"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 маусымда № 28600 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20823 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 4-қосымшасында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлу "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24385 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады;

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) көрсетіледі.".

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.".

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтінішті портал арқылы жіберген кезде орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы порталда электрондық құжат нысанында жеке кабинетте көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бірінші рет жүгінген кезде, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру рәсімі мынадай дәйекті іс-қимылдар бойынша жүзеге асырылады:

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтініш тіркелген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн жұртшылықпен танысу үшін қолжетімді болатын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын, оған қоғамдық тыңдау өткізу туралы хабарландырумен бірге көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушіден ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жария талқылау үшін өздерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы, ал жұртшылық пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын көрсетілетін қызметті беруші жіберген және (немесе) орналастырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында ауызша жібереді.

      Мүдделі мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан алынған жазбаша нысандағы ескертулер мен ұсыныстарды көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жиынтық кестеге енгізеді, ол ықтимал әсерлер туралы есеп жобасымен бірге қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

      Қоғамдық тыңдауларды өткізудің шекті мерзімі қатарынан 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Қоғамдық тыңдаулар аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қоғамдық тыңдаулар хаттамасы қалыптастырылады, оған қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындау туралы шешім қабылдайды немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді бас тартуды алғаннан кейін мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтайды және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды алуға қайта өтініш береді.

      Ықтимал әсерлер туралы есептің пысықталған жобасын сараптама комиссиясының отырысында қарауды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінген кезде қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру рәсімі мынадай дәйекті іс-қимылдар бойынша жүзеге асырылады:

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтініш тіркелген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын жұртшылықпен танысу үшін орналастырылған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн қолжетімді қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландырумен бірге көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға, оның ішінде бірыңғай жүйе арқылы жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушіден ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жария талқылау үшін өздерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы, жұртшылық пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын көрсетілетін қызметті беруші жіберген және (немесе) орналастырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында ауызша жібереді.

      Мүдделі мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан алынған жазбаша нысандағы ескертулер мен ұсыныстарды көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жиынтық кестеге енгізеді, ол ықтимал әсерлер туралы есеп жобасымен бірге қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

      Қоғамдық тыңдауларды өткізудің шекті мерзімі қатарынан 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Қоғамдық тыңдаулар аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қоғамдық тыңдаулар хаттамасы қалыптастырылады, оған қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қол қояды. Қоғамдық тыңдаулардың қол қойылған хаттамасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде танысу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі.

      Хаттамада мүдделі мемлекеттік органдардың және жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталда қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны жеке кабинетте электрондық құжат нысанында алады;

      Хаттамада мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қайталап қоғамдық тыңдаулар өткізу барысында олардың авторлары алмаған ескертулері мен ұсыныстары болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының тиісті пікірі қайталама қоғамдық тыңдаулар хаттамасына енгізіледі, содан кейін даулы мәселелер бойынша келіспеушіліктер сараптама комиссиясында шешіледі.

      Қайталама қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрағалығымен сараптама комиссиясын құрады және бірыңғай жүйе арқылы сараптама комиссиясының мүшелеріне ықтимал әсерлер туралы есептің және бастапқы және қайталама қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының пысықталған жобасының көшірмелерін жібереді, сараптама комиссиясының отырысын өткізу күнін белгілейді.

      Сараптама комиссиясының отырысы көрсетілетін қызметті берушінің және қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын жасаушының қатысуымен сараптама комиссиясының мүшелеріне ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының көшірмесін және қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларын жібергеннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Сараптамалық комиссия отырысының нәтижелері бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия отырысының хаттамасы жасалады, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы және отырысқа қатысқан сараптамалық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      Сараптама комиссиясы оң шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады.

      Сараптамалық комиссия ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.".

      Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 5-қосымшасында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлу "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24385 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады;

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) көрсетіледі.".

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 1 -қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының қарауына жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтінішті портал арқылы жіберген кезде орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Портал арқылы ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды беру рәсімі мынадай дәйекті іс-қимылдар бойынша жүзеге асырылады:

      көзделіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің бар екендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көзделіп отырған қызмет туралы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің бірыңғай экологиялық порталында www.ecoportal.kz (бұдан әрі-Портал) орналастырады және оның көшірмесін тиісті мүдделі мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ұсыныстар мен ескертулер беру үшін, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына ресми интернет-ресурстарда орналастыру үшін жібереді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушіден белгіленген қызмет туралы өтініштің көшірмесін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны ресми интернет-ресурстарда орналастырады, өтініш орналастырылған күннен бастап қатарынан күнтізбелік отыз күн ішінде қолжетімді болады, белгіленген қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурстарда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде ресми хабарды таратуды қосымша ұйымдастырады.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық көрсетілетін қызметті беруші жіберген күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласы туралы қорытындыға қатысты өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын ұсынады.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды.

      Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жазбаша нысанда не қағаз жеткізгіште алынған ескертулер мен ұсыныстар енгізілетін жиынтық кесте түрінде ресімделген хаттаманы, порталда орналастырады және көшірмесін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      Хаттаманы порталда орналастырғаннан және көшірмесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына жіберілгеннен кейін, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы төмендегілердің бірін ресімдейді:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізудің қажеттілігі немесе жүргізілмеуі туралы және қоршаған орта компоненттерінің қамту саласын айқындау жөніндегі тұжырымдар қамтылған, көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың қамту саласын және (немесе) әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қорытындыны беру мерзімі Көрсетілетін қызметті беруші көзделініп отырған қызмет туралы өтінішті тіркеген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды.

      Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.".

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 231 бұйрығына
1-қосымша
  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалау нәтижелері бойынша
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі

7

График работы

Көрсетілетін қызметті беруші –күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылдың 23 қарашасынан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін бірінші рет жүгінген кезде:
порталға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беруге өтініш;
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытындының электрондық көшірмесі;
ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының электрондық көшірмесі;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хаттың электрондық көшірмесі;
есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жария етуге жатпайтын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасындағы ақпарат көрсетілген және көрсетілген ақпараттың заңмен қорғалатын қандай құпияға жататыны түсіндірілген өтінішті, сондай-ақ тиісті ақпарат жойылған және "құпия ақпарат" мәтініне ауыстырылған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының екінші көшірмесін қоса береді;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлер болған жағдайда:
көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжаттың электрондық көшірмесі;
Мемлекеттік қызметке қайта жүгінген кезде, оның ішінде Сараптау комиссиясының отырысында ескеруді ескере отырып:
порталға:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық түрдегі қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беруге арналған өтініштің электрондық көшірмесі;
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытындының электрондық көшірмесі;
көрсетілетін қызметті берушімен берілген ескертулерді ескере отырып пысықталған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының электрондық көшірмесі;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хаттың электрондық көшірмесі;
есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда:
есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жария етуге жатпайтын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасындағы ақпарат көрсетілген және көрсетілген ақпараттың заңмен қорғалатын қандай құпияға жататыны түсіндірілген өтінішті, сондай-ақ тиісті ақпарат жойылған және "құпия ақпарат" мәтініне ауыстырылған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының екінші көшірмесін қоса береді;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлер болған жағдайда:
көрсетілетін қызметті берушімен берілген ескертулерді ескере отырып пысықталған көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжаттың электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 73-бабының 16-тармағына, 74-бабының 14-тармағына және 76-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен берілген ұсыныстар мен ескертулердің жойылмауы.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 231бұйрығына
2-қосымша
  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалаудың қамту саласын
айқындау туралы және (немесе)
көзделіп отырған қызметтің әсер
ету скринингін айқындау туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізудің қажеттілігі немесе жүргізілмеуі туралы және қоршаған орта компоненттерінің қамту саласын айқындау жөніндегі тұжырымдар қамтылған, көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың қамту саласын және (немесе) әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-электронды.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші –күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылдың 23 қарашасынан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды алу үшін көзделіп отырған қызметтің көрсетілетін қызметті алушысы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді www.egov.kz (бұдан әрі-портал):
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды алу үшін:
порталға (электронды нысанда):
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі қызмет туралы өтініш;
трансшекаралық әсер ету жағдайында:
көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды алу үшін:
порталға (электрондық нысанда):
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі қызмет туралы өтініш.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады