Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 48 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 шiлдеде № 28688 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді. Тізбенің 1-тармағының сегізінші абзацы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ислам банктің Тізбенің 2-тармағының алпыс бесінші, жетпіс алтыншы, сексен алтыншы және жүз он екінші абзацтарында көрсетілген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуы осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған жағдайларда Тізбенің 2-тармағының алпыс сегізінші, жетпіс жетінші, сексен жетінші және жүз он үшінші абзацтарында көзделген мерзім осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептеледі.

      Банктің Тізбенің 3-тармағының алпыс алтыншы, жетпіс бесінші, жүз оныншы, жүз жиырма бесінші, жүз елу екінші және жүз алпыс сегізінші абзацтарында көрсетілген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуы осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған жағдайларда Тізбенің 3-тармағының алпыс жетінші, жетпіс алтыншы, жүз он бірінші, жүз жиырма алтыншы, жүз елу үшінші және жүз алпыс тоғызыншы абзацтарында көзделген мерзім осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептеледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ 48 қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары мыналарға қолданылмайды:

      1) төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғаларға:

      заңды тұлғаның халықаралық шкаласы бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі бар;

      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ең төменгі рейтингіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;

      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және заңды тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған.

      Рейтингтік агенттіктің осы тармақшада көрсетілген заңды тұлғаға рейтингтік агенттіктің бастамасы бойынша рейтингтік қызметтер көрсетуді тоқтатуымен байланысты кредиттік рейтингті кері қайтарып алған жағдайда, осы кері қайтарып алу алдында берілген кредиттік рейтингтің деңгейін қатарынан кейінгі 12 (он екі) ай ішінде пайдалануға рұқсат етіледі;

      2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті мәртебе алған және көрсетілген күні төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - банк холдингтеріне:

      банк холдингінің ұлттық шкаласы бойынша Japan Credit Rating Agency (JСR) рейтингілік агенттігінің не JСR үлестес тұлғасы болып табылатын рейтингілік агенттіктің "ААА"-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар;

      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;

      Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы мен банк холдингі резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған.".

      2. "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырағы № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндерінде және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бірінші деңгейдегі капитал негізгі капитал мен қосымша капиталдың сомасы ретінде есептеледі:

      1) негізгі капитал:

      Нормативтерге 1-1-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды сыныптауға арналған өлшемшарттарда көзделген негізгі капиталдың қаржы құралдарының өлшемшарттарына сәйкес келетін, төленген жай акциялардың;

      қосымша төленген капиталдың;

      өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының;

      ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының 3510 "Резервтік капитал" баланстық шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде айқындалатын жинақталған ашылған резервтің;

      негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резервтерінің және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтерінің;

      басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздардың құнын қайта бағалау резервтерінің;

      мынадай реттеуіш түзетулерді шегергенде:

      меншікті сатып алынған жай акцияларды;

      гудвиллді қоса алғанда, материалдық емес активтерді;

      өткен жылдардың және ағымдағы жылдың шығындарын;

      шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бір бөлігін қоспағанда, кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін шегергендегі кейінге қалдырылған салық активін;

      басқа да қайта бағалау бойынша резервтердің;

      активтерді секьюритилендіру бойынша транзакциялармен байланысты сатудан түскен кірістердің сомасы ретінде есептеледі. Мұндай табыстарға болашақта толық немесе ішінара кірісті күтуге байланысты секьюритилендіру шарттарынан алынған болашақ кезеңдердің табысы жатады;

      осындай міндеттеме бойынша кредиттік тәуекелдің өзгеруіне байланысты қаржылық міндеттеменің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістердің немесе болған шығындардың;

      қосылған капиталдан шегерілуге тиіс, бірақ оның жеткіліксіз деңгейіне байланысты негізгі капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулердің;

      Нормативтердің 8-тармағында көрсетілген инвестициялардың сомасы ретінде есептеледі;

      2) қосымша капиталға Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлерде белгіленген критерийлерге сәйкес келетін мерзімсіз шарттар енгізіледі, олардың нәтижесінде бірмезгілде бір тұлғада қаржы активі және екінші тұлғада қаржылық міндеттеме немесе заңды тұлғаның барлық міндеттемелерін басқа тұлғадан шегергеннен кейін қалған оның активтерінің үлесіне құқығын растайтын өзге қаржы құралы (бұдан әрі – мерзімсіз қаржы құралдары) туындайды, сондай-ақ Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлерде белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, ақысы төленген артықшылықты акциялар енгізіледі.

