"Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 11-1-4/199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 мамырда № 27966 болып тіркелді

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидалары";

      1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Шетелдік іссапарлар" республикалық бюджеттік бағдарламасы және "Сыртқы саяси әрекеттерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарды шетелге іссапарға жіберу үшін көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) ағымдағы "Шетелдік іссапарлар" бюджеттік бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" ("Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша) мен "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162 ерекшелігінің әкімшісі ретінде қаражатты мынадай адамдарды шетелге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды (бұдан әрі – іссапар шығыстары) төлеуге пайдалану туралы шешімдер қабылдайды:

      республикалық бюджет есебінен ұсталатын лауазымды адамдар (бұдан әрі – лауазымды адамдар);

      Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайы;

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жұбайы;

      Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасының делегациялары;

      Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) Қазақстан Республикасынан мүшесі;

      Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны демаркациялау және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы үкіметтік делегация мүшелері (бұдан әрі – Мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегация).

      3. Сыртқы істер министрлігі республикалық бюджетте кезекті қаржы жылына "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" ("Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша), "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдаланады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегацияның іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу Мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша үкіметтік делегациялардың басшылары немесе олардың орынбасарлары бекіткен Жоспар-кестеге, сондай-ақ, дипломатиялық арналар арқылы контрәріптестермен жасалған уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Іссапарға жіберілген адамдарға Сыртқы істер министрлігінің шешіміне сәйкес мынадай іссапар шығыстарына:

      1) іссапар мерзіміне арналған тәуліктік;

      2) межелі орынға жету және кері қайту жөніндегі жол шығыстарына (такси қызметі төленбейді);

      3) тұрғын үй-жайды жалға алу жөніндегі, оның ішінде межелі пунктке кірер алдындағы пункттердегі шығыстарға;:

      Тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар осы Қағиданың 24-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынған кезде өтеледі және қаулымен бекітілген нормадан аспауы тиіс:

      егер іссапарға жіберілген адамның тұрғын үй-жайды жалдауы межелі пунктке кірер алдындағы келу пунктінде күндізгі уақытта 8 (сегіз) сағаттан артық және түнгі уақытта 6 (алты) сағаттан артық күткен кезде жүзеге асырылса;

      егер іссапарға жіберілген адамның келуі немесе кетуі қызметтік қажеттілік бойынша белгіленген есептік сағатқа дейін не есептік сағаттан кейін жүзеге асырылса;

      4) Сыртқы істер министрлігінің Аппараты басшысымен жазбаша келісілгеннен кейін билетті қайтару/айырбастау айыппұлына (іссапар кейінге қалдырылған немесе ауыстырылған, ауырған кезде, басқа да форс-мажорлық жағдайларда);

      5) валюта айырбастауға арналған комиссиялық алымдарға, валюта айырбастаудан болған бағамдық айырмашылыққа;

      6) түбіртекке немесе чекке сәйкес виза ресімдеуге арналған консулдық алымдарға;

      7) Нұр-Сұлтан қаласында шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе виза ресімдеуге уәкілетті консулдық мекемесі болмаған жағдайда түбіртекке немесе чекке сәйкес виза ресімдеуге арналған сервистік алымдарға;

      8) түбіртекке немесе чекке сәйкес виза ресімдеуді жеделдетуге арналған алымдарға – Сыртқы істер министрлігінің Аппараты басшысымен жазбаша келісілгеннен кейін;

      9) іссапарға жіберілерде және іссапардан Қазақстан Республикасына оралатын кезде, оның ішінде шет мемлекеттердің транзиттік аймақтарын кесіп өту кезінде, түбіртекке немесе чекке, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға полимеразды тізбекті реакция тестілеуінен (бұдан әрі – ПТР-тестілеу) өткені туралы анықтамаға сәйкес, ПТР-тестілеуден өту шығыстарын төлеуге қаражат бөлінеді.

      Іссапар шығындары қаулымен бекітілген нормаларға сәйкес өтеледі. Қонақүйде тұру шығыстары нақты шығындар бойынша төленетін адамдар белгіленген нормаларды асырып жіберген жағдайда, өтеу растайтын құжаттары ұсынылған кезде жүргізіледі.

      Мақсаты Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу болып табылатын жағдайда іссапар мерзімі 41 күннен 180 күнтізбелік күнге дейін болса, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары қонақүйдің стандарт(тәулігіне бір адамға) сыныптамасы бойынша бір орындық нөмірдің құнына 0,5 коэффициенті есепке алына отырып қолданылады.";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Уәкілетті адамдарды
Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерлерге
іссапарға жіберу мақсатында
республикалық бюджетте
"Шетелдік іссапарлар"
бағдарламасы және "Сыртқы
саяси қызметтерді үйлестіру
жөніндегі қызметтер",
"Шетелдегі дипломатиялық
өкілдіктердің арнайы,
инженерлік-техникалық және
нақты қорғалуын қамтамасыз
ету" бағдарламаларының 162
ерекшелігі бойынша көзделген
қаражатты пайдалану
қағидаларына қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппараты басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр иностранных дел
      Республики Казахстан М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады