ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. ""Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасымен және жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасымен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23462 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |