Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 маусымда № 28450 болып тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 47-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 14 маусымдағы
№ 219 Бұйрығына
бекітілген

Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 47-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау тәртібін, "Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйенің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналастырылған, субсидиялау жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      2) арнайы шот – осы Қағидалардың 4-тарауының шарттарына сәйкес субсидиялардың сомалары аударылатын қаржы институтының екінші деңгейдегі банктегі шоты;

      3) балық өсіру шаруашылығына арналған қондырғы (бұдан әрі – қондырғы) – машинаға орнатылатын және машиналардың негізгі және (немесе) қосымша функцияларын орындау үшін, сондай-ақ оларды біріңғай кешенге біріктіру үшін қажетті техникалық құрылғы;

      4) балық өсіру шаруашылығына арналған техника (бұдан әрі – техника) – жекелеген операцияларды немесе процестерді механикаландыру, электрлендіру және автоматтандыру жолымен балық шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құралдардың кең спектрі;

      5) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі;

      6) жеке шот – тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

      7) жобаның паспорты – осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген субсидиялауға жататын жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге (оның ішінде жаңғыртуға), техника, машиналар, жабдықтар және басқа негізгі құралдарды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған инвестициялық салымдар тізбесі және оларды өтеу үлесі;

      8) жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылықтарды кеңейту – жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылықтарды жетіспейтін немесе қажетті жабдықпен (техникамен және машиналармен) жарақтандыруды немесе өндірістік қуаттылықтарды ұлғайтуды және өндіріс көлемін ұлғайтуға және (немесе) өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және (немесе) өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға, оның орамасын өзгертуге және (немесе) ассортиментін кеңейтуге бағытталған өзге де іс-қимылдарды көздейтін іс-шаралар, сондай-ақ, мақсаты нарықта жаңа тауарлық тауашаға орнығу, өткізу нарықтарын кеңейту және басқалар болып табылатын іс-шаралар;

      9) инвестициялық жоба (бұдан әрі – инвестициялық жоба) – жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге (оның ішінде жаңғыртуға), жобалар паспорттарына сәйкес техника, машиналар мен жабдықтар сатып алуға инвестициялар салуды көздейтін іс-шаралар кешені;

      10) инвестор (бұдан әрі – инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) –инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісі;

      11) инвестициялық салымдар – жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;

      12) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжеткізуді және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) айқындайтын адам;

      13) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар микроқаржылық ұйымдар, кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер;

      14) машина – өзара байланысты, оның ішінде қозғала алатын компоненттерден тұратын энергияны, материалдар мен ақпаратты түрлендіруге арналған техникалық құрылғы немесе құрылғылар жиынтығы;

      15) алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.02.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16) өндірістік кешен – балық шаруашылығы өнімдерін өндіруге, өңдеуге, сақтауға, буып-түюге бағытталған өзара байланысты өндірістік қуаттылықтар (ғимараттар, құрылысжайлар, монтаждалатын жабдық, инженерлік желілер) жиынтығы;

      17) өтінім – осы Қағидаларға 3, 4, және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) инвестициялық салымдар кезінде субсидиялар алуына арналған электрондық/қағаз түріндегі өтінімі;

      18) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялауға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырып, ретке келтірілген жиынтығы;

      19) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі –тізілім) – балық шаруашылығын субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      20) субсидиялау – инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу;

      21) субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші)) – инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдерін қарастыруға және субсидияларды беруде төлеу/бас тарту туралы шешім қабылдауға өкілетті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы орган;

      22) субсидиялау шарты – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мен инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) арасында жасалатын, субсидиялар қаражатын аударудың тәртібі мен шарттарын, мониторинг барысын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін келісім;

      23) өтінімдерді мониторингтеу тізілімі (бұдан әрі – мониторингтеу тізілімі) – субсидиялауға арналған өтінімдер, инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) туралы, сондай-ақ қаражатқа қажеттілікті анықтау үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрініс табатын өзге де мәліметтер;

      24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.02.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайын тиісті жылғы 1 ақпанына дейін субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің), жергілікті атқарушы органдардың (оның ішінде аудандық/қалалық) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшілерінің, жануарлар дүниесін молайту және пайдалану, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану қызметкерлері және қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып табылатын басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатарынан мамандар тобын (бұдан әрі - мамандар тобы) құрады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркейді. Мамандар тобының жалпы саны тақ және кемінде бес адамды құрайды.

      4. Барлық паспорт жобалары бойынша мамандар тобы құжаттарды тексеруді, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) объектісін, сатып алынған жабдықты растайтын фото және бейнематериалдарды міндетті түрде қоса бере отырып, жобалардың паспорттарында көзделген шарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ өндірістік қуаттылықтардың жүктемелеріне қол жеткізуді тексереді, осы Қағиданың 16-тармағына сәйкес субсидияларды есептеуді жүргізеді.

      Әрбір объектіге топ мамандарының арасынан кемінде 2 (екі) маман жіберіледі, оларды (көрсетілетін қызметті беруші) айқындайтын болады.

      Қарап-тексеру инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) немесе оның сенім білдірген адамының қатысуымен жүзеге асырылады және оның нәтижесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестордың объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктемелеріне қол жеткізілгеніне куәлік ету актісімен (бұдан әрі - қарап-тексеру актісі) ресімделеді.

      5. Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

      6. Жобалар паспорттары бойынша өтінімдер қабылдау үшін көзделген қаражат игерілмеген жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тиісті жылдың үшінші тоқсанынан бастап қаражатты балық шаруашылығы саласындағы өңірлерді дамытудың басым бағыттары бойынша тиімді бөлінуіне қарай жобалар паспорттары арасында қайта бөлу туралы шешім қабылдайды.

      7. Субсидиялар оларға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталған, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтері тоқтатылған инвесторларға (көрсетілетін қызметті алушыларға) берілмейді.

2-тарау. Субсидиялаудың тәртібі

      8. Субсидиялау осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жобалардың паспорттары бойынша жүзеге асырылады және инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша жүргізіледі.

      Субсидияларды беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес жазылған.

      Уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және бірыңғай байланыс орталығына Қазақстан Республикасы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ақпарат жолдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.02.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Субсидиялар пайдалануға берілген инвестициялық жобалар бойынша электрондық өтінім берілген жылға дейін екі жылдан ерте емес ұсынылады. Субсидиялауға жаңа, бұрын пайдаланылмаған техника, машиналар және (немесе) жабдықтар жатады:

      1) инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес сатып алынған;

      2) инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 36 (отыз алты) айдан ерте емес шығарылған.

      10. Егер жобалардың паспорттары бойынша тек техника, машиналар және (немесе) жабдықтар сатып алу болжанатын болса, онда өтінім берілетін жылға дейін 3 (үш) жылдан ерте емес сатып алынған техника, машиналар және (немесе) жабдықтар субсидиялауға жатады.

      11. Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жобалардың паспорттарына, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда субсидиялау жүзеге асырылады.

      12. Сатып алынған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді электрондық шот-фактуралармен растау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      13. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) техниканы және (немесе) жабдықты электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден тікелей сатып алған кезде, сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан) расталады.

      14. Субсидиялар осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жаңа өндірістік қуаттылықтар пайдалануға берілгеннен және (немесе) жұмыс істеп тұрғандары кеңейтілгеннен кейін және (немесе) техника, машиналар және (немесе) жабдықтар сатып алынғаннан кейін төленеді.

      15. Субсидияларды есептеу іс жүзінде салынған инвестициялар бойынша жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу пайызы (бұдан әрі – %) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жобалар паспорттарында көзделген өтеу үлесіне сәйкес белгіленеді.

      Жаңа өндірістік қуаттар құру кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді көздейтін жобалардың паспорттары бойынша субсидиялар екі траншпен төленеді:

      1) бірінші транш объектіні пайдалануға бергеннен кейін субсидиялардың жалпы сомасының 50 (елу) % - ы мөлшерінде төленеді;

      2) екінші транш бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өнім өндіру көлемі жалпы өндірістік қуаттың кемінде 30 (отыз) % - ына жеткеннен кейін субсидиялардың жалпы сомасының 50 (елу) % - ы мөлшерінде төленеді.

      Инвестициялық жоба өтінім берген сәтте өнім өндірісінің көлеміне жалпы өндірістік қуаттың 30 (отыз) % және одан астам қол жеткізген жағдайда, субсидиялар бір траншпен төленеді.

      16. Субсидияларды есептеу осы Қағидаларға 8-қосымшада көзделген формулаларға сәйкес айқындалады.

      Қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) бойынша тіркеу есебінде тұрған балық шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялар сомасын есептеу есепке жатқызылған ҚҚС сомасына азайтылған инвестициялық салымдар сомасына сүйене отырып жүргізіледі.

      17. Өтінімдерді қабылдау инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша тиісті жылдың 1 наурызынан бастап 15 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін жүзеге асырылады.

      18. Пайдалануға берілмеген инвестициялық жобалар бойынша инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өтінімді екі кезеңмен бере алады. Бірінші кезеңде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Екінші кезеңде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      19. Пайдалануға беріліп қойған инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ нақты сатып алынған техника, машиналар және (немесе) жабдықтар бойынша өтінімдер екі кезеңді рәсімдерді қолданбай қаралады.

      20. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда, субсидиялар сомасын жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) есептік шотына аударады.

      Техниканы, машиналарды және (немесе) жабдықтарды кредитке/лизингке сатып алу кезінде инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) келісімі бойынша субсидиялар қаржы институтына инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне не инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) есептік шотына аударылады.

      21. Субсидиялауға өтінім беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Инвесторда (көрсетілетін қызметті алушыда) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының бар екендігі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталады.

      22. Бірінші кезең бойынша жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімін алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы субсидиялауға арналған бірінші кезеңнің электрондық өтінімін береді, оған инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сы қойылып, өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар "PDF (Portable Document Format)" форматында (инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның электрондық көшірмесі) қоса беріледі.

      Бұл ретте, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаның осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

      Инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешімі туралы хабарлама жолданады.

      Хабарлама инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі "жеке кабинетіне" жолданады.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      23. Екінші кезеңде (жұмыстар аяқталғаннан кейін) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның электрондық көшірмесі) мынадай растау, құқық белгілеу және (немесе) тіркеу құжаттарын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған екінші кезең өтінімін береді.

      24. Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) техника, машиналар және (немесе) жабдықтар сатып алғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және (немесе) "Автомобиль" дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы растау жүзеге асырылады.

      25. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өтінімін тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Аталған хабарлама инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      26. Өтінімге қоса берілген құжаттар не онда қамтылған қажетті мәліметтер толық емес болған жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      27. Өтінім екінші кезеңде берілген және тіркелген кезде өтінім жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) "жеке кабинетіне" немесе мамандар тобына келіп түседі.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордан (көрсетілетін қызметті алушыдан) өтінім түскенде он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес өтінімді қарау бойынша шаралар қолданады.

      Өтінімді мониторингтеу тізіліміне қосу туралы ақпарат субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрініс табады.

      28. Субсидиялар беруден бас тарту мемлекеттік осы Қағидалардың 7-қосымшаға көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша жұмыс орган (көрсетілетін қызметті беруші) оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.02.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Өтінімді қарастырудың нәтижелері туралы мәліметтер инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) жеке кабинетіне жолданады және веб-порталда көрініс табады.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) оң шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мен инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) арасында осы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ЭЦҚ қойылған электрондық нысанда жасалған осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау шартына қол қойылады.

      Субсидияларды беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні туындаған жағдай туралы дереу хабардар етеді және оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші туындаған ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама толтырады және оған жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қол қояды.

      Жасалған субсидиялау шарттары резервке (күту парағына) енгізіледі.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялау шарттарын өтінімдердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша резервке (күту парағына) енгізеді.

      Субсидиялау шартын резервке енгізу туралы ақпарат (күту парағы) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

      Резервке (күту парағына) түскен субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар төлеу ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде субсидиялау шартының резервке (күту парағына) түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылында резервке (күту парағына) түскен субсидиялау шарттары бойынша қосымша бюджет қаражаты болмаған жағдайда, субсидияларды төлеу келесі қаржы жылында жүзеге асырылады.

3-тарау. Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) техниканы, машиналарды және (немесе) жабдықтарды сатып алу кезіндегі субсидиялау тәртібі

      30. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) техниканы, машиналарды және (немесе) жабдықтарды кредитке/лизингке сатып алуды жоспарлаған жағдайда, субсидияларды қаржы институтының арнайы шотына аванстық төлеммен аудару жүзеге асырылады.

      Субсидияларды қаржы институтының арнайы шотына аванстық төлеммен аудару тетігін қолдануға арналған өтінімдерді жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) екі кезеңді рәсімді қолданбай қарайды.

      31. Субсидияларды арнайы шотына алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық/қағаз түрінде өтінім береді және қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімінің қаржы институты растаған көшірмесін қосымша береді.

      Қаржы институты арнайы шоттағы қаражатты жұмыс органы осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес субсидиялар төлеу (екінші кезең) туралы шешім қабылдағанға дейін пайдаланбайды.

      Арнайы шотқа субсидиялар алу үшін инвестор осы Қағидаларда көрсетілген көрсетілген құжаттармен бірге, қаржы институты кредиттік комитетінің оң шешімінің қаржы институты куәландырған көшірмесін, қаржы институтымен жасалынған кредиттік шартты/лизинг шартын қосымша береді.

      32. Қаржы институты кредит беру жолымен инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) қаржыландырған жағдайда, арнайы шотқа субсидияларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) кредит беруді жүзеге асырады және растайтын құжаттарды, кредит шартының көшірмесін жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынады.

      33. Қаржы институты техниканы, машинаны және (немесе) жабдықты лизингке беру жолымен инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) қаржыландырған жағдайда, жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) оң шешімі мен арнайы шотқа қаражат алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, егер, инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) мен қаржы институты арасындағы шартта өзгеше көзделмеген болса, қаржылық лизинг шартында көзделген қаражатты инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотына аударады және растайтын құжаттарды, сондай-ақ кредит шартының көшірмесін жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынады.

      Қаржы институты үшжақты шартқа және қаржы институтының арнайы шоттағы ақшаны пайдаланбауы туралы келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күннен аспайтын мерзімде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) лизинг нысанасын қабылдау-тапсыру актісін және лизинг нысанасының түпкілікті құнын айқындау жөніндегі лизинг шартына қосымша келісімді қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) техниканы, машинаны және (немесе) жабдықты жеткізудің аяқталғаны туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте, осы тармақтың екінші бөлігінде қарастырылған талаптарды орындағанға дейін қаржы институты арнайы шоттағы қаражатты пайдаланбайды.

      Лизинг нысанасының түпкілікті құны субсидиялау шартында көрсетілген құннан іс жүзінде аз болған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды қайта есептеуді жүзеге асырады, айырмашылық сомасын (арнайы шотқа аударылған артық қаражатты) анықтайды және үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаржы институтына айырмашылық сомасын (арнайы шотқа аударылған артық қаражатты) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есептік шотына қалпына келтіру қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.

      Қаржы институты жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есептік шотына қаражатты хабарламада көрсетілген мөлшерде қалпына келтіреді.

      Лизинг нысанасының түпкілікті құны субсидияларды есептеуге арналған барынша жол берілген құннан асатын инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша субсидияларды қайта есептеу жүзеге асырылмайды.

      34. Қаржы институты осы Қағидалардың 32-тармағында (кредит беру жолымен инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) қаржыландырған жағдайда) немесе 33-тармағында (техниканы, машинаны және (немесе) жабдықты лизингке беру жолымен инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) қаржыландырған жағдайда) көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, қаржы институты үш жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) арнайы шотқа аударған қаражатты толық көлемде қалпына келтіреді. Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылы жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және бюджеттік шығыстар сыныптауышының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтірумен жүзеге асырылады. Өткен жылдардағы төлемдер қайтарылған жағдайда, қайтару сомасы төлемақы жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      35. Арнайы шотқа аударылған қаражатты қаржы институты инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) субсидия беру туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) оң хаттамалық шешімінің негізінде, инвестициялық жоба шеңберінде техника, машина және (немесе) жабдық сатып алуға пайдаланылған кредит/лизинг бойынша инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне есептейді.

4-тарау. Субсидиялауды мониторингілеу

      36. Субсидиялау мониторингін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде мынадай өлшемшарттар бойынша және мынадай мерзімдерде жүзеге асырады:

      1) субсидиялау сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) сатып алынған техниканы, машиналар және (немесе) жабдықтарды иеліктен шығармауы және мақсатты пайдалануы;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес тексеру арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау жүзеге асырылған инвестициялық жобалар бойынша бизнес-жоспарға сәйкес өндіргіштігі және (немесе) өнімділігі және (немесе) өнімді өткізу және (немесе) өндірістік қуаттылықтар жүктемесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуді орындау тұрғысынан;

      3) субсидияларды аванстық төлеммен арнайы шотқа аудару жөніндегі тетік шеңберінде субсидияланған объектілерді пайдалануға беру (бизнес-жоспарда көрсетілген мерзімдерде), иеліктен шығармауы және мақсатты пайдалануы тұрғысынан.

      37. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордан (көрсетілетін қызметті алушыдан) осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мониторинг шарттарын орындау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес мәліметтерді қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты сұратады.

      Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) 10 (он) жұмыс күні ішінде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) сұратылған ақпаратты ұсынады.

      38. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған мониторинг деректері негізіндегі талдауды жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тексереді және келіседі.

      Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) ол бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау жүзеге асырылған инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына сәйкес өндіргіштік және (немесе) өнімділік және (немесе) өнімді өткізу және (немесе) өндірістік қуаттылықтарды жүктеу бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) факт анықталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда көзделген шараларды қабылдайды. Бұл ретте, төленген субсидияларды қайтармау туралы шешім инвестор (көрсетілетін қызметте алушы) болжай алмайтын және алдын ала алмайтын еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарларынан болатын объективті факторлар негізінде қабылданады.

      Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) сатып алынған техниканы, машиналарды және (немесе) жабдықтарды иеліктен шығарған және (немесе) мақсатты пайдаланбаған, өндіріс объектісі пайдалануға берілген сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде жұмыс істемеген немесе объект бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде кемінде 30 (отыз) % мөлшеріндегі жобалық қуатқа шықпаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвесторға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қызметін тоқтата тұру рәсімінің фактісі анықталған жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды қайтару туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаражаттың қайтарылуы бойынша сот талқылауына бастамашылық жасайды.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шешімнің себебін көрсете отырып, инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) жазбаша хабардар етеді.

      Бұл ретте, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ағымдағы қаржы жылында жүргізілген төлемдерді қайтаруды орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және бюджеттік шығыстар сыныптаушының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтірумен жүзеге асырады. Өткен жылдардың төлемдерін қайтарған жағдайда, қайтарылған сома төлем жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      39. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, әкімшіге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялардың игерілуі туралы мәліметті ұсынады.

      Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидияларды игеру туралы мәліметтері әкімшіге есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Сондай-ақ жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген шарттар мониторингі туралы ақпарат ұсынады.

      40. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында жобалардың паспорттарын, алынған субсидиялар сомасын көрсете отырып, субсидия алған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) тізбесін орналастырады, сондай-ақ жыл сайын мониторинг бойынша ақпаратты орналастырады.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      41. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын ескере отырып жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымы:

      жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Егер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Жоба паспорттарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.02.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Балықтарға арналған құрама жем өндіретін зауыт (цех) құру және (немесе) кеңейту

2

Қуаты жылына 25 тонна тауарлы балықтан басталатын тоғанда балық өсіру шаруашылығын, сондай-ақ қуаты 1 миллион дана біржазғы тұқы және 200 мың дана біржазғы бекіре балық түрлерінің шабақтарын өндіретін балық питомниктерін құру және (немесе) кеңейту

3

Жылына 45 тонна тауарлы балық өсіру үшін сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығын құру және (немесе) кеңейту

4

Жылына 50 тонна тауарлы балық өсіру үшін тор қоршамда балық өсіру шаруашылығын құру және (немесе) кеңейту

5

Ауданы 50 гектардан кем емес көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы үшін жабдықтар мен техника сатып алу

6

Өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын балық өңдеу объектісін құру және (немесе) кеңейту

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

Субсидиялауға жататын жобалар паспорттарының тізбесі № 2 "Балықтарға арналған құрама жем өндіретін зауыт (цех) құру және (немесе) кеңейту" жобасының паспорты

Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі - 25 пайыз (бұдан әрі – %)

Техника мен жабдықтың, құрылыс-монтаждық жұмыстардың атауы және техникалық сипаттамасы

Жобаның қуаттылығының өлшем бірлігі

Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге

1

Бекіре және албырт балықтарына арналған экструдталған құрама жем өндіру бойынша толық өндірістік желіні (шикізатты қабылдау секциясы, мөлшерлеу секциясы, шикізатты араластыру секциясы, алдын ала ұсақтау секциясы, түпкілікті ұсақтау секциясы, микрокомпоненттерді араластыру секциясы, ұсақталған шикізатты уақытша сақтау секциясы, экструдтау секциясы, кептіру секциясы, салқындату және буып-түю секциясы, басқару секциясы) сатып алу

Қуаты сағатына 1 тоннадан кем емес/жиынтық

506 000 000

2

Түйіршіктелген жем өндіру желісін сатып алу (тұқы, тилапия балықтары үшін)

Қуаты сағатына 1 тоннадан кем емес/жиынтық

41 000 000

№ 2 "Қуаты жылына 25 тонна тауарлы балықтан басталатын тоғанда балық өсіру шаруашылығын, сондай-ақ қуаты 1 миллион дана біржазғы тұқы және 200 мың дана біржазғы бекіре балық түрлерінің шабақтарын өндіретін балық питомниктерін құру және (немесе) кеңейту" жобасының паспорты

Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі-25 %

Инвестициялық салымдар объектісінің атауы

Жоба қуатының өлшем бірлігі

Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге

1

Бір тоғанның және (немесе) бассейннің су айнасының ауданы 0,15 гектардан астам балық шаруашылығын (акваөсіру) жүргізу үшін балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғаны, балық өсіру бассейні) салу үшін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу

Бірлік

5 800 000

Балық өсіру тоғандары мен балық өсіру бассейндерін дайындау және оларға қызмет көрсету үшін техниканы сатып алу:

2

Трактор (дөңгелекті)

Бірлік

12 500 000

3

Экскаватор-тиегіш (дөңгелекті)

Бірлік

29 341 000

4

Аспалы жабдығы бар бульдозер (шынжыр табанды)

Бірлік

88 252 800

5

Жүк көтергіш құрылғысы бар автомобиль кран-манипулятор

Бірлік

19 100 000

6

Қызмет көрсетуші персоналға арналған дөңгелектері бар жылытылған тұрғын вагон

Бірлік

1 200 000

7

Редукторлары бар оттегі баллондарын бекіту орындарымен жарақтандырылған көлемі 3 м3 тірі балық ыдысынан тұратын тірі балықты тасымалдауға арналған мамандандырылған автомашина (тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық немесе тірі балықты тасымалдауға арналған арнайы автомашина субсидияланады)

Бірлік

20 000 000

Тоғанда балық өсіру шаруашылықтарында балықты сақтауға және бастапқы өңдеуге арналған жабдықты сатып алу:

8

Кем дегенде -35оC-та балықты тез мұздатуға арналған өнеркәсіптік тоңазытқыш

Бірлік

7 038 340

9

Температуралық режимі 0 Сº-ден -35 Сº дейінгі тоңазытқыш қондырғысымен, термоизоляциялық төбесі мен қабырғалары бар рефконтейнер

Бірлік

2 000 000

Машиналар және (немесе) жабдықтарды сатып алу:

10

Инкубациялық аппараттар (тұқы, алабұға және албырт балықтардың ұрықтандырылған уылдырығын инкубациялауға арналған, көлемі 200 литрден астам)

Бірлік

435 000

11

Инкубациялық аппараттар (көлемі 30 литрден кем тұқы мен бекіре балықтарының ұрықтандырылған уылдырығын инкубациялауға арналған)

Бірлік

100 000

12

Полипропилен материалынан немесе төмен қысымды пластиктен (ТҚП) жасалған, балықтардың дернәсілдерін және шабақтарын ұстауға және өсіруге арналған сыйымдылығы 1 м3 судан басталатын дернәсіл және шабақ бассейндері

м3

46 808

13

Көлемі кемінде 20 м3 суды газсыздандыруға, тұндыруға және тұндыруға арналған жинақтағыш ыдыс

м3

132 557,2

14

Ыдысқа оттегі беру жүйесімен және мембраналық компрессормен жабдықталған көлемі 3 м3 басталатын тірі балық тасымалдауға арналған ыдыс (тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық немесе тірі балықты тасымалдауға арналған арнайы автомашина субсидияланады)

Бірлік

1 400 000

15

Катамараннан, көлемі 1 тоннадан басталатын бункерден, жемшөп үстелінен және маятниктен тұратын түйіршіктелген жемге арналған жем үйлестіргіш

Бірлік

280 480

16

Балық шаруашылығы технологиялық су айдындарында суды аэрациялауға арналған құйынды ауа үрлегіш (аэратор)

Бірлік

320 000

17

Инкубациялық цехқа суды термореттеу жүйесі (суды жылыту және (немесе) салқындату үшін) бар су беруге арналған сорғылар

м3

79 298,8

18

Су қоймаларындағы жоғары сулы өсімдіктерді шабуға арналған қайық корпусынан, кескіш аппараттан, электр қондырғысынан, есу доңғалақтарынан, рульдік механизмнен тұратын қамыс шапқыш

Бірлік

5 500 000

Құрылыс-монтаж жұмыстары:

19

Балық өсіру үй-жайларын, атап айтқанда жемшөпті және басқа да материалдарды сақтауға, сондай-ақ инкубациялауға арналған коррозияға қарсы жабындарды қолдана отырып, ангар типті тез салынатын конструкцияны салу (ауданы 500 шаршы метрден аспайтын ангар)

м2

30 000

№ 3 "Жылына 45 тонна тауарлы балық өсіру үшін сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығын құру және (немесе) кеңейту" жобасының паспорты

Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25 %

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы

Жобаның қуатының
өлшем бірлігі

Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге

1

Қосалқы үй-жайлары бар УЗВ орналасқан ғимаратты қамтитын (ауданы 100 шаршыдан кем емес және 1000 шаршы метрден аспайтын қаңқалы ангар), балық өсіру бассейндерімен, суды тазарту, суды оттегімен қанықтыру жүйелерімен, желдеткішпен және жылыту жүйесімен, тоңазытқыш жабдығымен, объектіге қызмет көрсетуге арналған қажетті техникамен, машинамен және (немесе) жабдықпен жасақталған сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру кешені (бұдан әрі - УЗВ).
Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады:
- салу кезінде
- кеңейту кезінде

Қуаттылығы жылына 45 тонна тауарлық балықтан кем емес кешен

361 909 200
180 954 600

2

Балық өсіру бассейндерімен, суды тазарту, суды оттегімен қанықтыру жүйелерімен, су дайындау жүйелерімен жинақталған УЗВ

Қуаттылығы жылына 45 тонна тауарлық балықтан кем емес кешен

241 909 200

УЗВ-ның құрамдас бөліктері:

3

Оттегі станциясы

Жиынтық

6 484 560

4

Электр қуаты ажыратылған кезде УЗВ жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған авариялық электргенератор

Бірлік

4 061 000

УЗВ-да су сапасын бақылау жүйесін сатып алу:

5

Айналымдағы судағы оттегінің, температураның және рН мөлшерін бақылау және реттеу үшін оттегі датчиктері, рН және температура датчиктері бар блок

Жиынтық

607 200

Техника сатып алу:

6

Тірі балыққа арналған сұрыптау машинасы өлшегіш (балық денесінің биіктігі мен ені бойынша) бөлімдері бар тірі балыққа арналған арнайы алынбалы камералардан, су сорғыштан және балық пен судың қозғалысына арналған науалардан тұрады

Бірлік

3 613 820

7

Тірі балықты тасымалдауға арналған мамандандырылған автомашина редукторлары бар оттегі баллондарын бекіту орындарымен жарақтандырылған көлемі 3 м3 тірі балық ыдысынан тұрады (тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық немесе тірі балықты тасымалдауға арналған арнайы автомашина субсидияланады)

Бірлік

20 000 000

8

Сыйымдылығы 3 м3 бастап ыдысқа оттегі беру жүйесімен және мембраналық компрессормен жабдықталған тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық (тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық немесе тірі балықты тасымалдауға арналған арнайы автомашина субсидияланады)

Бірлік

1 400 000

УЗВ бар балық өсіру кәсіпорнында балықты сақтауға және бастапқы өңдеуге арналған жабдықты сатып алу:

9

Кем дегенде -35°C-та балықты тез мұздатуға арналған өнеркәсіптік тоңазытқыш

Бірлік

7 038 340

10

Температуралық режимі 0 Сº-ден -35 Сº дейінгі тоңазытқыш қондырғысымен, термоизоляциялық төбесі мен қабырғалары бар рефконтейнер

Бірлік

2 000 000

УЗВ қуаты бойынша есептелетін жабдық (УЗВ-ның құрамдас бөліктері):

11

Бассейндердің көлемі 15 м2 басталатын әртүрлі конфигурациялы әртүрлі материалдардан дайындалатын УЗВ-да тауарлық балықты өсіруге арналған балық өсіру бассейндері

м2

12 500

12

УЗВ - да су айналымын қамтамасыз етуге арналған ортадан тепкіш сорғылар

Бірлік

1 000 900

13

Механикалық сүзгі (судан УЗВ-ға ірі қалқыма бөлшектерді шығару үшін ұсақ торлы жабыны бар арнайы барабаннан, барабанды айналдыруға арналған мотордан, сорғыдан және ластануды тұндырғышқа ағызу жүйесінен тұрады)

Бірлік

8 200 000

14

Биологиялық сүзгі (УЗВ-да микробиологиялық ыдырау негізінде органикалық ластанудан суды тазарту жүйесі арнайы жүктемесі бар ыдыстан, компрессордан және ауа шашыратқыштардан тұрады)

Бірлік

3 465 605

15

Оңтайлы температураны ұстап тұру үшін УЗВ -да айналымдағы суды жылытуға және (немесе) салқындатуға арналған жабдық өнеркәсіптік салқындатқыштан (салқындатқыштан) және (немесе) жылу алмастырғыштан (жылытқыштан)тұрады.

Бірлік

3 487 383

УЗВ-да балық өсіру материалын өсімін молайту және өсіру үшін жабдықтарды (шабақ модулін) сатып алу:

16

Дернәсілдер мен балық шабақтарын ұстауға және өсіруге арналған бассейндер ең аз көлемі 1 м3 бетон, полипропилен немесе төмен қысымды пластиктен (ТҚП), болуы мүмкін

Бірлік

12 500

17

Инкубациялық аппараттар (ұрықтандырылған уылдырықты инкубациялауға арналған, көлемі 30 литрден кем)

Бірлік

100 000

№ 4 "Жылына 50 тонна тауарлы балық өсіру үшін тор қоршамда балық өсіру шаруашылығын құру және (немесе) кеңейту" жобасының паспорты

Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25 %

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы

Жобаның қуатының
өлшем бірлігі

Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге

1

Суды оттегімен қанықтыру жүйесі бар понтондары, жемшөп үйлестіргіштері бар дайын тор желісін сатып алу:

Қуаттылығы жылына 50 тонна тауарлық балықтан кем емес жиынтық

171 000 000

Балық өсіру шаруашылығына қызмет көрсету үшін жабдықтар мен техника сатып алу:

2

4 тұрғын орынға жылытылған қызмет көрсетуші персоналға арналған тұрғын контейнер

Бірлік

1 200 000

3

Авариялық электр генераторы

Бірлік

4 061 000

4

Су айдынынан балықты жеткізуге арналған балық көтергіші балық көтергіштен, тірі балықты ұстап алу құрылғысынан, шнектің айналу жылдамдығын реттеуге арналған пульттен тұрады, бүкіл құрылым шассиге орнатылады

Бірлік

7 800 000

5

Тірі балықты тасымалдауға арналған мамандандырылған автомашина редукторлары бар оттегі баллондарын бекіту орындарымен жарақтандырылған көлемі 3 м3 тірі балық ыдысынан тұрады (тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық немесе тірі балықты тасымалдауға арналған арнайы автомашина субсидияланады)

Бірлік

20 000 000

6

Сыйымдылығы 3 м3 бастап ыдысқа оттегі беру жүйесімен және мембраналық компрессормен жабдықталған тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық (тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық немесе тірі балықты тасымалдауға арналған арнайы автомашина субсидияланады)

Бірлік

1 400 000

Тор қоршама шаруашылығында балықты сақтауға және бастапқы өңдеуге арналған жабдықты сатып алу:

7

Кем дегенде -35°C-та балықты тез мұздатуға арналған өнеркәсіптік тоңазытқыш

Бірлік

7 038 340

8

Температуралық режимі 0 Сº-ден -35 Сº дейінгі тоңазытқыш қондырғысымен, термоизоляциялық төбесі мен қабырғалары бар рефконтейнер

Бірлік

2 000 000

№ 5 "Ауданы 50 гектардан кем емес көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы үшін жабдықтар мен техника сатып алу" жобасының паспорты

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.02.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25 %

Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы

Жоба қуатының өлшем бірлігі

Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге

Техника, машиналар және (немесе) жабдықтар сатып алу:

1

Су қоймаларындағы жоғары сулы өсімдіктерді шабуға арналған қайық корпусынан, кескіш аппараттан, электр қондырғысынан, есу доңғалақтарынан, рульдік механизмнен тұратын қамыс шапқыш

Бірлік

5 490 000

2

Катамараннан, көлемі 1 тоннадан басталатын бункерден, жемшөп үстелінен және маятниктен тұратын түйіршіктелген жемге арналған жем үйлестіргіш

Бірлік

280 480

3

Тірі балықты тасымалдауға арналған мамандандырылған автомашина редукторлары бар оттегі баллондарын бекіту орындарымен жарақтандырылған көлемі 3 м3 тірі балық ыдысынан тұрады (тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық немесе тірі балықты тасымалдауға арналған арнайы автомашина субсидияланады)

Бірлік

20 000 000

4

Сыйымдылығы 3 м3 бастап ыдысқа оттегі беру жүйесімен және мембраналық компрессормен жабдықталған тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық (тірі балықты тасымалдауға арналған сыйымдылық немесе тірі балықты тасымалдауға арналған арнайы автомашина субсидияланады)

Бірлік

1 400 000

КТБӨШте балықты сақтауға және бастапқы өңдеуге арналған жабдықты сатып алу:

5

Кем дегенде -35°C-та балықты тез мұздатуға арналған өнеркәсіптік тоңазытқыш

Бірлік

7 038 340

6

Температуралық режимі 0 Сº-ден -35 Сº дейінгі тоңазытқыш қондырғысымен, термоизоляциялық төбесі мен қабырғалары бар рефконтейнер

Бірлік

2 000 000

№ 6 "Өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын балық өңдеу объектісін құру және (немесе) кеңейту" жобасының паспорты

Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25 %

Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы

Жоба қуатының өлшем бірлігі

Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге

1

Қақталған балық өнімдерін өндіруге арналған технологиялық жабдығы бар балық өңдеу зауыты.
Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады:
- салу
- кеңейту

Қуаттылығы тәулігіне
1 тоннадан кем емес

120 000 000
60 000 000

2

Тұз-түтін цехына арналған жабдық

Қуаттылығы тәулігіне
1 тоннадан кем емес жиынтық

33 946 579

3

Кептіру камералары

Қуаттылығы тәулігіне
1 тоннадан кем емес жиынтық

29 952 864

4

Дайын балық өнімдерін вакуумдық қорапқа орауға арналған жабдық

Қуаттылығы тәулігіне
1 тоннадан кем емес жиынтық

25 959 000

5

Құрал-жабдықтар тазалау үшін су

Қуаттылығы тәулігіне
1 тоннадан кем емес жиынтық

9 984 288

6

Балық сүбесін өндіруге арналған технологиялық жабдығы бар балық өңдеу зауыты.
Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады:
- салу
- кеңейту

Қуаттылығы тәулігіне
1 тоннадан кем емес жиынтық

120 000 000
56 000 000

7

Балық тазалау желісі

Қуаттылығы тәулігіне
1 тоннадан кем емес жиынтық

11 481 931

8

Су тазалауға арналған құрал-жабдық

Қуаттылығы тәулігіне
1 тоннадан кем емес жиынтық

9 984 288

Техника сатып алу:

9

Өнімдерді тасымалдауға арналған көлік (рефрижератор)

Бірлік

44 022 000

Тартылған балық және одан жасалған бұйымдар дайындауға арналған жабдық:

10

Неопресс

Бірлік

1 664 260

11

Сепараторлар

Бірлік

858 585

Сақтауға арналған жабдық:

12

Қабыршақты мұз генераторы

Бірлік

4 242 120

13

18сº-та 50 тоннадан бастап дайын өнімді сақтау камерасы

Бірлік

25 300 300

14

18сº-та 100 тоннадан бастап шикізатты сақтау камерасы

Бірлік

50 600 000

15

5 тоннадан бастап тез қатыру камерасы

Бірлік

30 000 000

16

Балық қалдықтарын өңдеуге арналған жабдық (қабық, сүйек және требуха)

Қуаттылығы тәулігіне
1 тоннадан кем емес жиынтық

10 171 000

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Субсидиялауға арналған өтінім (бірінші кезең)

      Кімге: ______________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті

      атқарушы органының толық атауы)

      кімнен: _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      № ____ жобасының паспорты бойынша инвестициялық жобаны

      "_________________________________________________________________"

      (жоба паспортының толық атауы)

      осы Қағидалардың сәйкестігі/сәйкес еместігі тұрғысынан қарастыруды сұраймын.

      1. Инвестор туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:

      атауы__________________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) ______________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________

      мекенжайы: ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі__________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)_______________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _______________________________________________________

      кім берді___________________________________________________

      берілген күні____________________________________________________

      мекенжайы: ___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _______________________________________________

      хабардар еткен күн_______________________________________________

      3. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:

      Сипаттамасы __________________________________________________

      инвестициялар сомасы _________________________________________

      соның есебінен жоба іске асырылатын қаражат көзі ________________

      _______________________________________________________________

      субсидиялардың есептік сомасы___________________________________

      инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы ______________________

      4. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ________________.

      5. Жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері, бизнес-жоспар, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстар туралы ақпарат ___________________________________________.

      6. Инвестордың субсидиялар алу ниеті туралы қаржы институтының хабарламасы (жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асыру кезінде) __________________________________________________.

      7. Жобаның толтырылған паспорты және бизнес-жоспар қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға, сондай-ақ сұрау салу бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының объектілік мониторингінің ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жоба шеңберінде оларды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік аудит жүргізу үшін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит органдарына беруге келісім беремін.

      Маған/бізге қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдердің басталмағандығын, сондай-ақ менің қызметім Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын.

      Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз түрде алынған ақшаны қайтаруға міндеттенемін.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінім берген кезде:

      Инвестор 20 __ жылғы "__" _________ сағат ____ -де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат _____-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Субсидиялауға арналған өтінім (екінші кезең)

      Кімге:_______________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті

      атқарушы органының толық атауы)

      Кімнен: _____________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған осы Қағидаларға сәйкес____________________________________

      "____________________________________"

      жобасының паспорты бойынша (жоба паспортының толық атауы)

      ______________________________ теңге мөлшеріндегі субсидия

      (сома санмен және жазбаша) сомасын төлеуді сұраймын.

      1. Инвестор туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:

      атауы__________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________

      мекенжайы:___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:) _________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _____________________________________________________

      кім берді____________________________________________________

      берілген күні_________________________________________________

      мекенжайы:__________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:_________________________________________.

      2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама: орналасқан

      жері_____________________________________________

      хабардар еткен күні___________________________________________.

      4. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:

      сипаттамасы _________________________________________________

      инвестициялар сомасы________________________________________

      соның есебінен жоба іске асырылатын қаражат көзі__________________

      субсидиялардың есептік сомасы__________________________________

      инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы_____________________.

      5. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ________________.

      6. Инвестициялық жобаның осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі туралы жұмыс органының шешімі (бұдан бұрын инвестор бірінші кезеңде өтінім берген жағдайда) __________________________________________.

      7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісі (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) _________________________.

      8. Сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісі (жабдықтар сатып алу кезінде) __________________________.

      9. Жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар ___________________________________ төлемді растайтын құжаттар.___________________________.

      10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша)______________________________________________.

      11. Балық өсіру техникасы мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілері _________________________________.

      12. Кредиттік/лизингтік шарттар (қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда) ______________________________________________________.

      13. Растаушы құжаттар: бизнес-жоспар, дайын өнімдерді өткізу туралы электрондық шот-фактуралар (екінші транш алуға өтінім берілген жағдайда) ___________________________________________.

      14. Жобаның толтырылған паспорты қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға, сондай-ақ сұрау салу бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының объектілік мониторингінің ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жоба шеңберінде оларды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік аудит жүргізу үшін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит органдарына беруге келісім беремін.

      Маған қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын, сондай-ақ менің/біздің қызметім Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын.

      Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз түрде алынған ақшаны қайтаруды жүргізуге міндеттенемін.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінім берген кезде:

      Инвестор 20 __ жылғы "__" ________ сағат _____-де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат _______-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Арнайы шотқа аванстық төлем тетігі қолданылатын субсидиялауға арналған өтінім

      Кімге:________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті

      атқарушы органының толық атауы)

      кімнен:_______________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      № _________ "____________________________________________________"

      (жоба паспортының толық атауы)

      жобасының паспорты бойынша инвестициялық жобаны осы Қағидаларға сәйкестігі/сәйкес еместігі тұрғысынан қарастыруды сұраймын.

      1. Инвестор туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:

      атауы___________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі___________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________

      мекенжайы:___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:_________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ____________________________________________________

      кім берді___________________________________________________

      берілген күні________________________________________________

      мекенжайы:__________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:_______________________________________.

      2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері____________________________________________

      хабардар еткен күн___________________________________________.

      3. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:

      сипаттамасы _________________________________________________

      инвестициялар сомасы_________________________________________

      соның есебінен жоба іске асырылатын қаражат көзі___________________

      субсидиялардың есептік сомасы_________________________________

      инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы______________________.

      4. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ________________.

      5. Жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері, бизнес-жоспар, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстар туралы ақпарат______________________________.

      6. Инвестордың субсидиялар алу ниеті туралы қаржы институтынан хабарламасы (жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асыру кезінде) _______________________________.

      7. Қаржы институтын кредиттік комитетінің оң шешімі______________.

      8. Жобаның толтырылған паспорты және бизнес-жоспар қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға, сондай-ақ сұрау салу бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының объектілік мониторингінің ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жоба шеңберінде оларды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік аудит жүргізу үшін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит органдарына беруге келісім беремін.

      Маған қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын, сондай-ақ менің/біздің қызметім Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын.

      Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз түрде алынған ақшаны қайтаруды жүргізуге міндеттенемін.

      Мемлекеттік аудит органдарына банктік құпия болып табылатын алынатын субсидиялар туралы мәліметтерді беруге, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалуын тексеру бойынша мемлекеттік аудит жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит органдарына банктік құпияны ашуға келісім беремін.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінім берілген кезде:

      Инвестор 20__ жылғы "__" ________ сағат ____-де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат _____-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Инвестордың объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктелгендігіне көз жеткізу актісі

      № ___ 20__ жылғы "___" __________

      _____________________________________________________________

      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атауы

      Инвестордың атауы: ______________________________________

      Жоба паспортының атауы: ___________________________________

      Объектінің орналасқан жері: ____________________________________

      Мынадай құрамдағы:

      1. _________________________________

      2. _________________________________

      20__ жылғы _______ № _____________________________ негізінде құрылған

      мамандар тобы объектіні қарап-тексеруі барысында мыналарды анықтады:

      ________________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Қарап-тексерудің тұжырымдары: _____________________________________

      __________________________________________________________________

      Қарап-тексеруді жүзеге асырған адамдардың қолтаңбалары:

      _________________________________________________________

      __________________________________________________________

      (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      Инвестордың (инвестор өкілінің) қолтаңбасы:

      _____________________________________________________________

      (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы), сенімхаттың күні мен нөмірі

      (өкіл болған жағдайда)

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша
Нысан

"Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.02.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Бірінші кезеңде 2 (екі) жұмыс күні;
Екінші кезеңде 20 (жиырма) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Бірінші кезеңде: инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімі туралы хабарлама;
Екінші кезеңде: субсидиялау шартын жасасу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Пайдалануға тапсырылмаған инвестициялық жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді:
портал арқылы өтінім берген кезде – "PDF (Portable Document Format)" форматында (қағаз нұсқасының көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған электрондық көшірмесі);
Пайдалануға тапсырылған инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ сатып алынған техника, машина мен жабдық бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді, ол екі кезеңді рәсімдер қолданылмай қаралады:
портал арқылы өтінім берген кезде – "PDF (Portable Document Format)" форматында (қағаз нұсқасының көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған электрондық көшірмесі);
Екінші кезеңде (жұмыс аяқталғаннан кейін) көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді:
портал арқылы өтінім берген кезде – "PDF (Portable Document Format)" форматында (қағаз нұсқасының көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған электрондық көшірмесі);
Өтінімге мынадай растаушы, құқық белгілеуші және (немесе) тіркеу құжаттары қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген) объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі - объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) электрондық көшірмелері;
2) сатып алушы мен жеткізуші (жабдықтар сатып алу кезінде) арасындағы жабдықтарды пайдалануға енгізу актісінің электрондық көшірмесі;
3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және (немесе) қағаз түріндегі шот-фактуралардың, төленген төлемді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама электрондық көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес субсидиялау көзделген жобалар паспорттары бойынша);
5) балық өсіру техникасы мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің электрондық көшірмелері;
6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттар электрондық көшірмелері;
7) көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес екінші траншты алуға өтінім берген жағдайда, "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (қағаз нұсқасының электрондық көшірмесі) растаушы құжаттарды (бизнес-жоспар, дайын өнімді өткізу бойынша электрондық шот-фактуралар) қоса береді. Бизнес-жоспарда мәлімделген өндірілген өнім көлемін растау үшін мамандар тобы, дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың негізінде, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтінім берген сәтінің алдындағы тоқсан үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) "Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 173 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16060 болып тіркелген) "Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру туралы есебі" (коды 151103128, индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына (бұдан әрі - өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысаны мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар) сәйкес дайындалатын өндірілген өнім көлемі кемінде 30 (отыз) %-ға жеткені туралы қарап-тексеру актісін жасайды;
8) "Тіркеу есебі мәселелері бойынша құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 153 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16431 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе электрондық құжат (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған балық шаруашылығы субъектілері үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес алынған;
9) "Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19994 болып тіркелген) "Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп" (индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы субсидияны қаржы институтының арнайы шотына аудару тетігін қолдануға арналған өтінімді Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес береді.
Портал арқылы өтінім берілген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның тіркелуі (қайта тіркелуі), дара кәсіпкердің тіркелуі туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
8-қосымша

Субсидияларды есептеу тәртібі

      Инвестициялық субсидиялау мөлшері мынадай формуламен анықталады:

      А = (Б х В) /100, мұндағы:

      А – субсидиялар сомасы;

      Б – нақты инвестициялық салымдардың сомасы немесе субсидияларды есептеу үшін жобалардың паспорттарында көрсетілген ең жоғары рұқсат етілген құн (егер бір бірліктің нақты инвестициялық салымы субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құннан асып кетсе);

      В – жобалардың паспорттарында көрсетілген пайыздық мәндегі инвестициялық салымдарды өтеу үлесі.

      Өлшем бірлігіне субсидиялауды көздейтін жобалардың паспорттары бойынша субсидиялар мөлшері мынадай формула бойынша анықталады:

      А = (Б х В хГ) /100, мұндағы:

      А – инвестициялық субсидиялардың сомасы;

      Б – нақты инвестициялық салымдардың сомасы немесе субсидияларды есептеу үшін жобалардың паспорттарында көрсетілген ең жоғары рұқсат етілген құн (егер бір бірліктің нақты инвестициялық салымы субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құннан асып кетсе);

      В – жобалардың паспорттарында көрсетілген пайыздық мәндегі инвестициялық салымдарды өтеу үлесі.

      Г – жобалардың паспорттарында көрсетілген өлшем бірлігі.

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті ______________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Сізді ______________________________________________________

      (жоба паспортының толық атауы)

      жобасының паспорты бойынша инвестициялық жобаның "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 47-2) тармақшасына сәйкес бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі жөніндегі жұмыс органының шешімі туралы хабардар етеміз.

      Сұрақтар туындаған жағдайда ____________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жұмыс органы)жүгінуіңізді сұраймыз.

      Орындаушы: _________________________________________ _________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      Байланыс телефондары: ________________________________________

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

№__ субсидиялау шарты

_______ қаласы

20___ жылғы "__" _______

      Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын "______________________" мемлекеттік мекемесінің атынан "_____________________________" мемлекеттік мекемесі туралы ереже негізінде әрекет ететін басқарма басшысы (немесе бұйрық негізінде оны алмастыратын адам) ________________ бір тараптан және бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын, ______________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін _____________________, бірге Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп жоғарыда көрсетілгендей аталатындар төмендегілер туралы осы субсидиялау шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шартты жасауға мыналар негіз болып табылады:

      1) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 47-2) тармақшасына сәйкес бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары);

      2) Жұмыс органының 20 __ жылғы "____" ______________ №___ шешімі.

2-тарау. Терминдер мен айқындамалар

      2. Осы шартта Субсидиялау қағидаларында көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

3-тарау. Шарттың мәні

      3. Осы Шарттың талаптары бойынша Жұмыс органы Инвестор шығыстарының бір бөлігін субсидиялауды мынадай шарттармен жүзеге асырады:

Жобаның паспорты (Субсидиялау қағидаларына сәйкес)


Инвестициялық жоба жөніндегі инвестордың инвестициялық салымдарының жалпы мөлшері


субсидиялардың мөлшері


Жұмыс органы шешімінің нөмірі


Жұмыс органы шешімінің күні


      4. Субсидиялау тиісті қаржы жылына _______ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) нысаналы ағымдағы бюджет трансферті ретіндегі мемлекеттік бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі.

4-тарау. Инвесторға қаражат аудару тәртібі мен шарттары

      5. ________ (_______) теңге мөлшеріндегі субсидия сомасын Жұмыс органы Инвестордың есептік шотына аударады.

      6. Субсидиялау мерзімін санау осы Шарттың күшіне енген сәтінен бастап басталады.

      7. Тараптар осы Шарт шеңберінде, егер төлем күні жұмыс емес күнге немесе мереке күнге сәйкес келсе, төлем олардан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі деп келісті.

      8. Субсидия Инвесторға Субсидиялау қағидаларында көрсетілген жобалар паспорттарына сәйкес төленеді.

      9. Субсидиялар жаңа, бұрын қолданылмаған техниканы сатып алуға арналған Инвестордың инвестициялық салымдары бойынша төленеді.

      10. Барлық операциялар ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Инвестор:

      - жабдық пен техниканы Жұмыс органын алдын ала жазбаша хабардар ету шартымен маусымдық жұмыссыз тұру жағдайында қызметтердің басқа түрлері үшін пайдалануға құқылы.

      12. Инвестор:

      1) субсидиялау қағидаларының шарттарын уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) шарт бойынша өзінің міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      3) осы Шартты орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты Жұмыс органының сұратуы бойынша уақтылы ұсынуға;

      4) жұмыс органына Инвестордың объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктелгеніне көз жеткізу үшін рұқсат беруге;

      5) өзіне қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсім басталған жағдайда, сондай-ақ, егер Инвестордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылған жағдайда, Жұмыс органын жазбаша түрде дереу хабардар етуге;

      6) осы Шарттың талаптары мен оны іске асыру жөніндегі ақпаратты үшінші тұлғаларға Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз бермеуге және ашпауға;

      7) субсидияланған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде техниканы, машинаны және (немесе) жабдықты қатаң түрде нысаналы мақсатта пайдалануға және иеліктен шығармауға;

      8) жұмыс органын осы Шарттың талаптарын орындауға әсер ететін барлық мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.

      13. Жұмыс органы Инвестордан инвестициялық жоба мен осы Шартты іске асыру барысы туралы барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.

      14. Жұмыс органы:

      1) осы Шарттың 3-тармағында көрсетілген субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуға;

      2) инвестор сатып алған техника, машина және (немесе) жабдықты субсидиялау сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде иеліктен шығарылмауына және мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізуге;

      3) субсидиялау объектісінің пайдалануға берілген сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде жұмыс істегеніне/жұмыссыз тұрғанына мониторинг жүргізуге;

      4) субсидиялау объектісінің бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде кемінде 30 (отыз) % мөлшеріндегі жобалық қуатқа жеткеніне/жетпегеніне мониторинг жүргізуге міндетті.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      15. Осы Шарт бойынша Тараптар Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік артады.

7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      16. Осы Шарт қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық көлемде орындағанға дейін әрекет етеді.

8-тарау. Бой бермейтін күш жағдайы

      17. Тараптар, егер орындай алмау еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан болса, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      18. Бой бермейтін күштің мән-жайларының басталуынан Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындай алмаса, басталу сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты осындай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      19. Уақтылы хабарламаған жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген зиянды өтейді.

      20. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталуы олардың әрекет ету кезеңіне осы Шарттың орындалу мерзімін ұлғайтуға алып келеді.

      21. Егер осындай жағдайлар қатарынан үш ай бойы жалғасатын болса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тарта алады.

9-тарау. Дауларды шешу

      22. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсаулары тиіс.

      23. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тараптар осы Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешілуін талап ете алады.

10-тарау. Хат-хабар алмасу

      24. Осы Шарт шеңберінде Тараптардың бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабарлары жазбаша түрде беріледі және қарау үшін тапсыру туралы белгісі бар хат-хабар Тараптар алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаралады.

      25. Хат-хабар тиісті түрде рәсімделген жағдайда (хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, басшының қолы қойылса және тіркеу нөмірі, күні көрсетілсе тиісті түрде рәсімделген болып саналады), қолға табысталса, почта арқылы жеткізілсе (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайына курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.

11-тарау. Құпиялылық

      26. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және олар осы Шартты жасасу және орындау кезінде алған өзге де ақпарат құпия болып табылатынымен және осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынымен келіседі.

      27. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тікелей көзделген жағдайда ғана мүмкін болады.

      28. Тараптар осы Шарттың болуы мен талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етпейді не үшінші тұлғаларға бермейді.

      29. Қандай да бір Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарапқа келтірілген зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделгендей жауапкершілікте болады.

      30. Инвестор осы Шартқа қол қоюмен Жұмыс органының бұқаралық ақпарат құралдарында осы Шарт аясында Инвестор туралы алынған мәліметтерді орналастыруына келісім береді.

12-тарау. Мәлімдеулер, кепілдіктер және келісім берулер

      31. Инвестор мыналарды мәлімдейді және кепілдік береді:

      1) инвестор осы Шартта көрсетілген мәлімдеулер мен кепілдіктер шынайы және шындыққа сәйкес келетінін растайды;

      2) жұмыс органы көрсетілген мәлімдеулер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      12.2 Инвестор:

      1) инвесторға оның бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтері мен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін қандай да болмасын мән-жайлардың мәлім емес екендігін мәлімдейді және оған кепілдік береді;

      2) сондай-ақ Инвестор оның құзыреті осы Шартқа қол қоятын адамға осы Шартты жасасуға мүмкіндік беретінін растайды.

      32. Инвестор осы Шартты жасасу кезінде осы Шартты бұзуға себеп болатын, оны жарамсыз деп танитын негіздердің жоқтығын растайды.

      33. Инвестор барлық ақпарат, сондай-ақ берілген (ұсынылған) барлық құжаттама дәл және шындыққа сай екенін мәлімдейді және растайды.

13-тарау. Қорытынды ережелер

      34. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы тиіс. Тараптар үшін тек Тараптардың келісімімен жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті болып танылады.

      35. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.

14-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолтаңбалары

Жұмыс органы:

Инвестор:



________________

________________

  Инвестициялық салымдар
кезінде балық шаруашылығы
субъектісі шеккен шығыстардың
бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялардың игерілуі туралы мәлімет

      Есептік кезең: 20___ жылғы ________________ (тоқсан/жыл)

      Нысанды бекіткен бұйрықтың (қаулының) күні мен нөмірі: "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 47-2) тармақшасына сәйкес бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына сәйкес.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын

      Ұсынатын тұлғалар шеңбері: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың балық шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы

      Қайда ұсынады: Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын - есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей;

      жылдық есеп - есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей. 20__ жылғы "___" _________________

      Мемлекеттік органның атауы _____________________________

      Субсидиялар атауы __________________________________________

      Мәліметтерді ұсыну кезеңі ______________________________________

      Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы ________________

      _____________________________________________________________

      (бюджеттік бағдарламаның атауы)

      __________________________________________________________________

      (бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)

Р/с №

Инвестордың атауы

Инвестордың жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жоба параметрлері

Жоба паспортының атауы

Өндірістік көрсеткіштер (өндірістік қуат)

ағымдағы

при выходе на проектную мощность

заттай мәнде, тонна

құндық мәнде, мың теңге

заттай мәнде, тонна

құндық мәнде, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы

Тұрақты жұмыс орындарының саны

Жобаның жалпы құны, мың теңге

Өтеу үлесі, пайыз

Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге

Пайдалануға берілген күні, күні/айы/жылы

Жұмыс органы шешімінің күні және нөмірі, күні/айы/жылы

барлығы

оның ішінде субсидиялауға жататыны

9

10

11

12

13

14

15








      Әкім _________________________________________ _____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      Бірінші басшы - төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі

      _______________________________________ _____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

      _______________________________________________ ________________

Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялардың игерілуі туралы мәліметтерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Осы түсіндірме инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялардың игерілуі туралы мәлімет нысанының толтырылуын нақтылайды.

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2. 2-бағанда инвестордың атауы көрсетіледі;

      3. 3-бағанда инвестордың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      4. 4-бағандағы деректер осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес толтырылады.

      5. 5, 6, 7, 8-бағандарда инвестордың статистикалық есептілігі және заттай және құндық мәнде өндірілген өнімдерді түрлері бойынша өткізуді растайтын бастапқы құжаттар негізіндегі кәсіпорынның өндірістік қуаты көрсетіледі.

      6. 9-бағанда тұрақты жұмыс орындарының саны көрсетіледі;

      7. 10, 11-бағандарда жобаның жалпы құны, оның ішінде субсидиялауға жататыны көрсетіледі.

      8. 12-бағанда инвестициялық жобаның паспортына сәйкес өтеу үлесі көрсетіледі.

      9. 13-бағанда төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      10. 14-бағанда инвестициялық жобаны пайдалануға енгізу күні көрсетіледі.

      11. 15-бағанда Жұмыс органы шешімінің күні мен нөмірі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады