Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы мемлекеттік кіріс органдарына қорытынды беру қағидалары мен нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27485 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 434-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындыны мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындының нысаны.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ 381 бұйрығына
1-қосымша

Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы мемлекеттік кірістер органдарына қорытындыны ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы салық кезеңі ішінде шикізат шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы мемлекеттік кірістер органдарына қорытындыны ұсыну қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 434-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және салық кезеңі ішінде шикізат шикізат экспортынан түскен ішкі валюта нарығындағы валюталық түсімді айырбастау туралы мемлекеттік кірістер органдарына қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Қорытындыны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктермен мемлекеттік кірістер органдарынан сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына ұсыналады.

2-тарау. Қорытындыны беру тәртібі

      3. Мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту жағдайын ескере отырып, онда талап ету көрсетілген салық кезеңіне арналған қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін, Салық кодексінің 424-бабының 1-тармағында белгіленген соңғы күн өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қорытынды беру туралы:

      экспортердің тұрақты тұратын немесе орналасқан жері бойынша валюталық шартты есептік тіркеуді жүзеге асырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, экспортердің банктік шоттарына қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктерге;

      филиалдар мен өкілдіктер арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шоттарына қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктерге сұрау салуды жолдайды.

      4. Мемлекеттік кірістер органы Қорытындыны ұсыну туралы сұрау салуды жіберген кезде мыналарды:

      1) салық төлеушінің атауын;

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірін (ЖСН / БСН);

      3) нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күнін;

      4) тексерілетін салық кезеңін;

      5) келісімшарттың/валюталық шарттың нөмірі және оның берілген күнін (бар болса);

      6) есептік тіркеу нөмірі мен күнін көрсетеді.

      Бұл ретте келісімшарттың/валюталық шарттың есептік нөмірі және оны беру күні сұрау салуда экспорт бойынша келісімшарттардың/валюталық шарттардың есептік нөмірлері алынған келісімшарттарға/валюталық шарттарға қатысты көрсетіледі.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары немесе екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кірістер органының Қорытындыны ұсыну туралы сұрау салуы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына Қорытындыны осындай сұрау салуды электрондық түрде алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Қорытынды басшының немесе басшының жазбаша шешімімен Қорытындыны қол қоюға уәкілетті берілген тұлға электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер арасында ақпараттық жүйелердің мемлекеттік кірістер органдарымен интеграция болмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдардың сұрау салуды жібереді және Қорытынды қағаз жеткізгіште ұсынылады.

      Қорытындыны электрондық түрде ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, мұндай қорытынды қағаз жеткізгіште ұсынылады. Бұл ретте, ілеспе хат пен қорытындыға басшы не уәкілетті тұлға қол қояды және Қорытындыны электрондық түрде ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, мұндай Қорытынды қағаз жеткізгіште ұсынылады. Бұл ретте, ілеспе хат пен Қорытындаға басшының не басшының жазбаша шешімімен Қорытындыға қол қоюға уәкіліттік берілген тұлға қолы қойылады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының және екінші деңгейдегі банктің мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

      Екі және одан да көп парақта жасалған қағаз жеткізгіштегі Қорытындыға басшының немесе басшының жазбаша шешімімен Қорытындыға қол қоюға уәкіліттік берілген тұлға Қорытындының бірінші парағына қол қояды, бұл ретте Қорытындының бірінші және әрбір келесі парағына орындаушы қолы қояды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі аумақтық филиалының және екінші деңгейдегі банктің мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ 381 бұйрығына
2-қосымша

      нысан

Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы қорытынды "____" _______ 20___ жылдан бастап "____" ________ 20___ жылға дейін

Салық төлеушінің атауы

Валюталық шоттың

Валюта коды

Салық кезеңінің басындағы валюта қалдығы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

Салық төлеушінің атауы

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.











Жиыны






      кестенің жалғасы

Салық кезеңінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер

келісімшарттың/валюталық шарттың есептік нөмірі

келісімшарттың/валюталық шартты жасасу күні

шетел валютасындағы келісімшарт/валюталық шарт бойынша сома

жөнелтушінің атауы (деректемелері)

шетел валютасы түсімін түскен күні

шетел валютасында түскен валюталық түсімнің сомасы

валюталық түсімнің түскен сәтіндегі шетелдік валютаға қатынасы бойынша теңгенің бағамы

түскен шетел валютасының түсімінің теңгедегі сомасы
(12-баған х 13-бағанға)

келісімшарт/валюталық шарт бойынша шетел валютасында орындалмаған міндеттеменің қалдығы

7

8

9

10

11

12

13

14

15














































      кестенің жалғасы

Валюта сатып алу (теңгені өз қаражаты есебінен шетел валютасына айырбастау)

Валюталық түсімді айырбастау

шетел валютасын сатып алу күні

шетел валютасын шетел валютасымен сатып алу сомасы

валюталық түсімді сатып алған сәтіндегі шетелдік валютаға қатынасы бойынша теңгенің бағамы

шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді теңгеге айырбастау күні

шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау сомасы

валюталық түсімді айырбастау сәтіндегі шетелдік валютаға қатынасы бойынша теңгенің бағамы

шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді теңгеге айырбастау сомасы (20-баған х 21-бағанға)

шикізат экспортынан түскен шетел валюта түсімін теңгемен айырбастаудың үлес салмағы (%)

16

17

18

19

20

21

22

23









































      кестенің жалғасы

Салық кезеңінің салық кезеңінің соңындағы шетел валютасындағы валюта қалдығы (6-баған + 12-баған + 17-баған – 20-баған)

Келісімшартты/валюталық шартты жабу

Мәміле / валюталық шарт паспортының нөмірі

Мәміле / валюталық шарт паспортының жабылған күні (келісімшарттың жабылған күні)

24

25

26
















      Ескертпе: шетел валютасын теңгеге қатысты түскен, сатып алған не айырбастаған кездегі бағамы өзгерген кезде ақпарат мынадай жолмен жазылады.

  "Салық кезеңі ішінде шикізат
экспортынан түскен Қазақстан
Республикасының ішкі валюта
нарығындағы валюталық түсімді
айырбастау туралы қорытынды"
нысанына
қосымша

"Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы қорытынды" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы қорытынды" нысаны мынадай үлгіде толтырылады:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) көрсетіледі;

      3-бағанда – салық төлеушінің атауы көрсетіледі;

      4-бағанда – валюталық шоттың нөмірі көрсетіледі;

      5-бағанда – ISO 4217 халықаралық стандартқа сәйкес валютаның сандық белгіленуі көрсетіледі;

      6-бағанда – салық кезеңінің басындағы валюта қалдығы көрсетіледі;

      7-бағанда – келісімшарттың/валюталық шарттың есептік нөмірі/мәміле паспортының нөмірі көрсетіледі (шикізат экспорты бойынша келісімшарттардың/валюталық шарттардың есептік нөмірлері алынған немесе мәмілелер паспорттары ресімделген келісімшарттарға/валюталық шарттарға қатысты толтырылады);

      8-бағанда – келісімшарттың/валюталық шарттың/мәміле паспортының жасалған күні көрсетіледі (шикізат экспорты бойынша келісімшарттардың/валюталық шарттардың есептік нөмірлері алынған немесе мәмілелер паспорттары ресімделген келісімшарттарға/валюталық шарттарға қатысты толтырылады);

      9-бағанда – келісімшарт/валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы сома көрсетіледі;

      10-бағанда – валюталық түсімді жөнелтушінің атауы (экспортталған шикізатты сатып алушының деректемелері) көрсетіледі;

      11-бағанда – шетел валютасының түсімін банк клиентінің шотына есептеу күні көрсетіледі;

      12-бағанда – шетел валютасында түскен валюталық түсімнің сомасы көрсетіледі;

      13-бағанда – валюталық түсімді банк клиентінің шотына есепке алу сәтіндегі* шетел валютасына қатысты теңге бағамы көрсетіледі;

      14-бағанда – 13-бағанда көрсетілген бағам бойынша теңгедегі баламасы бойынша түскен шетел валютасы түсімінің сомасы көрсетіледі;

      15-бағанда – валюталық шарт бойынша шетел валютасында орындалмаған міндеттеменің қалдығы көрсетіледі;

      16-бағанда – шетел валютасын сатып алу күні көрсетіледі;

      17-бағанда – шетел валютасын шетел валютасында сатып алу сомасы көрсетіледі;

      18-бағанда – шетел валютасын сатып алу сәтіндегі шетел валютасына қатысты теңге бағамы, яғни шетел валютасын теңгеге және кері есептеу, өткізу және айырбастау бойынша банк операциясының жасалған күні мен уақыты көрсетіледі;

      19-бағанда – шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді теңгемен айырбастау күні көрсетіледі;

      20-бағанда – шикізат экспортынан түскен түскен валюталық түсімнен айырбастау сомасы көрсетіледі;

      21-бағанда – шетел валютасын теңгеге айырбастау сәтіндегі* шетел валютасына қатысты теңгенің бағамы, яғни шетел валютасын теңгеге және кері есептеу, өткізу және айырбастау бойынша банк операциясының жасалған күні мен уақыты көрсетіледі;

      22-бағанда – шикізат экспортынан түскен, түскен валюталық түсімнен теңгеге айырбастау сомасы көрсетіледі;

      23-бағанда – шикізат экспортынан теңгемен түскен шетел валютасынан түскен түсімді айырбастаудың үлес салмағы көрсетіледі;

      24-бағанда – салық кезеңінің соңына шетел валютасындағы валюта қалдығы көрсетіледі;

      25-бағанда – жабылатын келісімшарттың/мәміле/валюталық шарт паспортының нөмірі көрсетіледі;

      26-бағанда – келісімшарттың/мәміле/валюталық шарт паспортының жабылған күні (жабылған күні) көрсетіледі.

      Ескертпе:

      * - банк клиентінің шотына есептеу және валютаны айырбастау күні мен уақытына валютаның теңгеге шаққандағы бағамын білдіреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады