"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 сәуірде № 27701 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19169 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында (3-шығарылым):

      360-параграфта:

      781-тармақ мынадай мазмұнда берілсін:

      "Білуге тиіс:

      "қызмет көрсетілетін экскаватор-тиегіштің құрылысы мен техникалық сипаттамасы;

      механикалық, гидравликалық және электр жабдықтарыдың жұмыс істеу принциптері;

      ашық тау-кен жұмыстары туралы негізгі мәліметтер;

      өлшеу құралдары мен автоматты құрылғылардың мақсаты мен жұмыс істеу принциптері;

      көлікпен құбыр төсеу жұмысы өндірісінің тәртіптері;

      қазу тереңдігі әртүрлі орындардағы топырақтың әртүрлі санаттарын қазу тәсілдері;

      белгіленген профильдер мен межелерді сақтай отырып топырақты қазу жұмыстары тәртіптері;

      тез ескіріп істен шығатын бөлшектер мен тораптар түрлерін, оларды ауыстыру тәртібі;

      істен шығу себептері мен оларды жою амалдары;

      экскаватор-тиегіш пен аккумуляторлық батарея құрылысы;

      көліктің барлық түрлерімен жүк тиеу және түсіру тәсілдері;

      жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және орналастыру тәртіптері;

      жол қозғалысы ережесін, өндіріс аумағында және бекет маңындағы жерлерде қозғалу тәртіптері;

      пайдаланатын жанар-жағармай материалдарының сұрыптары;

      аккумулятор өндірісінің негізгі материалдарының атаулары;

      қышқыл және сілтілермен жұмыс істеу тәртіптері.

      Ескертпе:

      2 кәсіп бойынша (экскаватор машинисі және жүк тиегіш көлік жүргізушісі) біліктілігі болуы қажет;

      біліктілік разряды жұмыстың үлес салмағын ескере отырып, негізгі атқаратын жұмысы бойынша беріледі;

      шөміш сыйымдылығы 0,15 текше метрге дейінгі бір шөмішті экскаваторды басқарған кезде және қуаттылығы 73,5 киловатқа (100 ат күшіне) дейін трактор тиегішпен жұмыс істеген кезде – 4-разряд;

      шөміш сыйымдылығы 0,15-тен жоғары және 0,4 текше метрге дейінгі бір шөмішті экскаваторды және өнімділігі бір сағаттың ішіндегі 1000 текше метрге дейінгі болатын роторлық экскаваторды (арық қазғыш пен траншеялық) басқарған кезде және қуаттылығы 73,5 киловаттан (100 ат күшінен) жоғары трактор тиегішпен жұмыс істеген кезде, қуаттылығы 147 киловатқа (200 ат күшіне) дейінгі тиегішті бульдозер, скрепер, экскаватор және өзге машина ретінде пайдалана отырып жұмыс істеген кезде – 5-разряд;

      шөміш сыйымдылығы 0,4-тен жоғары 1,25 текше метрге (тек қана) дейінгі бір шөмішті экскаваторды және өнімділігі бір сағаттың ішіндегі 2500 текше метрге (тек қана) дейінгі болатын роторлық экскаваторды басқарған кезде және қуаттылығы 147 киловаттан (200 ат күшінен) жоғары 200 киловатқа (250 ат күшіне) дейінгі тиегішті бульдозер, скрепер, экскаватор және басқа машина ретінде пайдалана отырып жұмыс істеген кезде – 6-разряд;

      шөміш сыйымдылығы 1,25-тен 4 текше метрге (тек қана) дейінгі бір шөмішті экскаваторды, өнімділігі бір сағаттың ішіндегі 2500-ден 4500 текше метрге (тек қана) дейінгі болатын роторлық экскаваторды басқарған кезде және тереңдігі 20-дан 40 метрге (тек қана) дейін болатын "топырақтағы қабырға" тәсілімен салынған құрылыста траншея қазу үшін автомобиль шассиіне орнатылған жоспарлағышты ("УДС-110", "УДС-117" типті) басқарған кезде және күрделі электрондық басқару жүйесімен, телескопиялық немесе алдыңғы стреласымен жабдықталған және ірі тонналық контейнерлерді тиеу мен түсіруге арналған қуаттылығы 200 киловаттан (250 ат күшінен) жоғары жүк тиегішпен жұмыс істеген кезде – 7-разряд;

      шөміш сыйымдылығы 4-тен 9 текше метрге (тек қана) дейінгі бір шөмішті экскаваторды, өнімділігі бір сағаттың ішіндегі 4500 текше метр және одан да артық болатын роторлық экскаваторды басқарған кезде және тереңдігі 40 метрден артық болатын "топырақтағы қабырға" тәсілімен салынған құрылыста траншея қазу үшін автомобиль шассиіне орнатылған жоспарлағышты ("УДС-110", "УДС-114" типті) басқарған кезде – 8-разряд.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады