"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27416 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:

      221-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "221. Заңның 92-1-баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалардың негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.

      Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде тұратын немесе тіркелген ортақтас борышкерлерге қатысты атқарушылық жазба өндіріп алушының таңдауымен борышкерлердің бірінің мекенжайы бойынша жасалады.

      Аталған талаптар бойынша атқарушылық жазбаны нотариус оның үй-жайы орналасқан жеріне сәйкес нотариаттық палатамен айқындалған оның қызмет ету аумағы бойынша жасайды.

      Заңның 92-1-бабы 2-тармағы 9) және 10) тармақшаларының негізінде өндіріп алушы нотариусқа өтінішті өндіріп алушы мен борышкердің тіркелген жеріне қарамастан береді.".

      226-тармақша 6)-тармағына мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға міндетті шығыстарға қатысуға жалтаратын, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін:

      өндіріп алушы куәландырған қызмет көрсету шартының көшірмесі;

      тарифтерді белгілеу туралы құжаттардың көшірмелері (хаттама, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелері жалпы жиналысының шешімінен үзінді);

      қызметтер үшін төлем бойынша берешек сомасын есептеу туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді көшірме) ұсынылады.

      Құжатта берешекті төлеу мерзімі туралы, төлем енгізу жөніндегі міндеттің пайда болу күні туралы, берешек сомасы туралы мәліметтер болады."

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады