ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 15.06.2022 (бұйрықтың 4 т.)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 15 маусымға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110 бұйрығына 1-қосымша |
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) астық нарығы жөніндегі оператор (бұдан әрі – оператор) – астық нарығындағы тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – өтініш беруші) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
3) тауар – осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар.
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері.
2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квоталар көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес фитосанитариялық сертификаттарды беру кезінде автоматты түрде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған "e-аgrіculture" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін ББАЖ АЖ-да тауарлардың түрлері бойынша квота көлемінің сандық лимиті қалыптастырылады.
5. Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге астық қабылдау кәсіпорындарына астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде астық қолхатын сатуға/сатып алуға арналған бұйрыққа қол қою арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге мәлімделген бидай көлемінің 10 (он) пайызын тіркелген баға бойынша операторға өткізген өтініш берушілер жіберіледі.
6. Оператор күн сайын уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге экспортқа мәлімделген жұмсақ бидай көлемінің (Triticum aestivum L. 3-сыныпты) 10 (он) пайызын тіркелген баға бойынша өткізген өтініш берушілердің тізбесін жібереді.
7. Жұмсақ бидай тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары (Triticum aestivum L. 3 сынып) www.gov.kz Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады (бұдан әрі-интернет-ресурс).
8. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін өтініш берушілер арасында бөлу тауардың әрбір түрі бойынша квота көлемі толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады, содан кейін уәкілетті орган фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартады.
9. Квотаның қолданылу кезеңінде жұмсақ бидайды әкетуге рұқсат етілген лимит бір өтініш берушіге 50 (елу) мың тоннаны, ұн – 10 (он) мың тоннаны құрайды.
10. Уәкілетті орган күн сайын интернет-ресурста мынадай ақпаратты орналастырады:
1) тауардың әрбір түрі бойынша берілген квота көлемінің саны;
2) тауардың әрбір түрі бойынша бөлуге жататын квотаның қолжетімді көлемі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды | Тауардың атауы* | Квота мөлшері, тонна | Қолданылу мерзімі |
1001 | Бидай және меслин | 1 000 000 | 2022 жылғы 15 маусымға дейін |
1101 00 | Бидай ұны немесе қара бидай ұны | 300 000 |