"Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 166/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 мамырда № 28130 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

      2) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған заңды тұлға;

      3) гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) –құрамына тәуелсіз (отандық және (немесе) шетелдік) сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдерінің (келісім бойынша) тақ саны кіретін, өтінімдердің сараптамаларын және осы Қағидаларда белгіленген инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтініш берушілердің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін Технологиялық даму саласындағы ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;

      4) жобаны бағалау өлшемшарттары – балдық жүйені пайдалана отырып, өтініш берушінің жобасын бағалау белгілері;

      5) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – ұлттық институт пен өтініш беруші арасында инновациялық грант беруге жасалған шарт;

      6) индустриялық сертификат – өтініш берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар екенін растайтын құжат;

      7) инновациялық грант – инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;

      8) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға уәкілетті ұлттық даму институты;

      9) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) Кеңестің шешімі – кеңес мүшелері қабылдаған және хаттамамен ресімделген, сондай-ақ инновациялық грант беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді қамтитын шешім;

      11) лицензиялық шарт – патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беретін шарт;

      12) озық технология – нарықта кішігірім практикалық қолданылуы және одан әрі тарату үшін жоғары әлеуеті бар технология;

      13) өтінім – өтініш беруші жіберетін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамыту үшін инновациялық грант алуға арналған өтініш, ол өтінімдерді электрондық қабылдау мен сүйемелдеудің автоматтандырылған жүйесі арқылы толтырылады;

      14) өтінімдерді электронды қабылдау және сүйемелдеудің автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – автоматтандырылған жүйе) – бұл инновациялық гранттарды алуға берілетін өтінімдерді қабылдау және сүйемелдеу бойынша автоматтандырылған жүйе;

      15) өтініш беруші – инновациялық гранттар берудің өтініш беруші – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға өтінімді қарауға ұсынған заңды тұлға – инновациялық қызмет субъектісі;

      16) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;

      17) технология – белгілі бір өнімді өндіру мен шығаруды, оның ішінде тауарларды өндіру мен шығаруды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардың жиынтығы;

      18) технологиялар трансферті – инновациялық қызмет субъектілерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі;

      19) электрондық өнеркәсіп өнімі – электрондық құрамдастар және олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар.

      3. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттар өтініш берушілерге уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар шеңберінде оң экономикалық нәтиже алу мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу жолымен, оның ішінде технологиялар трансфертін пайдалана отырып, кәсіпорынды дамыту, импорт алмастыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі технологиялық міндеттерді шешу үшін беріледі.

      Бұл ретте уәкілетті орган белгіленген басым бағыттар қатарынан жекелеген басым бағыттар бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру жөнінде конкурс өткізе алады.

      Инновациялық гранттарды акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі инновациялық қызмет субъектілері (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) пайдалана алмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Инновациялық гранттар беруді уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттар беруге көзделген қаражатты бөлу жолымен инновациалық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) ұлттық институттың осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттармен бірге берілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауы, тіркеуі, олардың толықтығын алдын ала тексеруі өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Өтінімдерді алдын ала тексеру аяқталғаннан кейін ұлттық институт өтінімде көрсетілген өтініш берушінің электрондық поштасына анықталған ескертулер туралы хабарламаны (олар болған жағдайда) жібереді.

      Өтінімді қайтару себебі осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау және ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

      Өтініш беруші анықталған ескертулер туралы хабарлама алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жояды.

      Өтініш беруші ескертулерді көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, ұлттық институт өтінімді одан әрі қараусыз қалдырады.

      Өтініш беруші ескертулерді жойған кезеңде, өтінімді қарау мерзімі өтініш берушіге анықталған ескертулер туралы ресми хабарлама электрондық пошта арқылы жіберілген сәттен бастап тоқтатыла тұрады және олар жойылғаннан кейін қайтадан жаңартылады;

      2) өтініш берушінің құжаттарын ұлттық институт алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта тексеруді (анықталған ескертулер туралы өтініш берушіге хабарлама жіберілген жағдайда) жүзеге асыру.

      Ұлттық институт ұлттық институттың акционерін, уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, инновациялық гранттар беру процесіне іске қосылмаған үшінші тұлғаларға өтінім туралы ақпаратты жарияламауды қамтамасыз етеді;

      3) ұлттық институттың 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Сараптама жүргізу рәсіміне қойылатын талаптарда көрсетілген жобаларды бағалау өлшемшарттары негізінде балл бере отырып өтінімге сараптама жүргізуі;

      4) сараптама қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімге сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыны қалыптастыру және Кеңестің қарауына жіберу;

      5) Кеңестің отырысын ұйымдастыру және инновациялық грантты беру не бермеу туралы шешім қабылдау.

      Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарау және инновациялық грантты беру не бермеу туралы шешім қабылдау мақсатында ұлттық институтта Кеңес құрылады. Кеңестің қызметін ұйымдастыру, оның мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу және құрамы ұлттық институттың актісімен реттеледі.

      Осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;

      6) ұлттық институт жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант беруден мынадай жағдайларда бас тартады:

      өтініш беруші инновациялық грант алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      өтініш берушінің және (немесе) инновациялық грант беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;

      егер мәлімделген жоба бұрын ұлттық институт берген инновациялық грант есебінен не өтеусіз бюджет қаражатының басқа да көздері есебінен қаржыландырылса;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы;

      негіздемелерді қоса бере отырып, инновациялық грант беруден бас тарту туралы Кеңестің дәлелді шешімі;

      7) шартқа қол қою немесе өтініш берушіге инновациялық грантты беруден дәлелді бас тартуды жіберу.

      Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіні шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабардар етеді немесе инновациялық грант беруден негізделген бас тартуды жібереді.

      Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 56 (елу алты) жұмыс күнінен аспайды.

      Егер тиісті қаржы жылына инновациялық гранттар алуға мәлімделген соманың жалпы мөлшері уәкілетті орган тиісті қаржы жылына бөлген сомадан асып кеткен жағдайда, грант алушылардың тізімін қалыптастыру берілген балдардың ең көп саны қағидаты бойынша жүзеге асырылады;

      8) грант алушының ұсынылған инновациялық грант бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдауы.

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" басым бағыты үшін:

      грант алушы шарт жасалған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде енгізуді жүргізеді, оның қорытындысы бойынша АКТ әзірлемені және (немесе) электрондық өнеркәсіп өнімін өнеркәсіптік пайдалануға беру актісін ұсынады;

      грант алушы өнеркәсіптік пайдалануға беру актісін алғаннан кейін кемінде 12 (он екі) ай мерзімінде енгізілген АКТ әзірлемені және (немесе) электрондық өнеркәсіп өнімін қолдана отырып, өнеркәсіптік пайдалануды жүргізеді, оның қорытындысы бойынша оң экономикалық нәтиже алуы қажет.

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды" қоспағанда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар үшін:

      Грант алушы ұлттық институт жобаны аяқтау туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде жыл сайын өткізілген инновациялық өнім көлемін инновациялық грант сомасының кемінде 10%-ына ұлғайтуға және инновациялық өнім экспортының көлеміне инновациялық грант сомасының кемінде 10%-ына қол жеткізуге бағытталған қарсы міндеттемелерді қабылдайды.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру аясында қаржыландырудың жалпы сомасы лицензиялық келісімшарт бойынша негізделген шығындардың 70 (жетпіс) пайызына дейін және (немесе) жиынтықтауыштарды және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу үшін негізделген шығындардың 50 (елу) пайызына дейін, бірақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" басым бағыты бойынша 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден аспайтын және "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды" қоспағанда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар бойынша 400 000 000 (төрт жүз миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайды және мынадай мақсаттар үшін шығындарды өтеу үшін бөлінеді:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" басым бағыты үшін:

      1) бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін немесе пайдалану құқығына лицензияны сатып алу;

      2) бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу үшін қажетті жиынтықтауыштарды сатып алу;

      3) бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін кастомизациялау бойынша көрсетілетін қызметтерге;

      4) өтініш берушінің кәсіпорнында бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу жөніндегі қызметтерге;

      5) бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін одан әрі пайдалану үшін өтініш берушінің персоналын оқытуға;

      6) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын бұлтты технологиялар арқылы провайдер қызмет көрсететін дайын бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын SaaS моделі бойынша бағдарламалық қамтылымды жалға алу бойынша қызметтерге беріледі.

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды" қоспағанда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар үшін:

      1) технологияның меншік иесінен сатып алынатын технологияның ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық құжаттаманы және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу;

      2) инженерлік-техникалық персоналды оқыту, оның ішінде шетелдік мамандарды тарту;

      3) өнімің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;

      4) технологиялық процесті сынақтан өткізу;

      5) өнімді сертификаттау.

      Өтініш берушіге мынадай өлшемшарттар белгіленеді:

      мәлімделген салада 3 (үш) жылдан кем емес коммерциялық қызмет етуі;

      біліктіліктің қажетті деңгейі бар инженерлі-техникалық персоналдың болуы;

      өтініш берушінің жалпы жылдық табысы соңғы 3 (үш) жылда жобаның толық сомасынан кем емес болуы.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" басым бағыты бойынша технологиялық дамуға инновациялық грант беру өлшемшарты АКТ әзірлеменің және электрондық өнеркәсіп өнімінің Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы немесе индустриялық сертификаттың болуы болып табылады."

      21-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "Өтініш беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды қамтитын өтінімдерді автоматтандырылған жүйе арқылы өтінімді ұсынады:

      1) беру шарттарын көрсете отырып, технологияларды беру немесе тиісті шарттарды көрсете отырып, АКТ-әзірлемені және (немесе) электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу туралы тараптардың ниетін растайтын құжат көшірмесі;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылымы бойынша жобаның бизнес-жоспар;

      3) соңғы 3 жылдағы қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің жыл сайынғы аудитін жүргізуге міндетті тұлғалар да көрсетілген уақыт кезеңі үшін аудиторлық есептерді ұсынады);

      4) жобаны іске асыру үшін қаражаттың болуын (екінші деңгейдегі банктерден алынған анықтамалар және шоттардан үзінді көшірмелерді қоса алғанда) немесе екінші деңгейдегі банктің кредит/кредит желісін беруге дайындығын растайтын құжаттар;

      5) сатып алынатын технологияның ажырамас бөлігі болып табылатын жабдықтарды және жинақтауыштарды қоспағанда, коммерциялық ұсыныстар алынған жобаның құрамдас бөліктері (іс-шаралары) және техникалық ерекшеліктер бойынша кемінде үш коммерциялық ұсыныс (тиісті шарттарды көрсете отырып, АКТ әзірлемені және (немесе) электрондық өнеркәсіп өнімін беру немесе енгізу шарттарын көрсете отырып, технологияларды беру туралы тараптардың ниетін растайтын құжатқа сәйкес) болады.

      6) соңғы 12 (он екі) айдағы қаржы моделі. Даму жоспары болған жағдайда (Excel форматында).

      7) болжамдарды ескере отырып іске асыру бойынша 5 (бес) жылға арналған қаржы моделі (Excel форматында).

      8) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      9) жарғының көшірмесі;

      10) есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

      Өтініш беруші Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ұлттық институт өтінімді қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Инновациялық грант беру туралы шарт жасасу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа жоғары органның өтінім беру туралы, басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғаның инновациялық грант беруге және алуға байланысты құжаттарға қол қою өкілеттігін беру туралы шешімін ұсынады.";

      2-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
Инфрақұрылымдық даму министірлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 17 мамырдағы
№ 166/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
Жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды технологиялық
дамытуға инновациялық
гранттар беру қағидаларына
2-қосымша

Сараптама жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар

      1. Жобаларға сараптама жүргізуді ұлттық институт жүзеге асырады, қажет болған жағдайда сараптама жүргізу үшін отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар тартылады.

      2. Жобаларды бағалау өлшемшарттары келесідей құрылған:

      1) ғылыми техникалық артықшылықтар (0-5 балл);

      жүйелік проблемаларға жүгіну дәрежесі: ендірілетін технологияны пайдаланатын компаниялар саны, ауқымдылығы және индустриясы/әлеуетті қолдану үшін нарық көлемі;

      инновациялығы;

      зияткерлік меншік;

      2) экономикалық қайтарым (0-5 балл);

      әлеуетті экономикалық нәтиже (құрылымы бойынша бизнес-жоспар және қаржылық моделі негізінде).

      3) өтініш берушінің мүмкіндіктері, ресурстары және материалдық базасы (0-10 балл):

      персоналдың біліктілігі мен басқару қабілеті;

      елеулі зерттеу жұмыстары;

      зияткерлік меншік (патенттер, авторлық құқықтар және куәліктер);

      сериялық өндіріске енгізілген технологиялар;

      әзірленген өнеркәсіптік процестер мен өнімдер;

      шығу тегіне, көлемі мен мақсатына ұқсас жобаларды басқару тәжірибесі;

      ресурстар және материалдық база;

      халықаралық серіктестер, ресурстар және кәсіпорындар;

      4) өтініш берушінің өндірістік процестерінің технологиялылық өлшемшарттары:

      жоғары технологиялық – 5 балл;

      жоғары деңгейдегі орташа технологиялық – 4 балл;

      төмен деңгейдегі орташа технологиялық– 3 балл;

      төмен деңгейдегі технологиялық – 2 балл;

      5) жобаны іске асырудың құқықтық аспектілері (0-5 балл):

      жобаны іске асырудың ерекше шарттары мен шектеулері;

      құқықтық тәуекелдер (салықтық берешектер, сот талқылаулары, үлестес болуы, заңды тұлғаның қызметін шектейтін, уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен тізілімдерде болуы және т.б.);

      6) өтініш берушінің ағымдағы қаржылық жағдайы (0-5 балл):

      активтердің өтімділік деңгейі;

      қаржылық тәуелділік коэффициенті;

      инвестицияларды қайтару көрсеткіші (соңғы есепті жыл үшін).

      Сарапшылар мынадай бағыттар бойынша жобаға сараптама жүргізеді:

      1) технологиялық сараптама аналогтармен салыстырғанда, жобаның техникалық іске асырылуы мен технологиялық орындылығын белгілеу мақсатында жүргізіледі;

      2) қаржы-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық орындылығын, бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттарын, маркетингтік стратегияны, жұмыстарды мәлімделген мерзімдерге, көлемі мен мазмұнына және қаржыландырудың сұратылып отырған сомасына бөлу мақсатында жүргізіледі;

      3) құқықтық сараптама ұсынылған құжаттардың мазмұнын қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты құқықтық талдау мақсатында жүргізіледі.

      Технологиялық, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптамалар жобалар бойынша бір мезгілде жүргізіледі.

      3. Ұлттық институт сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде қалыптастырады.

      4. Әрбір сарапшымен өтінімдерге сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тартқан кезде ұлттық институт сараптамалық қызметтер көрсетуге шарт жасасады, оның нысаны ұлттық даму институтының актілерімен реттелетін болады.

      5. Сараптама жүргізу тәртібі және бағалау парағының нысаны ұлттық институттың актілерімен регламенттеледі.

      6. Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан, сондай-ақ өтінім берушімен үлестес болып табылатын сарапшының өтінімді бағалауды жүргізуіне жол берілмейді.

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 17 мамырдағы
№ 166/НҚ Бұйрыққа 2-қосымша
Жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды технологиялық
дамытуға инновациялық
гранттар беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құрылымы бойынша жобаның бизнес-жоспары

      Құрылымы бойынша жобаның бизнес-жоспары

      1. өтініш берушінің қысқаша сипаттамасы:

      1) өтініш берушінің атауы;

      2) ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттік тіркеу күні (заңды тұлғалар үшін қайта тіркеу);

      3) ұйым басшысы;

      4) мекенжайы, телефоны, факс, электрондық поштасы;

      5) қызметтің негізгі бағыттарының сипаттамасы;

      6) саладағы жұмыс тәжірибесі;

      7) ағымдағы ұйымдастыру жағдайы;

      8) соңғы есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызмет туралы қысқаша есеп.

      2. Жобаның қысқаша сипаттамасы:

      1) жобаның атауы;

      2) жобаның мәні;

      3) жобаның бастамашылық ету үшін алғышарттары;

      4) жоба командасы;

      5) жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);

      6) шығаруға болжанатын өнім немесе сатып алынатын технологияны енгізудің әсері;

      7) өнімнің даму сатысын қоса алғанда, жобаның ағымдағы мәртебесі (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

      8) жоба бойынша іске асырудың және шектеудің ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензияланатын болса), патенттердің, рұқсаттардың болуы, экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткізу және шикізат нарықтары, су, энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс бойынша шектеулер мен ұсынымдардың болуы, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндіктері, шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік, технологиялық процестердің және басқа да технологиялық процестердің экологиялық тазалығына қойылатын талаптардың болуы;

      9) жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

      өз қаражаты;

      инновациялық грант;

      қарыз қаражаты (несиелер немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің тартылған қаражаты).

      10) жобаны іске асыру мерзімі – ай (36 (отыз алты) айдан артық емес);

      11) шығыстар сметасы:

Жұмыстарды орындауға арналған шығындар

Шығындар сомасы (теңге)

Жұмыс кезеңдері

Баға белгілеу бойынша түсіндірме

Қаржыландыру көзі

Есептеулерде пайдаланыла тын деректер көзі




Шығындар - Барлығы:








оның ішінде баптар бойынша:








Басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар-Барлығы:








оның ішінде:








Меншікті қаражат








Өзгелер (қандай екенін көрсету)








      Ескертпе: шығын баптарының әрқайсысы бойынша өтініш беруші есептерде пайдаланылған деректер көздерін, баға белгілеудің мағынасын ашып көрсетеді.

      12) жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары:

рР/с №

Шарт бойынша жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің атауы

Жұмыстарды орындау мерзімі (ай)

Кезеңнің есептік бағасы (теңге)

Есеп беру нысаны мен түрі

1

2

3

4

5






      Күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асырудың 3-кезеңінен артық емес көрсетіледі.

      3. Маркетинг бөлімі:

      1) Өнімнің сипаттамасы:

      1-1) шығаруға ұсынылатын өнімнің атауы;

Тауарлардың (қызметтердің) атауы

Құндық мәндегі өндіріс көлемі (теңге)

Құндық мәндегі өндіріс көлемі

1.



2.



      1-2) функционалдық мақсаты және қолданылу саласы;

      1-3) өнімнің негізгі техникалық, эстетикалық және басқа да сипаттамалары;

      1-4) өнімнің технологиялық көрсеткіштері (пайдалану және басқа сапалар);

      1-5) мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;

      1-6) құндық сипаттама (өнімнің бірлігіне-өзіндік құн, көтерме баға, бөлшек баға);

      1-7) патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер.

      2. Өткізу нарықтарының сипаттамасы (экспорттық және ішкі):

      2-1) нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы;

      2-2) бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы;

      2-3) нарықтың сипатты белгілері, оның егжей-тегжейлі сегменттеуі (аумақтық, демографиялық және басқалар), нарықтық тауашаның бөлінуі;

      2-4) нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай көріністегі жылдық көлемдер, сұраныстың өсуіне/құлдырауына беталыстар);

      2-5) компанияның өнімін алуға қабілетті нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу (Tam (Total Addressable Market) – мақсатты нарықтың жалпы көлемі; SOM (Serviceable & Obtainable Market) – нарықтың нақты қол жетімді көлемі; SAM (Served/Serviceable Available Market) – нарықтың қол жетімді көлемі.);

      2-6) екінші дәрежелі нарықтар (негізгі рынокпен аумақтық, маусымдық және басқа да белгілер бойынша байланысты));

      2-7) зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер;

      2-8) әлеуетті өнім тұтынушылармен келісімдердің болуы және өнімді сатып алуға дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары;

      2-9) нормативтік-құқықтық алаң, нормативтік құжаттардың, ерекше талаптардың болуы, осыған байланысты шығындар мен уақытша шығындар оларды қанағаттандыру тәсілдері. Осы нарықты нормативтік-құқықтық реттеудің өзгеру болжамы;

      2-10) осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі әсерін қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалары бойынша басымдылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, өзге де сипаттамалары.

      3) тәуекелдерді талдау:

      3-1) тәуекелдерді бағалаудың қолданылатын әдіснамасының сипаттамасы;

      3-2) мыналар бөлінісінде тәуекелдерді сәйкестендіру: жоба өмірінің жоспарланатын кезеңдері; тәуекел түрлері (қаржылық, техникалық, заңдық, коммерциялық, өндірістік, ұйымдастырушылық); салдардың сипаты (жол берілетін, сыни, апатты); есепке алу сипаты бойынша (ішкі, сыртқы).

      3-3) әсер ету дәрежесі және басталу ықтималдығы бойынша тәуекелдерді саралау және тәуекелдер картасын қалыптастыру ("сезімталдықты талдау" әдісін қолдана отырып);

      3-4) тәуекелдердің алдын алу шаралары (оларды іске асыру құнын көрсете отырып).

      4. Техникалық бөлім:

      1) жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;

      2) технологиялық шешімді таңдау негіздемесі;

      3) ілеспе инфрақұрылым және көлік мүмкіндіктері;

      4. Жоба бойынша тауарлар (қызметтер) өндірісінің көлемін айқындайтын факторлар.

      5. Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдерді салыстырмалы талдау (аналогтармен салыстыруда тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін ұсынылатын техникалық деңгей және құны, ақпарат көзіне сілтеме):

Көрсеткіштер атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог











      6. Ресурстармен қамтамасыз ету:

      1) шикізат пен материалдар: қолданылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      2) жабдықтар мен жинақтаушылар: қажетті жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесі және олардың негізгі техникалық сипаттамалары; жабдықтар мен технологиялардың жаңалығы; көлік шығыстарын, салық міндеттемелерін, кедендік баждарды, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын ескере отырып, жабдықтар мен жинақтаушылардың құны; жабдықтар мен жинақтауыштарды жеткізушіні таңдау қажеттілігінің негіздемесі;

      3) үстеме шығыстар: үстеме шығыстар тізбесі; үстеме шығыстар құны; жеткізушілердің қажеттілігі мен таңдауының негіздемесі;

      4) өндірістік персонал: қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы; талап етілетін біліктілігі бар мамандар нарығын талдау; талап етілетін біліктілігі бар персоналмен қамтамасыз ету көздері мен құнының сипаттамасы.

      5. Қаржылық бөлім:

      Жобаны қаржыландыру мөлшері мен құрылымы:

      1) қаржыландыру көздері мен компоненттері бойынша қаржыландыру құрылымы: өз қаражаты; инновациялық грант; қарыз қаражаты;

      2) жобаның қаржылық моделін қалыптастыруға пікірлер мен түсініктемелер: өндірістік бағдарлама; ақшалай мәндегі іске асыру көлемінің болжамы; өнімнің өзіндік құны мен іске асыруға арналған шығындардың есебі; кірістер мен шығыстар туралы болжамды есеп; ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп; жобаның шығынсыздық нүктесінің болжамы;

      3) қаржы-экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруға пікірлер мен түсініктемелер: жобаның жұмыс циклі үшін таза дисконтталған табыс (NPV); жобаның жұмыс циклі үшін кірістіліктің ішкі нормасы (IRR); жобаның өтелу мерзімі (жай және дисконтталған); жоба жұмысының әрбір жылына пайданың қарапайым нормасы (рентабельділік); түрлері бойынша бюджетке төленетін салықтар, кедендік баждар мен төлемдер.

      6. Экологиялық бөлім

      Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсері бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.

      7. Әлеуметтік-экономикалық бөлім

      1) жобаның ел экономикасының қажеттіліктеріне (мемлекеттік бағдарламаларға және басқа да құжаттарға) сәйкестігі;

      2) азық-түлік тауарларын және халық тұтынатын азық-түлік емес тауарларды шығаруды ұлғайту;

      3) импортты алмастыру (орны ауыстырылатын импорттың көлемі мен құны);

      4) экспортты ұлғайту (экспорт көлемі мен құны);

      5) жаңа жұмыс орындарын құру.

      Ұйым басшысы _____________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә.) Мөр орны (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады