БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17023 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кен іздеушілікке арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Нысан
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия
20___ жылғы "___"__________күні №_______________
1.________________________________________________________________________
____________________________________________________________________ берілді
(жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және азаматтығы/заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері) (жер қойнауын пайдалану құқығымен жалпы иелену кезінде барлық иелер толық мәліметтерді көрсетумен аталынады) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалану құқығын береді
Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері:____________________________ (әрбір иесі бойынша пайыздық мәнде көрсету)
2. Лицензия шарты:
1) лицензия мерзімі: берілген күннен бастап үш жыл
2) жер қойнауы учаскесінің аумағы_________________________________
____________________________________________________________________
(геологиялық зерттеу аумақтарын құрайтын блок (блоктар) кодтарын және сандарын көрсету)
3. Лицензияны берген мемлекеттік орган
____________________________________________________________________
___________________________ (лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)
_____________________басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы (қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Мөр орны (болған жағдайда) (қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Берілген жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия
20___ жылғы "___"__________күні №_______________
1._____________________________________________________________________
____________________________________________________________________берілді
(жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және азаматтығы/заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері) (жер қойнауын пайдалану құқығымен жалпы иелену кезінде барлық иелер толық мәліметтерді көрсетумен аталынады) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнау учаскесін пайдалану құқығын береді.
Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері: _______________________ (әрбір иесі бойынша пайыздық мәнде көрсету)
2. Лицензия шарты:
1) лицензия мерзімі (барлауға арналған лицензия мерзімін ұзарту кезінде ұзарту мерзімінің есебімен көрсетеді): оны берген күннен бастап ______________
2) жер қойнауы учаскесінің аумағы __________________________________
________________________________________________________
(жер қойнауы учаскеcін барлау және айқындау аумақтарын құрайтын (құрайтын) блок (блоктар) кодтарын және сандарын көрсету)
3) Кодекстің 191-бабында көзделген жер қойнауын пайдаланудың шарттары:
3. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері:
1) 20__ жылғы "__"_________ дейін қол қою бонусын _________________________ теңге мөлшерінде төлеу;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 563-бабына сәйкес мөлшерде және тәртіппен жер учаскелерін пайдалану үшін лицензиянын мерзімі ішінде (жалдау төлемдерін) ақы төлеу;
3) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыстарды жүзеге асыру: барлау мерзімнің бірінші жылынан бастап үшінші жылына дейін әрбір жыл ішінде __________________________________________________ қоса алғанда;
барлау мерзімнің төртінші жылынан бастап алтыншы жылына дейін әрбір жыл ішінде ______________________________________________ қоса алғанда;
(блоктар санын ескере отыра, қолданыстағы лицензияны берілген күніне айлық есептік көрсеткіштер саны көрсетіледі)
4) Кодекстің 278-бабына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері:
4. Лицензияны қайтарып алу негіздері:
1) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге алып келген, жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің өтуі жөніндегі талаптарды бұзу;
2) осы лицензияда көзделген шарттар мен талаптарын бұзу;
3) осы Лицензияның 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындамау.
5. Лицензияны берген мемлекеттік орган ______________________________________
____________________________________ (лицензия берген мемлекет органның атауы)
_____________________ басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы (қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Мөр орны (болған жағдайда ) ( қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Берілген жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Бұйрыққа 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына 3-қосымша |
Нысан
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия
20___ жылғы "___"__________күні №_______________
1. ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________берілді
(жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және азаматтығы/заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері) (жер қойнауын пайдалану құқығымен жалпы иелену кезінде барлық иелер толық мәліметтерді көрсетумен аталынады) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнау учаскесін пайдалану құқығын береді
Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері:___________________(әрбір иесі бойынша пайыздық мәнде көрсету)
2. Лицензия шарты:
1) лицензия мерзімі (өндіруге арналған лицензия мерзімін ұзарту кезінде ұзарту мерзімінің есебімен көрсетеді): оны берген күннен бастап ____________
2) жер қойнауы учаскесі аумақтарының_________ шаршы км көлемі,
географиялық координаттары:______________________________________
(географиялық координаттардың нүктесін көрсету)
3) Кодекстің 208-бабында көзделген жер қойнауын пайдаланудың шарттары:
Жер қойнауы учаскесінің (кен орынның) атауы, орналасқан жері:
__________________________________________________________________
(атауы, облыс, аудан)
Пайдалы қазбаның атауы: _______________________________;
Жер қойнауы учаскесі аумақтарының схемалық орналасуы осы лицензияға қосымшада келтірілген
3. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері:
1) 20__ жылғы "__"_________ дейін қол қою бонусын _________________________ теңге мөлшерінде төлеу;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 563-бабына сәйкес мөлшерде және тәртіппен жер учаскелерін пайдалану үшін лицензияның мерзімі ішінде (жалдау төлемдерін) ақы төлеу;
3) пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларға жұмсалған жыл сайынғы ең төмен шығыстар бойынша міндеттемелердің мөлшері:
____________________________________________________________;
(қолданыстағы лицензияны берілген күніне айлық есептік көрсеткіштер саны көрсетіледі)
4) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың ең төмен үлесінің мөлшері: ______________;
5) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша Жер қойнауын пайдаланушы міндеттемесінің мөлшері: ________________________;
6) ғылыми-іздестіру, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша Жер қойнауын пайдаланушы міндеттемесінің мөлшері: _________________________________;
7) Кодекстің 278-бабына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері:
4. Лицензияны қайтарып алу негіздері:
1) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге алып келген, Кодекстің 44-бабының 1-тармағының талаптарын бұзу;
2) осы лицензияның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген лицензия шарттарын бұзу;
3) осы Лицензияның 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындамау.
5. Лицензияны берген мемлекеттік орган
__________________________________________________________________________
_________________________________________ (лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)
_____________________________басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы
(қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Мөр орны (болған жағдайда) (қағаз түріндегі лицензиялар үшін)
Берілген жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Бұйрыққа 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына 4-қосымша |
Нысан
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия
20___ жылғы "___"__________күні №_______________
1._______________________________________________________________________
______________________________________берілді (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және азаматтығы/заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері) (жер қойнауын пайдалану құқығымен жалпы иелену кезінде барлық иелер толық мәліметтерді көрсетумен аталынады) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнау учаскесін пайдалану құқығын береді
Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері:______________________ (әрбір иесі бойынша пайыздық мәнде көрсету)
2. Лицензия шарты:
1) лицензия мерзімі (өндіруге арналған лицензия мерзімін ұзарту кезінде ұзарту мерзімінің есебімен көрсетеді): оны берген күннен бастап ____________
2) Жер қойнауы учаскесі аумақтарының_________ шаршы км көлемі,
географиялық координаттары: _______________________
(географиялық координаттардың нүктесін көрсету)
3) Кодекстің 31-бабында көзделген жер қойнауын пайдаланудың шарттары:
Жер қойнауы учаскесінің (кен орынның) атауы, орналасқан жері:
________________________________________________________________
(атауы, облыс, аудан)
Пайдалы қазбаның атауы: _________________________________________
Жер қойнауы учаскесі аумақтарының схемалық орналасуы осы лицензияға қосымшада келтірілген
3. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері:
1) 20__ жылғы "__"_________ дейін қол қою бонусын _теңге мөлшерінде төлеу;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 563-бабына сәйкес мөлшерде және тәртіппен жер учаскелерін пайдалану үшін лицензияның мерзімі ішінде (жалдау төлемдерін) ақы төлеу;
3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыстарды жүзеге асыру:__________________________________________________________;
(қолданыстағы лицензияны берілген күніне айлық есептік көрсеткіштер саны көрсетіледі)
4. Лицензияны қайтарып алу негіздері:
1) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге алып келген, Кодекстің 44-бабы 1-тармағының талаптарын бұзу;
2) осы лицензияның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген лицензия шарттарын бұзу;
3) Кодекстің 278-бабына сәйкес лицензияны қайтарып алудың негіздері:
5. Лицензияны берген мемлекеттік орган
_________________________________________________________________________
(лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)
_____________________________басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы (қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Мөр орны (болған жағдайда) (қағаз түріндегі лицензиялар үшін)
Берілген жері: _______________________ Қазақстан Республикасы (астана, республикалық маңызы бар қаланың, облыстың әкімшілік орталығы)
Бұйрыққа 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына 5-қосымша |
Нысан
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия
20___ жылғы "___"__________күні №_______________
1.______________________________________________________________________
___________________________________________________берілді (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және азаматтығы/заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері) (жер қойнауын пайдалану құқығымен жалпы иелену кезінде барлық иелер толық мәліметтерді көрсетумен аталынады) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнау учаскесін пайдалану құқығын береді
Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері:______________________
(әрбір иесі бойынша пайыздық мәнде көрсету)
2. Лицензия шарты:
1) лицензия мерзімі (өндіруге арналған лицензия мерзімін ұзарту кезінде ұзарту мерзімінің есебімен көрсетеді): оны берген күннен бастап ____________
2) Жер қойнауы учаскесі аумақтарының_________ шаршы км көлемі,
географиялық кординаттары:
(географиялық координаттардың нүктесін көрсету)
Жер қойнауы учаскесі аумақтарының схемалық орналасуы осы лицензияға қосымшада келтірілген.
3. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері:
1) 20__ жылғы "__"_________ дейін қол қою бонусын ________________ теңге мөлшерінде төлеу;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 563-бабына сәйкес мөлшерде және тәртіппен жер учаскелерін пайдалану үшін лицензияның мерзімі ішінде (жалдау төлемдерін) ақы төлеу.
4. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың нысаналы мақсаты:
___________________________________________________________________
(Кодекстің 249-бабына сәйкес операциялардың кіші түрлерінің бірі)
5 Лицензияны қайтарып алу негіздері:
1) осы лицензияның 3 және 4-тармақтарында көзделген лицензиялардың шарттарын бұзу;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген қызметіне тыйым салған жағдайда.
6. Лицензияны берген мемлекеттік
орган__________________________ (лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)
_____________________________басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы
(қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Мөр орны (болған жағдайда)(қағаз түріндегі лицензиялар үшін)
Берілген жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Бұйрыққа 6-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына 6-қосымша |
Нысан
Кен іздеушілікке арналған лицензия
20___ жылғы "___"__________күні №_______________
1.________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_____________берілді (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнау учаскесін пайдалану құқығын береді.
2. Лицензия шарты:
1) лицензия мерзімі (өндіруге арналған лицензия мерзімін ұзарту кезінде ұзарту мерзімінің есебімен көрсетеді): оны берген күннен бастап ___________
2) Жер қойнауы учаскесі аумақтарының_________ га көлемі, географиялық координаттары:__________________________________________ (географиялық координаттардың нүктесін көрсету) және осы аумақтың жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен үш метрден аспайтын тереңдіктегі төменгі шекара
3) Кодекстің 31, 270-баптарында көзделген жер қойнауын пайдаланудың шарттары:
Жер қойнауы учаскесінің (кен орындарының) атауы, орналасқан жері: ____________________________________________________________________ (атауы, облыс, аудан)
Бағалы металдар мен асыл тастардың атауы: _________________________
Жер қойнауын пайдаланушы 20__ жылғы "__"_________ дейін қол қою бонусын _________________________ теңге мөлшерінде төлеуге міндетті.
Жер қойнауы учаскесі аумақтарының схемалық орналасуы осы лицензияға қосымшада келтірілген
3. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) он тоннадан аспайтын бір жүк көтергіш жүк машина түрінде механикаландыру құралын, бұрғылау жабдығын, сонымен қатар шөмішінің көлемі бір текше метрдің жартысынан аспайтын меншік экскаваторын және (немесе) бульдозер пайдалануға;
2) ұсынылған жер қойнауы учаскесінде пайдалану шектері негізінде бұрғылау және өзге жер жұмыстарын жүзеге асыруға құқылы.
4. Шашыранды алтын бойынша кен іздеушілік жұмысын жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылда елу килограммнан аспайтын алтын өндіруге жол беріледі.
5. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) кен іздеушілік учаскесіндегі су объектілерінде және су қоры жерінде экскаваторлар мен бульдозерлерді пайдалануға;
2) химиялық реагенттер мен жарылғыш заттарды қолдануға;
3) күрделі құрылыс жайларды тұрғызуға және салуға;
4) топырақ пен айырып алынған тау-кен массасын учаскесінің шегінен тыс жерге шығаруға құқылы емес.
6. Лицензияны қайтарып алу негізі:
1) экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімінің күшіне енуі;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде қол қою бонусын төлемеген жағдайда;
3) кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бермей кен іздеушілік жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
4) кен іздеушілікке арналған лицензияның кен іздеушілік бойынша жұмыстар жүргізуді, механикаландыру құралдарын пайдалануды шектеу, химиялық реагенттерді, жарылғыш заттарды пайдалануға, күрделі құрылысжайлар тұрғызуға, топырақ пен тау-кен массасын кен іздеушілік учаскесінің шегінен тыс жерге шығаруға тыйым салу туралы шарттарын бұзу;
5) оның бар болғанын талап ететін, кен іздеушілік жоспарынсыз кен іздеушілік жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
6. Лицензияны берген мемлекеттік орган ______________________________________
____________________________________________________________
(лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)
____________________________басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы
(қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)
Мөр орны (болған жағдайда)(қағаз түріндегі лицензиялар үшін)
Берілген жері: _______________________ Қазақстан Республикасы
____________________ (облыстың әкімшілік орталығы).