БҰЙЫРАМЫН:
1."Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 17520 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылғы 30 наурыз бен 30 маусым аралығында.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Үміткер, егер ол осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, стипендиялық бағдарлама бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Үміткер оператор порталы арқылы бакалавриат даярлау бағыты бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) транскрипті және қосымшасы бар (бар болса) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы (бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - кемінде "жақсы" деген бағасы бар орта білімді растайтын құжат үлгерімінің орташа балы);
3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі уәждемелік эссе;
4) үміткер оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыным хаты;
5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
6) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама;
7) қазақстандық ЖЖОКБҰ-дан шақыру хат (бар болса).";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Үміткер оператор порталы арқылы магистратура даярлау бағыты бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) транскрипті және қосымшасы бар (бар болса) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы (бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0-ден) GPA немесе оның білім беру мекемелерінде алынған баламасы;
3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі уәждемелік эссе;
4) үміткер оқыған білім беру ұйымынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыным хат;
5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
6) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама;
7) қазақстандық ЖЖОКБҰ-дан шақыру хат (бар болса);
8) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл - кемінде 46,
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл - кемінде 453,
International English Language Tests System Аcademic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик (IELTS Academic (АЙЛТС Академик), шекті балл - кемінде 5.5;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі),
TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун ниво В2) (Niveau В2/В2 деңгейі);
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B2 деңгейден төмен емес),
Diplome d’Etudes en Langue français - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі),
Diplome Approfondi de Langue français - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), B2 деңгейі),
Test de connaissance du français - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) - кемінде 50 балл.
Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаға шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат қажет емес.";
8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Үміткер оператор порталы арқылы докторантура даярлау бағыты бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) транскрипті және қосымшасы бар (бар болса) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы (бакалавр немесе маман дипломының орта балы кемінде 3.0 (4.0-ден) GPA немесе оның білім беру мекемелерінде алынған баламасы;
3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі уәждемелік эссе;
4) үміткер оқыған білім беру ұйымынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыным хат;
5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
6) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама;
7) қазақстандық ЖЖОКБҰ-дан шақыру хат (бар болса);
8) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл - кемінде 46,
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл - кемінде 453,
International English Language Tests System Аcademic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик (IELTS Academic (АЙЛТС Академик), шекті балл - кемінде 5.5;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі),
TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун ниво В2) (Niveau В2/В2 деңгейі);
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B2 деңгейден төмен емес),
Diplome d’Etudes en Langue français - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі),
Diplome Approfondi de Langue français - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), B2 деңгейі),
Test de connaissance du français - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) - кемінде 50 балл.
Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаға шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат қажет емес.
9) диссертациялық зерттеу тақырыбына оқу тіліндегі негіздеме (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде).
9. Тұлғаларды оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23262 болып тіркелген), сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) сәйкес шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжат нострификация рәсімінен өтеді.
10. Үміткерлер ұсынған құжаттарды олар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оператор осы Қағидалардың 7 немесе 7-1 немесе 8-тармағының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
11. Осы Қағидалардың 7 немесе 7-1 немесе 8-тармақтарында көрсетілген ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде үміткерлер бейімделу әлеуетін анықтау үшін онлайн-тестілеуге рұқсат алады.
Осы Қағидалардың 7 немесе 7.1 немесе 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар сәйкес келмеген жағдайда үміткерге құжаттарды тіркеуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауапты ұсына отырып хабарлама жіберіледі.
Бұл ретте, үміткерге осы Қағидаларға толық сәйкес келген жағдайда стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін қайта тіркеуден өту мүмкіндігі беріледі.
12. Оператор үміткерлердің бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеуді, сондай-ақ онлайн-әңгімелесуді жүргізеді.
Бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеу 80 сұрақтан тұрады, өту уақыты - 120 минут, өту мерзімі бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеуге рұқсат алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн.
Онлайн-тестілеудің нәтижесі порталда "Тестілеу" бөлімінде атауы, тест түрі, жинаған балы, өткізілген уақыты, тапсыру күні көрсетіле отырып шығарылады. Онлайн-тестілеуден өткеннен кейін оператор үміткерге күні мен уақыты көрсетілген онлайн-әңгімелесуді өткізу бойынша хатты үміткер көрсеткен поштаға жібереді.
Осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес стреске төзімділіктің орта немесе жоғары деңгейімен баға алған үміткерлер онлайн-әңгімелесуге жіберіледі.
Онлайн-әңгімелесу оператор порталында "Вебинар", сондай-ақ бейнеконференц-байланысы арқылы өткізіледі. бөлімінде жүргізіледі. Үміткер құжаттарды тапсыру барысында порталда онлайн-әңгімелесу тілін өзі айқындайды.
13. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған стипендиялық бағдарламаларға үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен стипендиаттарды іріктеу жөніндегі Конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
14. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Комиссияның төрағасы жетекшілік ететін білім беру саласындағы уәкілетті органның вице-министрі болып табылады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады. Комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және күнтізбелік жылғы 20 тамызға дейін өткізіледі.
15. Комиссия осы Қағидалардың 7, 7.1 және 8-тармақтарында көрсетілген оператор ұсынған құжаттарды қарастырады және осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес өлшемшарттар негізінде стипендиаттардың негізгі және резервтік тізімдерін құрастырады.
Комиссия шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтарылсын:
"15-1. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеуде үміткерлердің балдары тең болған жағдайда, орта білімді растайтын құжаттың үлгерімінің орташа балы ескеріледі.
Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеуде үміткерлердің балдары тең болған жағдайда, шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA ескеріледі.";
16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Комиссия шешімінің негізінде стипендиаттар тізімі ЖЖОКБҰ-ға жіберіледі және күнтізбелік жылғы 25 тамызға дейін оператордың порталында орналастырылады.
Оператор стипендиаттарға іріктеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаны күнтізбелік жылғы 28 тамызғы дейін жібереді.
17. ЖЖОКБҰ күнтізбелік жылғы 1 қыркүйекке дейін білім беру бағдарламасын және оқу мерзімін көрсете отырып, шетел азаматтарын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды қабылдау туралы бұйрық шығарады.
18. Оператор стипендиат қабылдауға дейін стипендиядан бас тартқан жағдайда немесе стипендиат тарапынан кері байланыс болмаған жағдайда, оны ауыстыруды 15 күнтізбелік күн ішінде резервтік тізімнің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырады.".
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 96 бұйрығына қосымша Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу Қағидаларына 4-қосымша |
Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткердің сауалнамасы
Тегі | Азаматтығы | |||
Аты | Халықаралық паспорт нөмірі | |||
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Кіммен берілді | |||
Туылған күні | Қашан берілді | |||
Туылған жері | Аяқталу мерзімі | |||
Тұратын мекен-жайы (Ел, қала, көше, үй) | ||||
Телефон | ||||
Жұмыс орны | ||||
Соңғы білім аяқтаған жылы | ||||
Алдыңғы оқу орнының атауы, оның орналасқан жері |
Алдыңғы білім деңгейі туралы мәліметтер:
менің білімім бар:
орта білім
жоғары білім (бакалавр)
жоғары оқу орнынан кейінгі (магистр)
Шет тілі / оның деңгейі:
ағылшын, неміс, француз, басқа __________.
А1. Beginner
А2. Elementary
B1. Intermediate
B2. Upper intermediate
C1. Advanced
C2. Proficiency
Оқуға қабылдауыңызды сұраймын:
Білім деңгейі | Бакалавриат Магистратура Докторантура |
Мамандығы |
______________ (Үміткердің қолы)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өз дербес деректерін өңдеуге келісемін.