Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 мамырда № 28260 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық статистика бюросы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 191 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларында:

      1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – тауарлық газ және (немесе) сұйытылған мұнай газы;

      2) газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы – шартпен белгіленген бір айдағы газ көлемін тиісті айдың күнтізбелік күндеріне бөлу жолымен айқындалатын газ көлемі;

      3) газ құбырындағы газдың технологиялық қоры – газды тасымалдаудың жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін газ құбырындағы қажетті газдың ең төмен көлемі;

      4) газ құбырының өткізгіштік қабілеті – газ құбырының ішкі диаметрі және тәулігіне 24 сағат тұтыну есебінен жұмыс қысымы бойынша газ шығысы;

      5) газ тұтыну броні – отынның резервтік түрлерін барынша пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тұтынушыларға ең төмен көлемде газ жеткізу тоқтатылмайтын олардың технологиялық жабдығының үздіксіз және авариясыз жұмысы үшін қажетті ең төмен газ тұтыну көлемі;

      6) газ тұтыну (газ) жабдығының қуаты – газ жабдығының тәулігіне 24 сағат жұмысы есебінен ең жоғарғы жиынтық қуаты;

      7) газды артық жұмсау – газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасынан асып кететін көлемде тұтынушының газды іріктеп алуы;

      8) газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасы – тараптардың келісімі бойынша диспетчерлік графикпен белгіленген тәуліктік газ көлемі;

      9) диспетчерлік график – жеткізушінің тасымалдаушыға берген өтініміне сәйкес газ жеткізудің сағаттық графигі;

      10) есеп айырысу кезеңі – жеткізіліп берілген газдың көлемі анықталатын, жеткізуші, газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-1-бабының 11-тармағында көрсетілген тұлғалар мен тұтынушы арасында жеткізіліп берілген газ үшін өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Тараптармен келісілген есеп айырысу кезеңі шартта көрсетіледі;

      11) жеткізу – газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;

      12) жеткізуші – Заңмен және осы Қағидалармен белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;

      13) тасымалдаушы – газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы;

      14) техникалық жағдайлар – газбен жабдықтау жүйесінің объектілерін салуға, тұтынушыны сұратылатын (есеп айырысу) параметрлерге қосуға, газбен жабдықтау жүйесі объектісінің бастапқы жобалық шешімін өзгертуге газ тасымалдау, газ тарату немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иелерімен беретін құжат;

      15) тұтынушы – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы;

      16) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуді тек өндірушілер, көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, сондай-ақ газ толтыру станцияларының иелері ғана жүзеге асырады.";

      19, 20 және 21-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға беруді:

      1) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы;

      2) газ толтыру пункттерінің иелері – тұрмыстық баллондарда;

      3) автогаз құю станцияларының иелері –газ тарату колонкалары арқылы көлік құралдарын толтыру жолымен жүзеге асырады.

      20. Тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді тұтынушылар мен топтық резервуарлық қондырғыларының иелері арасында жасалған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартының негізінде топтық резервуарлық қондырғылардың иелері жүзеге асырады.

      21. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұтынушылар мен топтық резервуарлық қондырғылардың иелері арасында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарты әрбір тұтынушымен жеке және де топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің шартының талаптарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (жария шарт) жолымен де жасалады.";

      23 және 24-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. Сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайданалатын көлік құралдарының иелеріне автогаз құю станциялары арқылы оны бөлшек саудада өткізу есепке алу бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде шарт жасаспай-ақ жүзеге асырылады.

      24. Сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайданалатын көлік құралдарының иелеріне автогаз құю станциялары арқылы оны бөлшек саудада өткізу көлемдік әдіспен (литрмен) жүзеге асырылады.";

      28 және 29-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "28. Қозғалмалы үлгідегі автогаз құю станциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарын ескере отырып, қатты жабыны бар, жеке кіріп-шыға алатын, сондай-ақ өртке қарсы құралдармен жабдықталған алаңдарда орналасады.

      Көлік құралдарына қозғалмалы үлгідегі автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын құю сұйытылған мұнай газдарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді газ толтыру пункттерінің иелері шарт жасаспай жүзеге асырады.";

      32, 33 және 34-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "32. Азаматтарға тұрмыстық баллондардағы газды сату өтінім бойынша шарт жасаспай жүзеге асырылады.

      Газ толтыру пунктінің иесі тұрмыстық тұтынушыға сатылатын әрбір баллон үшін тұтынушыға құжат (алынған газ көлемі үшін кассалық, тауарлық чек), кепілдік сапа талонын береді, баллондарды тауарлық белгімен таңбалауды жүзеге асырады, кепілдік сапа талонын береді.

      33. Газ толтыру пунктінің иесі толтырылатын газ баллондарына есеп жүргізеді, оларға нөмір береді, газ баллон қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

      34. Тұтынушы тұрмыстық баллондардың дұрыс техникалық жай-күйін қамтамасыз ететін газ толтыру пунктінің иесінен сұйытылған мұнай газы бар тұрмыстық баллондарды сатып алады.";

      36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану кезінде:

      1) газды рұқсатсыз алу (ұрлау) мүмкіндігін беретін пломбаны жұлып алуға, пломбаны не есепке алу аспабын шұқуға, сондай-ақ газ тарату ұйымының және топтық резервуарлық қондырғы иесінің келісімінсіз – газбен жабдықтау жүйесіне қосуға, газ жабдығы мен есепке алу аспаптарын монтаждауға, демонтаждауға, пайдалануға жарамды есепке алу аспабын ауыстыруға;

      2) газ тарату ұйымының немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің немесе газ толтыру станциясы иесінің келісімінсіз газ аспаптары орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауға;

      3) газ аспаптарының конструкциясына өзгерістер енгізуге;

      4) түтіндік және желдеткіш жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге;

      5) желдеткіш каналдарын желімдеуге, түтіндіктерді тазалауға арналған "қалталар" мен люктерді бітеуге;

      6) қауіпсіздік және реттеу автоматикасын сөндіруге;

      7) газ аспаптарының, автоматиканың, арматуралар мен газ баллондарының жарамсыздығы кезінде газды пайдалануға;

      8) газдандырылған пештер мен түтіндіктер қалауының, сылағының (жарықтар) тығыздығы бұзылған кезде газды пайдалануға;

      9) түтіндік пен желдеткіш каналдарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін газды пайдалануға;

      10) оқудан өтпей және газ тарату ұйымынан немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінен немесе газ толтыру станциясы иесінен рұқсат алмай, түтіндік пен желдеткіш каналдарын тазалауға, тексеруге, сондай-ақ газ баллон қондырғыларының баллондарын ауыстыруға;

      11) түтіндік пен желдеткіш каналдарының ауа тартқыштары болмаған кезде, желдеткіштер (фрамугалар), жалюзий торлары, желдеткіш каналдарының торлары жабық болғанда газ аспаптарын пайдалануға;

      12) үздіксіз жұмыс істеуге есептелген және осы үшін тиісті автоматикасы бар газ аспаптарынан басқа, жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдыруға;

      13) мектеп жасына дейінгі балалардың, сондай-ақ өз әрекеттерін бақылай алмайтын және осы аспаптарды пайдалану қағидаларын білмейтін адамдардың газ аспаптарын пайдалануына;

      14) газ құбырларына жіп байлауға және газ құбырларын жүктеуге;

      15) газды және газ аспаптарын мақсатқа сай емес пайдалануға;

      16) газ плиталарын үй-жайды жылыту үшін пайдалануға;

      17) газ аспаптары орнатылған үй-жайларды ұйықтау және демалу үшін пайдалануға;

      18) газдың шығып кетуін айқындау үшін ашық отты қолдануға;

      19) үй-жайлар мен жертөлелерде бос және сұйытылған мұнай газымен толтырылған газ баллондарын сақтауға;

      20) газдандырылған үй-жайда сыйымдылығы 50 (55) литр (бұдан әрі – л) болатын бір баллоннан немесе әрқайсысының сыйымдылығы 27 л болатын екі баллоннан артық орналастыруға жол берілмейді. Баллондар газ аспаптары бар үй-жайда болады;

      21) газдандырылған үй-жайда жылу радиаторы мен пештен кемінде 1 метр (бұдан әрі – м) арақашықтықта газы бар баллондарды орнатуға жол берілмейді. Баллондарды жылудан қорғайтын экран орнату кезінде баллондар мен жылыту аспаптарының арақашықтығы кемінде 0,5 м, ал экран мен баллондардың арақашықтығы 10 сантиметрден (бұдан әрі – см) кем болмауы тиіс;

      22) баллондарды от жанатын пештердің есіктеріне қарсы кемінде 2 м арақашықтықта қарама-қарсы орналастыруға;

      23) үй-жайларда орнатылған баллондарды ауыстыру кезінде электр жарығын қосуға және ажыратуға, ашық оттарды, электр жылытқыш аспаптары мен жылыту пештерін пайдалануға;

      24) көрсетілген жұмыстарды орындауға қатысы жоқ адамдардың қатысуымен баллондарды алмастыруға;

      25) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, үлгіні бекіту немесе метрологиялық аттестаттау нәтижелері бойынша тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын қолдануға жол берілмейді.";

      49-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "49. Есепке алу аспаптарын орнату осы Қағидалардың және қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарында көзделген тәртіпте орындалады. Орнатылған есепке алу аспабы тұтынушыға тауарлық не сұйытылған мұнай газын жеткізетін газ тарату ұйымында немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінде міндетті тіркеуден өтеді, акті жасалып, онда есепке алу аспабының бастапқы көрсеткіштері, аспаптың маркасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.";

      51-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "51. Есепке алу аспаптарын ұстауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және салыстырып тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады. Меншік иесімен шарт бойынша есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғының иесі немесе өзге де мамандандырылған ұйым жүргізуі мүмкін.";

      54, 55, 56 және 57-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "54. Газды есепке алу аспабы тұтынушыларда кіреберістерде, басқыш алаңдарында, дәлізде, жеке пәтерлерде, жеке үйлерде орнатылуы мүмкін. Тұтынушылардың газ тарату ұйымдарының немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің қызметкерлеріне газды есепке алу аспаптарына еркін кіруге бөгет жасауларына жол берілмейді.

      55. Газды есепке алу аспаптарында есептеу тетігінің қаптама бекітпесінде газ тарату ұйымының немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің пломбасы болады.

      56. Тұтынушылардың газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің пломбасының бүтіндігін бұзуына жол берілмейді.

      57. Газды есепке алу схемасын өзгертуге немесе бұзуға байланысты жұмыстардың кез келген түрлерін жүргізген кезде тұтынушы жұмысты бастамас бұрын осы туралы жазбаша түрде газ тарату ұйымын немесе топтық резервуарлық қондырғы иесін хабардар етеді және тиісті рұқсат алады.";

      59, 60, 61, 62 және 63-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "59. Үйдің меншік иесінің қалауы бойынша жеке пәтерлерге, кіреберістерге газ беруді тоқтата тұруды, газ бағанын немесе көпқабатты тұрғын үйлердің жекелеген пәтерлерін газдан ағытуды оның жазбаша өтініші бойынша газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі жүргізеді.

      60. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі немесе газ толтыру станциясының иесі біржақты тәртіппен тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді бұзушылықтарды жойғанға дейін мынадай жағдайларда:

      1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік талаптарын бұзғанда;

      2) тұтынушы газ жабдығын өз еркімен қосқанда;

      3) газбен жабдықтау жүйесі объектілері техникалық істен шыққанда тоқтатады.

      61. Жабдықтарды жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін тауарлық немесе сұйытылған мұнай газды беруді тоқтата тұру туралы газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі немесе газ толтыру станциясының иесі тұтынушыны ағытуға дейін кемінде қырық сегіз сағаттан кешіктірмей ескертеді.

      62. Жеткізуші тұтынушыны алдын ала хабардар ете отырып, газ беруді мынадай жағдайларда тоқтатады:

      1) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешектің болуы;

      2) газ тарату ұйымының, топтық резервуарлық қондырғы иесінің немесе газ толтыру станциясы иесінің өкілдерін газ құбырларына, газ жабдығы мен есепке алу аспаптарына жібермеу.

      Газ беруді тоқтата тұру жеткізуші тұтынушыға жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      63. Газ беруді қайта бастау осы Қағидалардың 60 және 62-тармақтарында аталған газ жеткізуді тоқтатуды тудырған себептерді тұтынушы жойғаннан кейін, сондай-ақ газды бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес тұрақсыздық айыбы төлемінің берешегі өтелген соң жүргізіледі.

      Жоспарлы қосатын күн туралы газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі немесе газ толтыру станциясының иесі тұтынушыны газды беруді қайта бастау туралы шешім қабылданған күні хабардар етеді. Тұтынушыны ажырату себебі жойылғаннан кейін газды беруді қайта бастаудың шекті мерзімдері газды беруді қайта бастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайды.".

      3. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9980 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шартында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шартта мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – сұйытылған мұнай газы;

      2) газ жабдығы – газ құбырларының құрамдас элементтері ретінде пайдаланылатын, толықтай зауытта дайындалатын техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, сақтандыру-ығыстыру арматурасы, құбыр бекітпе арматура), сондай-ақ газ пайдаланушы қондырғылар (газ аспаптары, пештері мен плиталары);

      3) газбен жабдықтау жүйесінен ажырату – жеткізушінің өкілдері орындайтын және тұтынушының газ жабдығына газ беруді тоқтатуға бағытталған газ қаупі бар жұмыстардың кешені;

      4) газбен жабдықтау схемасын өзгерту – пәтерішілік газ құбырының аралық қабатын өзгерту және газ аспаптарын көшіру;

      5) газбен жабдықтаушы ұйым – тұтынушыға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын топтық резервуарлық қондырғының иесі;

      6) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;

      7) заңсыз қосылу – тұтынушыны газбен жабдықтау жүйесінен ажырату туралы куәландыратын жеткізушінің пломбасы (бітеуіш стакан және т.б.) болған кезде орындалған тұтынушының газбен жабдықтау жүйесіне қосылуы;

      8) өздігінен қосылу – тұтынушының газбен жабдықтау жүйесіне өз күшімен не оған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың көмегімен қосылуға бағытталған іс-әрекеті;

      9) тұрмыстық тұтынушы – сұйытылған мұнай газын кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;

      10) тұрмыстық тұтынушының тұрғын үй-жайында іс жүзінде тұру – тұрмыстық тұтынушының тұрғын үй-жайында тұрақты (кемінде бір ай) тұратын отбасы мүшелерінің, өзге де тұратын адамдардың, оның ішінде жалға алу (жалдау) шарты бойынша тұратындар саны;

      11) уақтылы ақы төлемеу – тұтынушының заңнамада және/немесе осы Шартта белгіленген ақы төлеу мерзімі өткен соң тұтынылған газ үшін ақы төлемеуі/тиісінше ақы төлемеуі;

      12) ысырмалы кран – тұтынушының газ жабдығы алдындағы газ құбырындағы бекітпе арматура.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шартында:

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Тапсырыс беруші:

      1) газ жабдығын оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдалануды қамтамасыз етуге;

      2) газ жабдығы, түтіндік пен желдеткіш каналдары жарамсыз болған, газдың иісі шыққан кезде, газды пайдалануды жедел тоқтатуға және газ тарату ұйымының авариялық қызметіне, топтық резервуарлық қондырғы иесіне немесе газ толтыру станциясының иесіне хабарлауға;

      3) түтіндік және желдеткіш каналдарын уақтылы тексеруді және тазартуды қамтамасыз етуге;

      4) орындаушының өкіліне (қызметтік куәлікті немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде), газ жабдығына жөндеу қажет болған жағдайда – қарап тексеру үшін, ал авариялық жағдайлар кезінде – тәуліктің кез келген уақытында қол жеткізуді қамтамасыз етуге. Орындаушы техникалық қызмет көрсетуді жүргізген кезде газдандырылған объектіге газбен жабдықтау жобасының (атқарушы-техникалық құжаттаманың) көшірмесін ұсынуға;

      5) газ жабдығын, түтіндік және желдеткіш каналдарын өз бетінше газдандыру, қайта монтаждау, монтаждау, бөлшектеу, құрылысын өзгерту және жөндеу (оның ішінде ауыстыру) жөніндегі жұмыстарды жүргізбеуге және оларды жүргізуге жол бермеуге;

      6) газ жабдығының алдында және ажыратқышта (тіреуіштер) іске қосу крандарының орналасқан жерін бітемеуге;

      7) газ жабдығын қауіпсіз пайдалану туралы бұзушылықтарды жою актісіне сәйкес, орындаушы анықтаған бұзушылықтарды жоюға;

      8) бес жұмыс күнінің ішінде орындаушыға техникалық қызмет көрсетілуге жататын жабдықтар санының өзгеруі туралы хабардар етуге міндетті.".

      4. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау тәртібін айқындайды.";

      3-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау тәртібі";

      16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары жыл сайын белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында:

      1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;

      2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;

      3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін қолданылады.

      17. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары:

      1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін – сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерде;

      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну үшін әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін – Қазақстан Республикасының шекарасында белгіленеді.

      18. Егер Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын есептеу үшін пайдаланылатын сұйытылған мұнай газының бағалары бойынша деректер шетел валютасымен берілген болса, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісу үшін жіберілген күннің алдындағы күнге Ұлттық банк белгілеген теңгенің осы шетел валютасына ресми бағамы қолданылады.

      19. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға осы Қағидаларға қосымшада келтірілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау тетігіне сәйкес әзірлейді.

      20. Жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасының деңгейі 2017 жылғы 1-тоқсанға бекітілген деңгейінен төмен және 2014 жылғы 3 тоқсанға бекітілген деңгейінен жоғары болмайды.

      21. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын уәкілетті орган тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей әзірлейді және оларды әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға келісу үшін жібереді.

      22. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу үшін қажетті қосымша ақпаратты уәкілетті органнан сұратады, ол осындай сұрау салу алынған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

      23. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 10, 11, 12, 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын келісуден бас тартады.

      Бұл ретте уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидалардың 13, 14 және 24-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын ағымдағы кезеңнің деңгейінде бекітеді.

      24. Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының алдағы жылға арналған шекті бағасын жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.

      25. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бекітілген шекті бағалары сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын адамдар үшін белгіленетін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау кезінде пайдаланылады.";

      Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларына қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 191
Тізбеге 1-қосымша
Тауарлық, сұйытылған мұнай
және сұйытылған табиғи газды
өндіру, тасымалдау (тасу),
сақтау, тиеп-жөнелту және
өткізу мониторингі бойынша
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
8-қосымша
 
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан


      Уәкілетті органға ұсынылады.

      Әкімшілік деректер нысаны www.egsu.energo.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған

      Меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер және (немесе) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер және (немесе) сұйытылған мұнай газын беру жоспарынан тыс тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 8 СМТМ.

      Мерзімділігі: ай сайын.

      Есепті кезең: 20___ жылғы ____________ айы.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: өндірушілер.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей.

      1-бөлім. Меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер және (немесе) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер

Өндірушінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Cәуір

Мамыр

1

2

3

4

5

1

Сұйытылған мұнай газын өндірудің жалпы көлемі, тонна







оның ішінде






2

меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі, тонна






3

сұйытылған мұнай газының меншік иелері бөлінісінде меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі, тонна






4

Сұйытылған мұнай газының 1 меншік иесінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі






5

Сұйытылған мұнай газының 2 меншік иесінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі






6

Сұйытылған мұнай газы көлемінің маркасы







оның ішінде







техникалық пропан-бутан қоспасы, тонна







техникалық пропан, тонна







техникалық бутан, тонна






      Кестенің жалғасы

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Жыл басынан бері

6

7

8

9

10

11

12

13

























































































      2-бөлім. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер және (немесе) сұйытылған мұнай газын беру жоспарынан тыс тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атауларын көрсете отырып, сұйытылған мұнай газын алушылардың атауы

Жеткізу жоспарына сәйкес көзделген тиісті айға тиеу көлемі, оның ішінде:

Тиісті айға нақты тиеп-жөнелту көлемі, оның ішінде:

Алушылар бөлінісінде тиеп-жөнелту орны және жеткізу тәсілі

Бас тарту көлемі, тонна

Сұйытылған мұнай газының қалдықтары, тонна

тауар биржаларынан тыс

тауар биржалары бойынша

тауар биржаларынан тыс

тауар биржалары бойынша

тауар биржаларынан тыс

тауар биржалары бойынша

1

2

3

4

5

5

7

8

















Барлығы:








      Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________

      Телефондар

      _____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы

      _____________________________________________________________

      Орындаушы

      _____________________________________________________________

      қолы, телефоны, тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      __________________________________________________________

      қолы, тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  "Меншікті сұйытылған мұнай
газын өндіру көлемдері туралы
мәліметтер және (немесе)
меншік құқығында немесе өзге
де заңды негіздерде басқа
тұлғаларға тиесілі көмірсутек
шикізатынан сұйытылған мұнай
газын өндіру көлемдері туралы
мәліметтер және Қазақстан
Республикасының ішкі
нарығына сұйытылған мұнай
газын беру жоспары шеңберінде
сұйытылған мұнай газын тиеп-
жөнелту және (немесе) өткізу
жөніндегі мәліметтер және
(немесе) сұйытылған мұнай
газын беру жоспарынан тыс
тиеп-жөнелту және (немесе)
өткізу жөніндегі мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

      "Меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер және (немесе) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер және (немесе) сұйытылған мұнай газын беру жоспарынан тыс тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (Индексі: 8 СМТМ, мерзімділігі: ай сайын)

      "Меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер және (немесе) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер және (немесе) сұйытылған мұнай газын беру жоспарынан тыс тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:

      1) "Меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер және (немесе) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтер" деген 1-бөлімде:

      1-жолда есепті айда өндірілген сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі;

      2-жолда есепті айда өндірілген меншікті сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі;

      3-жолда өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген меншік иелері бөлінісінде сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі, тонна;

      4 және 5-жолдарда өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газы меншік иесінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      6-жолда өндірілген сұйытылған мұнай газының маркалары бойынша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі: техникалық бутан, техникалық пропан-бутан, техникалық пропан, тонна;

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-бағандарда ай бойынша көрсеткіштердің мәні көрсетіледі;

      13-бағанда қаңтар мен есепті ай аралығындағы кезең үшін мәннің сомасы көрсетіледі;

      2) "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер және (немесе) сұйытылған мұнай газын беру жоспарынан тыс тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер" деген 2-бөлімде:

      1-бағанда есепті айда ішкі нарықта өткізу үшін ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту көлемі жүзеге асырылатын ұйымның және өңірдің атауы көрсетіледі;

      2 және 3-бағандарда ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде есепті айда ішкі нарықта өткізу үшін бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі;

      4 және 5-бағандарда есепті айда ішкі нарықта өткізу үшін беру жоспары шеңберінде тиеп-жөнелтілген сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелтудің көлемі көрсетіледі;

      6-бағанда сұйытылған мұнай газын тұтыну үшін тиеп-жөнелтілген облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атауы және сұйытылған мұнай газы көлемдерін жеткізу тәсілі: теміржол және (немесе) автомобиль көлігі, құбыржол көрсетіледі;

      7-бағанда бөлінген көлемдерді сатып алудан бас тартуға байланысты беру жоспары шеңберінде өткізілмеген сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі;

      8-бағанда беру жоспары шеңберінде тиеп-жөнелтілмеген есепті айдың соңындағы сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 191
Тізбеге 2-қосымша
Тауарлық, сұйытылған мұнай
газын және сұйытылған табиғи
газды өндіру, тасымалдау (тасу),
сақтау, тиеп-жөнелту және
өткізу мониторингі бойынша
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
10-қосымша
 
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан


      Уәкілетті органға ұсынылады.

      Әкімшілік деректер нысаны www.egsu.energo.gov.kz

      интернет-ресурсында орналастырылған

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 10 ӨЖТМ.

      Мерзімділігі: ай сайын.

      Есепті кезең: 20__жылғы _________ ай.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей.

1

Өңір

Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы бойынша код

Айдың басындағы қалдықтар (тонна)

Беру жоспары бойынша сатып алынған сұйытылған мұнай газы

Беру жоспарынан тыс сатып алынған сұйытылған мұнай газы

Мұнай-газ- химия өнімін өндіру үшін пайдаланылған сұйытылған мұнай газының көлемі

Сұйытылған мұнай газын сатып алушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Көлемі (тонна)

Жеткізуші

Көлемі (тонна)

Жеткізуші

тауар биржалары арқылы

тауар биржа
ларынан тыс

тауар биржалары арқылы

тауар биржаларынан тыс

2

3

4

5

6

7

8

2

Атауы

















1-компания








2-компания

3

Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушының атауы











4

Саны












Жиыны











      кестенің жалғасы

Сұйытылған мұнай газын өткізу көлемі (тонна)

Айдың соңындағы қалдықтар (тонна)

Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бойынша баллонды сатуға арналған газ толтыру пункттері

Топтық резервуарлық қондырғылар

Автогаз құю станциялары

Өнеркәсіптік кәсіпорындар

Өз қажеттіліктері

меншікті

бөгде

көп пәтерлі үйлер

жеке тұрғын үй секторлары

заңды тұлғалар үшін сыйымды өткізу

меншікті

бөгде













9

10










      Атауы _______________________ Мекенжайы ________________________

      Телефондар _____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы ______________________________ қолы, телефоны ________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      _______________________________________________ қолы _________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  "Облыстың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың аумағында
сұйытылған мұнай газын өткізу
және тұтыну жөніндегі
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға
қосымша

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 10 ӨЖТМ, мерзімділігі: ай сайын)

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректер нысанына мынадай деректер енгізіледі:

      2-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының кодына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды көрсетіледі;

      4-бағанда есепті айдың басындағы сұйытылған мұнай газының көлемі, тоннамен көрсетіледі;

      5-бағанда тауар биржаларынан тыс және тауар биржалары арқылы беру жоспары шеңберінде "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-1-бабының 11-тармағында көрсетілген тұлғалар сатып алған сұйытылған мұнай газының көлемі және өнім берушілердің атауы көрсетіледі;

      6-бағанда "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-1-бабының 11-тармағында көрсетілген тұлғалар беру жоспарынан тыс, тауар биржалары арқылы және одан тыс сатып алған сұйытылған мұнай газының көлемі және өнім берушілердің атауы көрсетіледі;

      7-бағанда есепті айда мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылған сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі;

      8-бағанда сұйытылған мұнай газы өткізілген субъектінің атауы және кәсіпорындар мен ұйымдар үшін өткізілген жағдайда, сатып алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, бұл ретте сұйытылған мұнай газы жеке тұлғалар үшін өткізілген жағдайда бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілмейді;

      9-бағанда тұтыну санаттары бойынша сұйытылған мұнай газын өткізу көлемі көрсетіледі: газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, автогаз құю станциялары және өнеркәсіптік тұтынушылар, сондай-ақ өз мұқтаждарына, тонна;

      10-бағанда есепті айдың соңындағы сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі;

      2-жолда сұйытылған газ олар арқылы тиісті облысқа, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға жеткізілетін ұйымдарының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      3-жолда есепті айда өңір бойынша мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде сұйытылған мұнай газын пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      4-жолда өңір бойынша 8-бағанда көрсетілген объектілер саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 191
Тізбеге 3-қосымша
 
  Тауарлық газды ішкі нарықта
көтерме саудада өткізудің шекті
бағаларын және Қазақстан
Республикасының ішкі
нарығына сұйытылған мұнай
газын беру жоспары шеңберінде
тауар биржаларынан тыс
өткізілетін сұйытылған мұнай
газының шекті бағасын
айқындау қағидаларына
қосымша

      Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын айқындау тетігі

      P = (Pw – TRexp) x К

      онда,

      P – тауар биржаларынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы, бір тонна үшін теңгемен;

      Pw – соңғы өткен күнтізбелік жылдағы ай сайынғы баға белгілеудің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалатын сұйытылған мұнай газының әлемдік бағасы, бір тоннасына теңгемен. Осы тармақтың мақсаттары үшін баға белгіленімі "Argus Media (Russia) Ltd. (Petroleumargus)" компаниясының "Аргус сұйытылған газ және конденсат" дереккөзінде жарияланатын ақпарат негізінде тәжік-өзбек шекарасындағы (DAF Бекабад СПБТ) сұйытылған мұнай газы бағасының шетелдік валютадағы баға белгіленімін білдіреді, ал жоғарыда көрсетілген дереккөзде сұйытылған мұнай газының бағасы туралы ақпарат болмаған кезде – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердің деректері бойынша жүргізіледі;

      TRexp – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерден соңғы өткен күнтізбелік жылдағы тәжік-өзбек шекарасына дейін сұйытылған мұнай газын теміржол көлігімен тасымалдау бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі мәмілелер мониторингі негізінде айқындайтын орташа арифметикалық шығыстар, бір тоннасына теңгемен;

      К – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде Қазақстан Республикасындағы газдандырылған халықтың саны деңгейінің соңғы өткен күнтізбелік жылдағы Қазақстан Республикасындағы халықтың жалпы саны деңгейіне арақатынасын көрсететін түзету коэффициенті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады