БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 11-1-2/368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Сирек кездесетін шет тілдер тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі |
М. Тілеуберді |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 11-1-4/210 Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 11-1-2/368 бұйрығымен бекітілген |
Сирек кездесетін шет тілдер тізбесі
1. Амхар
2. Бахаса
3. Вьетнам
4. Грек
5. Дари
6. Жапон
7. Иврит
8. Итальян
9. Корей
10. Мажар
11. Моңғол
12. Парсы
13. Португал
14. Пушту
15. Румын
16. Урду
17. Хинди