (күн, жел, су энергиясы, бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері – биомасса, биогаз) өндіру үшін табиғи түрде өтетін табиғи процестер есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер жатады.

      56. Енгізілген объектінің энергия тиімділігі класы бойынша деректер жаңадан салынған объектілерді пайдалануға беру кезінде айқындалады.

      Тапсырыс беруші жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тапсырмасында, сондай-ақ ғимараттың, құрылыстың, имараттың техникалық паспортында және Объектіні пайдалануға беру актісінде энергия тиімділігінің талап етілетін класын көрсетеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады