"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 маусымда № 28371 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін (бұдан әрі – жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу) ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылау нәтижелерін, жер беті түсірілімдерін, зерттеп-қарауларды, түгендеулерді, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы туралы деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган – ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      5) жергілікті өзін-өзі басқару органдары – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;

      6) қоғамдық кеңестер – "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өз құзыретіндегі мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, байқаушы органдар;

      7) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      8) уақытша жер пайдаланушылар (бұдан әрі – жер пайдаланушылар) – жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану жағдайларына (шабындық жерлерді, көп жылдық екпелер мен өндірістік емес учаскелерді: жолдарды, орман екпелерін, өзендерді, көлдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары) 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтамау және жер пайдаланушының жаюға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының саны Жүктеме нормасынан асып түсетін мөлшерде болуы жатады.

      Жерлерді ұтымды пайдалану бөлігіндегі мониторинг Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті атқарушы орган мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын веб-порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) қалыптастырады және ақпарат қалыптастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) жолдайды.

      Аумақтық бөлімше есептік жылдан кейінгі екінші айдың он бесінен кешіктірмей, жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16662 болып тіркелген) бекітілген Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткен салықтық кезең (күнтізбелік жыл) үшін мәліметтер жолдайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мониторингті жүзеге асыру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органға;

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының көп жылдық шөптер егістерін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және егу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасына;

      3) Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша жүргізілген тексерулер мен профилактикалық бақылау туралы мәліметтер алу үшін аумақтық бөлімшеге;

      4) жер учаскелерін жалға алушылардың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты тиісті растаушы құжаттарымен қоса алу үшін оларға сұранымдар жібереді.

      Қажет болған жағдайда, қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер жинау үшін толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұранымдар жібереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мониторинг барысында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған сәттен бастап 1 (бір) жыл бойы оны мақсаты бойынша пайдаланбау фактісі белгіленген жағдайда, мұндай жер учаскесi Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қойылуы тиіс.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау кезеңіне жер учаскесін еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдалануға болмаған уақыт кірмейді.

      Мониторинг жүргізу кезінде жер учаскесін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану фактісі анықталған жағдайда, мұндай жер учаскесі Кодекстің 94-бабында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп алып қойылуы тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 31 мамырдағы
№ 173 бұйрығына
қосымша
  Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін берілген
  ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді
  пайдалану мониторингін
ұйымдастыру мен жүргізу
қағидаларына
1- қосымша

      Нысан

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат

Р/с №

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің, жер пайдаланушының) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері

Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесіне құқықтың тіркелген күні

Танаптың /жайылымның нөмірі

Танаптың /жайылымның алаңы, гектар

Жердің пайдаланылмағаны туралы ақпарат (құқық бұзушылық түрі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      20__ жылғы "__" ____________ сағат ________ жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады