"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28566 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-медициналық орталығы (департаменті) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ 29/қе бұйрығына
қосымша

"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазбаша өтінішпен не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді (бұдан әрі – портал), "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды (осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізілген объектілерді зертханалық-аспаптық зерттеу (сынау) хаттамаларының көшірмелері) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      5. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады, олардың қабылдау күнін, қоса берілген құжаттардың саны мен атауын, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру күнін көрсете отырып, оларды қабылдау туралы қолхат беріледі және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайтын басшылыққа қарауға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      6. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      9. Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 13 (он үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының объектісін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады және объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін ресімдейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      10. Нысанға тексеру жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексеру актісінің негізінде оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді және береді.

      11. Шешім теріс шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуге рұқсат немесе дәлелді бас тарту береді.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не дәлелді бас тарту электрондық нысанда ресімделеді, қағаз жеткізгіште басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады және көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қолына беріледі.

      13. Портал арқылы жүгінген жағдайда, нәтижелер электрондық құжат нысанында ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады және көрсетілетін қызметті алушыға оның порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
___________________________
өтініш берушінің мекенжайы
____________________________
өтініш берушінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден ____________________________________________ (аудан, көше, үй, пәтер)

      ________________________________________________бойынша орналасқан __________________объектінің нысаналы мақсаты _____тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      қолы, күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)

Зерттеулер (сынақтар) түрлері

Өлшеулер немесе сынама алу орны

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Киім шешетін, ойын, жатын бөлмелер, музыкалық (спорттық) кабинеттер, медициналық үй-жайлар, изолятор, бассейндер (бар болса)

Суды зерттеу:


1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

Ғимараттағы, ас блогындағы (бөлек блокта орналасқан кезде) су тарату крандары

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары

3) бар болған жағдайда жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынатын су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі жерде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 сантиметр (бұдан әрі – см) тереңдікте, сүзгіден кейінгі су

Электромагниттік өрістің, электростатикалық өрістің кернеуі

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер (жұмыс орындарында)

Жасанды жарықтандыру деңгейі

Ойын үй-жайлары, оқу кабинеттері, музыка, спорт залы, медициналық үй-жайлар

2. Білім беру және тәрбиелеу объектілері, білім алушылар мен тәрбиеленушілер тұратын орындар:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар

Суды зерттеу:


1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбырлары жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

Ғимараттағы, ас блогындағы (бөлек блокта орналасқан кезде) су тарату крандары

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары

3) бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулерге су

жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)

Физикалық факторларды зерттеу:


1) электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеуі, шу

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер (жұмыс орындарында)

2) жасанды жарықтандыру деңгейі

оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмелері, оқу залы, медициналық кабинет

3. Балалардың сауықтыру, санаториялық, сауықтыру объектілері, демалыс базалары, орындары:

Бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су

ас блоктары

бактериологиялық, санитариялық-химиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зерттеулерге су

жабық жүзу бассейндері, ванналар, жағажайлар (бар болса)

паразитологиялық, бактериологиялық көрсеткіштерге

топырақ, құм

4. Қоғамдық тамақтану объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде)

өндірістік үй-жайлар, қойма үй- жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

Ғимараттағы су тарату крандары, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтар жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларда)

желдету қондырғылары, жабдықтары орналасқан жерлерде

5. Сауда объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде)

қойма үй-жайлары

6. Тамақ өнімдерін өндіру, өңдеу объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың суық кезеңінде)

өндірістік үй-жайлар, қойма үй- жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

Ғимараттағы су тарату крандары, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

7. Денсаулық сақтау объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара бөлмесі, манипуляциялық, стерилдеу бөлімшелері, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, босандырудан кейінгі палаталар, бокстар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары - ғимаратқа кіружәне шығу орындары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Жарықтандыруды өлшеу

Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара, манипуляциялық, бейінді мамандардың қабылдау кабинеттері (офтальмолог, хирург, акушер-гинеколог, травматолог, стоматолог), жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталар, қан дайындау үй-жайлары

Шу деңгейі

операциялық үй-жайлар

Электрлік және магниттік өрістерді өлшеу

физиотерапиялық, диагностикалық кабинеттердегі жұмыс орындарында

Дозиметриялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындары, аралас үй-жайлар мен аумақ

8. Дәрілік заттарды дайындау объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары - ғимаратқа кіру және шығу орындары

Жарықтандыруды өлшеу

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары

9. Өндірістік объектілер:

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары

Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде)

10. Радиотехникалық объектілер:

Электромагниттік өрістер деңгейі

өндірістік үй-жайлар, санитариялық- қорғаныш аймағының шекарасы, құрылысты шектеу аймағы

11. Радиациялық қауіпті объектілер:

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

жұмыс орындары, жапсарлас үй-жайлар, ұйымның аумағы

12. Көлік құралдары:

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болса)

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

конструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болса)

Көлік құралдары үй-жайларының ауасындағы зиянды заттарды зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары (бар болса)

13. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау объектілері:

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық және парзитологиялық зерттеулер

су алу нүктелері

Суды радиологиялық зерттеу

сумен жабдықтаудың жаңа көздері үшін

14. Су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары:

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер

пайдалану орындары

Топырақты паразитологиялық зерттеулер

жағажайлар (бар болса)

15. Тамақ өнімдерін көтерме сақтау объектілері, химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттар мен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын сақтау және тасымалдау объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

16. Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханалар:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

зерттеулерге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

17. Спорттық-сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, моншалар, сауналар

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеу

жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы

вестибюль, киім ілетін орын, киім шешетін бөлме, жуынатын бөлме, себезгі, булау бөлмесі, қызметкерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ҰҚК құрылымдық бөлімшесі

2

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күн ішінде

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жоғарыда көрсетілген күндері сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.
2. Портал: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы тікелей не пошта арқылы жүгінген кезде:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті қызмет түріне мемлекеттік лицензиясы бар немесе аккредиттелген зертханалар жүргізген объектілерді зертханалық-аспаптық зерттеу (сынау) хаттамаларының көшірмесі;
2) портал арқылы жүгінген кезде:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті қызмет түріне мемлекеттік лицензиясы бар немесе аккредиттелген зертханалар жүргізген объектілерді зертханалық-аспаптық зерттеу (сынау) хаттамаларының электрондық көшірмесі

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) ұсынылған деректер мен мәліметтердің, сондай-ақ объектінің өзінің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 94-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде", сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша


Нысанның БҚСЖ бойынша коды
Код формы по ОКУД ___________________
КҰЖЖ бойынша ұйым коды
Код организации по ОКПО _________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Комитет национальной безопасности Республики Казахстан


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамызда № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген № 290/е нысанды медициналық құжаттама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген)

Әскери-медициналық орталығы
Военно-медицинский центр

Медицинская документация Форма № 290/у
Утверждена приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-84 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 24082)

Санитариялық-эпидемиологиялық ҚОРЫТЫНДЫ Санитарно-эпидемиологическое ЗАКЛЮЧЕНИЕ №__________ "_______" ___________________20___ ж. (г.)

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптау (Санитарно-эпидемиологическая экспертиза)

      _______________________________________ ___________________________________

      ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 20-бабына сәйкес санитариялық- эпидемиологиялық сараптама жүргізілетін объектінің толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (полное наименование объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы, в соответствии со статьей 20 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения") ____________________________________________________________________

      Жүргізілді ______________________________________________________ (Проведена)

      ____________________________________________________________________

      өтініш, ұйғарым, қаулы бойынша, жоспарлы және басқа да түрде (күні, нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      по обращению, предписанию, постановлению, плановая и другие (дата, номер)

      2. Тапсырыс (өтініш) беруші (Заказчик) (заявитель)

      ____________________________________________________________________ Шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы (тиесілігі), объектінің мекенжайы/ орналасқан орны, телефоны, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (полное наименование хозяйствующего субъекта (принадлежность), адрес/месторасположение объекта, телефон, фамилия, имя, отчество руководителя) ___________________________________________________

      3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілетін объектінің қолданылу аумағы (Область применения объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы) _______________________________________ ____________________________________________________________________ сала, қызмет түрі, орналасқан орны, мекенжайы (сфера, вид деятельности, месторасположение, адрес) _____________________________________________ ____________________________________________________________________

      4. Жобалар, материалдар әзірленді (дайындалды) (Проекты, материалы разработаны (подготовлены)

      ____________________________________________ ____________________________________________________________________

      5. Ұсынылған құжаттар (Представленные документы)

      ____________________________________________________________________

      6. Өнімнің үлгілері ұсынылды (Представлены образцы продукции)

      ____________________________________________________________________

      7. Басқа ұйымдардың сараптау қорытындысы (егер болса) (Экспертное заключение других организаций (если имеются)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Қорытынды берген ұйымның атауы (наименование организации, выдавшей заключение) ____________________________________________________________________

      9. Сараптама жүргізілетін объектінің толық санитариялық-гигиеналық сипаттамасы мен оған берілетін баға (қызметке, үрдіске, жағдайға, технологияға, өндіріске, өнімге) (Полная санитарно-гигиеническая характеристика и оценка объекта экспертизы (услуг, процессов, условий, технологий, производств, продукции) ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Құрылыс салуға бөлінген жер учаскесінің, қайта жаңартылатын объектінің сипаттамасы (өлшемдері, ауданы, топырағының түрі, учаскенің бұрын пайдаланылуы, жерасты суларының тұру биіктігі, батпақтану, желдің басымды бағыттары, санитариялық-қорғау аумағының өлшемдері, сумен, канализациямен, жылумен қамтамасыз ету мүмкіндігі және қоршаған орта мен халық денсаулығына тигізер әсері, дүние тараптары бойынша бағыты) (Характеристика земельного участка под строительство, объекта реконструкции; размеры, площади, вид грунта, использование участка в прошлом, высота стояния грунтовых вод, наличие заболоченности, господствующие направления ветров, размеры санитарно-защитной зоны, возможность водоснабжения, канализования, теплоснабжения и влияния на окружающую среду и здоровье населения, ориентация по сторонам света) ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. Зертханалық және зертханалық-аспаптық зерттеулер мен сынақтардың хаттамалары, сонымен қатар басжоспардың, сызбалардың, суреттердің көшірмелері (Протоколы лабораторных и лабораторно-инструментальных исследований и испытаний, а также выкопировки из генеральных планов, чертежей, фото) ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      12. ИСК-мен жұмыс істеугe рұқсат етіледі (разрешаются работы с ИИИ)

ИСК түрі және сипаттамасы
(вид и характеристика ИИИ)

Жұмыстар түрі және сипаттамасы
(Вид и характер работ)

Жұмыстар жүргізу орны
(Место проведения работ)

Шектеу жағдайлары
(Ограничительные условия)

1

2

3

4

I. Ашық ИСК-мен жұмыстар
(работы с открытыми ИИИ)




II. Жабық ИСК-мен жұмыстар
(Работы с закрытыми ИИИ)




III. Сәуле өндіретін құрылғылармен жұмыстар
(Работы с устройствами, генерирующими излучение)




IV. ИСК-мен басқа жұмыстар
(другие работы с ИИИ)




Санитариялық - эпидемиологиялық қорытынды Санитарно - эпидемиологическое заключение

      ____________________________________________________________________ ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 20-бабына сәйкес санитариялық- эпидемиологиялық сараптама жүргізілетін объектінің толық атауы)

      (полное наименование объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы, в соответствии со статьей 20 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения") __________________________ ____________________________________________________________________ (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде) (на основании санитарно-эпидемиологической экспертизы) ______________________________ ____________________________________________________________________

      Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге (санитарным правилам и гигиеническим нормативам) сай (соответствует) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

      керектің астын сызыңыз (нужное подчеркнуть)

Ұсыныстар (Предложения):

      ___________________________________________________________________ ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің негізінде осы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының міндетті күші бар.

      На основании Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" настоящее санитарно-эпидемиологическое заключение имеет обязательную силу

      Мөр орны ҰҚК Мемлекеттiк санитариялық бас дәрiгер, қолы (орынбасар) Место печати (Главный государственный санитарный врач КНБ (заместитель)) ____________________________________________________________________

      тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы (фамилия, имя, отчество, подпись)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады