"Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 мамырда № 27897 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18174 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі тәсілдерді ашып көрсетеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Стратегияны іске асыру Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталатын болады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Стратегия жобасы бойынша "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.".

      2. Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады