"Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 маусымда № 28353 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13715 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Хабарламалар мынадай тәсілдермен жөнелтіледі:

      қағаз тасымалдағышта тікелей ішкі істер органдарына mvd.gov.kz сайтында орналастырылған мекенжайлар бойынша хабарлама беру;

      "Бүркіт" БАЖ Визалық-көші-қон порталы арқылы www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы дербес электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы;

      www.eqonaq.kz веб-сайтының қолданушылары "e-Qonaq" ақпараттық жүйесі арқылы.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

 

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады