ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың 01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы үшін 28 000,00 (жиырма сегіз мың) теңге мөлшерiнде бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |