"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына және 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2022 жылғы 14 мамырдағы № 172 бұйрыққа 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары
№ | Өңір | Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен |
1. | Нұр-Сұлтан қаласы | 25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт) |
2. | Алматы қаласы | 22 413 (жиырма екі мың төрт жүз он үш) |
3. | Шымкент қаласы | 23 390 (жиырма үш мың үш жүз тоқсан) |
4. | Ақмола облысы | 25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт) |
5. | Ақтөбе облысы | 7 372 (жеті мың үш жүз жетпіс екі) |
6. | Алматы облысы | 22 413 (жиырма екі мың төрт жүз он үш) |
7. | Атырау облысы | 8 385 (сегіз мың үш жүз сексен бес) |
8. | Батыс Қазақстан облысы | 12 728 (он екі мың жеті жүз жиырма сегіз) |
9. | Жамбыл облысы | 21 686 (жиырма бір мың алты жүз сексен алты) |
10. | Қарағанды облысы | 25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт) |
11. | Қостанай облысы | 19 988 (он тоғыз мың тоғыз жүз сексен сегіз) |
12. | Қызылорда облысы | 9 194 (тоғыз мың бір жүз тоқсан төрт) |
13. | Маңғыстау облысы | 16 167 (он алты мың бір жүз алпыс жеті) |
14. | Түркістан облысы | 23 390 (жиырма үш мың үш жүз тоқсан) |
15. | Шығыс Қазақстан облысы | 7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш) |
16. | Жетісу облысы | 22 413 (жиырма екі мың төрт жүз он үш) |
17. | Ұлытау облысы | 25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт) |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2022 жылғы 14 мамырдағы № 172 Бұйрыққа 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары
№ | Өңір | Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен |
1. | Нұр-Сұлтан қаласы | 29 499 (жиырма тоғыз мың төрт жүз тоқсан тоғыз) |
2. | Алматы қаласы | 37 470 (отыз жеті мың төрт жүз жетпіс) |
3. | Шымкент қаласы | 34 574 (отыз төрт мың бес жүз жетпіс төрт) |
4. | Ақмола облысы | 29 499 (жиырма тоғыз мың төрт жүз тоқсан тоғыз) |
5. | Ақтөбе облысы | 13 700 (он үш мың жеті жүз) |
6. | Алматы облысы | 37 470 (отыз жеті мың төрт жүз жетпіс) |
7. | Атырау облысы | 10 148 (он мың бір жүз қырық сегіз) |
8. | Батыс Қазақстан облысы | 14 959 (он төрт мың тоғыз жүз елу тоғыз) |
9. | Жамбыл облысы | 34 861 (отыз төрт мың сегіз жүз алпыс бір) |
10. | Қарағанды облысы | 29 499 (жиырма тоғыз мың төрт жүз тоқсан тоғыз) |
11. | Қостанай облысы | 33 114 (отыз үш мың бір жүз он төрт) |
12. | Қызылорда облысы | 19 105 (он тоғыз мың бір жүз бес) |
13. | Маңғыстау облысы | 18 579 (он сегіз мың бес жүз жетпіс тоғыз) |
14. | Түркістан облысы | 34 574 (отыз төрт мың бес жүз жетпіс төрт) |
15. | Шығыс Қазақстан облысы | 7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш) |
16. | Жетісу облысы | 37 470 (отыз жеті мың төрт жүз жетпіс) |
17. | Ұлытау облысы | 29 499 (жиырма тоғыз мың төрт жүз тоқсан тоғыз) |