"Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27303 болып тіркелді.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 88 және 89-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17076 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Геологиялық түсірілім және геофизикалық зерттеулер кешенінде геологиялық және геофизикалық әдістер көмегімен анықталатын геологиялық міндеттері, осы әдістер мен жұмыс түрлерінің ұтымды кешені негізделген.

      Геофизикалық жұмыстар кешенінде жеке әдістермен шешілетін геологиялық тапсырмалар анықталады. Тиісті аспаптар мен жабдықтарды таңдау негізделген. Қалыптасқан жағдайлардан ауытқуларды ескере отырып, қиындық санаттарына, өндіріс көлігінің түрі мен коэффициенттеріне негізделген. Негізгі және қосалқы жұмыстар көлемі көрсетіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі:

      1) оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;

      2) жұмыстарды жобалау кезінде пайдаланылатын негізгі нормативтік құжаттардың тізбесі;

      3) геологиялық барлау жұмысы процесінде жер қойнауын қорғау, жер қойнауының зиянды заттар мен өндіріс қалдықтарымен ластануын болдырмау жөніндегі іс-шараларды;

      4) жұмыс ауданының экологиялық-экономикалық сипаттамаларын;

      5) табиғатты қөрғау іс-шаралары, орман, жануарлар әлемін қөрғау және табиғатты қөрғауды бақылауды;

      6) жер қойнауын мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшін жұмыс көлемі мен тасымалдау көлемiн, жұмыс iстеу уақытын, материалдар мен энергияны тұтынуды есептеу нәтижелерін қамтиды.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 4-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының геологиялық зерттеу учаскесінде күрделі құрылысжайларды салуға, жарылғыш заттарды тұрақты түрде жинап қоюға және сақтауға, жыралар, шурфтар, траншеялар және тау-кен қазбаларының басқа да түрлерін жасауға, сондай-ақ аршу жұмыстарын жүргізуге құқығы жоқ.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
      С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады