"Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 мамырда № 28115 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы көрсетілген бұйрықпен бекітілген:

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының азаматтарын мәртебе алу үшін аттестаттау:

      1) құтқарушы олар өткеннен кейін өткізіледі:

      "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтамамен расталған медициналық куәландыру (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);

      "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бағдарламасы бойынша дайындау;

      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушысы олар өткеннен кейін жүргізіледі:

      № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтамамен расталған медициналық куәландыру;

      "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23275 болып тіркелген) бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлау бағдарламалары бойынша даярлау.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы генерал-майор
И. Кульшимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады