Жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 мамырда № 28208 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
С. Брекешев
     
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ 173 Бұйрығымен
бекітілген

Жануарларға арналған панажайлардың қызметінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларға арналған панажайлар қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Жануарларға арналған панажайлар иелерімен келісім бойынша оларды уақытша ұстау (орналастыру), сондай-ақ ветеринариялық және өзге де қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

      3. Жануарларға арналған панажайлардың жануар немесе жауапты тұлғадан жануарды бағуға байланысты шығыстарды, сондай-ақ егер жануар қажет болса, ветеринариялық қызметтердің құнын өтеуге құқылы.

      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;

      2) жануарларға арналған панажайлар – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген жануарларын (компаньон-жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;

      3) аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      4) жануарларды есепке алу жөніндегі бірыңғай деректер базасы (бұдан әрі – деректер базасы) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын көздейтін, олар бойынша жануарларды, оқиғалар мен іс-қимылдарды тіркеуге арналған, тиісінше жеке және заңды тұлғаларға қолжетімділік берілетін электрондық деректер базасы.

      5. Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдаржануарларға арналған панажайларды салу мен күтіп-ұстауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Осы Қағидаларда көзделген жануарларға арналған панажайлар жүзеге асыратын барлық іс-әрекеттер Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес деректер базасында тіркеледі, оған қол жеткізу жануарларға арналған панажайлардың иелеріне өтеусіз негізде беріледі.

2-тарау. Жануарлар келіп түскен кезде оларға арналған панажайлардың қызметінің тәртібі

      6. Жануарларды панажайларға қабылдау жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған кезде немесе қараусыз қалған жануарларды аулау қызметі арқылы жүзеге асырылады.

      7. Жануарларды панажайға беру кезінде мынадай құжаттарды енгізеді:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) ветеринариялық паспорт (болғанкезде);

      8. Жануарлар панажайына бос орындар болған жағдайда ғана қабылданады, кейіннен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды есепке алудың деректер базасында жануарларды қабылдау-беру актісі қалыптастырылады.

      9. Жануар келіп түскен кезде панажай қызметкері жануарды алғашқы ветеринариялық тексеруге жібереді.

      10. Ветеринариялық тексеру нәтижелері бойынша ветеринариялық дәрігер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер базасында жануарды ветеринариялық тексерудің электрондық актісін жасайды.

      Электрондық актіде: түрі, жынысы, тұқымы, экстерьерінің ерекшеліктері, жануардың денсаулық жағдайы, жануарда жұқпалы және өзге де аурулар белгілерінің болуы туралы ақпарат көрсетіледі.

      11. Ветеринариялық дәрігер жануарда жұқпалы және басқа аурулардың белгілерін анықтаған жағдайда, жануар карантиндік орынға орналастырылады.

      Жануарға шұғыл ветеринариялық көмек көрсету қажет болған жағдайда, жануар жануарды карантиндеу үшін көзделген мерзімге шұғыл ветеринариялық көмек көрсету үшін оқшаулағышқа жіберіледі.

      12. Жануарлардың панажайдан шығуы және (немесе) өлуі жөніндегі оқиғаларды жануарлар панажайының иесі деректер базасында тіркейді.

      13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) сәйкес жануарларға арналған жеке панажайларды бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.

3-тарау. Жануарларға арналған панажайлардың қызметінің тәртібі оларды қайтарған кезде

      14. Аулау қызметі әкелген жануар жануарларға арналған панажайға келіп түскен жағдайда, панажайдың маманы жануардың иесін іздестіруді жүзеге асырады, кейіннен жануарды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша жануар иесінің өтініші бойынша қайтарады.

      15. Жануарларға арналған панажайлардың иелері жануарлардың бұрынғы немесе жаңа иесін іздеуді:

      1) деректер базасында және аулау қызметінің ресми сайтында жануар туралы мәліметтерді орналастыру;

      2) есепке алу дерекқорынан алынған байланыстар арқылы жоғалған жануардың иесін хабардар ету;

      3) волонтерлер арқылы жұртшылықты хабардар ету арқылы іздестіреді.

      16.Жануарларды жануарларға арналған панажайлардан бұрынғы және (немесе) жаңа иесіне беру және оның мекендеу орындарына жіберу деректер базасында тіркеледі.

      17. Қаңғыбас жануарды жануарларға арналған панажайлардан жануарларды аулау қызметіне беру деректер базасында тіркеледі.

  Жануарларға арналған
панажайлар қызметінің
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Жануарды панажайға қабылдау туралы өтініш


      Тегі _________________________________________________________
Аты __________________ әкесінің аты (бар болса) _________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________
Мекенжайы, телефоны _______________________________________
Жануарлардың берілу себебі __________________________________
_____________________________________________________________
(иесінің жануарды асыраудан бас тартуы, табылған қаңғыбас жануарлар)
______________________________________________________директорына
(панажай атауы)
_____________________________________________________беріледі
(жануардың түрі, оның жынысы, жасы және физиологиялық жай-күйі,
бірдейлендіру белгілерінің болуы, ветеринариялық паспорттың нөмірі
(бар болса)
Өтініш беруші ___________________________________ / ________________/
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) электрондық-цифрлық қолтаңба)

  Жануарларға арналған
панажайлар қызметінің
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Жануарларды алу-беру актісі

     
Осы жануарды қабылдау-беру актісі жануардың берілуін растайды ___________________________________________________________
(жануардың түрі, оның жынысы және физиологиялық жай-күйі, бірдейлендіру белгілерінің
болуы, ветеринариялық паспорттың нөмірі (бар болса)
Себебі _________________________________________________
(иесінің жануарды асыраудан бас тартуы, табылған қаңғыбас жануарлар)
Жануарды тексеру жүргізілді __________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)

Жануарды беретін тұлға__________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

Жануарды қабылдайтын тұлға ______________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

  Жануарларға арналған
панажайлар қызметінің
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      Жануарды ветеринариялық тексеру актісі

      құжаттың бірегей сәйкестендіру нөмірі

      QR-код түріндегі құжаттың бірегей сәйкестендіру нөмірі

      дата: ___________ жыл.

      Ветеринария саласындағы маманның тегі және аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________
қараусыз қалған жануарға клиникалық тексеру жүргізді
Ұйым қызметкерінің тегі және аты, әкесінің аты (бар болса) :
______________________________________________________________
Тексеру нәтижесінде анықталды*: ___________________________
* Иесі жоқ жануардың сипаттамасы (түрі, жынысы, тұқымы, экстерьерінің ерекшеліктері),
жануардың денсаулық жағдайы туралы, жануарда жұқпалы және өзге де аурулар
белгілерінің болуы туралы ақпарат көрсетіледі.
Ветеринария саласындағы маман____________________________
(аты тегіәкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын сіз жануарларды есепке алудың ақпараттық
жүйесінде интернет желісі арқылы тексере аласыз.

  Жануарларға арналған
панажайлар қызметінің
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Панажайдан жануар алуға өтініш

      Тегі ________________________________________________________
Аты _____________________Әкесінің аты (бар болса) _____________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________
Мекенжайы, телефоны _______________________________________
____________________________________________________ директорға
(панажай атауы)
Келесі мазмұн үшін беріледі _____________________________________
_______________________________________________________________
(жануардың түрі, оның жынысы, жасы және физиологиялық жай-күйі, бірдейлендіру
белгілерінің болуы, ветеринариялық паспорттың нөмірі (бар болса)
Кімге____________________________________ / ________________/
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) электронды-цифрлы қолтаңба)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады