Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 мамырда № 28059 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.09.2023 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14056 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-қосымшада:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке бас деректерін енгізе отырып жүгінгендер, жұмыспен қамту тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары және олардың орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау туралы мәліметтерді жинауға арналған.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының және Орталықтардың қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;".

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Бірыңғай байланыс-орталығына акпарат беруді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады