"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28492 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тендерлік комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының, және (немесе) өкілді органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (Жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жанындағы комиссияларда), жергілікті қоғамдастықтар мен өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.";

      Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес сенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу актісінің нысанымен толықтырылсын.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 14 маусымдағы
№ 44 бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік мүлікті
сенімгерлік басқарудың
үлгілік шартына
қосымша

      Нысан

Сенімгерлік басқару объектісі бойынша қажетті шығыстарды өтеу актісі

      20__ жылғы "___" ______________ №____

      Объектінің атауы ___________________________________________________

      20__ жылғы "___" ___________ № ___ сенімгерлік басқару шарты

      Шарт бойынша жалпы сома ______________________________________ теңге

      _____________________________________ бюджеттік бағдарламасы бойынша

Р/с №

Объектімен байланысты шығыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығыстардың жалпы сомасы

Төленген шығыстар сомасы

Төленетін сома

Ескерту















Жиыны:






      Сенімгерлік басқару объектісімен байланысты шығыстар сомасы:

      ______________________________________________________________ теңге.

                        (цифрмен, жазумен)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ______________________________

Сенімгерлік басқарушы ______________________________

_______
(қолы)

_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

_______
(қолы)

______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады