"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 20/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 мамырда № 28066 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 10988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Кезекші кезекшілік бөлімде:

      осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы кезекшілікті қабылдап-тапсыру журналын;

      осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысандағы қарулар мен оқ-дәрілерді беру және қайтарып алуды есепке алу журналын;

      осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысандағы изолятордың қызметтік кілттерін есепке алу журналын;

      осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысандағы кездесулерді, сәлемдемелерді, сәлем-сауқатты және ақша аударымдарын есепке алу журналын;

      осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушылардың келуін және кетуін тіркеу журналын;

      осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысандағы изолятордың санитарлық есепке алу журналын;

      осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушылардың шағымдарын және өтініштерін тіркеу журналын сақтайды және жүргізеді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Тергеу изоляторларында дене күші, арнайы құралдар, газ және оқ ататын қарулар "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-45-баптарына сәйкес қолданылады.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Қажет болған жағдайда тергеу изоляторының әкімшілігі ҰҚК жоғарғы басшылығына көмек бөлу туралы өтінішпен жүгінеді. Жалпы дабылды оны жариялаған лауазымды адам, ал жекелеген бекеттегі дабылды кезекші тоқтатады.";

      16-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
Е. Сагимбаев

      Бет жағы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2022 жылғы
13 мамырдағы № 20/қе
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының
тергеу изоляторларындағы
адамдарды күзету мен
қадағалауды жүзеге
асыру қағидаларына
16-қосымша
  нысан

      түг. № _______

      сақтау мерзімі_____________

      Күдіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстарын, шағымдарын және өтініштерін тіркеу

      ЖУРНАЛЫ № ______

      ___________________________________
___________________________________
ҰҚК органының атауы
№ _______ ТОМ

      20__жылғы "___"__________ басталды
20__жылғы "___"__________аяқталды

     
_______ бетте

журнал _______томда

      Ішкі беті

Қарау нәтижесі және оны жариялау күні

7

Кімге жіберілген (шығыс номері және күні)

6

Ұсыныстын, шағымның, өтініштің қысқаша мазмұны (прокурорға және сотқа жабық түрде жіберілгендерден басқа)

5

Кімге жіберілді

4

Келіп түскен күні

3

Ұсынысты, шағымды, өтінішті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

2

р/с

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады