"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 126 және "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 325 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27647 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19801 болып тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 325 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21875 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады