Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 210-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сенім білдірілген адам мен нарық субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | С. Жумангарин |
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 6 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
Сенім білдірілген адам мен нарық субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысаны
______________қ. № ____ 20___ж "___"________.
"_____________", бұдан әрі "Сенім білдірілген адам" деп аталатын ______________________, негізінде әрекет ететін____________________, бір тараптан және _____________, атынан ______________________, негізінде әрекет ететін_________________, бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатындар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-1 бабының негізінде Тапсырыс берушінің экономикалық, мінез-құлықтық, ұйымдастырушылық, құрылымдық және өзге де талаптар мен міндеттемелерді орындауына сараптамалық бағалау жүргізу жөніндегі осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді::
1. Шарттың нысанасы
1.1. Тапсырыс беруші Сенім білдірілген адамға Тапсырыс берушінің Кодекстің 210-1 бабының көзделген экономикалық, өзін-өзі ұстау, ұйымдастырушылық, құрылымдық және өзге де талаптар мен міндеттемелерді орындауына сараптамалық бағалау жүргізу бойынша қызметтер көрсетуді (бұдан әрі - Қызмет) тапсырады, ал Сенім білдірілген адам осы Шартта айтылған талаптарда қызметтер көрсетуге міндеттенеді.
1.2. Қызметтер көрсету мерзімдері, көлемдері, орны осы Шартта айқындалады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1 Сенім білдірілген адам:
2.1.1. Құпия ақпаратты және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, Сенім білдірілген адамның өз қызметтерін көрсетуі үшін қажетті электрондық және қағаз құжаттарға, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге), Тапсырыс берушінің электрондық және басқа да ақпарат жеткізгіштеріне қолжетімділік алуға;
2.1.2. Өзінің арнайы білімінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ өзіне ұсынылған материалдар мен мәліметтер сараптамалық баға ұсыну үшін жеткіліксіз болған жағдайда сараптамалық баға беруден бас тартуға;
2.1.3. Құзыретті органдар мен ұйымдардан Қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.
2.2. Сенім білдірілген адам:
2.2.1. Тапсырыс беруші белгілеген мерзімде, белгіленген тәртіппен және тиісті түрде қызметтердің барлық келісілген түрлерін орындауға;
2.2.2. Еңсерілмес күш туындаған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге жазбаша түрде туындаған жағдай туралы хабарлауға міндетті;
2.2.3. Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей монополияға қарсы органға тапсырыс берушінің монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімінде көзделген талаптар мен міндеттемелерді орындау барысы туралы аралық есеп жіберуге;
2.2.4. Қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде монополияға қарсы органға Тапсырыс берушінің монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімінде көзделген талаптар мен міндеттемелерді орындауы туралы сараптамалық бағаны жіберуге;
2.2.5. Монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беруге;
2.2.6. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпараттың құпиялылығын сақтауға;
2.2.7. Экономикалық шоғырлануға қатысушыларға қатысты тәуелсіз болуға;
2.2.8. Кодекстің 210-1-бабы 4-тармағының талаптарына қайшы келетін мән-жайлар болған жағдайда Тапсырыс берушіге Қызмет көрсетуден бас тартуға міндетті.
2.3. Тапсырыс беруші:
2.3.1. Сенім білдірілген адамның қызмет көрсету мерзімі мен барысын, сондай-ақ олардың сапасын бақылауға.
2.3.2. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен танысуға құқылы.
2.4. Тапсырыс беруші:
2.4.1. Сенім білдірілген адамға құпия ақпаратты және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, Сенім білдірілген адамның өз функцияларын іске асыруы үшін қажетті электрондық және қағаз құжаттарға, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге), Тапсырыс берушінің электрондық және басқа да ақпарат жеткізгіштеріне қол жеткізуге;
2.4.2. Осы Шарттың талаптарына сәйкес орындалған жұмыстардың актісі бойынша Сенім білдірілген адамға көрсетілген Қызметтерді төлеуге міндетті.
3. Қызметтердің құны және төлеу тәртібі
3.1. Осы Шарт бойынша қызметтердің құны _________________________________ теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС.
3.2. Тараптардың көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күні Қызмет көрсету аяқталған күн болып табылады.
3.3. Тапсырыс беруші шартқа сәйкес Сенім білдірілген адам көрсеткен Қызметтерге Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актілеріне қол қойған айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ақы төлейді.
3.4. Төлем Тапсырыс берушінің қаражатты осы Шартта көрсетілген Сенім білдірілген адамның банктік шотына аударуы арқылы жүзеге асырылады.
4. Қызмет көрсетуді растау тәртібі
4.1. Қызметтердің тиісінше көрсетілгенін растау мақсатында Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды.
5. Шарттың құжаттамасы және хабарламалар
5.1. Сенім білдірілген адам Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз кімге болса да қызметтік, коммерциялық, құпия ақпаратты және заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашпауға тиіс.
5.2. Сенім білдірілген адам Кодекстің 210-1-бабының талаптарын орындау мақсаттарынан және шарт талаптарынан басқа, Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да бір құжаттарды немесе ақпаратты пайдаланбауға тиіс.
5.3. Сенім білдірілген адам Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да бермеуге тиіс.
6. Хабарламалар
6.1. Хабарламалар (Тараптардың Шарт талаптарын орындауына қатысты барлық және кез келген хат-хабарлар) жазбаша түрде ресімделеді және егер олар жөнелтілсе, тиісті Тарапқа тиісті түрде тапсырылды деп есептеледі:
6.1.1. Онда алушы Тараптың парақтардың толық санында факсимильді хабарламаның келіп түскені туралы есепті алған күні мен уақытында немесе жіберуші Тарап тіркеген факсимильді хабарламаның жіберілген күні мен уақытында;
6.1.2. Онда пошта қызметінің хабарламасында көрсетілген хат-хабарды алушы Тарапқа тапсыру күні;
6.1.3. Қолма-қол хатпен, содан кейін хабарламаны алғаны туралы алушы Тараптың қолы немесе қолхаты күні.
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шарт бойынша қабылданған өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
8. Дауларды шешу тәртібі
8.1. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігіне қарай Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілетін болады. Тараптар реттейтін даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде шешілуге жатады.
8.2. Осы Шарттан туындайтын немесе оның бұзылуына, тоқтатылуына, жарамсыздығына қатысты барлық даулар, келіспеушіліктер, талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.
8.3. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, екінші Тарап шағым жасауға құқылы, оған контрагент оны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жауап беруге тиіс.
9. Шарттың қолданылу мерзімі
9.1. Осы Шарт екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" ________ дейін қолданылады.
9.2. Осы Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы Шарттың қолданылу орны болып табылады.
10. Шартты тоқтату негіздері
10.1. Осы Шарттың қолданылуы осы Шарттың 9.1-тармағында көзделген жағдайда тоқтатылады.
10.2. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
11. Шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі
11.1. Шарттың талаптарына өзгерістер енгізуге осы Шарт Тараптарының бұл туралы жазбаша келісімге қол қоюы арқылы ғана жол беріледі.
12. Қосымша шарттар
12.1. Тараптардың ешқайсысының осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
12.2. Шарт, олардың әрқайсысының бірдей заңды күші бар, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.
12.3. Осы Шарттың талаптарында көзделмеген қалған өзара қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасымен реттеледі.
13. Тараптардың деректемелері
Сенім білдірілген адам: |
Тапсырыс беруші: |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК - банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;