Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қыркүйекте № 33380 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2024 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жұмыспен қамтудың жеке картасы" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2024 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2023 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 365 бұйрығына
қосымша

"Жұмыспен қамтудың жеке картасы" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2024 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: аудан, қала, республикалық маңызы бар қалалар, астана мансап орталықтарына

      Әкімшілік деректер нысаны интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.kz

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Жұмыспен қамтудың жеке картасының нысаны.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЖҚК-1.

      Жиілік: бір реттік.

      Есепті кезең: қажет емес.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: жұмыс іздеушілер.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: мансап орталығына жұмыс іздеушілер

      жүгінген кезде.

      ____________________________________________________________________

      (аудан, қала, республикалық маңызы бар қалалар, астана)

      ____________________________________________Мансап орталығы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жұмыспен қамтудың жеке картасын толтыратын Мансап орталығы қызметкерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтырылған күні 20__жылғы "__"______________

      Жұмыспен қамтудың жеке картасы

      1. Тегі________________________________ аты ____________________________

      әкесінің аты (бар болcа) ________________________________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      3. Жынысы _________________________________________________________

      4. Туған күні __________________________________________________________

      5. Азаматтығы ________________________________________________________

      6. Ұлты ______________________________________________________________

      7. Тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________________________

      8. Телефон ___________________________________________________________

      9. Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      10. Білімі:

      1) білімі

       Білім беру ұйымының атауы ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

       Білім деңгейі бойынша оқу мекемесінің түрі (жоғары оқу орны, колледж, жалпы білім

      беретін мектеп) __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Оқу мерзімі __________________________________________________________

      Алған мамандығы (біліктілігі) __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2) қосымша білімі (қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстары)

      Білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің атауы ______________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Оқу мерзімі __________________________________________________________

      Алған мамандығы (біліктілігі)___________________________________________

      ______________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      11. Соңғы жұмыс (қызмет) орны

      Жұмыс берушінің атауы ________________________________________________

      Жұмысқа қабылданған күні _____________________________________________

      Жұмыстан босатылған күні _____________________________________________

      Лауазымы ____________________________________________________________

      12. Жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелгені туралы мәліметтер

      Жүгінген күні _________________________________________________________

      Тіркеу немесе бас тарту күні ____________________________________________

      Бас тарту себебі _______________________________________________________

      Есептен шығарылған күні _______________________________________________

      Есептен шығару себебі _________________________________________________

      13. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау қорытындылары:

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізетін органның атауы

      _____________________________________________________________________

      Өткізу күні___________________________________________________________

      Нәтижесі _____________________________________________________________

      14. Тиісті жұмыстың берілген бағыттары:

      Жұмыс берушінің атауы ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________________

      Жұмыс бағытын беру күні ______________________________________________

      Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не бас тарту себебін көрсету

      _____________________________________________________________________

      15. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер:

      Жүгінген күні _________________________________________________________

      Тіркеу немесе бас тарту күні ____________________________________________

      Бас тарту себебі _______________________________________________________

      Есептен шығарылған күні _______________________________________________

      Есептен шығару себебі _________________________________________________

      16. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға берілген

      жолдамалар туралы мәліметтер:

      1) кәсіптік оқыту:

      Жұмыс берушінің және (немесе) оқу орнының атауы ________________________

      _____________________________________________________________________

      Оқу орнының және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайы, телефоны _________

      _____________________________________________________________________

      Оқу мерзімі ___________________________________________________________

      Жіберілген күні _______________________________________________________

      Алған мамандығы, біліктілігі ____________________________________________

      Жұмыс берушіні, лауазымды көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа

      орналасқан күні _______________________________________________________

      2) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу

      Микрокредиттер: ______________________________________________________

      Микрокредит алу күні __________________________________________________

      Кредит сомасы ________________________________________________________

      Жеңілдік кезеңінің мерзімі ______________________________________________

      Қайтару мерзімі _______________________________________________________

      Қызмет түрі __________________________________________________________

      Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту:

      Оқудың басталу күні___________________________________________________

      Оқуды аяқтау күні _____________________________________________________

      Гранттар:

      Өтініш берілген күні___________________________________________________

      Грант алған күні_______________________________________________________

      Қызмет түрі __________________________________________________________

      3) субсидияланатын жұмыс орындары:

      Бұрын көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді

      (хронологиялық реттілікпен толтырылады)

      Субсидияланатын жұмыс орнының түрі___________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жолдама күні _________________________________________________________

      Қатысу мерзімі ________________________________________________________

      Жұмыс берушінің атауы________________________________________________

      Лауазымы____________________________________________________________

      Жұмыс берушінің (оқу орнының) жұмысқа қабылдау (оқыту) туралы актісі немесе

      жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсету_____________________

      _____________________________________________________________________

      Жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа

      орналасу күні ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесуге

      жолдау

      Еңбекке жарамды отбасы мүшелері _____________________________________

      Еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері (себебі) _______________________________

      Келу орны ____________________________________________________________

      Көрсетілген материалдық көмек:

      Шығыстарды өтеу (сома) _______________________________________________

      Тұрғын үйді жалдауға (жалға алуға) арналған шығыстарды өтеу (сомасы)

      _____________________________________________________________________

      Берілген экономикалық ұтқырлық сертификаты (сомасы) ___________________

      Тұрғын үй (тұрғын үй жолы тұрғын үй түрін (жеке тұрғын үй) көрсете отырып

      толтырылады, отбасы мүшелеріне шаршы метрді көрсете отырып, көппәтерлі тұрғын

      үй, жатақханадағы бөлме) ________________________________________

      17. Арнайы жұмыс орындары:

      Жұмыс берушінің атауы ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жолдаманың берілген күні _____________________________________________

      қатысу мерзімі ________________________________________________________

      Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________________

      Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі _________________________

      18. Жұмыссыздардың мансап орталығына баруын толтыру нысаны

Р/с№

Жоспарлы қатысу күні

Іс жүзінде қатысқан күні

Мансап орталығы қызметкерінің ескертпесі













      19. Жұмыссыздың күтетіні

      1) Сіз қандай жалақы алғыңыз келеді?

      Сіз алғыңыз келетін жалақы сомасы: ___________ теңге;

      Мансапты бастау үшін жеткілікті және тиімді жалақы сомасы: __________ теңге;

      Сіз қандай жалақы немесе төмен жалақы сомасы үшін жұмыс істемейсіз: ______ теңге.

      2) Сіздің болашақ жұмысыңыздың орналасқан жері (облыс, қала, аудан, ауыл):

      Сіздің болжамды жұмысыңыздың орны (облыс, қала, аудан, ауыл)? ___________

      3) Сіз өз карьераңызды жасайын деп жүрген қызмет саласындағы ықтимал лауазымдар.

      Тиімді лауазым _______________________________________________________

      Қолайлылығы төмен ___________________________________________________

      4) Сіз жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсауды ойлап отырсыз?

      1 – лайықты нұсқа _____________________________________________________

      2 – қолайлы нұсқа _____________________________________________________

      5 – ықтимал нұсқалардан ең жаманы _____________________________________

      20. Жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары

Р/с

Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар

Іс жүзінде орындау

Іс-шаралардың орындалмау себептері













  "Жұмыспен қамтудың
жеке картасы"
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Жұмыспен қамтудың жеке картасы әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      Нысанның 1-бағанында тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық) көрсетіледі.

      Нысанның 2-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.

      Нысанның 3-бағанында жынысы көрсетіледі.

      Нысанның 4-бағанында күні, айы, жылы көрсетілген туған күні көрсетіледі.

      Нысанның 5-бағанында азаматтық көрсетіледі.

      Нысанның 6-бағанында ұлты көрсетіледі.

      Нысанның 7-бағанында облыстың, ауданның, елді мекеннің, көшенің атауын, үй нөмірін, пәтер нөмірін көрсете отырып, тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі.

      Нысанның 8-бағанында байланыс телефон нөмірі көрсетіледі.

      Нысанның 9-бағанында электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.

      Нысанның 10-бағанында алған мамандығын көрсете отырып, білімі көрсетіледі.

      Нысанның 11-бағанында жұмыс берушінің атауын, жұмысқа қабылданған күнін, жұмыстан босатылған күнін, жұмыс істеген лауазымының атауын көрсете отырып, соңғы жұмыс (қызмет) орны көрсетіледі.

      Нысанның 12-бағанында өтініш берген күні, тіркелген күні, тіркеуден бас тарту себебі, есептен шығарылған күні және есептен шығару себебі көрсетілген жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Нысанның 13-бағанында әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткені туралы мәліметтер және оның қорытындылары көрсетіледі.

      Нысанның 14-бағанында ЖҚЖК-да тиісті жұмысқа берілген бағыттар туралы ақпарат: жұмыс берушінің атауы, лауазымы (кәсібі), жұмысқа жолдама берілген күні, жұмыс берушінің қабылдау немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тарту күні көрсетіледі, бұл ретте өтініш берушінің бас тартуы да ескеріледі. Ақпарат хронологиялық тәртіппен енгізіледі.

      Жұмысқа қабылдау кезінде – бұйрықтың күні, нөмірі, лауазымы (кәсібі) көрсетіледі;

      Нысанның 15-бағанында өтініш берілген күнін, тіркелген күнін, тіркеуден бас тарту себебін, есептен шығарылған күнін және есептен шығару себебін көрсете отырып, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Нысанның 16-бағанында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына берілген жолдамалар туралы мәліметтер:

      кәсіптік оқыту;

      кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу;

      субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама;

      жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу.

      Орталық қызметкері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көрсетілген шаралары туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен ЖҚЖК-ға енгізеді. Бұл ретте Орталық қызметкері:

      жұмыс берушінің және (немесе) білім беру ұйымының атауын, оқу ұйымының және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайын, телефонын, оқу түрі мен мерзімін, алған мамандығын, біліктілігін, жіберген күнін және жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып, адамдардың кәсіптік оқуға қатысуы туралы мәліметтерді;

      алған күні, берілген микрокредит сомасы, жеңілдікті кезең мерзімі, қайтару мерзімі және қызмет түрі, оқудың басталу және аяқталу күні, грант алуға өтініш берген күні, грант алған күні және қызмет түрі көрсетіле отырып, кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өту көрсетілген кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысу туралы мәліметтерді;

      субсидияланатын жұмыс орнының түрін, жіберілген күнін, жұмыс берушінің атауын, атқаратын лауазымын (кәсібін), қатысу мерзімін, жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі туралы мәліметтерді, жұмыс беруші мен лауазымын көрсете отырып, жұмыссыздарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру туралы мәліметтерді көрсетеді. Қоғамдық жұмыстарға жіберілгеннен кейін жұмыссыздың мәртебесі сақталады;

      отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін, отбасының еңбекке қабылетсіз мүшелерін (себептерін), келген жерін, көрсетілген материалдық көмекті, тұрғын үй беруді, жұмысқа орналасу күнін, жұмыс берушінің атауын, лауазымын көрсете отырып, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға қатысу туралы мәліметтерді көрсетеді.

      Нысанның 17-бағанында арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар туралы мәліметтер көрсетіледі, жұмыс берушінің атауын, жолдаманы беру күнін, қатысу мерзімін, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, ЖҚЖК-ға енгізіледі.

      Нысанның 18-бағанында жұмыссыздардың Орталыққа баруы туралы ақпарат көрсетіледі. Нысанда жоспарлы бару күні, нақты барған күні, Орталық қызметкерінің ескертпесі көрсетіледі.

      Нысанның 19-бағанында күтілетін табыс сомасын, мансапты бастау үшін қолайлы және оңтайлы табыс сомасын, жол берілмейтін табыс сомасын, болашақ жұмыс орнын, ықтимал лауазымдарды, жұмыс іздеуге кететін уақытты көрсете отырып, жұмыссыздардың болжамы көрсетіледі.

      Нысанның 20-бағанында жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды, нақты орындалуын, орындалмау себептерін көрсете отырып, жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 365 бұйрығына
2-қосымша/

Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке деректерді, жұмыспен қамту тарихын, жұмыспен қамтамасыз етудің ұсынылатын және іске асырылатын шараларын, олардың орындалуына мониторинг пен бақылауды енгізумен жүгінгендер туралы мәліметтерді жинауға арналады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2024 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда және кәсіптік білімді, дағдыларды, жеке басының мүдделерін және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;

      2) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      3) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      4) жұмыспен қамтудың жеке картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) – жеке деректері, жұмыспен қамтудың тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      5) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;

      6) жұмыс іздеуші адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін мансап орталығына жүгінген жеке тұлға;

      7) кәсіптік оқыту – Қазақстан Республикасының Әлекметтік кодексте көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтарды (кәсіптерді), дағдыларды меңгеру және біліктілікті арттыру мақсатында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды қамтитын оқыту;

      8) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлікпен жетудің қолжетімді болуына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі;

      9) мансап орталығы (бұдан әрі – Орталық) – аудандарда, облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын еңбек ұтқырлығы орталығының филиалы;

      10) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектігі бар адамдардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықталған жұмыс орындары;

      11) субсидияланатын жұмыс орны – жалақысын толық немесе ішінара субсидиялай отырып, жұмыссыздарды, сондай-ақ оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірілмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысқа қатысатын студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастыру үшін, еңбек мобильділігі орталығымен (мансап орталығымен) шарт негізінде жұмыс беруші құратын жұмыс орны.

2-тарау. Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу тәртібі

      3. ЖҚЖК толтыруды Орталық қызметкерлері өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 тіркелген) Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеуші адам ретінде тіркеу үшін жүгінуі негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2024 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Өтініш берушінің деректерін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексергеннен кейін Орталық қызметкері алынған мәліметтерді ЖҚЖК-ға енгізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2024 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Барлық енгізілген ақпарат ЖҚЖК-на өзгерістер толтыру және (немесе) енгізу кезінде өзектендіріледі және ескіру мерзіміне қарамастан ашық қолжетімділікпен ААЖ-да сақталады.

      6. Ақпаратты өзектендіру автоматты түрде жүзеге асырылады.

      7. ЖҚЖК-ға деректерді енгізу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді импорттау әдісі қолданылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 365 бұйрығына
3-қосымша/

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14056 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 8-тармағы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 17194 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 146 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 5-тармағы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 18446 болып тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 13-тармағы, "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 78 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 22354 болып тіркелген).

      5. "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің" Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 55 бұйрығының 1 тармағы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 26807 болып тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 161 бұйрығы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 28059 болып тіркелген).

      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 5-тармағы, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 29707 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады