"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың, Субсидиялау шартының, Исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының, Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28578 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың, Субсидиялау шартының, Исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының, Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру шартының үлгілік нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру шартының үлгілік нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шартының үлгілік нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгілік шарттың үлгілік нысанында:

      шарт нысанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгілік шарт";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):

      бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" деп не төменде көрсетілгендей аталатын

      1) "Өңірлік үйлестіруші":

      ___________________________ атынан ____________________ негізінде әрекет ететін

      ___________________________________ және

      2) "Қаржы агенттігі":

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан

      ________________ негізінде әрекет ететін _____________________________ арасында:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – Ұлттық жоба);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – Тетік);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары), 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды беру және ішінара кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидалары), 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары), 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) және 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) сәйкес жасалды.";

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      "1) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      2) банк – Ұлттық жобаны/Тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;

      3) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;

      4) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      5) ислам банкі – лицензияның негізінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      6) исламдық лизингтік компания – өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын заңды тұлға;

      7) лизингтік компания – қызметін Ұлттық жобаны/Тетікті іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;

      8) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;

      9) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін Қаржы агенттігінің жарғысымен, Қаржы агенттігінің кредит саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      10) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      11) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас түрінде кредит/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны.

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен субсидиялау және кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударады.

      Аудару сомасы секвестрленген жағдайда өңірлік үйлестірушіге қаражатты қайтару, қайтару сомасы мен қаражатты қайтаруға арналған деректемелер көрсетіле отырып, өңірлік үйлестірушінің тиісті хаты негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қаржы агенттігі:

      1) осы Шартта белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;

      2) өңірлік үйлестірушінің осы Шарт бойынша ақшалай қаражатты уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;

      3) өңірлік үйлестірушіден қажетті қаражатты алғанға дейін банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға субсидияларды аудармауға;

      4) Субсидиялау қағидаларына, Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларына, Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына және Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидияларды төлеуді тоқтатуға құқылы.

      4. Қаржы агенттігі:

      1) субсидиялар сомасын банкте/даму банкінде/ислам банкінде/лизингтік компанияда/исламдық лизингтік компанияда/банк-төлем агентінде ашылған арнайы ағымдағы шотқа аударуға;

      2) өңірлік үйлестірушіге кәсіпкерлерді субсидиялау үшін қаражат аудару қажеттілігінің туындағаны туралы хабарлауға;

      3) әрбір кепілдік беру шартына қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өңірлік үйлестірушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберуге;

      4) Ұлттық жобада/Тетікте көзделген мониторингті жүргізуге;

      5) бюджетте қаражат болған кезде кепілдік беру шартын жасауға;

      6) бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған кезде кәсіпкердің құжаттарын қабылдауға және жобаларды қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығаруға;

      7) Ұлттық жоба/Тетік шеңберінде ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жіберуге міндеттенеді.

      5. Өңірлік үйлестіруші:

      1) қаржы агенттігінен Ұлттық жоба/Тетік щеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге аударылған ақшалай қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты сұратуға;

      2) қаржы агенттігінен Ұлттық жоба/Тетік шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге аударылған ақшалай қаражаттың мақсатты пайдаланылуын талап етуге құқылы.

      6. Өңірлік үйлестіруші:

      1) субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында Ұлттық жобаны/Тетікті іске асыру үшін бөлінген соманың 50%-ы мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенттігі көрсеткен шоттарға аударуға және одан кейінгі төлемдерді қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асыруға;

      2) қаржы агенттігінен хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидалары, Кепілдік беру қағидалары және Тетік шеңберінде Кепілдік беру шартында белгіленген әрбір берілген кепілдік сомасының 20% мөлшерінде кредиттерге кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударуға;

      3) қаржы агенттігінен өтінім алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында көзделген субсидиялауға арналған қаражатты аударуға;

      4) егер өтінімде көрсетілген субсидиялауға арналған қаражат сомасы төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында көзделмеген жағдайда, өтінім алынған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге және субсидиялау үшін қаражат аударуға;

      5) қаржы агенттігінің өтінімі болмаған жағдайда кәсіпкерлерді субсидиялау үшін көзделген қалған қаражатты аударуды жүзеге асырмауға міндеттенеді.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігінің арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күніне дейінгі мерзімде есептелген қаражат және осы Шарттың шеңберінде субсидиялау көлемдері бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.

      9. Өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігінің арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде есептелген қаражат және кепілдік беру көлемі бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.";

      "Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары" деген 9-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Өңірлік үйлестіруші (Мемлекеттік мекеме)
Қазақстан Республикасы
__________________ қаласы
__________________ көшесі
телефон__________________
БСН _____________________
ЖСК KZ _________________
БСК _____________________
КБЕ _____________________
"_______________" ММ
мөрдің орны
(болған жағдайда)

Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы
__________________ қаласы
__________________ көшесі
телефон__________________
Ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау үшін қаражатты есепке жатқызуға арналған деректемелер
БСН ____________________
ЖСК KZ _________________
БСК _____________________
КБЕ _____________________
"_______________" АҚ
Тетік шеңберінде субсидиялау үшін қаражатты есепке жатқызуға арналған деректемелер
БСН _____________________
ЖСК KZ _________________
БСК ____________________
КБЕ ____________________
"_______________" АҚ
Кепілдік беру құралы бойынша қаражатты есепке жатқызуға арналған деректемелер
БСН _____________________
ЖСК KZ _________________
БСК _____________________
КБЕ _____________________
"_______________" АҚ
мөрдің орны (болған жағдайда)

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау шартының үлгілік нысанында:

      шарттың нысанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы үлгілік шарт";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан _________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ бір тараптан және бұдан әрі "банк/лизингтік компания" деп аталатын "__________________" банкі/даму банкі/лизингтік компаниясы" акционерлік қоғамының/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан ________________________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ екінші тараптан және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын ____________________________ атынан ________________________ негізінде әрекет ететін _______________________, бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – Ұлттық жоба);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);

      "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – Тетік);

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысының 20__ жылғы____ __________ № ____ хаттамасына сәйкес осы субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Субсидиялау қағидалары/Тетік шеңберіндегі экономиканың басым секторлары – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары;

      2) банк – Субсидиялау қағидаларын/Тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;

      3) даму банкі – (бұдан әрі – банк) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;

      4) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген лизингтік компанияның уәкілетті банкі және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      5) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      6) "жасыл" таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      7) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – Алушының жобасын субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі және тоқтатылуы/қалпына келтірілуі туралы шешімді қарау және қабылдау жөніндегі ішкі актілерде оған берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметін жүзеге асыратын тұрақты әрекет ететін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының алқалы органы;

      8) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк және кәсіпкердің арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      9) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания және кәсіпкердің арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі банк/даму банкі/лизингтік компания берген кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      10) субсидиялар – қаржы агенттігінің субсидиялау шарттары негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банкке/лизингтік компанияға төлейтін өтеусіз және өтелетін негіздегі мерзімдік төлемдері;

      11) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша қаржы агенттігі ______________ (қаржы ұйымының атауы) мынадай шарттармен алынған кредит бойынша Алушының сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады:

Банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты

20___ жылғы
" "________

Нысаналы мақсаты


"Жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит болған жағдайда:
"жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


Субсидиялау мерзімі басталған күнге кредит/лизинг сомасы


Кредиттің/лизингтің валютасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредиттің/лизингтің мерзімі


Ерекше шарттар


      ";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Субсидиялау Субсидиялау қағидаларының/Тетіктің "______________________" (бағыттың атауы) _______________ бағыты шеңберінде жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі Қосымшаға сәйкес нысан бойынша Субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес банкте/банк-төлем агентінде ашылған ағымдағы шотқа ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі кәсіпкердің банктің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған (бір немесе бірнеше жағдай орын алған) жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингі Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша "В" деңгейінен төмен түскен жағдайда;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген жағдайда;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған жағдайда кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) жүргізу фактісі туралы банктің/лизингтік компанияның хабарламасы негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша Алушының алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдер негізінде жүзеге асырады.

      Банкте/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.";

      12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қаржы агенттігі:

      1) осы Шарттың талаптарында банкте/банк-төлем агентінде ашылған ағымдағы шотты субсидиялау үшін жеткілікті сомамен уақтылы толтыруға;

      2) уәкілетті органға есеп беру мақсатында кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде Ұлттық жобаның/Тетіктің іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыруға;

      3) Алушының кредит қаражатын мақсатты пайдаланбауы және (немесе) оның жобасының Субсидиялау қағидаларының/Тетіктің талаптарына сәйкес келмеуі фактілері анықталған кезде Алушының төленген сыйақы сомасын өтеуін қамтамасыз ету шараларын қабылдауға, оның ішінде сот тәртібінде қабылдауға міндетті.

      13. Қаржы агенттігі:

      1) Субсидиялау қағидалары шеңберінде өңірлік үйлестірушіден/Субсидиялау қағидалары/Тетік шеңберінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат алынбаған жағдайда субсидияны аудармауға;

      2) қаражаттың мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан Алушыға тексерулер жүргізуге құқылы. Алушыдан кредиттің мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

      3) банктен/лизингтік компаниядан Алушы туралы, сондай-ақ Ұлттық жобаға/Тетікке қатысатын банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының іске асырылуы туралы құжаттарды және ақпаратты сұратуға және алуға;

      4) банкке/лизингтік компанияға және Алушыға алдын ала жазбаша хабарлай отырып, банк/лизингтік компания мен Алушының арасындағы банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген құқықтардың шеңберінде Жоба іске асырылатын жерге жарты жылда кемінде 1 (бір) рет шыға отырып, жобаның және (немесе) Алушының Субсидиялау қағидаларының/Тетіктің талаптарына сәйкестігін мониторингтеуді, субсидиялау жүзеге асырылатын қаражаттың мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асыруға;

      5) есепті қалыптастыру мақсатында осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Ұлттық жобаны/Тетікті іске асыру шеңберінде Алушыдан оның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қосымша сұратуға;

      6) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген Алушының міндеттемелерді орындау мерзімін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және Алушының оларды уақтылы орындауын талап етуге;

      7) банкке/лизингтік компанияға жазбаша хабарлай отырып, олардың жедел қызметіне араласпай, банкке/лизингтік компанияға барып, осы Шарт міндеттемелерінің орындалуын тексеруді жүзеге асыруға;

      8) жарнама науқанын жүргізген кезде, ақпаратты қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастырған кезде осы Шартты орындау шеңберінде Алушыдан немесе банктен/лизингтік компаниядан алынған Алушы туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ Алушының жазбаша келісімімен оны үшінші тұлғаларға беруге;

      9) мынадай фактілерді анықтау негізінде субсидиялауды тоқтата тұруға құқылы:

      субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатты пайдаланбау, бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелер қаражатын мақсатты пайдаланбау сомасына пропорционалды түрде тоқтатыла тұрады;

      Алушының субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      жобаның және/немесе Алушының Субсидиялау қағидаларының талаптарына және/немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

      төтенше жағдай/ахуал қолданылатын кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, Алушының банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      төтенше жағдай/ахуал қолданылатын кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, Алушының қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді жасау бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе Алушының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін Алушының салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы (Субсидиялау қағидаларының "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      "Жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттары:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздеген жағдайда Алушы ұсынатын сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң Алушының "жасыл" жоба бойынша аталған шекті өлшемшарттарға қол жеткізбеуі.

      Тетік шеңберінде Алушының:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер немесе өндіріс көлемі (ақшалай мәнде) бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар Тетік талаптарына сәйкес салықтық төлемдерді ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар Тетік талаптарына сәйкес салықтық төлемдерді ұлғайтуды қамтамасыз етеді).

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша мақұлданған Алушының жобалары бойынша субсидиялау мынадай:

      субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатты пайдаланбау;

      кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      жобаның және/немесе Алушының Субсидиялау қағидаларының талаптарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

      Алушының банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      Алушының қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді жасау бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салу және/немесе Алушының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін Алушының міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде кірістің өсуіне және жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайтуға қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы (Субсидиялау қағидаларының шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде Алушы – шағын кәсіпкерлік субъектісінің жобалары бойынша);

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық есептілігі деректерінің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау және (немесе) ұлғайту және (немесе) кірістің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу бойынша Тетік шеңберінде Алушының міндеттемелерді орындамау фактілері анықталған кезде тоқтатыла тұрады.

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша мақұлданған Алушының жобалары бойынша субсидиялау мынадай:

      субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатты пайдаланбау;

      Алушының субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      жобаның және/немесе Алушының Субсидиялау қағидаларының талаптарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

      төтенше жағдай/ахуал қолданылатын кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, Алушының банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      төтенше жағдай/ахуал қолданылатын кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, Алушының қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді енгізу бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе Алушының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін Алушының салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту жөніндегі немесе еңбекке ақы төлеу қорының көлемін ұлғайту жөніндегі немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде Алушының жобалары бойынша);

      Тетік шеңберінде Алушының:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер немесе өндіріс көлемі (ақшалай мәнде) бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар Тетік талаптарына сәйкес салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар Тетік талаптарына сәйкес салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) жөніндегі міндеттемелерді орындамау фактілері анықталған кезде субсидиялау тоқтатыла тұрады;

      10) Алушының кредит қаражатын мақсатты пайдаланбауы және (немесе) оның жобасының Субсидиялау қағидалары/Тетік талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталған кезде осы Шарт шеңберінде алынған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы агенттігіне өтеуді талап етуге құқылы.

      14. Алушы:

      1) банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) банкке/лизингтік компанияға:

      банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сай субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесін;

      осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген жағдайларды ескере отырып, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін төлеуге;

      3) қаржы агенттігіне жазбаша сұрау салу бойынша кредиттің мақсатты пайдаланылуына, жобаның және (немесе) Алушының Субсидиялау қағидаларының/Тетіктің талаптарына сәйкестігіне жобаның іске асырылатын аумағында тексерулер жүргізу құқығын беруге;

      4) қаржы агенттігінің жазбаша сұрау салуы бойынша Субсидиялау қағидаларының/Тетіктің, банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;

      5) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары және оның іске асырылуы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге және жария етпеуге;

      6) осы мемлекеттік қолдау көрсетілетін қызмет түрлерінің айырмашылығы болған жағдайда осы Шарт жасалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде статистика органдарында тиісті ЭҚЖЖ беруге және оны қаржы агенттігіне хабарлауға;

      7) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттарына арналған кредиттерге қатысты жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң Алушының жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына қол жеткізуіне тиісті тәуелсіз бағалау не нәтижелері бойынша қорытындыны Алушы қаржы агенттігіне беретін энергия аудитін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. Алушының жоба бойынша мәлімдеген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарын орындауын сыртқы тексеруді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізе алады.";

      15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Ұлттық жобаның/Тетіктің іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай:

      қаржы агенттігінің кірістердің өсу серпінін айқындауы үшін Алушының кірістері;

      қаржы агенттігінің жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін Алушының жұмыскерлерінің саны;

      қаржы агенттігінің бюджетке төленген салықтардың ұлғаю серпінін айқындауы үшін Алушының төлеген салықтарының сомасы туралы мәліметтерді алуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Банк/лизингтік компания:

      1) осы Шарт жасалғаннан кейін осы Шарттың барлық қолданылу мерзімінде Алушының кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтпауға;

      2) осы Шарт Субсидиялау қағидаларында көзделген мерзімде уақтылы жасалмаған жағдайда кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен қаржы агенттігін хабардар етуге;

      3) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасының негізінде Алушының жобасы бойынша қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялардың сомасын ай сайын есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте банктің/лизингтік компанияның қаржы агенттігінің шоттарындағы қаражаттың ағымдағы жалпы қалдықтарынан субсидияны есептен шығаруға құқығы жоқ. Алушы кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасы есептен шығарылған жағдайда қаржы агенттігінің талабы бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді;

      4) Алушы кредит/лизинг бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (қаржылық лизинг шарты бойынша қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) төлемдерді төлеу бойынша банктің/лизингтік компанияның алдындағы міндеттемелерді орындамаған жағдайда бұл туралы қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Бұл ретте, банк/лизингтік компания Алушы берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді.

      Осы тармақшада көзделген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда қаржы агенттігінің талабы бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      5) Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда қаржы агенттігінің талабы бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда және Алушының кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған жағдайда банк 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін беруге міндетті. Бұл ретте банк/лизингтік компания салыстырып тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасы мен күндерін көрсетеді;

      6) Алушы субсидиялардың сомасын дербес төлеген жағдайда кейін қаржы агенттігі қаражатты өтеген кезде қаржы агенттігі хабарламасының негізінде субсидиялардың тиісті сомасын есептен шығаруға және Алушының ағымдағы шотына аударуға;

      7) сұрау салу бойынша қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын кредитінің/лизингінің төлем тәртібіне қатысты деректерді беруге;

      8) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, қаржы агенттігімен және Алушымен мониторингтік есептерге қол қоюға;

      9) осы Шарттың талаптарын орындауға әсерін тигізуі мүмкін барлық мән-жайлар туралы қаржы агенттігіне уақтылы хабарлауға;

      10) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржы агенттігімен келісусіз кредиттің/лизингтің сомасын және (немесе) кредит/лизинг бойынша сыйақының номиналдық мөлшерлемесін өзгертпеуге;

      11) банк/лизингтік компания тарапынан Субсидиялау қағидаларында/Тетікте көзделген өндіріп алынуы ықтимал комиссияларды қоспағанда, қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда Алушыға ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді өтеуге міндетті. Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші Шартқа қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде Алушыға өтелуге тиіс. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Шарттың осы тармағында көрсетілген мерзімде алушыға уақтылы өтемеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      12) Алушы кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда қаржы агенттігіне кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы хабарлауға міндетті.

      Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне негізгі борышты ішінара өтеу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды;

      13) қаржы агенттігінен субсидиялар сомасын атаулы аудару туралы хабарлама алмаған жағдайда Алушыға сыйақы мөлшерлемесін толық көлемде өтеу туралы хабарлауға;

      14) Субсидиялау қағидалары шеңберінде 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған, субсидиялау мерзімі үш жыл болатын жоба бойынша осы Шарттың 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келіп түскен Алушының өтінімін қарау нәтижесі оң болған кезде күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға міндетті.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының үлгілік нысанында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялаудың үлгілік шарты";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан _______________________ негізінде әрекет ететін____________________________ бір тараптан және бұдан әрі "Ислам банкі (Исламдық лизингтік компания)" деп аталатын "Ислам банкі (_________ исламдық лизингтік компаниясы)" акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ екінші тараптан

      және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын ____________________ атынан _____________ негізінде әрекет ететін _______________________________ бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар төмендегілер туралы осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартты жасасу үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Ислам банктері жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалар);

      3) қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысының 20__ жылғы "___" __________ № ____ хаттамасы.";

      2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өңірлік үйлестіруші – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      2) банк – Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларды іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;

      3) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аударуға және есептен шығаруға арналған исламдық лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Шарттың талаптары бойынша қаржы агенттігі ______________ (ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) атауы) алынған қаржыландыру бойынша Алушы тауарының үстеме бағасын (жалдау төлемінің бір бөлігін) субсидиялауды мынадай шарттарда жүзеге асырады:

Қаржыландыру шарты/исламдық лизинг шарты

20____жылғы "____" ______
№___

Нысаналы мақсаты


Осы Шарт жасалған күнгі қаржыландыру/лизинг сомасы


Қаржыландыру валютасы


Ислам банкі/исламдық лизингтік компания кірісінің мөлшері


Қаржыландыру/лизинг мерзімі


Ерекше шарттар


      ";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі осы Шартқа өтеу кестесін ескере отырып, банктегі (банк-төлем агентіндегі) ағымдағы шотқа ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады. Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) бір уақытта тиісті хабарлама жібереді.

      Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі Алушының банктің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған (бір немесе бірнеше жағдай орын алған) жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингі Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша "В" деңгейінен төмен түскен жағдайда;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген жағдайда;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған жағдайда кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) жүргізу фактісі туралы банктің/лизингтік компанияның хабарламасы негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша Алушының алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдер негізінде жүзеге асырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Шартқа қол қойылғаннан кейін қаржы агенттігі субсидияларды төлейді. Субсидиялар тиісті Өңірлік үйлестірушіден келіп түскен қаражат болған кезде төленеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Алушы қаржыландыру бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде ислам банкі (исламдық лизингтік компания) кірісінің субсидияланбайтын бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (исламдық лизинг шарты бойынша) қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) төлемдерді төлеу бойынша ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) алдындағы міндеттемелерді орындамаған жағдайда Алушы берешекті өтегенге дейін ислам банкі (исламдық лизингтік компания) өз кірісінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін бұл туралы хабардар етеді. Осы тармақта көзделген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қаржы агенттігі Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың 69-тармағында көзделген мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатты пайдаланбау, бұл ретте субсидиялау қаржыландыруды мақсатты пайдаланбау сомасына пропорционалды түрде тоқтатыла тұрады;

      2) Алушының субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын (жалдауды) алмауы;

      3) жобаның және/немесе Алушының Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың талаптарына және/немесе өңірлік үйлестіру кеңесінің/қаржы агенттігінің шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) Алушының қаржыландыру шартына өтеу кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша ислам банкі алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) Алушының қаржыландыру шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік (жалдау) төлемдерді жасау бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      6) Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе Алушының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын кері талап ету;

      8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамау ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша) фактілері анықталған кезде алушыны субсидиялауды тоқтатады.";

      21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша мақұлданған Алушының жобасы бойынша субсидиялау мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатты пайдаланбау;

      2) Алушының субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын (жалдауды) алмауы;

      3) жобаның және/немесе Алушының Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың талаптарына және/немесе Қаржы агенттігінің шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) Алушының қаржыландыру шартына өтеу кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша ислам банкі алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) Алушының қаржыландыру шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік (жалдау) төлемдерді жасау бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      6) Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын кері талап ету фактілері анықталған кезде тоқтатылады.";

      мынадай редакциядағы 21-2-тармақпен толықтырылсын:

      "21-2. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша мақұлданған Алушының жобалары бойынша субсидиялау мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатты пайдаланбау, бұл ретте субсидиялау қаржыландыруды мақсатты пайдаланбау сомасына пропорционалды түрде тоқтатыла тұрады;

      2) Алушының субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын (жалдауды) алмауы;

      3) жобаның және/немесе Алушының Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың талаптарына және/немесе өңірлік үйлестіру кеңесінің/қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) Алушының қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша ислам банкі алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) Алушының төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік (жалдау) төлемдерді жасау бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      6) Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын кері талап ету;

      8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін Алушының салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту жөніндегі немесе еңбекке ақы төлеу қорының көлемін ұлғайту жөніндегі немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамау ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша) фактілері анықталған кезде субсидиялау тоқтатылады.";

      25 және 26 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қаржы агенттігі:

      1) Өңірлік үйлестірушінің қаражатын алмаған жағдайда субсидияларды аудармауға;

      2) егер қаржыландыру шартының және (немесе) осы Шарттың талаптары қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне және (немесе) Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда осы Шартқа қол қоймауға;

      3) Алушыдан қаражаттың (лизинг нысанының) мақсатты пайдаланылуы туралы қосымша ақпаратты сұратуға;

      4) ислам банкінен (исламдық лизингтік компаниядан) Алушы туралы, сондай-ақ Ұлттық жобаға қатысатын қаржыландыру шартының (исламдық лизинг шартының) іске асырылуы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

      5) ислам банкіне (исламдық лизингтік компанияға) және Алушыға алдын ала жазбаша хабарлай отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Ұлттық жоба шеңберінде жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес ислам банкі (исламдық лизингтік компания) мен Алушының арасындағы қаржыландыру шартында (исламдық лизинг шартында) көзделген құқықтар шеңберінде Жоба іске асырылатын жерге кемінде жарты жылда 1 (бір) рет бара отырып, жобаның және (немесе) Алушының Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкестігін мониторингтеуді, субсидиялау жүзеге асырылатын қаражаттың (лизинг нысанасының) мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асыруға;

      6) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;

      7) Алушыны субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау және Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың 69-тармағында көзделген фактілер анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұруға;

      "8) кредит қаражатын мақсатты пайдаланбау және (немесе) Алушы жобасының Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталған кезде Алушының төленген сыйақы сомасын өтеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде сот тәртібінде шаралар қабылдауға;

      9) жарнама науқанын жүргізген кезде, ақпаратты қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастырған кезде осы Шартты орындау шеңберінде алынған Алушы туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ оны Алушының алдын ала жазбаша келісуінсіз үшінші тұлғаларға (Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларды іске асыруға мүдделі тұлғаларға) беруге;

      10) осы Шарттың 23-тармағында көзделген фактілер анықталған кезде субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      26. Алушы:

      1) қаржыландыру шарты (исламдық лизинг шарты) бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) қаржы агенттігіне қаржыландырудың (лизингтің) мақсатты пайдаланылуына, жобаның және (немесе) Алушының Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкестігіне Жоба іске асырылатын аумақта мониторинг жүргізу құқығын беруге;

      3) қаржы агенттігінің сұрау салуы бойынша Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың, қаржыландыру шартының (исламдық лизинг шартының) және осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;

      4) қаржы агенттігінің алғашқы талабы бойынша қаржы агенттігіне жарнама науқанын жүргізген кезде, қаржы агенттігінің ресми сайтында ақпарат орналастырған кезде Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидалардың тиімділігін мониторингтеу үшін қаржы агенттігі пайдаланатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай:

      қаржы агенттігінің Алушы кірістерінің өсу серпінін айқындауы үшін кірістер;

      қаржы агенттігінің Алушының жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлер саны;

      қаржы агенттігінің Алушының бюджетке төлейтін салық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындауы үшін салық төлемдерінің сомасы жөніндегі мәліметтерді қаржы агенттігіне беру үшін, сондай-ақ оны үшінші тұлғаларға (Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларды іске асыруға мүдделі тұлғаларға) беру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне келісім беру туралы өтінішті ұсынуға;

      5) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары мен оны іске асыру туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға (Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларды іске асыруға мүдделі адамдарға) бермеуге және жария етпеуге.";

      28-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасы негізінде Алушының Жобасы бойынша қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын акцептсіз тәртіппен есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте ислам банкі (исламдық лизингтік компания) осы шартты іске асыру мақсаттарына арналмаған өзге шоттардан субсидиялар сомасын есептен шығаруға құқығы жоқ.

      Алушы қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасы есептен шығарылған жағдайда ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      3) Алушыны қаржыландыру бойынша ислам банкінің (исламдық лизингтік компанияның) кірісін субсидиялау тоқтатылған, Алушыны қаржыландыру бойынша өзіндік құнның сомасы (жалдау төлемінің сомасы) мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін беруге міндетті. Бұл ретте ислам банкі (исламдық лизингтік компания) салыстырып-қарау актісінде субсидиялардың іс жүзінде есептен шығарылған сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аударудың сомалары мен күндерін көрсетеді.

      Алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі (исламдық лизингтік компания) қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларға сәйкес рұқсат етілген комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді қоспағанда, Алушыға бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) ағымдағы қаржы жылындағы өзге де төлемдерді өтеуге;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының үлгілік нысанында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шарты";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан __________ негізінде әрекет ететін_______________________________________________ бір тараптан және бұдан әрі "эмитент" деп аталатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға атынан_______________________ негізінде әрекет ететін ___________________________________________ екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар", ал жекелей "Тарап" не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – Ұлттық жоба);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары);

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысының 20___ жылғы № хаттамасына сәйкес осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;

      2) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      3) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы берген лицензия негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жеке компания;

      4) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган – бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      5) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған жобалар, олар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес бар табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған;

      6) "жасыл" облигация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және "жасыл" жобаларды іске асыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген, тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

      7) "жасыл" таксономия – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      8) жоба –табыс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы;

      9) купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар – эмитент шығарған және қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайтын, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми бағалы қағаздар тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар, АХҚО актілеріне сәйкес эмитент шығарған және қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар;

      10) купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – эмитент купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды ұстаушыға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін қолданылатын эмитенттерге мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету нысаны;

      11) қаржы агенттігінің уәкілетті органы –Қаржы агенттігінің жарғысында, Қаржы агенттігінің кредиттік саясатында берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктер шегінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      12) қор биржасы – дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес проценті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған осы сауда-саттықтарды ұйымдастырушының сауда-саттық жүйелерін пайдалана отырып, сауда-саттықтарды тікелей өткізу жолымен оларды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      13) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасының және АХҚО қор биржасының ресми бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына және (немесе) секторына енгiзу, оларды қосу және оларда болу үшін қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;

      14) облигация ұстаушылардың өкiлi – осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу, бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялар айналысы процесінде эмитентпен жасасқан шарт негізінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушы;

      15) облигацияларды өтеу – эмитенттiң облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын орналастырылған облигацияларды сыйақысы мен номиналды құнын төлеу жолымен (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша іс-қимылы;

      16) облигациялар ұстаушы – бағалы қағаз ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар бойынша құқықтары бар тұлға;

      17) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      18) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияны орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны қолданғаны үшін облигация ұстаушыға жүйелі түрде төленуі тиіс, облигацияларды шығару проспектінде белгіленген, пайызбен көрсетілетін сыйақы мөлшері;

      19) сыртқы бағалау ("жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) – "жасыл" жобаның "жасыл" таксономияда көзделген шекті мәндердің сақталуы бөлігінде "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, "жасыл" облигациялардың Капитал нарықтары халықаралық қауымдастығының және АХҚО қор биржасының "жасыл" облигацияларды шығару жөніндегі актісіне сәйкес басқа да танылған стандарттардың "жасыл" облигациялар қағидаттарының негізгі элементтеріне сәйкестігін бағалау рәсімі;

      20) сыртқы бағалау провайдері – тиісті қорытынды дайындай отырып, "жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын іске асырылуы көзделген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      21) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      22) эмитент – купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкер.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қаржы агенттігі осы Шартқа қол қойылғаннан және эмитент:

      1) бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялар шығарылымы проспектін;

      2) қор биржасының/АХҚО қор биржасының эмитенттің облигацияларын биржаның (листинг) ресми тізіміне енгізу туралы хабарламасын;

      3) эмитент пен орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарий арасында төлем агенті қызметтерін көрсетуге шарт жасалғаны туралы хабарламаны;

      4) орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінен облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы үзінді көшірмені немесе есепті ұсынғаннан кейін субсидиялар төлейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Субсидиялауға көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің хабарламасы, ақпараты және анықтамасы негізінде субсидиялау бойынша бюджет қаражаты болған жағдайда 10 (он) жұмыс күні ішінде қаражатты эмитенттің банктегі ағымдағы шотына аудару жолымен жүзеге асырады.";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қаржы агенттігі:

      1) Осы Шарттың 9-тармағына сәйкес купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты эмитенттің ағымдағы шотына уақытылы аударуға;

      2) мынадай:

      субсидиялау жүзеге асырылатан облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатты пайдаланбау;

      жобаның және (немесе) эмитенттің Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкессіздігі;

      эмитенттің облигациялар бойынша купондық сыйақының субсидияланбайтын бөлігін төлеу міндеттемесін орындамау фактілері анықталған жағдайда субсидиялауды тоқтатуға;

      3) уәкілетті органға есеп беру мақсатында облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыруға;

      4) облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатты пайдаланбау және (немесе) эмитент жобасының Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда, эмитенттің төленген сыйақы сомасын өтеуін, оның ішінде сот тәртібінде өтеуін қамтамасыз ету шараларын қабылдауға міндетті.

      12. Қаржы агентігі:

      1) өңірлік үйлестірушіден қаражатты алмаған жағдайда субсидияларды аудармауға;

      2) қаражатты мақсатты пайдалануы тұрғысында эмитентке тексерулер жүргізуге құқылы. Эмитенттен облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

      3) орталық депозитарийден/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінен эмитент туралы, сондай-ақ Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысатын облигацияларды орналастыру туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

      4) эмитентті алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, жобаның және (немесе) эмитенттің Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігіне мониторингті, субсидиялау жүзеге асырылатын қаражаттың мақсатты пайдаланылуына жарты жылда кемінде1 (бір) рет мониторингті жүзеге асыруға;

      5) есеп қалыптастыру мақсатында осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде эмитенттен қызметінің нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қосымша сұратуға;

      6) Тараптар үшін көзделген осы Шартта белгіленген эмитент міндеттемелерінің орындалу мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және эмитенттің оларды уақтылы орындауын талап етуге;

      7) осы Шартты жүзеге асыру шеңберінде эмитенттен алынған эмитент туралы ақпаратты жарнамалау науқанын өткізу кезінде, қаржы агенттігінің ресми сайтында ақпаратты жариялау кезінде пайдалануға, сондай-ақ оны эмитенттен алынған жазбаша келісімімен үшінші тұлғаларға беруге;

      8) Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары 43-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда осы Шартты мерзімінен бұрын бір жақты соттан тыс тәртіппен бұзуға;

      9) мынадай:

      субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатты пайдаланбау;

      жобаның және (немесе) эмитенттің Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі;

      эмитенттің облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы;

      эмитенттің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе эмитенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      эмитенттің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және(немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту жөніндегі, еңбекке ақы төлеу қорының көлемін ұлғайту жөніндегі немесе табыстың өсуіне қол жеткізу жөніндегі (өткізуден түсетін кіріс: өткізілген тауарлардың, жұмыстардың,негізгі қызметтен көрсетілетін қызметтердің құны) немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемелерді орындамауы ;

      жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң эмитент ұсынатын сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде, егер осы шекті өлшемшарттарда :

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндері;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлері;

      3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

      4) су тұтынуды төмендету;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігі (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көзделетін болса, эмитенттің "жасыл" облигациялар бойынша белгіленген "жасыл" облигациялар бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті критерийлеріне қол жеткізбеу фактілерін анықтау негізінде субсидиялауды тоқтатуға құқылы.

      13. Эмитент:

      1) Шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) өтеу кестесіне сәйкес купондық сыйақының толық сомасын орталық депозитарийгеі/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне шотқа уақтылы аударуға;

      3) қаржы агенттігіне жазбаша сұрау салу бойынша облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуына, жобаны жүзеге асыру аумағында жобаның және (немесе) эмитенттің Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігінетексеру жүргізу құқығын беруге;

      4) қаржы агенттігінің жазбаша сұрау салуы бойынша Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары мен осы Шартты талаптарын орындаумен байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;

      5) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары мен іске асырылуы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ашпауға және бермеуге;

      6) осы мемлекеттік қолдау көрсетілетін қызмет түрлерінде айырмашылықтар болған жағдайда, осы Шарт жасасқан күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде статистика органдарында тиісті ЭҚЖЖ қойғызып алуға және өңірлік үйлестірушіні/қаржы агенттігін хабардар етуге;

      7) қаржы агенттігі төлеген, оның ішінде облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатты пайдаланбау және (немесе) жобаның Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына сай болмау фактілері анықталған кезде, сот шешімі бойынша сыйақы сомасын қайтаруды қамтамасыз етуге;

      8) "жасыл" облигацияларға қатысты жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң эмитенттің жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті критерийлеріне қол жеткізуіне тиісті тәуелсіз бағалау не энергия аудиттер жүргізілуін қамтамасыз етуге , оның нәтижелері бойынша қорытындыны эмитент қаржы агенттігіне ұсынуға міндетті. Эмитенттің жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті критерийлерінің орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның "жасыл" таксономияның шекті критерийлеріне сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізе алады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      " 16. Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 43-тармағы 4) тармақшасында көзделген жағдайларда осы Шартты қаржы агенттігі біржақты тәртіпте бұзуға құқылы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кепілдік шартының үлгілік нысанында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер берудің үлгілік шарты";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұдан әрі "Кепілгер" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан _______________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________ бір тараптан,

      бұдан әрі "Банк" деп аталатын банк/лизингтік компания "____________" акционерлік қоғамы/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан _________________________________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ екінші тараптан,

      бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын____________________________ (кәсіпкердің/лизинг алушының толық атауы) атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке жоғарыда көрсетілгендей немесе "Тарап" деп аталатындар :

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөннідегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – Ұлттық жоба);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер берудің үлгілік шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Кепілдік беру қағидаларында және Тетікте айқындалған.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Шартқа қол қоя отырып, Қарыз алушы Кепілгердің Кепілгер акционеріне және мемлекеттік органдарға мынадай мәліметтерді беруге келісім береді: Қарыз алушының атауы, Қарыз алушының Ұлттық жоба және/немесе Тетік шеңберінде қатысуы, Қарыз алушы жобасының атауы, Қарыз алушы жобасын іске асыратын өңір және сала, кредит сомасы және мерзімі, кепілдік сомасы, кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кепілдік бойынша комиссия мөлшері.Қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта аталған мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің интернет-ресурсында жариялауға да құқық береді.";

      9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы талапты сақтамау Кепілгердің осы Шарттың 39-1-тармағына сәйкес банкке қатысты жауапкершілік шараларын қолдануына әкеп соғады.";

      10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы талапты сақтамау Кепілгердің осы Шарттың 39-1-тармағына сәйкес банкке қатысты жауапкершілік шараларын қолдануына әкеп соғады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кредит шарты бойынша қамсыздандыру ретінде қабылданған мүлік Кепілдік шарты қолданылатын мерзім ішінде Қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың басқа міндеттемелері бойынша қамсыздандыру ретінде (Кепілгермен жазбаша келісілген жағдайларды қоспағанда) қолданылмайды.

      Осы талапты сақтамау Кепілгердің осы Шарттың 39-1-тармағына сәйкес Банкке қатысты жауапкершілік шараларын қолдануына әкеп соғады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қарыз алушы Кепілгерге Ұлттық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсаты үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын келесі мәліметтерді алуына келісімге өтініш беруге міндетті:

      1) Кепілгердің Қарыз алушы кірісінің өсу серпінін айқындауы үшін кірістер;

      2) Кепілгердің Қарыз алушының орташа жылдық жұмыс орындары санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлердің саны;

      3) Кепілгердің Қарыз алушының бюджетке салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындауы үшін салықтық төлемдер сомасы.";

      17-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың осы тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген кредиттік шартқа өзгерістер енгізілген жағдайда, банк осы Шарттың 39-1-тармағына сәйкес жауапты болады;";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Кепілгер талапты орындағанға дейін банк қабылдаған Қарыз алушының берешегін өндіріп алу жөніндегі шаралар нәтижесінде алынған сомалар Қарыз алушының берешегін өтеуге кредит шартының талаптарында белгіленген кезектілікке және Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық және банктік заңнамасының талаптарына сәйкес жіберіледі.";

      24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Егер Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу міндеттемелерін үздіксіз орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (жүз жиырма) күн ішінде Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу міндеттемелерін толық немесе ішінара орындаған жағдайда не банк Кепілдік шартының 21-тармағына сәйкес берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде негізгі борыш сомасын өндіріп алса, кепілдік сомасы негізгі борышты төлеу бойынша орындалған міндеттемеге/берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде негізгі борышты өтеуге бағытталған сомаға мөлшерлес азайтылады.";

      26-тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Шарттың 20-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама жіберу күніндегі және Кепілгерге талап ұсыну күніндегі кредит шарты шеңберінде Қарыз алушы жобасы бойынша кепіл мүлкінің және/немесе лизинг нысанасының тізбесін көрсете отырып, Қарыз алушының банк алдында берешегінің болуы туралы анықтама;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) растайтын құжаттарды ұсына отырып, кредит шарты бойынша берешекті өндіріп алу бойынша банк алдын ала қабылдаған шаралар және берешекті өндіріп алған жағдайда, қабылданған шаралар нәтижесінде түскен сомалар туралы ақпарат;";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Банк Шарттың 21-тармағында белгіленген мерзім шегінде кепілдік қамсыздандыруды/лизинг нысанасын өткізу жұмыстарын және Қарыз алушыдан берешекті өндіріп алудың өзге де шараларын жүргізеді. Банк Қарыз алушының берешегін өндіріп алу жөніндегі шаралар нәтижесінде , оның ішінде кепілдік қамсыздандыруды/лизинг нысанасын өткізу жолымен алған барлық сома Кепілгер мен банк арасында мынадай кезектілікпен бөлінеді:

      1) Қарыз алушының банк алдындағы сыйақы мөлшерлемесінің қалдық сомасын өтеу;

      2) банк алдындағы кредит шарт бойынша негізгі борыштың қалдық сомасын өтеу;

      3) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін өтеу;

      4) Қарыз алушының кредит шарты бойынша банк алдындағы тұрақсыздық айыбын және өзге де берешегін өтеу.

      Бұл ретте ақшаны бөлу банк оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      33. Егер осы Шарттың 32-тармағы орындалғаннан кейін Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі өтелмеген/толық көлемде өтелмеген жағдайда банк кепілдік бойынша міндеттемесін орындаған Кепілгерге банк өткізбеген барлық мүлікті/лизинг нысанасын, сондай-ақ кредит шартында Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамсыздандыру ретінде көрсетілген кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге кепіл мүлкі/лизинг нысанасы бойынша құқықтарды және Кепілгердің міндеттемені орындауы көлемінде қамсыздандыруды ұсына отырып, банкке шарттар бойынша кепіл ұстаушы ретінде тиесілі құқықтарды беруге міндеттенеді.

      Банк осы Шарттың 32-тармағы орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кепілгерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай құжаттарды:

      қосымша келісімі бар кредит шартының түпнұсқасын немесе нотариаткуәландырған көшірмесін;

      қосымша келісімдері бар қамсыздандырудыі ұсыну туралы шарттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін;

      кепіл мүлкінің/лизинг нысанасының құқық белгілеу құжаттарын және Кепілгердің талабы бойынша өзге де құжаттарды ұсынуға

      сондай-ақ барлық қажетті қосымша келісімдерді/кредитор құқығын банктен Кепілгерге беру туралы келісімдерді жасасуға міндеттенеді.";

      35, 36, 37, 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Кепілдіктің қолданылуы мынадай мән-жайлардың кез келгені орын алған кезде:

      1) кепілдікпен қамсыздандырылған кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасы толық өтелсе;

      2) осы Шартта көрсетілген кепілдік мерзімі аяқталған соң ;

      3) егер Кепілгер жаңа борышкер үшін жауап беруге келісім бермеген болса, кепілдікпен қамсыздандырылған кредит шарты бойынша борыш басқа тұлғаға аударылса;

      4) егер кепілдікпен қамсыздандырылған міндеттемені орындау мерзімі келген кезде банк Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған тиісті орындауды қабылдаудан бас тартса;

      5) дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) және (немесе) құжаттарды ұсыну Қарыз алушы тарапынан алаяқтық әрекеттерден туындаған және бұл Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайларды қоспағанда, Кепілгерге банк Кепілгердің кепілдік беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) және (немесе) құжаттарды ұсынған жағдайда;

      6) Қарыз алушы және (немесе) банк осы Шарттың 12-тармағында көзделген міндеттемелер мен талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;

      7) кредитті толығымен мақсатты пайдаланбау фактісі анықталған кезде;

      8) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Кепілдік беру қағидаларында/Тетікте және (немесе) осы Шартта көзделген өзге де негіздемелер бойынша тоқтатылады.

      36. Кепілгер банкке талапта көрсетілген соманы уақытылы төлемеген жағдайда, Кепілгер банкке мерзімі өткен әрбір күн үшін уақытылы төленбеген сомадан 0,01 % мөлшерінде, бірақ уақтылы төленбеген соманың 5 %-ынан артық емес тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      37. Банк Кепілгерге осы Шарт талаптарына сәйкес Кепілгерге тиесілі кез келген соманы уақтылы қайтармаған жағдайда, банк Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы қайтарылмаған сомадан 0,01 % мөлшерінде, бірақ уақтылы қайтарылмаған соманың 5 %-ынан артық емес тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      38. Банк осы Шарттың 17-тармағының 5) және 6) тармақшаларында, 32-тармақта, 21 және 33-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, бұзылған күнінен бастап банк Кепілгерге кешіктірілген әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі – АЕК), бірақ 100 (жүз) АЕК-тен артық емес тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      39. Қарыз алушы осы Шарттың 3), 5), 6), 7) тармақшаларында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда және 15-тармағының 10) тармақшасында белгіленген талаптарды анықтаған күннен бастап Қарыз алушы Кепілгерге кешіктірілген әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір еселенген АЕК мөлшерінде, бірақ 100 (жүз) АЕК-тен артық емес тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.";

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

      "39-1. Банк осы Шарттың 9, 10, 11-тармақтарында және 17-тармағының 1) тармақшасында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда банк Кепілгерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 100 (жүз) АЕК мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартының үлгілік нысанында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің үлгілік шарты";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру шарты (бұдан әрі – Шарт) мыналардың:

      1) "Өңірлік үйлестіруші":

      _________________________________________________________ атынан

      _________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________ және

      2) "Қаржы агенттігі": "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан ______________________________________________ негізінде

      әрекет ететін ____________________________________________________және

      3) Кәсіпкер:

      ______________________________________________________________ атынан

      _____________________________________________________ негізінде әрекет ететін _________________________________________________________,

      бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар арасында:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – Ұлттық жоба);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) сәйкес жасалды.";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалған.

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде бизнес-жобаларды іске асыруға оның кәсіпкерлік қызметін қолдау үшін грант ұсынады, өз кезегінде, кәсіпкер грантты осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жобаның іс-шаралар жоспарын іске асыруға пайдалануға міндеттенеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Шартта белгіленген талаптарға сәйкес осы Шарт бұзылған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге ақша қаражатын аударуды жүзеге асырмайды.";

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шарттың қолданылуы шеңберінде өңірлік үйлестіруші:";

      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Шарттың қолданылуы шеңберінде өңірлік үйлестіруші:";

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) гранттың игерілуіне және нысаналы пайдаланылуна мониторинг, қаржы агенттігі бекіткен мониторинг жүргізу жоспарына сәйкес бизнес-жобаларының орындалуы бойынша кәсіпкерлер қызметінің мониторингін, , кәсіпкердің Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарын орындауына, сондай-ақ кәсіпкердің осы Шарттың талаптарын сақтауына, оның ішінде қаржы агенттігі өкілдерінің кәсіпкерге бизнес-жобаны іске асыру орнына баруы арқылы мониторинг жүргізуге құқылы. Мониторинг жүргізудің тәртібі мен мерзімдері кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларымен, сондай-ақ қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен реттеледі;";

      14-тармақта

      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) өңірлік үйлестірушіге Шарттың қолданылу мерзімі ішінде барлық деңгейдегі бюджеттерге немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша берешектің жоқтығына кепілдік беруге;

      11) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өңірлік үйлестірушіге грант қаражатының пайдаланылмаған бір бөлігін тиісті талапты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтаруға;";

      14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) Ұлттық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай:

      қаржы агенттігінің кірістің өсу серпінін айқындау үшін кәсіпкердің кірістері;

      қаржы агенттігінің жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін кәсіпкер жұмыскерлерінің саны;

      қаржы агенттігінің бюджетке төленген салықтардың ұлғаю серпінін айқындауы үшін кәсіпкердің төлеген салықтарының сомасы туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне ұсынуға келісімге өтініш беруге;

      15) Шартқа 4-1 және 4-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша кәсіпкер құрған бизнес-жоба іс-шараларының орындалуы туралы және қаржы қаражатын пайдалану туралы жазбаша есептерді (бұдан әрі – Жазбаша есептер) қаржы агенттігіне беруге, атап айтқанда:

      20__ жылғы "___"___________ бастап 20__ жылғы "__"__________ қоса алғандағы кезеңде ағымдағы есепті беруге;

      20__ жылғы "__"___________ бастап 20__ жылғы "__"____________ қоса алғандағы кезеңде қорытынды есепті беруге міндеттенеді.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өңірлік үйлестірушіден Шарт бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын талап етуге;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Гранттың пайдаланылуының қорытындылары бойынша өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және Кәсіпкер осы Шартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант беру туралы шартқа гранттың пайдаланылу актісіне қол қояды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Кәсіпкер Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған, грант қаражатын мақсатты пайдаланбаған, жазбаша есептерді және (немесе) жазбаша есепке қоса берілетін құжаттарды, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалғанын растайтын ақпаратты/материалдарды ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, толық көлемде ұсынбаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген түрде ұсынған кезде Шарт талаптарын өзгеше бұзған, , грантты пайдаланудың анықталған кемшіліктерін дереу жоюдан бас тартқан не жалтарған немесе қаржы агенттігіне жалған мәліметтерді ұсынған жағдайларда қаржы агенттігі конкурстық комиссияға және өңірлік үйлестірушіге Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен грантты беруден бас тарту/пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды талап ету туралы ұсыныспен жүгінуге құқылы.

      Шартты бұзу және грант қаражатын қайтару туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен конкурстық комиссия тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бұзылған болып саналады, өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге және қаржы агенттігіне конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті түрде хабарлауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Осы Шартқа қол қою арқылы кәсіпкер Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында көзделген негізгі талаптармен және тыйымдармен танысқанын және осы Шартқа 6-қосымшада көрсетілген кәсіпкерге арналған жадынамамен танысқанын растайды.";

      10-бөлім "Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары" деген 10-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Өңірлік үйлестіруші
____________________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
______қаласы
______көшесі
телефон _____
БСН _______
ЖСК КZ_____
БСК ________
КБЕ________
"_________" ММ

Қаржы агенттігі
____________________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
______қаласы
______көшесі
телефон _____
БСН _____
ЖСК КZ_____
БСК _____
КБЕ_________
"_________" АҚ

Кәсіпкер
________________________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
______қаласы
______көшесі
телефон _____
БСН _____

      ";

      көрсетілген шартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шарт осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакциядағы 4-1 және 4-2-қосымшалармен толықтырылсын;

      көрсетілген шартқа 5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакциядағы көрсетілген шартқа 6-қосымшамен толықтырылсын.

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакциядағы 7-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 46 Бұйрыққа
1-қосымша
  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға мемлекеттік
гранттар беру шартына
1-қосымша

      Нысан

Бизнес-жобаның іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны









      Тараптардың қолдары

Өңірлік үйлестіруші

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер

_________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

____________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

__________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 46 Бұйрыққа
2-қосымша
  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға мемлекеттік
гранттар беру шартына
4-1-қосымша

      Нысан

Бизнес-жоба іс-шараларының орындалуы туралы есеп

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Нақты орындалу мерзімі

Іс-шараның орындалуын растайтын құжаттар






      кестенің жалғасы

Шартқа сәйкес меншікті қаражаттың пайдаланылу кезеңі

Меншікті қаражатты нақты пайдалану кезеңі

Шарт бойынша меншікті қаражат сомасы, теңге

Меншікті қаражатты нақты пайдалану сомасы, теңге

Растайтын құжаттар






      Тараптардың қолдары

Өңірлік үйлестіруші

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер

_________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

____________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

__________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 46 Бұйрыққа
3-қосымша
  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға мемлекеттік
гранттар беру шартына
4-2-қосымша

      Нысан

Бизнес-жоба грантының қаржы қаражатын пайдалану туралы есептің нысаны

р/с №

Шарт бойынша

Іс жүзінде пайдаланылған сома

Пайдаланылғанын растау үшін ұсынылған құжаттар

Нысаналы
мақсаты

Грант сомасы, теңге

Меншікті қаражат сомасы, теңге

Грант, теңге

Меншікті қаражат, теңге

Грант (құжаттың атауы, №, күні)

Меншікті қаражат (құжаттың атауы, №, күні)









      кестенің жалғасы

Шарт бойынша іс-шараның атауы

Шарт бойынша орындалу мерзімі

Іс жүзінде орындалған күні

Пайдаланылғанын растау үшін ұсынылған құжаттар





      Тараптардың қолдары

Өңірлік үйлестіруші

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер

_________
Мөрдің орны
(болған жағдайда)

____________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

__________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 46 Бұйрыққа
4-қосымша
  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға мемлекеттік
гранттар беру шартына
5-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік гранттар беру шартына 20__ жылғы "____" _________ №___грантты пайдалану актісі

____________ қаласы

20__ жылғы "___" ___________

      _______________________ атынан ________________________ негізінде әрекет ететін _________________ (бұдан әрі – Өңірлік үйлестіруші) бір тараптан және______________________________________атынан ____________________ негізінде әрекет ететін ________________________(бұдан әрі – қаржы агенттігі) бір тараптан және________________________атынан _______________________

      негізінде әрекет ететін ________________________ (бұдан әрі – кәсіпкер) бір тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы актіні жасасты:

      1. Өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге грантты Шарттың талаптарына сәйкес ұсынды.

      2. Кәсіпкердің Өңірлік үйлестірушіге Шарт бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде наразылықтары жоқ.

      3. Кәсіпкер нысаналы бизнес-жобаны Шарттың талаптарына сәйкес іске асырды.

      4. Қаржы агенттігінің кәсіпкерге Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау бөлігінде наразылықтары жоқ.

      Тараптардың қолдары

Өңірлік үйлестіруші

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер

_________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

____________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

__________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 46 Бұйрыққа
5-қосымша
  Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға мемлекеттік
гранттар беру шартына
6-қосымша

Кәсіпкерлерге жадынама

      Осы жадынамаға қол қою арқылы мен ______________(кәсіпкердің атауы) Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарымен, оның ішінде мынадай талаптармен танысқанымды растаймын:

      1) кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды. Бұл ретте, егер көрсетілген іске асыру мерзімі ішінде кәсіпкер қызметін жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал іске асырылса және бизнес-жобаны іске қосу және кейіннен іске асыру үшін ұқсас/балама құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер грант қаражатын өтеуге міндетті.

      2) мемлекеттік грант қаражатын жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін:

      жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;

      жалдау ақысы ретінде;

      үлестес компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алу/жұмыстарды орындау);

      пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;

      шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті қоспағанда, жеңіл автокөлік сатып алуға;

      ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құстарды, бал араларын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға пайдалануға болмайды.

      3) кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады (жеке тұлғадан автокөлік сатып алуға жол беріледі);

      4) грант қаражатын алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз етуге және бизнес-жобаны іске асыруға берілетін грант сомасының кемінде 10 % мөлшеріндегі соманы (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) жіберуге;

      5) жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік грант берудің міндетті шарты болып табылады.

      Бизнес-жобаның мониторингін қаржы агенттігі грант қаражатын алғаннан кейін 1 жыл ішінде жүргізетін болады.

      Мониторинг кезінде қаржы агенттігі мыналарға тексеріс жүргізеді:

      мемлекеттік гранттан алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына;

      бизнес-жобаны іске асыру (іске қосу) мониторингі;

      бизнес-жобаның Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына және осы Шарттың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Мониторинг қаржы агенттігі өкілдерінің бизнестің іске асырылатын жеріне шыға отырып жүргізіледі және шықаны міндетті түрде фототүсірілім арқылы тіркеледі.

      Грант қаражатының мақсатты пайдаланылуын растайтын қаржы агенттігінің мониторингі үшін талап етілетін негізгі құжаттар:

      төлемді растайтын фактілер: төлем тапсырмалары, шетел валютасында аударуға өтініштер, фискалдық чектер, банк шотынан үзінді көшірмелер (грант берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейін), кассалық кіріс ордеріне түбіртектер және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құжаттар;

      тауарларды алуды, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді растайтын: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құжаттар;

      құрылыс-монтаждау жұмыстарын (бұдан әрі ҚМЖ) жүзеге асырған жағдайда: ҚМЖ жүзеге асырылатын жер учаскесінің меншік/жалға алу құқығын растайтын құжат, эмитентке ҚМЖ өндірісінің басталғаны туралы хабарлама, уәкілетті органда тіркей отырып, пайдалануға беру/қабылдап алу актілері және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құжаттар.

      Мемлекеттік грантты игеру шарттарын бұзғаны үшін шаралар.

      Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптары бұзылған және/немесе осы Шарттың мақсатсыз пайдалану фактілері және/немесе талаптары анықталған жағдайда, Грант қаражатын қайтару түрінде жауапкершілік көзделген.

      Жадынамамен таныстым (қолы, мөрі (болған жағдайда) ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): _____________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 46 Бұйрыққа
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
7-қосымша

      Нысан

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шартының үлгілік нысаны

__________ қаласы

20 __ жылғы "____" ______

      Бұдан әрі "Кепілгер" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан ___________ негізінде әрекет ететін _____________________________________ бір тараптан,

      бұдан әрі "ОҰӨ" деп аталатын "____________" акционерлік қоғамы/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық атауы) атынан ___________ негізінде әрекет ететін _____________________________________ екінші тараптан және

      бұдан әрі "эмитент" деп аталатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (кәсіпкердің толық атауы) атынан ___________ негізінде әрекет ететін ______________________________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда жоғарыда көрсетілгендей немесе "Тарап" деп аталатындар:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – Ұлттық жоба);

      2021 – 2025жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары) сәйкес осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалған.

2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарттың талаптарында Кепілгер эмитенттің есептелген сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, өсімпұл сомаларын, айыппұл санкцияларын, борышты өндіріп алу жөніндегі сот шығасыларын, ОҰӨ мен эмитент арасында жасалған шарт бойынша эмитенттің міндеттемелерді орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған ОҰӨ басқа шығындарын, сондай-ақ номиналды құнға капиталдандырылған сыйақы және өзге де төлемдер сомаларын есепке алмағанда, орналастырылған облигациялардың номиналды құны сомасының бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы үшін ОҰӨ-нің алдында жауап беруге міндеттенеді:

      1) шарттың атауы мен нөмірі: _____________;

      2) шарт жасалған күн: ______________________;

      3) орналастырылған облигациялардың номиналды құны: ______________________________________;

      4) сыйақы мөлшерлемесі: _______________________;

      5) облигациялардың айналыс мерзімі: ______________________________________;

      6) Орналастырылған облигациялардың нысаналы мақсаты: ________________________________________________________________.

      Осы тармақтағы мәліметтер облигациялар шығарылымы проспектісінің және ОҰӨ мен эмитент арасында жасалған шарттың (бұдан әрі – ОҰӨ-мен шарт) талаптарына сәйкес көрсетіледі.

      3. Кепілгердің осы Шарт бойынша ОҰӨ алдындағы жауапкершілігі _________________ (___________________________) теңге ______ тиын мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектеледі, бұл орналастырылған облигациялардың номиналды құнының _____ % құрайды.

      4. Кепілгердің Кепілдік бойынша міндеттемелерінің мөлшері Кепілгер орындаған талаптың сомасына азайтылады.

      5. Орналастырылған облигацияларды сатып алу/ішінара сатып алу кезінде кепілдік сомасы облигацияларды өтеу сомасына барабар азайтылады.

      6. Кепілдік эмитент орналастырылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартта белгіленеді.

      7. Осы Шартқа қол қою арқылы эмитент ОҰӨ-ге Кепілгерге эмитентке, ОҰӨ-мен шартқа, облигациялар шығарылымы проспектісіне және оның орындалуына қатысты ақпаратты, оның ішінде облигациялардың өтелген сомалары туралы, ОҰӨ-мен шарт бойынша облигациялардың өтелмеген сомасының қалдықтары туралы мәліметтерді ұсыну құқығын береді. Эмитент сондай-ақ Кепілгерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ол туралы дербес деректерді (жеке тұлғалар үшін) жинауға және өңдеуге өзінің қайтарып алынбайтын және сөзсіз келісімін береді.

      8. Осы Шартқа қол қою арқылы эмитент Кепілгердің Кепілгер акционеріне және мемлекеттік органдарға мынадай мәліметтерді ұсынуына келісім береді: эмитенттің атауы, эмитенттің Ұлттық жоба шеңберінде қатысуы, эмитент жобасының атауы, эмитент жобасын іске асыру өңірі мен саласы, шығарылған облигациялардың сомасы мен мерзімі, кепілдік сомасы, шығарылған облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кепілдік бойынша комиссияның мөлшері. Эмитент сондай-ақ Кепілгерге осы тармақта көрсетілген мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің интернет-ресурсында жариялау құқығын береді.

      9. ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша эмитенттің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ОҰӨ-мен шартта және облигациялар шығарылымы проспектісінде эмитенттің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде көрсетілмеген және (немесе) ОҰӨ-мен шартқа және облигациялар шығарылымы проспектісіне және (немесе) Кепіл шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген мүлік, құқықтар, кепілдіктер, кепілгерліктер және басқалар эмитенттің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету бола алмайды.

      Осы талапты сақтамау Кепілгердің осы Шарттың 40-тармағына сәйкес ОҰӨ-ге қатысты жауапкершілік шараларын қолдануына әкеп соғады.

      10. ОҰӨ-мен шартта және облигациялар шығарылымы проспектісінде эмитенттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қолданылатын мүлік Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз қамтамасыз ету құрамынан шығарылмайды.

      Осы талапты сақтамау Кепілгердің осы Шарттың 40-тармағына сәйкес ОҰӨ-ге қатысты жауапкершілік шараларын қолдануына әкеп соғады.

      11. ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданған мүлік Кепілдік шартының қолданылу мерзімі ішінде эмитенттің және (немесе) үшінші тұлғалардың басқа міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету бола алмайды (Кепілгермен жазбаша келісілген жағдайларды қоспағанда).

      Осы талапты сақтамау Кепілгердің осы Шарттың 40-тармағына сәйкес ОҰӨ-ге қатысты жауапкершілік шараларын қолдануына әкеп соғады.

      12. Кепілдік беруді қолданудың міндетті талабы Кепілгердің мынадай талаптарын сақтау болып табылады:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) __________________________________________________________.

      Осы тармақшаға мәліметтер Кепілгердің уәкілетті органының талаптарына сәйкес толықтырылады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      13. Кепілгер ОҰӨ-нің талабын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осы Шарттың талаптарымен ОҰӨ-нің кепілдігі бойынша төлем жүргізуге міндетті.

      14. Кепілгер:

      1) ОҰӨ мен эмитенттен осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалуын талап етуге;

      2) ОҰӨ-ден эмитент шығарған облигациялар қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды және ОҰӨ мен эмитенттің осы Шартты және (немесе) ОҰӨ-мен шартты және облигациялар шығарылымы проспектісін орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті толық және анық ақпаратты, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де қажетті ақпаратты, оның ішінде Кепілгер өкілдерінің ОҰӨ-ге баруы арқылы, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып алуға;

      3) жобаның іске асырылу барысын тексеру мақсатында облигацияларды орналастырудан түскен қаражат есебінен қаржыландырылған эмитенттің жобасын іске асыру орнына шығуды жүзеге асыруға;

      4) егер осы Шарттың талаптарына сәйкес берілген кепілдік сомасы шегінде кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау туралы Кепілгерге қойылатын ОҰӨ-нің талаптары (бұдан әрі – талап):

      мұндай талап ОҰӨ-ге дұрыс қойылмаса не осы Шарттың және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және/немесе шарттарына сәйкес келмесе, ОҰӨ қойылған талапта анықталған бұзушылықтары жойғанға дейін;

      Кепілгер осы Шарттың 5-бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтаса, талапты орындаудан бас тартуға;

      5) эмитент борышты таныған және (немесе) эмитент ОҰӨ-ге өзінің қарсылықтарын беруден бас тартқан жағдайда да эмитент ұсынуы мүмкін қарсылықтарды ОҰӨ-нің талаптарына қарсы қоюға;

      6) эмитенттен және ОҰӨ-ден Кепілгердің сұрау салуын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей эмитенттің ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша міндеттемелерді орындағаны, оның ішінде ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;

      7) ОҰӨ-ден (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) эмитентке ОҰӨ-нің талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттар мен ақпаратты ұсынуды және осы Шартта белгіленген көлемде бұл талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды Кепілгерге беруді талап етуге;

      8) эмитенттен (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Кепілгерге кепілдік бойынша жүргізілген төлемдер сомасын толық көлемде өтеуді және эмитент үшін жауапкершілікке байланысты келтірілген өзге де залалдарды өтеуді талап етуге;

      9) Қазақстан Республикасының банктік және азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен осы Шарт бойынша туындаған берешек сомасын эмитенттің кез келген шоттарынан акцептсіз тәртіппен алып қоюға (есептен шығаруға) не эмитенттің екінші деңгейдегі банктерде ашылған банк шоттарынан ақшаны банк шоттарын тікелей дебеттеу жолымен есептен шығаруға құқылы. Осы Шарттың көшірмесі және эмитенттің Кепілгер алдындағы берешегін растайтын құжаттардың көшірмелері эмитенттің банк шоттарын тікелей дебеттеу үшін негіз болып табылады. Осы эмитенттің екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарын тікелей дебеттеу жолымен төлемдерді жүзеге асыруға келісімі болып табылады;

      10) осы Шарттың талаптарын тиісінше және (немесе) уақтылы орындамау фактілері анықталған кезде Кепілдік сомасын және (немесе) мерзімін азайтуға құқылы. Бұл ретте Кепілгер облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатты пайдаланбау фактілері анықталған кезде кепілдік сомасын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған сомаға барабар төмендету туралы шешім қабылдайды. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты толық мақсатты пайдаланбаған жағдайда Кепілгер кепілдіктің күшін жояды.

      15. Эмитент:

      1) облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты ОҰӨ-мен шартта және облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген олардың нысаналы мақсатына сәйкес ОҰӨ-ге растайтын құжаттарды ұсына отырып пайдалануға;

      2) ОҰӨ-нің және (немесе) Кепілгердің бірінші талабы бойынша оның өкілдеріне облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, оның қамтамасыз етілуін және эмитенттің өндірістік (сауда) объектілерін тікелей қарау және (немесе) ОҰӨ-ге және (немесе) Кепілгерге қажетті шарттармен (мерзімде, көлемде) қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттар мен ақпаратты ұсыну арқылы оның қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мүмкіндігін беруге;

      3) ОҰӨ-мен шарттың және облигациялар шығарылымы проспектісінің талаптары бұзылған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, Кепілгерді ОҰӨ-мен шарттың және облигациялар шығарылымы проспектісінің барлық жол берілген бұзушылықтары туралы, оның ішінде орналастырылған облигациялардың және (немесе) облигацияларды орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақының сомасын төлеу (сатып алу) мерзімінің өтіп кетуі туралы, сондай-ақ эмитенттің ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін барлық мән-жайлар туралы жазбаша хабардар етуге;

      4) ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша міндеттемелерді орындау туралы талаптарды ОҰӨ қойған жағдайда қалыптасқан мән-жайда өз міндеттемелерін тиісінше орындауға қатысты барлық ақылға қонымды және қолжетімді шараларды қабылдауға;

      5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда Кепілгерге кепілдік бойынша Кепілгер жүргізген төлемдер сомасын толық көлемде өтеуге және (Кепілгердің тиісті талабы болған кезде) Кепілгер ОҰӨ-ге кепілдік бойынша соманы аударған күннен бастап эмитент Кепілгерге ақшаны нақты қайтарған күнге дейін ОҰӨ-мен шартта және облигациялар шығарылымы проспектісінде көрсетілген мөлшерлеме кепілдік бойынша ОҰӨ-ге төлеген сомаға Кепілгердің алдындағы эмитент берешегінің сомасына есептелген сыйақыны төлеуге, сондай-ақ Кепілгер эмитент үшін жауапкершілікке байланысты шеккен өзге де залалдарды Кепілгердің талабында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде өтеуге міндетті. Кепілгердің осы Шартта көрсетілген банк шотына ақшаны есепке алу күні Қарыз алушының Кепілгерге ақшаны нақты қайтару күні болып есептеледі;

      6) Кепілгерден ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпаратты беру туралы жазбаша сұрау салуды алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерге сұрау салуда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;

      7) банктік деректемелері және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде ОҰӨ мен Кепілгерді жазбаша хабардар етуге;

      8) Кепілгердің шешімі бойынша шығарылған облигациялар қаражаты есебінен сатып алынатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сақтандыруды жүзеге асыруға;

      9) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгер алдындағы өзінің барлық мүлкімен жауап беруге;

      10) Кепілгердің мынадай талаптарын:

      __________________________________________________________;

      __________________________________________________________;

      __________________________________________________________ сақтауға міндетті.

      Осы тармақшаға мәліметтер Кепілгердің уәкілетті органының талаптарына сәйкес әрбір жоба бойынша жеке толықтырылады.

      16. Эмитент Ұлттық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсаттары үшін Кепілгерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай:

      1) Кепілгердің эмитент кірістерінің өсу қарқынын айқындауы үшін кірістер;

      2) Кепілгердің эмитенттің жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлер саны;

      3) Кепілгердің эмитенттің бюджетке салық төлемдерінің ұлғаю қарқынын айқындауы үшін салық төлемдерінің сомасы туралы мәліметтерді алуға келісім беруге өтініш беруге міндетті.

      17. ОҰӨ:

      1) ОҰӨ-мен шарттың және облигациялар шығарылымы проспектісінің талаптары өзгерген кезде (Кепілгердің жауапкершілігін немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларды ұлғайтуға әкеп соқпайтын) дереу, бірақ кез келген жағдайда облигациялар шығарылымы проспектісіне және ОҰӨ-мен шартқа өзгерістер енгізілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы Кепілгерге жазбаша хабарлауға міндетті.

      Облигациялар шығарылымы проспектісіне және ОҰӨ-мен шартқа Кепілгердің жауапкершілігін ұлғайтуға немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға әкеп соғатын өзгерістер енгізілген кезде ОҰӨ Кепілгерден осы өзгерістерді енгізуге алдын ала жазбаша келісім алуға міндетті.

      Шарттың осы тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер ОҰӨ-мен шартқа және облигациялар шығарылымы проспектісіне Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген жағдайда ОҰӨ осы Шарттың 40-тармағына сәйкес жауапты болады;

      2) Кепілгерден ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы, оның ішінде жасалған ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпаратты беру туралы жазбаша сұрау салуды алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерге сұрау салуда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;

      3) эмитент ОҰӨ алдындағы міндеттемелерді толық көлемде орындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерді ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындағаны (оның ішінде міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындаған жағдайда) туралы жазбаша хабардар етуге;

      4) осы Шартта белгіленген жағдайларда осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде Кепілгерге ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;

      5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін ОҰӨ Кепілгерден алған барлық соманы 10 (он) жұмыс күні ішінде облигациялар шығарылымы проспектісі және ОҰӨ-мен шарт бойынша эмитент шығарған облигацияларды өтеуге жұмсауға;

      6) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда осы Шарттың 32-тармағы орындалғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде эмитентке ОҰӨ-нің талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттар мен ақпаратты Кепілгерге беруге және Кепілгерге осы Шартта белгіленген көлемде осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды беруге міндетті. ОҰӨ құжаттары Кепілгерге түпнұсқада, ал оны жасау мүмкін болмаған жағдайда – нотариат куәландырған көшірмелер түрінде беріледі. ОҰӨ-ден Кепілгерге құжаттарды беру құжаттарды қабылдау-беру актісін жасай отырып жүзеге асырылады;

      7) эмитент ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша облигациялардың номиналды құнын төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда мониторинг жүргізу үшін осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде Кепілгерге эмитенттің дерекнамасына рұқсат беруге;

      8) кепілді орындау нәтижесінде Кепілгер алған құқықтарды жүзеге асыруда Кепілгерге кедергі келтірмеуге;

      9) осы Шартта белгіленген өзге де міндеттемелерді тиісті түрде орындауға міндетті.

      18. ОҰӨ:

      1) эмитент ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша эмитент шығарған облигацияларды өтеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде Кепілгерге талап қоюға;

      2) Кепілгер мен эмитенттен осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелердің орындалуын талап етуге;

      3) кепілдік беру Кепілгердің шешімі бойынша тоқтатылған жағдайда/кепілдіктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда ОҰӨ қолданыстағы шарт бойынша эмитентке осы Шарт жасалғанға дейін бұрын қолданыста болған талаптарды (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді және өзге де талаптарды) белгілеуге құқылы.

      19. Осы Шартты орындау кезінде ОҰӨ Кепілгердің алдындағы өз міндеттемелерін Кепілгермен алдын ала келісусіз төмендетуге/өзгертуге құқылы емес.

4. Кепілдікті орындау тәртібі

      20. Эмитент ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді үздіксіз орындамаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен бұрын емес мерзімде ОҰӨ Кепілдік мөлшерінің қалдығын көрсете отырып және эмитенттің ОҰӨ-нің алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтаманы және ОҰӨ эмитентке жіберген мерзімі өткен берешекті өтеу туралы жазбаша талаптың көшірмесін қоса бере отырып, бұл туралы Кепілгерді жазбаша хабардар етеді.

      21. ОҰӨ-мен шарт және облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді эмитент орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде ОҰӨ эмитенттен және қамтамасыз етуді берген тұлғалардан мерзімі өткен берешекті алу, оның ішінде берешекті өндіріп алу, қамтамасыз етуді өндіріп алу, банк кепілдігі, үшінші тұлғалардың кепілдіктері/кепілгерліктері бойынша талап қою (кепілдікті қоспағанда), эмитенттің шоттарынан ақшаны алып қою жолымен алу мақсатында шаралар қолдануға міндетті.

      22. Кепілгер талапты орындағанға дейін эмитенттің берешегін өндіріп алу бойынша ОҰӨ қолданған шаралар нәтижесінде алынған сомалар ОҰӨ-мен шарттың және облигациялар шығарылымы проспектісінің талаптарында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық және банк заңнамасының талаптарында белгіленген кезектілікке сәйкес эмитенттің берешегін өтеуге жіберіледі.

      23. Егер эмитент облигацияларды кері сатып алу жөніндегі міндеттемелерді үздіксіз орындамаған/эмитенттің орналастырылған облигациялары (сатып алынғандарды шегергенде) бойынша дефолт туындаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Кепілгер осы Шарттың талаптарын сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізеді.

      24. Егер эмитент облигацияларды кері сатып алу жөніндегі міндеттемелерді үздіксіз орындамаған/эмитенттің орналастырылған облигациялары (сатып алынғандарды шегергенде) бойынша дефолт туындаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде не егер ОҰӨ Кепілдік шартының 21-тармағына сәйкес берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде облигациялардың номиналды құнының бір бөлігін төлеуге байланысты сомаларды өндіріп алса, кепілдік сомасы берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде облигациялардың номиналды құнының бір бөлігін өтеуге бағытталған облигациялардың номиналды құнының бір бөлігін төлеу бойынша орындалған міндеттемеге тең мөлшерге азайтылады.

      Егер эмитент облигацияларды кері сатып алу бойынша міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған/эмитенттің орналастырылған облигациялары (сатып алынғандарды шегере отырып) бойынша дефолт туындаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде ОҰӨ Кепілгерге талап қоюға құқылы.

      25. Талапта:

      1) Кепілдік шартының деректемелері;

      2) облигациялар шығарылымы проспектісінің және ОҰӨ-мен шарттың деректемелері;

      3) эмитенттің атауы;

      4) Кепілгер кепілдік бойынша төлеуге тиіс соманың есебі;

      5) ақша есепке алынуға жататын ОҰӨ шотының деректемелері көрсетіледі.

      26. Талапқа:

      1) Шарттың 20-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама жіберілген күнге және Кепілгерге талап берілген күнге облигациялар шығарылымы проспектісі және ОҰӨ-мен шарт шеңберінде эмитенттің жобасы бойынша кепіл мүлкінің тізбесін көрсете отырып, эмитенттің ОҰӨ алдындағы берешегінің болуы туралы анықтама;

      2) облигацияларды орналастырудан алынған ақша берілген күннен бастап Кепілгерге талап қойылған күнге дейінгі кезең үшін эмитенттің банк шотынан үзінді көшірме;

      3) эмитенттің облигациялар шығарылымынан қаражат алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) облигациялар шығарылымы проспектісі және ОҰӨ-мен шарт бойынша эмитентке жіберілген эмитенттің міндеттемелерді бұзғаны туралы ОҰӨ талаптарының (наразылықтарының) көшірмесі;

      5) ОҰӨ талабына (наразылығына) эмитент жауабының көшірмесі (бар болса);

      6) облигациялар шығарылымы проспектісі және ОҰӨ-мен шарт бойынша берешекті өндіріп алу бойынша ОҰӨ қолданған шаралар туралы ақпарат және қабылданған шаралар нәтижесінде алынған сомалар туралы берешекті өндіріп алған жағдайда, растайтын құжаттар;

      7) берешекті өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);

      8) атқару парақтарының көшірмелері (бар болса);

      9) облигациялар шығарылымы проспектісіне және ОҰӨ-мен шартқа қосымша келісімдердің көшірмелері (бар болса);

      10) эмитенттің ОҰӨ алдындағы берешегін және ОҰӨ берешекті өндіріп алу бойынша қабылдаған шараларды растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері (бар болса) қоса беріледі.

      27. Талапта көрсетілген сома осы Шарттың талаптарына сәйкес келуге тиіс, бірақ кез келген жағдайда ол осы Шарттың 3-тармағында белгіленген кепілдіктің шекті сомасынан аса алмайды.

      28. ОҰӨ талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс хатпен жіберу немесе қолма-қол тапсыру жолымен жібереді.

      29. Талап Кепілгерге Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша ағымдағы жұмыс күні сағат 16.00-ге дейін қойылуы мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-ден кейін қойылған талап келесі жұмыс күні қойылған болып есептеледі.

      30. ОҰӨ талабын алғаннан кейін, бірақ кез келген жағдайда оны қанағаттандырғанға дейін Кепілгер осы Шартта көрсетілген эмитенттің мекенжайына тапсырыс хатпен хабарлама жіберу немесе эмитенттің қолы қойылып, қолма-қол тапсыру жолымен ОҰӨ-нің талап қойғаны туралы эмитентті жазбаша нысанда хабардар етеді. Хабарламаны тапсырыс хатпен жөнелткен кезде хабарлама пошта мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (үшінші) күні алынған болып есептеледі.

      31. Кепілгер ОҰӨ-нің талабын және осы Шартта көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, сондай-ақ талаптарға және ұсынылған құжаттарға қатысты қарсылықтар болмаған кезде ОҰӨ-ге талапта көрсетілген сома мөлшерінде төлем жүргізеді не барлық наразылықтарды көрсете отырып, ОҰӨ-ге хат жібереді.

      32. ОҰӨ Шарттың 21-тармағында белгіленген мерзімдер шегінде кепілдік қамтамасыз етуді іске асыру жөніндегі жұмысты және эмитенттен берешекті өндіріп алу жөніндегі өзге де шараларды жүргізеді. Эмитенттің берешегін өндіріп алу жөніндегі шаралар нәтижесінде, оның ішінде кепілдік қамтамасыз етуді өткізу жолымен ОҰӨ алған барлық сомалар Кепілгер мен ОҰӨ арасында мынадай кезектілікпен бөлінеді:

      1) облигациялар шығарылымы проспектісі бойынша эмитенттің сыйақы қалдығының сомасын өтеу;

      2) облигациялар шығарылымы проспектісі және ОҰӨ-мен шарт бойынша облигациялардың номиналды құнының қалдық сомасын өтеу;

      3) эмитенттің Кепілгер алдындағы берешегін өтеу;

      4) облигациялар шығарылымы проспектісі және ОҰӨ-мен шарт бойынша эмитенттің тұрақсыздық айыбын және өзге де берешегін өтеу.

      Бұл ретте ақшаны бөлу оларды ОҰӨ алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      33. Егер осы Шарттың 32-тармағы орындалғаннан кейін эмитенттің Кепілгер алдындағы берешегі өтелмеген/толық көлемде өтелмеген жағдайда, ОҰӨ кепілдік бойынша міндеттемені орындаған Кепілгерге ОҰӨ-нің барлық сатылмаған мүлкін, сондай-ақ облигациялар шығару проспектісінде және ОҰӨ-мен шартта эмитенттің міндеттемелерін және құқығын орындауды қамтамасыз ету ретінде көрсетілген кепілдіктерді, кепілдемелерді және өзге де кепіл мүлкі бойынша құқықтарды және Кепілгер орындаған міндеттеме көлемінде қамтамасыз етуді ұсына отырып, шарттар бойынша кепіл ұстаушы ретінде ОҰӨ-ға тиесілі құқықтарды беруге міндеттенеді.

      Осы Шарттың 32-тармағы орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ОҰӨ Кепілгерге қабылдау-беру актісі бойынша мынадай құжаттарды:

      облигациялар шығару проспектісінің және қосымша келісімдері бар ОҰӨ-мен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      қосымша келісімдерімен қамтамасыз етуді ұсыну туралы шарттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

      кепіл мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды және Кепілгердің талабы бойынша өзге де құжаттарды беруге, сондай-ақ ОҰӨ-нен Кепілгерге құқықтарды беру туралы барлық қажетті келісімдерді/қосымша келісімдерді жасасуға міндеттенеді.

5. Кепілдіктің қолданылу мерзімі

      34. Кепілдік _____ жылғы "____" қоса алғандағы мерзімге дейін беріледі.

      35. Кепілдіктің қолданылуы мынадай кез келген мән-жайлар туындаған кезде:

      1) облигациялар шығару проспектісі және ОҰӨ-мен шарт бойынша кепілдікпен қамтамасыз етілген облигациялардың номиналды құнының сомасы толық өтелген;

      2) осы Шартта көрсетілген кепілдік мерзімі өткеннен кейін;

      3) егер Кепілгер жаңа борышкер үшін жауап беруге келісім бермесе, облигациялар шығару проспектісі мен ОҰӨ-мен шарт бойынша кепілдікпен қамтамасыз етілген борышты басқа тұлғаға аудара отырып;

      4) егер кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі басталғаннан кейін ОҰӨ эмитент немесе Кепілгер ұсынған тиісті орындауды қабылдаудан бас тартса;

      5) дәйексіз мәліметтерді (ақпаратты) және (немесе) құжаттарды ұсыну эмитент тарапынан алаяқтық әрекеттерден туындаған және бұл Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайларды қоспағанда, ОҰӨ Кепілгерге Кепілгердің кепілдік беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті дәйексіз мәліметтерді (ақпаратты) және (немесе) құжаттарды ұсынған жағдайда;

      6) эмитент және (немесе) ОҰӨ осы Шарттың 12-тармағында көзделген міндеттемелер мен талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;

      7) облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны толық мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде;

      8) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларында және (немесе) осы Шартта көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      36. Кепілгер ОҰӨ-нің талабында көрсетілген соманы уақтылы төлемеген жағдайда, Кепілгер ОҰӨ-не мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 %, бірақ уақтылы төленбеген соманың 5 %-нан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      37. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Кепілгерге тиесілі кез келген соманы ОҰӨ Кепілгерге уақтылы қайтармаған жағдайда, ОҰӨ Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы қайтарылмаған соманың 0,01 %, бірақ уақтылы төленбеген соманың 5 %-нан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      38. ОҰӨ осы Шарттың 17-тармағының 5) және 6) тармақшаларында, 32-тармағында, 21 және 33-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, бұзған күннен бастап ОҰӨ Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) бес еселенген мөлшерінде, бірақ 100 (жүз) АЕК-тен аспайтын тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      39. Эмитент 3), 5), 6), 7) тармақшаларында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда және осы Шарттың 15-тармағы 10) тармақшасының белгіленген талаптары анықталған күннен бастап эмитент Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір АЕК мөлшерінде, бірақ 100 (жүз) АЕК-тен аспайтын тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      40. ОҰӨ осы Шарттың 9, 10, 11-тармақтарында және 17-тармағының 1) тармақшасында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, ОҰӨ Кепілгерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК-тің 100 (жүз) еселенген мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      41. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы кінәлі Тарап құқықтарын бұзған Тараптың құқығы болып табылады. Тұрақсыздық айыбын төлеу туралы жазбаша талапты жіберу Тараптың тұрақсыздық айыбын төлеуді талап ету құқығын пайдалануы болып есептеледі. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Шарттың талаптарын тиісінше орындаудан босатпайды.

      42. ОҰӨ облигациялар шығару проспектісін және ОҰӨ-мен шарттың тиісінше ресімделуі үшін, сондай-ақ Кепілгердің уәкілетті органының шешімінде көрсетілген облигациялар шығару шарттарының сәйкес келуіне толық түрде жауапкершілікте болады. ОҰӨ тарапынан осы міндеттемені бұзу жағдайлары анықталған жағдайда, Кепілгер кепілдіктің күшін жоюды қоса алғанда, жауапкершілік шараларын қолдануға құқылы.

7. Қорытынды ережелер

      43. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Тараптардың мөрлерінің бедерлерімен (бар болса) бекітіледі.

      44. Осы Шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер мен талқылаулар жолымен шешеді, егер келіссөздер нәтижесінде Тараптар келісімге келмесе, онда мұндай дау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралатын болады.

      45. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде бірдей ( ) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін әрқайсысының заңды күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде ( ) данада жасалды. Тараптар Шарттың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде әртүрлі оқылымдар немесе сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алатын болады деп келісті.

      46. Осы Шартта қарастырылмаған барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.

      47. Облигациялар шығару проспектісінің және ОҰӨ-мен шарттың көшірмелері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      48. Тараптардың келісімі бойынша Кепілгер осы Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалуына тек өз қаражаты шегінде ғана жауап береді.

      49. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және кепілдіктің қолданылуы тоқтатылғанға дейін, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде – толық орындалғанға дейін қолданылады.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері мен қолдары

Эмитент
________________
___________________
мөр орны
(болған жағдайда)

Кепілгер
Қаржы агенттігі
"Даму"
кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
мөр орны
(болған жағдайда)

ОҰӨ
_____________
___________________
мөр орны
(болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон____________
БСН ______________

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон____________
БСН ______________
ЖСК KZ ___________
БСК ______________
КБЕ ______________
"_____________" АҚ

Қазақстан Республикасы
_____________ қаласы
_____________ көшесі
телефон____________
БСН ______________
ЖСК KZ ___________
БСК ______________
КБЕ ______________
"_____________" АҚ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады