Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17076 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _________________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрі

      _________________ Б. Атамқұлов

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2018 жылғы
28 мамырдағы
№ 396 бұйрығымен
бекітілген

Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі-Нұсқаулық) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 88-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын геологиялық зерттеу операциясын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға арналған.

      2. Геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттары мыналар:

      1) жер қойнауын геологиялық зерттеу жоспары;

      2) жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы болып табылады.

      3. Геологиялық зерттеу жоспары геологиялық түсірілім және (немесе) геофизикалық жұмыстарын жүргізу үшін әзірленеді.

      Жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы кен орнын және жерасты суларының учаскелерін іздестіру және бағалау жүргізу үшін әзірленеді.

      4. Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

      5. Геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстардың құрамын, түрлерін, әдістері мен тәсілдерін, олардың көлемдері мен жүргізу мерзімдерін жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарында дербес айқындайды.

      6. Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ олардың көлемдері өзгерген кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер енгізеді және оларды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      Егер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес аталған өзгерістер мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi талап етсе, геологиялық зерттеу жөніндегі өзгертілген жобалау құжаттары жер қойнауын зерттеу жөніндегі органға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін табыс етіледі.

2-тарау. Геологиялық зерттеу жоспарын жасау

      7. Геологиялық зерттеу жоспарында геологиялық түсірілім жұмыстарының және (немесе) геофизиялық жұмыстардың түрлері мен тәсілдері, шамамен алғандағы көлемдері, аумақтары және үш жылдық кезеңдегі осындай жұмыстарды жүргізу мерзімдері сипатталады.

      8. Геологиялық зерттеу жоспары жобалық құжаттардан және сметадан тұрады. Жоба атауы геологиялық тапсырмасына тағайындалады және геологиялық барлау объектісінің атауын көрсетеді.

      9. Геологиялық тапсырмада берілген жер қойнауын пайдаланудағы әрбір объект үшiн зерттеу кешеніне енетін геологиялық түсірілім және (немесе) геофизикалық жұмыстардың барлық қажетті түрлері мен тиiстi жұмыстарының бiрыңғай жобалау құжаттамасы әзiрленедi.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Геологиялық зерттеу жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) геологиялық тапсырма;

      2) кіріспе;

      3) жұмыстар ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы;

      4) бұрын жүргізілген зерттеулерді шолу, талдау және бағалау;

      5) жұмыстар ауданының геологиялық сипаттамасы;

      6) геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың құрамы, түрлері, әдістері мен тәсілдері;

      7) жұмыстардың болжамды нәтижелері;

      8) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы;

      9) қоршаған ортаны қорғау;

      10) қолданылған дереккөздер тізімі;

      11) сметалық бөлігі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. "Геологиялық тапсырма" бөлімі жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізу мақсатын көрсетеді және:

      1) жұмыстың нысаналы мақсатын, учаске аумағының шекарасы мен негізгі бағалау параметрлерін;

      2) геологиялық міндеттерін, оларды шешудің бірізділігі мен негізгі әдістерін;

      3) күтілетін нәтижелері мен жұмыс орындау мерзімін қамтиды (есеп беру құжаттарының нысаны мен олар ұсынылатын инстанция көрсетілуі тиіс).

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Геологиялық тапсырманы жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны ресімдейтін тұлға бекітеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. "Кіріспе" бөлімінде:

      1) жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия ресімдеуші тұлға туралы мәліметтер, оның ішінде жеке немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы;

      2) геологиялық зерттеудің мақсаты;

      3) геологиялық зерттеудің ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктерін негіздеу;

      4) жұмыстардың басталу және аяқтау мерзімдері қамтылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. "Ауданның физикалық-географиялық жұмыстар сипаттамасы" бөлімінде ауданның географиялық (әкімшілік) орны көрсетіледі (геологиялық мәселелер шешілетін аумақтар шегінде). Рельеф сипаттамасы, абсолюттік белгілері мен салыстырмалы артықшылықтары, климаттық ерекшеліктері, халық саны мен елді мекеннің сипаттамасы, көлік инфрақұрылымын дамуы, жұмыстарды ұйымдастыру мен құнына әсер ететін коммуникациялар және өзге де мәліметтер.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. "Бұрын жүргізілген зерттеулерді шолу, талдау және бағалау" бөлімінде жобаланатын түрлердің жасалуын және жұмыс көлемін негіздеу мақсатында, объектінің геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық зерттеулермен зерттелу дәрежесі қысқаша қамтылады және мыналардан:

      1) жобаланып отырған жұмыстардың негіздемесіне байланысты бұрын орындалған геологиялық зерттеулерін қысқаша сараптамалық шолудан;

      2) зерттелген объектілердің контурларын нөмірлеп көрсету, зерттеу картограммаларынан тұрады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. "Жұмыс ауданының геологиялық сипаттамасы" бөлімі стратиграфия (жыныстарды егжей-тегжейлі сипаттамасыз), тектоника, металлогения, пайдалы қазбалар және жұмыс әдістемесін негіздеу үшін қажетті басқа да геологиялық сипаттамалар бойынша алдыңғы зерттеулердің сипаттамасын қамтиды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ұсынылған жобаланған жұмыстар ауданының геологиялық сипаттамаларын баяндай отырып, жобаға жобаланған жұмыстардың ауқымындағы немесе аралас ауқымдағы алдыңғы зерттеулердің материалдары бойынша жасалған (немесе басып шығарылған) геологиялық картаны ұсыну қажет.

      Геологиялық карта толық стратиграфиялық бағаннының геологиялық қимасымен қоса беріледі. Егер ауданның жобаланған жұмыстарының стратиграфия, магматизм (вулканизм), тектоника, метаморфизм, металлогения схемасының авторлары әр түрлі және бірдей емес болған жағдайда, барлық схемаларды салыстыру (корреляциялау) қажет.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. "Геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың құрамы, түрлері, әдістері мен тәсілдері" бөлімі:

      1) геологиялық міндеттер мен оларды шешу әдістерін;

      2) геологиялық түсіру және (немесе) геофизикалық әдістердің сипаттамасы (стратиграфия, литология, магматизм, тектоника мәселелерін нақтылауды қоса алғанда);

      3) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстардың түрлері, болжамды көлемі және жүргізу мерзімдері, сондай-ақ олар бойынша жоспарланған жұмыстардың жиынтық тізбесі;

      4) жоспарланған жұмыстарды негіздейтін графикалық материалдарын.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың барлық түрлері құжатталады және есепке алынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Геологиялық түсірілім және геофизикалық зерттеулер кешенінде геологиялық және геофизикалық әдістер көмегімен анықталатын геологиялық міндеттері, осы әдістер мен жұмыс түрлерінің ұтымды кешені негізделген.

      Геофизикалық жұмыстар кешенінде жеке әдістермен шешілетін геологиялық тапсырмалар анықталады. Тиісті аспаптар мен жабдықтарды таңдау негізделген. Қалыптасқан жағдайлардан ауытқуларды ескере отырып, қиындық санаттарына, өндіріс көлігінің түрі мен коэффициенттеріне негізделген. Негізгі және қосалқы жұмыстар көлемі көрсетіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.03.2022 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне бойынша жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерттеу учаскесінде параметрлік ұңғымаларды бұрғылауды жүзеге асырады.

      Геологиялық ақпараттың нақты геологиялық міндеттері мен талаптары негізінде ұңғымалардың орналасқан жері, олардың тереңдігі, керннің іріктеу интервалы, интервалдар бойынша керннің ең аз рұқсат етілген шығу пайызы анықталады.

      Бұрғылаудың таулы-геологиялық жағдайлары мен ұңғымалардың параметрлері негізінде, бұрғылаудың түрлері мен әдістері таңдалып, бұрғылау қондырғыларының түрлері, ұңғымалар мен бұрғылау технологиясы негізделіп, ұңғымалардың геологиялық және техникалық бөлімдері құрастырылады.

      Бұрғылау көлемі ұңғымалардың орналасуы бойынша (картографиялық, құрылымдық, құрылымдық-параметрлік, іздестіру-картографиялық, барлау), ұңғымалардың түрлері бойынша (тік, бағыттық), бұрғылау әдістерімен (бағаналы, иірлік және т.с.с), базаға және бір-біріне қатысты ұңғымалардың орналасуы бойынша (біреу, топтық), электр қуатын алу тәсілі бойынша (электр станциясынан, жеке меншіктегі стационарлы электр станциясынан, жеке жылжымалы электр станциясынан) есептелінеді.

      Бұрғылау көлемі ұңғымалар топтары арасында тереңдік, бұрғылау қондырғысының қозғалтқышының түрі бойынша (электр қозғалтқышынан немесе ішкі жану қозғалтқышынан) орташа диаметрі бойынша, тау жынысы санаты бойынша бөлінеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. "Жұмыстардың күтілетін нәтижелері" бөлімі орындалған жұмыстар кешенінің талап етілетін нәтижесін баяндайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы" бөлімінде:

      1) жұмыс орнының ерекшеліктері, жалпы ережелер;

      2) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен қабылданған қауiпсiздiк пен денсаулықты қорғау бойынша нормативтiк құжаттардың тізбесі;

      3) техникалық қауіпсіздік бойынша іс-шаралар;

      4) жұмыс уақытында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсарту бойынша іс-шаралар көрсетіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі:

      1) оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;

      2) жұмыстарды жобалау кезінде пайдаланылатын негізгі нормативтік құжаттардың тізбесі;

      3) геологиялық барлау жұмысы процесінде жер қойнауын қорғау, жер қойнауының зиянды заттар мен өндіріс қалдықтарымен ластануын болдырмау жөніндегі іс-шараларды;

      4) жұмыс ауданының экологиялық-экономикалық сипаттамаларын;

      5) табиғатты қөрғау іс-шаралары, орман, жануарлар әлемін қөрғау және табиғатты қөрғауды бақылауды;

      6) жер қойнауын мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшін жұмыс көлемі мен тасымалдау көлемiн, жұмыс iстеу уақытын, материалдар мен энергияны тұтынуды есептеу нәтижелерін қамтиды.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 4-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының геологиялық зерттеу учаскесінде күрделі құрылысжайларды салуға, жарылғыш заттарды тұрақты түрде жинап қоюға және сақтауға, жыралар, шурфтар, траншеялар және тау-кен қазбаларының басқа да түрлерін жасауға, сондай-ақ аршу жұмыстарын жүргізуге құқығы жоқ.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.03.2022 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. "Қолданылған дереккөздер тізімі" бөлімінде жоспар жасау барысында жарияланған әдеби дереккөздері, қор және тағы басқа материалдарының авторы, баспадан шыққан уақыты, орны, баспасы көрсетіледі.

      26. "Сметалық бөлігі" бөлімі геологиялық барлау жұмысын сметалық құнын анықтау үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) жобалау құжаттарына;

      2) қолданыстағы (әрекет етуші) заңнама;

      3) қолданыстағы сметалық нормативтер (нормалар мен бағалар).

      Смета жоспарда көзделген геологиялық барлау жұмыстарының барлық көлемі мен шығындарына сәйкес жасалады.

3-тарау. Жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын жасау

      27. Жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасында жер асты суларының іздестіру-бағалау жұмыстарының түрлері, әдіс-тәсілдері, бұрғыланған ұңғымалардың саны мен олардың сипаттамалары, үшжылдық кезеңінінде жұмыс істеу мерзімі, іздестіру-бағалау жұмыстарының салдарын жою және олардың құндылығын бағалау жөніндегі шаралар сипатталады.

      28. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия берілгеннен кейін, жерасты суларын іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасына енгізілетін өзгерістер, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу жатады. Мұндай келісулер өзгертілген жобаны ұсынған күннен бастап 20 жұмыс күні аралығында жүзеге асырылады.

      Егер жерасты суларын іздестіру-бағалау жұмыстары жобасының өзгерістері жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келмесе, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган іздестіру-бағалау жұмыстары жобасы бойынша өзгерістерге келісім беруден бас тартады.

      Жерасты суларын іздестіру-бағалау жұмыстары жобасының өзгерістерін келісуден бас тарту, жер қойнауын пайдаланушыны келісуге қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

      29. Жерасты суларын іздестіру-бағалау жобасы мәтіндік бөлігінен, мәтіндік, кестелік және графикалық қосымшалардан, ірілендірілген жиынтық сметасынан тұрады.

      30. Түрлері келесі бөлімдерден тұрады:

      1) кіріспе;

      2) ауданның физикалық-географиялық сипаттамасы;

      3) геологиялық тапсырма;

      4) бұрын жүргізілген зерттеулерді талдау және бағалау;

      5) ауданның геологиялық-гидрогеологиялық сипаттамасы;

      6) гидрогеологиялық зерттеу;

      7) бұрғылау жұмыстары;

      8) геофизикалық зерттеулер;

      9) тәжірибелік-сүзгі жұмыстары (сынақ және сынақ сорғысы);

      10) режимдік және гидрометрлік бақылау жүргізу;

      11) топографиялық-геодезиялық жұмыстар;

      12) зертханалық зерттеулер;

      13) камералдық жұмыстар;

      14) қорытынды;

      15) қолданылған дереккөздер тізімі;

      16) сметалық бөлігі;

      17) қоршаған ортаны қорғау.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. "Кіріспе" бөлімінде:

      1) іздестіру-барлау жұмыстарының мақсаты;

      2) тапсырыс беруші;

      3) шаруашылық-ауыз су және өнеркәсіптік-техникалық сулардың ағымдағы және болашақтағы қажеттілігін негіздеу;

      4) жерасты суларының сапасына қойылатын талаптар;

      5) қолданыстағы сумен жабдықтау көздері және олардың жетіспеушілік себептері;

      6) жұмысты негіздеу (өтінім құжаттарының болуы);

      7) жерасты суларын барлауды жүзеге асыратын ұйым;

      8) жұмыстардың басталу және аяқтау мерзімдері көрсетіледі.

      32. "Ауданның физикалық-географиялық сипаттамалары" бөлімінде барлау объектілерінің орны, рельефі, гидрографиясы, климаты, өсімдік жабыны мен жер қыртысы сипатталады.

      Жерүсті суларының сипаттамасы (өзендері, су қоймалары, көлдері) және олардың жерасты сулармен өзара байланыс мүмкіндіктері, сонымен қатар жер үсті суларының сапалы сипаттамалары көрсетіледі. Бөлім жұмыс аймағының контурын көрсету арқылы 1:1000000 немесе 1:1500000 масштабты шолу картасымен бірге жасалады.

      33. "Геологиялық тапсырма" бөлімі:

      1) жұмыстың нысаналы мақсаты, учаскенің аумақ шекарасы, негізгі бағалау параметрлері мен су қажеттілігінің мөлшері көрсетіледі;

      2) геологиялық тапсырмалар, олардың бірізділігі мен шешудің негізгі әдістері;

      3) күтілетін нәтижелері мен жұмысты орындау мерзімдерін қамтиды.

      34. "Бұрын жүргізілген зерттеулерді талдау және бағалау" бөлімінде геологиялық-гидрогеологиялық зерттеулер, геологиялық құрылымы мен зерттеу аумағының гидрогеологиялық жағдайлары, жерасты сулары кен орындарының перспективалы сулы деңгейжиегінің (кешендер) және сулы жарықшақтық аймағының сипаттамалары беріледі. Алдыңғы кезеңдерде бағаланған жерасты суларын пайдалану қорларының кешеніне немесе сулы деңгейжиектеріне ерекше назар аударылады.

      Зерттеу сипаты 1:100000-1:200000 масштабты гидрогеологиялық картасының екі немесе одан да көп гидрогеологиялық қиығымен кескінделеді.

      Осы бөлім барлау жұмыстарын іске қосу үшін ауданы мен перспективалы сулы деңгейжиегін таңдауды негіздейтін ақпаратты қамтиды.

      35. "Ауданның геологиялық-гидрогеологиялық сипаты" бөлімінде жұмыс учаскесін зерттеудегі геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық деңгейі қысқаша баяндалады.

      Бөлімде жобаланатын жұмыстарға негіз болатын жер учаскесінде орындалған геологиялық барлау жұмысының материалдарының жинағы және қысқаша аналитикалық шолу келтіріледі.

      Алдыңғы зерттеу жұмыстарына ұсынымдар, сондай-ақ учаскенің зерттеу деңгейіне байланысты тиісті санаты бойынша жерасты суларының қоры мен болжамдық ресурстары көрсетіледі.

      Жинақталған гидрогеологиялық және басқа материалдар жобаланатын жұмыстар түрлерінің, көлемінің негізі болып табылады.

      36. "Гидрогеологиялық сараптама" бөлімінің мақсаты - су орталығын зерттеу, жергілікті елді мекендегі гидрогеологиялық ұңғыманы ұтымды орналастыру болып табылады. Елді мекеннің геоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ұңғыманың орналасқан жері мен байланысының гидрогеологиялық бағыты үшін 1:50000 масштабты гидрогеологиялық түсірілім қолданылады. Мұндай жұмыстар алдыңғы зерттеулер процесінде анықталған учаскенің алаңында жүргізіледі.

      Гидрогеологиялық бағытты жүргізген кезде, жерасты суларының табиғи және жасанды шығуына, судың жиналуын зерттеу мақсатында қолданыстағы су бөгеттерін зерттеуге, пайдаланылған су деңгейжиегінің статистикалық және динамикалық деңгейіне, сонымен қатар аумақтың геоморфологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жерасты тұщы суының таралу шекарасына назар аудару қажет.

      37. "Бұрғылау жұмыстары" бөлігінде учаскенің геологиялық құрылымын, сулы шөгінділер мен оларды бөлетін су тіректерінің қуаты мен құрамын нақтылау, учаскенің шекаралық жағдайын анықтау, учаскенің гидрогеологиялық параметрлері туралы мәліметтерді, сулы көкжиектер мен жерүсті сулары арасындағы өзара байланысты жете нақтылау мақсатында жоспарланып отырған сутартқыштың схемасына қатысты барлау және барлау –пайдалану ұңғымаларын бұрғылау сипатталады.

      Геологиялық-гидрогеологиялық жағдайына байланысты, бұрғылау түрлері мен тәсілдері, бұрғылау білдектерінің типтері таңдалып, бұрғылау технологиясы мен конструкциясы негізделіп, бұрғылау геологиялық-техникалық кескіндері жасалады.

      Жобаланатын ұңғымалардың саны су қажеттілігіне, оның күрделі гидрогеологиялық және гидрохимиялық жағдайына байланысты анықталады. Ұңғымалар белгілену бойынша іздестіруші, барлаушылық, қадағалаушы болып бөлінеді. Бұрғылау көлемі тереңдігіне, бұрғылаудың орташа диаметріне, тау жыныстарының санатына, бұрғылау білдегінің жетегіне байланысты топтастырылады.

      Сондай-ақ бұрғылауға ілеспелі қосалқы жұмыстардың көлемдері (ұңғымаларды тарту, айдау, цементтеу, тығындау) анықталады.

      Бұрғылау жұмыстарын жүргізу мерзіміне, операциялық бұрғылау қондырғыларының саны мен өнімділігіне сәйкес бұрғылау қондырғыларының жұмыс уақыты мен тасымалдау саны қысқы жағдайды қоса алғанда көрсетіледі.

      38. "Геофизикалық зерттеу" бөлімінің мақсаты литологиялық-стратиграфиялық қима кескіні ұңғымасын қарастыру. Сондай-ақ су деңгейжиегінің қуатын бағалау өнімділігі, су қоймасы суларының минералдануы және су өткізетін аралықтарының резервтік қасиетін бағалау, сондай-ақ оңтайлы фильтр орнату интервалдарын анықтау болып табылады.

      Зерттеу жұмыстары жобаланатын ұңғымаларда жерасты суларының кен орны типтеріне байланысты жүргізіледі. Геофизикалық зерттеу жұмыстар кешеніне гамма-каротаж, кавернометрия, электрокаротаж бен шығындарды өлшеу зерттеулері жатады. Қажет болған жағдайда басқа зерттеу жұмыстарының түрлері, сондай-ақ жерасты суларын анықтауда аудандық геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

      Геофизикалық зерттеулер мамандандырылған автомобильдер базасында компьютерленген, аппаратуралық-әдістемелік кешені арқылы жүргізіледі.

      39. "Тәжірибелік-сүзгі жұмыстары (сынақ және тәжірибелік айдаулар)" бөлігінде бұрғыларды аяқтау мен ұңғыманың оқпанын жуып тазалау бойынша тәжірибелік-сүзгі жұмыстары судың молдығын және сынақталатын сулы шөгінділерінің, кешендер мен су тасығыш аймақтарының ашық жарықшақтығының, оның ішінде су өткізгіштігінің, өткізу деңгейінің (пьезо өткізгіштігі) есептік гидрогеологиялық параметрлерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      Айдаулар сынақ, тәжірибелік, түбірлік болып бөлінеді және батырмалы сорғылармен немесе эрлифт қондырғыларымен орындалады.

      Гидрогеологиялық жағдайына байланысты тәжірибелік айдаулардың қабылдану ұзақтығы: сынақтық 1-2 тәулік, тәжірибелі кемінде 5 тәулік, түбірлік 10-15 тәулік, айдау аяқталғаннан кейін жерасты сулары деңгейінің қалпына келуін бақылау кемінде 1 тәулік аралығында жүргізіледі.

      Соңында тәжірибелік-сүзгі жұмыстары аяқталғаннан кейін, жерасты суларының сапалы сипаттамасын анықтау мақсатында, химиялық-аналитикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жерасты суларының сынамалары алынады. Сынамалардың саны мен талдау түрлері геологиялық тапсырмасына қарай айқындалады.

      40. "Режимдік және гидрометрлік бақылау жүргізу" бөлімінде, бұрғыланған ұңғымаларда жерасты суларының сапасы мен өзгеру деңгейінің режимдік байқау циклі орындалады. Зерттелген көкжиектің гидрологиялық жағдайын іздестіру учаскесіне ұқсас мемлекеттік режим желісі болған жағдайда, режимдік байқаулар жүргізілмейді, бірақ мемлекеттік бекет бойынша көпжылдық режимдік байқаулардың деректері қолданылады.

      Ұңғымалардың негізгі іріктемесі мен судың бақылаулық сынамасы, су астындағы сорғылармен айдау жүргізілгеннен кейін орындалады. Суды іріктеу жиілігі кен орнының түріне және жерасты суларының нысанды мақсатына байланысты. Азық көзі болатын, жерасты су ағыны болған жағдайда, жерасты суларымен мен жерүсті суларының өзара байланысу сипаттамасын анықтау мақсатында, жерүсті су ағының гидрометриялық жұмыстары жүргізіледі. Жерасты су ағыны сынамасының қысқартылған химиялық талдауы маусым бойынша таңдалады.

      Техникалық жерасты суларының ұңғымаларына тек қысқартылған химиялық талдау таңдалады.

      41. "Топографиялық-геодезиялық жұмыстар" бөлімінде гидрогеологиялық ұңғымалардың сипатына көшу және олардың жоспарлы- биіктік теңестіру көшу мақсатында, топогеодезиялық жұмыстар жүргізіледі. Биіктік сілтемесі дәл анықталмаса, жерасты суларының деңгейі немесе қысым суының пьезометриялық бетін, сондай-ақ жерасты суларының жылжу бағытын анықтау мүмкін емес болғандықтан, жоспарлы-биіктік теңестіру міндетті болып табылады. Барлық ұңғымалар бойынша жоспарлы-биіктік теңестіру GPS аспаптарының көмегімен орындалатын болады.

      42. "Зертханалық зерттеулер" жерасты суларының сапасы учаскесінде зерттеліп, олардың мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік береді.

      Бұл үшін барлық судың сынамасы ірікпен алынған өндіріс процесінде далалық зерттеулер (зерттеу, тәжірибелік жұмыстар, режимдік бақылаулар) талдау үшін сертификатталған зертханаға жіберіледі.

      43. "Камералдық жұмыстар" кезінде жерасты іздестіру-бағалау жұмыстары, жерасты суларын қамтиды:

      1) зерттеу, талдау және өңдеу материалдарын бұрын орындалған жұмыстары, сондай-ақ жүргізілген далалық зерттеулер, осы жобамен, ал қажет болған жағдайда бұрын орындалған жұмыстардың материалдарын қайта пайымдау жүргізіледі;

      2) осыған ұқсас жағдайда оның шекарасынан тыс орналасқан қолданыстағы су тартқыштарды пайдалану жөніндегі материалдарды өңдеу және талдау;

      3) жерасты суларының пайдаланылатын қорларын есептеу үшін ақпараттық қамтамасыз етуді дайындау мақсатында аталған материалдарды жүйелеу;

      4) жерасты суларының пайдаланылатын қорларының қамтамасыз етілуін бағалай отырып, есептеу. Күрделі геологиялық-гидрогеологиялық жағдайларда жерасты суларының пайдаланылатын қорларын есептеу математикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып орындалуы мүмкін;

      5) есепті жасау, рәсімдеу және оны жер қойнауының мемлекеттік сараптамасына беру.

      44. "Қорытынды" бөлімінде барланған кен орнының (учаскенің) гидрогеологиялық жағдайы жəне геологиялық құрылымының зерттеу деңгейі мен негізгі нəтижелері, жерасты суларының сапасы мен олардан күтілетін пайдалану шарттары көрсетіледі.

      Басқа су бөгеттеріне барланған кен орнындағы жерасты суын пайдалану әсері, аудан мен қоршаған ортаның жалпы балансын қөрсетеді.

      Санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар.

      Аудандағы және кен орындарындағы (учаске) әрі қарайғы гидрогеологиялық жұмыстар бағытындағы ұсыныстар, жерасты суларын ұйымдастыру мен мониторинг жүргізу.

      45. "Қолданылған дереккөздер тізімі" бөлімінде жарияланған әдебиеттер дереккөздерінің тізімі, есеп беру құрастыру кезіндегі қор және тағы басқа материалдарының атауы, авторы, баспасы, (жасалған) уақыты мен орны көрсетіледі.

      46. "Жобаның сметалық бөлігі" бөлімінде жобаны дайындау барысындағы бағада көрсетілген нормативтік құжаттарына сәйкес іздестіру-бағалау жұмыстарының жиынтық сметалық есебі немесе орындалған жұмыстардың қалыптасқан нарықтық бағасы бойынша жалпы есебі қоса беріледі.

      47. "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі мыналарды қамтиды:

      1) қоршаған ортаға әсер ету ықпалын бағалауды;

      2) жобалау жұмыстарын жүргізу кезінде талаптарын сақтау қажет негізгі нормативтік құжаттардың (стандарттар, қағидалар, нұсқаулықтар) тізбесі;

      3) геологиялық барлау жұмыстары процесінде жер қойнауын кешендi және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, жер асты сулары қорларының сақталуына жұмыстардың зиянды әсеріне жол бермеу, жер асты суларының зиянды заттармен және өндiрiс қалдықтарымен ластануын болдырмау жөнiндегi іс-шаралар.

      Ескерту. 3-тарау 47-тармақпен толықтырылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады