Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабының 2-тармағының 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 113/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) жобаның инновациялылығын не оның болмауын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1 бабының 2-тармағының 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) инновация - әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімді болған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) немесе алдыңғы өнімдерге немесе процестерге қарағанда бәсекеге қабілеттілікті және салыстырмалы артықшылықты қамтамасыз ететін пайдалануға берілген процесс түріндегі инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген нәтижесі;
2) инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) - белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын, инновациялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын және жаңа немесе жетілдірілген өнімді немесе процесті жасауға және (немесе) енгізуге және оны тұтынушыға жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;
3) инновациялық қызмет - инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, инфокоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);
4) инновациялылық - жаңа немесе едәуір жақсартылған өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді), технологияларды немесе процестерді оларды одан әрі енгізуді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып жасау жолымен қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталу.
2-тарау. Инновациялық жобалардың өлшемшарттарын айқындау
3. Жобада инновациялылықтың болуы келесі өлшемшарттар бойынша айқындалады:
1) жобаны іске асыру қорытындылары бойынша әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімді болған жаңа немесе жетілдірілген өнімді (тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті) немесе пайдалануға берілген және тұтынушыға жеткізілген процесті енгізу;
2) кәсіпорынның алдыңғы өнімдеріне немесе процестеріне қарағанда салыстырмалы технологиялық және/немесе қаржы-экономикалық артықшылықтың болуына жобаны іске асыру қорытындылары бойынша нарықта жаңа немесе жетілдірілген өнімнің немесе процестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
3) жоба шеңберінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау, қорытынды нәтижесі жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен процестерді жасау болып табылатын ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу;
4) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнім және зияткерлік меншік объектілері түрінде жобаны орындау нәтижелерін сәйкестендірудің болуы;
5) кәсіпорын деңгейінде сатып алынатын жабдықтың, технологиялық процестің немесе технологияның жаңашылдығының болуы.
4. Жобалардың осы Әдістеменің 3-тармағында белгіленген инновациялылық өлшемшарттарының біріне сәйкестігін айқындау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 241-7-бабына сәйкес инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде жүргізу көзделген сараптама шеңберінде жүзеге асырылады.