      Қосымша капитал мөлшері мынадай реттеуіш түзетулердің:

      банктің меншікті мерзімсіз қаржы құралдарына тікелей не жанама тәсілмен жасалатын инвестицияларының;

      банктің сатып алынған меншікті артықшылықты акцияларының;

      Нормативтердің 8-тармағында көрсетілген инвестициялардың;

      екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуге тиіс, бірақ оның жеткіліксіз деңгейіне байланысты қосымша капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулердің сомасына азаяды.

      Егер банктің қосымша капиталының сомасы шегеруді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болса, онда қалған бөлігі банктің негізгі капиталынан шегеріледі.

      2022 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған теріс қайта бағалау түрінде өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарының және Ресей Федерациясының эмитенттердің бағалы қағаздарының құнын қайта бағалау резервтері негізгі капитал сомасын есептеуге 12 (он екі) ай iшiнде кезең-кезеңмен мынадай талаптарға сәйкес:

      2022 жылғы 1 наурыздан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 10 (он) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 сәуірден бастап - теріс қайта бағалау сомасының 15 (он бес) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 мамырдан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 маусымнан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 25 (жиырма бес) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - теріс қайта бағалау сомасының 30 (отыз) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 тамыздан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 40 (қырық) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап - теріс қайта бағалау сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қазаннан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 60 (алпыс) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қарашадан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қантардан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 90 (тоқсан) пайызы мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 ақпаннан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде қосылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. "Бір қарыз алушы" терминін Нормативтердің 34-тармағында көрсетілген, банкте талаптары бар немесе талаптары туындауы мүмкін әрбір жеке және заңды тұлға деп түсіну керек.

      Екі немесе одан да көп қарыз алушылардан құралған топтың тәуекел мөлшері, егер қарыз алушылардың әрқайсысының тәуекел мөлшері банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан асатын болса, бір қарыз алушы үшін жиынтықта, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бірі болған кезде есептеледі:

      қарыз алушылардың бірі ірі қатысушы (акционерлік қоғамда, жауапкершілігі шектеулі серіктестікте немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікте ірі қатысушы, коммандиттік серіктестікте толық серіктестік, толық серіктестікке қатысушы), үлестес тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағасы-інісі немесе апасы-сіңлісі, атасы, әжесі, немересі), жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы, басқа қарыз алушының бірінші басшысы, не басқа қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі тұлға;

      ірі қатысушы, үлестес тұлға, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе қарыз алушының бірінің бірінші басшысы не бір қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі тұлға - ірі қатысушы, үлестес тұлға, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе басқа қарыз алушының бірінші басшысы не басқа қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі тұлға болып табылады;

      ірі қатысушы, үлестес тұлға, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе қарыз алушының бірінің бірінші басшысы не бір қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі, ірі қатысушы болып табылатын тұлға, үлестес тұлға, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бірінші басшысы болып табылады не ірі қатысушының, үлестес тұлғаның, жақын туысының, жұбайының (зайыбының), жұбайының (зайыбының) жақын туысының немесе басқа қарыз алушының бірінші басшысының не басқа қарыз алушымен мәміле жасауға мүдделі тұлғаның мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылады;

      қарыз алушылардың бірінің банктен қарызға алған ақшасын басқаға пайдалануға беретін қарыз берушінің меншікті капиталынан асатын мөлшерде бергендігін растайтын жеткілікті негіздер бар болса;

      қарыз алушылардың банктің қарыз алушылары болып табылмайтын сол бір үшінші тұлғаға пайдалануға осы қарыз алушылардың жиынтық меншікті капиталынан асатын мөлшердегі банктен алынған қарызды бірлесіп немесе жекелей бергенін растайтын жеткілікті негіздер бар болса;

      қарыз алушылар бір-бірімен қарыз алушылардың бірінің (Қазақстан Республикасының банктерін қоспағанда) ортақ не басқа қарыз алушының міндеттемелері бойынша оның активтерінің 10 (он) пайызынан асатын сомада субсидиарлық жауапкершілігі бар болатындай байланысты болса;

      бір қарыз алушының лауазымды тұлғасы банктің басқа қарыз алушыларының қызметіне қаржылық жағынан мүдделі болса;

      консорциумның мүшелері болып табылатын қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушылар өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгілері бар өзге құжат арқылы байланысты болса;

      қарыз алушылар сақтандыру полистері, резервтік аккредитивтер, кепілгерліктер, сондай-ақ "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" "ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және олардың еншілес ұйымдарының, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның, Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) "B"- дан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері түрінде берілген жалпы қамтамасыз етудің болу жағдайларын қоспағанда, өздерінің міндеттемелері үшінші тұлғаға тиесілі жалпы кепілдік мүлкімен қамтамасыз етілетіндей не олардың міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету ретінде бір тұлғаның кепілдігі және (немесе) кепілгерлігі ұсынылатындай етіп байланысты болса;

      қарыз алушылар сақтандыру полистері, резервтік аккредитивтер, кепілгерліктер, сондай-ақ "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" "ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және олардың еншілес ұйымдарының, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның, Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) "B"- дан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері түрінде берілген қамтамасыз етудің болу жағдайларын қоспағанда, қарыз алушылардың бірі басқа қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз етуге кепіл мүлкін, кепілдік, кепілгерлік бергендей байланысты болса;

      төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін қарыз алушылар:

      мынадай мемлекеттердің аумағында: Андорра князьдігінде, Лихтенштейн князьдігінде, Либерия Республикасында, Монако князьдігінде, Маршалл аралдарында (Маршалл аралдары республикасында) тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады;

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған офшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады;

      тіркелген немесе осы тармақтың екінші бөлігінің он үшінші және он төртінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары болып табылатын ірі қатысушылары, үлестес тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы қарыз алушылармен мәміле жасауға мүдделі тұлғалары бар;

      қарыз алушылар бір-бірімен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негіздер бойынша байланысты болса;

      қарыз алушылар жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі жобаның тапсырыс берушісін, салынып жатқан объектінің құрылысына үлестік қатысушыларды және үлестік қатысушылардың кепілгерлерін қоса алғанда, жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі жобаның қатысушылары болып табылады. Осы абзацта аталған қарыз алушылар тобы құрған бір қарыз алушының тәуекел мөлшері салынып жатқан объектінің құрылысына үлестік қатысушылардың және (немесе) үлестік қатысушылардың кепілгерлерінің қатысуымен жасалған топ үшін Нормативтің осы тармағының екінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарына сәйкес бір қарыз алушының тәуекел мөлшерінің жиынтық есебіне қабылданбайды.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының жалпы көлемі олар пайда болған күні Нормативтерде белгіленген шектеулер шегінде болған, бірақ соңынан соңғы 3 (үш) ай ішінде банктің меншікті капиталының деңгейі 5 (бес) пайыздан аспайтындай төмендеуіне байланысты не соңғы 3 (үш) ай ішінде қарыз алушыға қойылатын талаптар 10 (он) пайыз деп көрсетілген теңгенің шетел валютасына орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының өсуіне байланысты көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда, бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалды деп есептеледі.

      Көрсетілген жағдайларда банк уәкілетті органды дереу хабардар етеді және ағымдағы есепті күнгі және одан кейінгі 3 (үш) айдағы асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.

      Банктің меншікті капиталы деңгейінің банкке байланысты емес мән-жайлар бойынша төмендеуі нәтижесінде нормативтің белгіленген ең жоғары мәндері асып кеткен жағдайда, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қоса алғанда.

      теңгенің шетел валюталарына биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      Банк активтері мен міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруімен байланысты бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай асып кету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативін көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде белгіленген ең жоғары мәндерден аспайтын деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуді ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы асып кету іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған кезде өтiмдiлiк нормативтерi өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң орташа айлық негiзде анықталатын есептiк мәндерiне қатыссыз орындалмаған деп есептеледi.

      Өтімділік нормативтері:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты бір немесе бірнеше өтімділік коэффициенттерінің мәндері банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде өтімділік нормативтерді белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаса, өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі аталған төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтердің бұзылуы ретінде қаралады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Есепті аптаның ішінде ашық валюталық позицияның лимиттерi кез келген шетел валютасы (тазартылған бағалы металдар) бойынша шектен асып кеткен кезде, содан кейiнгi 3 (үш) апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған бағалы металдар) бойынша ашық валюталық позиция лимиттерi Нормативтердің 51-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 (бес) пайыздық тармаққа азаюымен айқындалады.

      Жеке алынған шетел валютасы (тазартылған бағалы металдар) бойынша банк белгiлеген лимиттердiң 0,09 (нөл бүтін жүзден тоғыз) пайыздық шектен асып кетуi ашық валюталық позицияның лимиттерiнiң бұзылуы болып есептелмейдi.

      Ашық валюталық позицияның лимиттерi:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты әрбiр шетел валютасы немесе тазартылған бағалы металл бойынша банкке байланыссыз жағдайларда ашық валюталық позицияның лимиттерiнен асып кетуі жағдайында 2022 жылғы 21 ақпаннан 2023 жылғы 28 ақпан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған деп есептелмейді.

      Банк осындай асып кету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде ашық валюталық позиция лимиттерін белгіленген ең жоғары мәндерден аспайтын деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың тортінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы асып кету іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, ашық валюталық позиция лимиттерi мәндерінің асып кетуі осы асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандырылуы k7 коэффициентімен сипатталады. Коэффициенттің ең жоғары мәні 1 мөлшерінде белгіленеді.

      k7 коэффициенті Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.

      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы талап етуге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы, қоса алғанда 1 (бір) жылға дейінгі бастапқы өтеу мерзімі бар мерзімді міндеттемелер;

      кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, банктердің мерзімді және шартты депозиттері.

      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:

      бейрезидент заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары;

      өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

      халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

      халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. (Клирстрим Банкинг) и EuroclearBankSA/NV (Евроклир Банк) болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер.

      2022 жылғы 1 наурыздан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 қаңтар аралығындағы кезеңде өтеудің қоса алғанда 1 (бір) жылға дейін бастапқы мерзімімен, сондай-ақ корреспондеттік шотта Қазақстан Республикасының бейрезидент - бас банкі алдындағы депозиттер және кредиттер түріндегі өзге міндеттемелер.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.

      Банктің ішкі міндеттемелері реттелген борышты, мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражатты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.

      Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаты үшін Нормативтің 57 және 58-тармақтарына сәйкес

      жарғылық капиталдың, не

      Қазақстан Республикасының бейрезидент еншілес ұйымдарының реттелген борышына инвестициялар, Қазақстан Республикасының бейрезидент еншілес ұйымдарының акциялары шегерілген, 700-Н нысанның деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,75-ке көбейтілген ең аз шамасы пайдаланылады.

      Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициенті:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты оның мәні банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәнінен төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентінің төмендеуі көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.";

      2-қосымшасы осы Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшасының редакциясымен мазмұндалсын.

      3. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндерінде мен оларды есептеу әдістемелерінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бiрiншi деңгейдегi капитал негізгі капитал мен қосымша капитал сомасы ретінде есептеледi:

      1) негізгі капитал:

      Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін төленген жай акциялардың;

      қосымша төленген капиталдың;

      өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының;

      ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) 3510 "Резервтік капитал" баланстық шотындағы қалдықтар сомасы ретінде айқындалатын жинақталған ашып көрсетілген резервтің;

      негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резервтерінің және өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтерінің;

      өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздардың құнын қайта бағалау резервтерінің сомасы ретінде есептеледі;

      мынадай:

      меншікті сатып алынған жай акцияларды;

      гудвиллді қоса алғанда, материалдық емес активтерді;

      өткен жылдардың шығындарын және ағымдағы жылдың шығындарын;

      алынатын уақыт айырмаларына қатысты танылған, кейінге қалдырылған салық активтері бөлігін қоспағанда, кейінге қалдырылған салық активін;

      басқа да қайта бағалау бойынша резервтерді;

      активтерді секъюритилендіру бойынша транзакциялармен байланысты сатулардан түскен кірістерді реттеуіш түзетулер шегеріледі. Осындай кірістерге секъюритилендіру талаптарына қарай алынған болашақта толық немесе ішінара кірісті күтумен байланысты болашақтағы кезеңдердің кірісі жатады;

      қаржы міндеттемесі бойынша кредиттік тәуекелдің өзгеруіне байланысты осындай міндеттеменің әділ құнының өзгеруінен түсетін кірістерді немесе болатын шығындарды;

      үстеме капиталдан шегерілетін, бірақ оның деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты негізгі капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулер шегеріледі;

      Нормативтердің 11-тармағында көрсетілген инвестициялар шегеріледі;

      2) қосымша капиталға Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген, сәйкес келетін мерзiмсiз шарттар қосылады, соның нәтижесінде бірмезгілде бір тұлғада қаржы активі және қаржылық міндеттеме немесе заңды тұлғаның барлық міндеттемелерін басқа тұлғадан шегергеннен кейін қалған активтер үлесіне оның құқығын растайтын өзге қаржы құралы (бұдан әрі - мерзiмсiз қаржы құралдары), сондай-ақ Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған өлшемшарттарда белгіленген, сәйкес келетін, ақысы төленген артықшылықты акциялар қосылады.

      Қосымша капитал мөлшері мынадай реттеуіш түзетулер сомасына азаяды:

      банктің меншікті мерзiмсiз қаржы құралдарына тікелей не жанама тәсілмен салынған инвестициялары;

      банктің меншікті сатып алынған артықшылықты акциялары;

      Нормативтердің 11-тармағында көрсетілген инвестициялар;

      екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуі тиіс, бірақ оның деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты қосымша капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулер.

      Банктің қосымша капитал сомасы шегеруді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болса, қалған бөлік банктің негізгі капиталынан шегеріледі.

      2022 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған теріс қайта бағалау түрінде өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарының және Ресей Федерациясының эмитенттердің бағалы қағаздарының құнын қайта бағалау резервтері негізгі капитал сомасын есептеуге 12 (он екі) ай iшiнде кезең-кезеңмен мынадай талаптарға сәйкес:

      2022 жылғы 1 наурыздан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 10 (он) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 сәуірден бастап - теріс қайта бағалау сомасының 15 (он бес) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 мамырдан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 маусымнан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 25 (жиырма бес) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - теріс қайта бағалау сомасының 30 (отыз) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 тамыздан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 40 (қырық) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап - теріс қайта бағалау сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қазаннан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 60 (алпыс) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қарашадан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қантардан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 90 (тоқсан) пайызы мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 ақпаннан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде қосылады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. "Бір қарыз алушы" деген терминді оған банктің талаптары бар немесе Нормативтердің 57-тармағында көрсетілген талаптар туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлға деп түсіну керек. 2 (екi) немесе одан да көп қарыз алушылардан тұратын топ үшін тәуекел мөлшерi егер қарыз алушылардың әрқайсысының тәуекел мөлшерi банктiң меншiктi капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан асатын болса, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бiрi болғанда 1 (бiр) қарыз алушыға сияқты жиынтықты түрде есептеледi:

      1) қарыз алушылардың бiрi басқа қарыз алушының iрi қатысушысы (акционерлiк қоғамда, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкте немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкте iрi қатысушы; коммандиттiк серiктестiкте толық серіктес; толық серiктестiкке қатысушы), үлестес тұлғасы, жақын туысы (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы (апасы, қарындасы), атасы, әжесi, немересi), жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы, бiрiншi басшысы не басқа қарыз алушымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады;

      2) бiр қарыз алушының iрi қатысушысы, үлестес тұлғасы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бiрiншi басшысы не бiр қарыз алушымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға басқа қарыз алушының iрi қатысушысы, үлестес тұлғасы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бiрiншi басшысы не басқа қарыз алушымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады;

      3) бiр қарыз алушының iрi қатысушысы, үлестес тұлғасы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бiрiншi басшысы не бiр қарыз алушымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға басқа қарыз алушының не басқа қарыз алушымен мәмiле жасауға мүдделi тұлғаның iрi қатысушысының, үлестес тұлғасының, жақын туысының, жұбайының (зайыбының), жұбайы (зайыбы) жақын туысының немесе бiрiншi басшысының iрi қатысушысы, үлестес тұлғасы, жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы немесе бiрiншi басшысы не мәмiле жасауға мүдделi тұлғасы болып табылады;

      4) қарыз алушылардың бiрi өзі банктен қарызға алған ақшасын беретін қарыз алушының меншiктi капиталынан асатын мөлшерде басқаға пайдалануға бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негіздер бар;

      5) қарыз алушылар банктен қарызға алған қаражатын банктiң қарыз алушысы болып табылмайтын сол бiр үшiншi тұлғаға осы қарыз алушылардың жиынтық меншiктi капиталынан асатын мөлшерде бiрлесiп немесе жекелей бергенiн растайтын жеткiлiктi негіздер бар;

      6) қарыз алушылар қарыз алушылардың бiрi (Қазақстан Республикасының банктерiнен басқа) басқа қарыз алушының мiндеттемелерi бойынша өз активтерiнiң 10 (он) пайызынан асатын сомада ортақ не субсидиарлық жауапкершілік атқаратындай болып байланысты болған;

      7) бiр қарыз алушының лауазымды тұлғасы банктiң басқа қарыз алушыларының қызметiне қаржылық жағынан мүдделiлігі болған;

      8) консорциумның мүшелері болып табылатын қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушылар бiр-бiрiмен бiрлескен қызмет туралы шартпен не бiрлескен қызмет туралы шарттың белгiлерi бар өзге құжатпен байланысты болған;

      9) қарыз алушылар сақтандыру полистері, резервтік аккредитивтер, кепілгерліктер, сондай-ақ "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" "ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және олардың еншілес ұйымдарының, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның, Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) "B"- дан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері түрінде берілген қамтамасыз етудің болу жағдайларын қоспағанда, өздерінің міндеттемелері үшінші тұлғаға тиесілі жалпы кепілдік мүлкімен қамтамасыз етілетіндей не қамтамасыз ету ретінде бір тұлғаның кепілдігі және (немесе) кепілгерлігі ұсынылатындай етіп байланысты болса;

      10) қарыз алушылар сақтандыру полистері, резервтік аккредитивтер, кепілгерліктер, сондай-ақ "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" "ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және олардың еншілес ұйымдарының, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау институттарының, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның, Standard & Poor's агенттігінің (Стандарт энд Пурс) "B"- дан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері түрінде берілген қамтамасыз етудің болу жағдайларын қоспағанда, қарыз алушылардың бірі басқа қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін кепіл мүлкін, кепілдік, кепілгерлік беретін етіп байланысты болса;

      11) қарыз алушылар:

      мынадай мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы) аумақтарында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не;

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не;

      ірі қатысушылары, үлестес тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттерде тіркелген немесе азаматтары болып табылатын осы қарыз алушылармен мәмілелер жасасуға мүдделі тұлғалары бар;

      12) қарыз алушылар өзара бiр-бiрiмен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа негiздер бойынша байланысты болған;

      13) қарыз алушылар жылжымайтын мүлiк құрылысы жөнiндегi жобаның тапсырыс берушiсін, салынып жатқан объект құрылысы бойынша үлескерлiк қатысушыларды және үлескерлiк қатысушылардың кепілгерлерін қоса алғанда жылжымайтын мүлiк құрылысы жөнiндегi жобаның қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аталған қарыз алушылар тобы құрған бiр қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшерi салынып жатқан объектiнiң құрылысы бойынша үлескерлiк қатысушылар - жеке тұлғалардың және (немесе) үлескерлiк қатысушылар кепілгерлерінің қатысуымен құрылған топ үшiн осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларына сәйкес бiр қарыз алушыға сияқты келетін тәуекел мөлшерiнiң жиынтық есебiне қабылданбайды.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының жалпы көлемі олар туындаған күні Нормативтерде белгіленген шектеулер шегінде болған, бірақ кейіннен соңғы 3 (үш) ай ішінде Банктің меншікті капиталы деңгейінің 5 (бес) пайыздан аспайтындай төмендеуіне байланысты не соңғы 3 (үш) ай ішінде қарыз алушыға талаптар 10 (он) пайыздан астам болып көрсетілген, шетел валюталарына теңгенің орташа өлшемді биржалық бағамының ұлғаюына байланысты банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының ұлғаюына байланысты көрсетілген шектеулерден асып түскен жағдайларда, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалған болып есептеледі.

      Көрсетілген жағдайларда банк шектеулердің асып кету фактісі туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді және есепті күнге және келесі 3 (үш) ай ішінде асып кетуді жою бойынша міндеттемелер қабылдайды, ал "Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген, секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы бойынша шектеуден асып кеткен кезде - ағымдағы және одан кейінгі тоқсандар ішінде. Егер бұл асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі, көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастыралады.

      Банкке байланысты емес мән-жайлар бойынша банктің меншікті капиталы деңгейінің төмендеуі нәтижесінде нормативтің белгіленген ең жоғары мәндері мыналарға:

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк активтері мен міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты асып кеткен жағдайда, бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай асып кету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативін көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде белгіленген ең жоғары мәндерден аспайтын деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер бұл асып кету іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі, көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған кезде өтiмдiлiк нормативтерi өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң орташа айлық негiзде анықталатын есептiк мәндерiне қатыссыз орындалмаған деп есептеледi.

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты бір немесе бірнеше өтімділік коэффициенттерінің мәндері:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты, банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтімділік нормативтерін көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаса, өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі аталған төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтердің бұзылуы ретінде қаралады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Банктер 2016 жылғы 1 шілде - 2018 жылғы 31 тамыз аралығында өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында өтімділікті өтеу коэффициентін есептейді. Өтімділікті өтеу коэффициенті есептеу нәтижелері уәкілетті органға ай сайынғы негізде ұсыныла отырып, айдың соңғы жұмыс күнінде есептеледі. Өтімділікті өтеу коэффициентінің ең төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:

      2018 жылғы 1 қыркүйек пен 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында - 0,5;

      2019 жылғы 1 қаңтар мен 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында - 0,6;

      2020 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында – 0,8, 2020 жылғы 1 сәуір мен 2020 жылғы 30 қыркүйек аралығында – 0,60, 2020 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,8;

      2021 жылғы 1 қаңтар мен 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,9;

      2022 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 30 сәуір аралығында - 1.

      2022 жылғы 1 мамыр мен 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,8;

      2023 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 30 маусым аралығында – 0,9;

      2023 жылғы 1 шілдеден бастап – 1.

      Өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төмен мәнінен төмендеген, бірақ мынадай мөлшерден төмен емес жағдайда:

      2018 жылғы 1 қыркүйек пен 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында - 0,43;

      2019 жылғы 1 қаңтар мен 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында - 0,50;

      2020 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында – 0,68, 2020 жылғы 1 сәуір мен 2020 жылғы 30 қыркүйек аралығында – 0,50, 2020 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,68;

      2021 жылғы 1 қаңтар мен 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,77;

      2022 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 30 сәуір аралығында – 0,85;

      2022 жылғы 1 мамыр мен 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,68;

      2023 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 30 маусым аралығында – 0,77;

      2023 жылғы 1 шілдеден бастап – 0,85,

      банк осындай төмендету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өтімділікті өтеу коэффициентінің мәнін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жібереді және өтімділікті өтеу коэффициенті төмендеген күннен кейінгі айдың әр жұмыс күні үшін өтімділікті өтеу коэффициентінің мәнін және жетіспеушілікті белгіленген ең төменгі мәндерге дейін есептеп шығарады.

      Іс-шаралар жоспары өтімділікті өтеу коэффициенті мәнінің белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген бірінші күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде өтімділікті өтеу коэффициентін белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру бойынша шараларды қамтиды.

      Белгіленген ең төменгі мәндерге дейін жетіспеушілік белгіленген ең төменгі мәннің және өтімділікті өтеу коэффициентінің нақты мәні арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

      Белгіленген ең төменгі мәндерге дейінгі жетіспеушіліктер сомасы өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген күннен кейінгі айда 0,25 артық емес болса норматив орындалған болып саналады.

      Норматив:

      өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні осы тармақтың екінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген деңгейден төмендеген;

      өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төменгі мәндерден, бірақ осы тармақтың екінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында белгіленген шекте, соңғы 6 (алты) ай ішінде үш және одан да көп рет төмендеген;

      өтімділікті өтеу коэффициентін белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырмаған;

      жетіспеушіліктер сомасы өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төменгі мәндерден төмен болған күннен кейінгі айда белгіленген ең төменгі мәндерден 0,25 асып кеткен жағдайларда бұзылған болып есептеледі.

      Өтімділікті өтеу коэффициенті:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты банкке қатыссыз жағдайда белгіленген ең төменгі мәннен төмен өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде норматив бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде өтімділікті өтеу коэффициентін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың сегізінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, өтімділікті өтеу коэффициентінің төмендеуі көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Банктер 2018 жылғы 1 қаңтар – 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында есептеу нәтижелерін уәкілетті органға ай сайынғы негізде ұсына отырып, нетто тұрақты қорландыру коэффициентін есептейді.

      Нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің ең төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:

      2019 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 31 мамыр аралығында – 1;

      2022 жылғы 1 маусым мен 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,8;

      2023 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 30 маусым аралығында – 0,9;

      2023 жылғы 1 шілдеден бастап – 1.

      ең төмен мәні 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,0 мөлшерінде белгіленеді.

      Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты оның мәні банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәнінен төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде нетто тұрақты қорландыру коэффициентін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда онда нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің төмендеуі аталған төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. k7 коэффициенті – Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.

      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы бастапқы өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейін қоса алғанда, мерзімді міндеттемелер;

      кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді шарт қоймай талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімді және шартты депозиттері.

      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:

      Қазақстан Республикасының заңды тұлға бейрезиденттерінің ағымдағы шоттары;

      өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау қағидаларына сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

      халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. және EuroclearBankSA/NV) болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

      банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер;

      2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңді қоса алғанда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-бас банктің алдындағы бастапқы өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейін қоса алғанда депозиттер мен кредиттер, сондай-ақ корреспонденттік шоттағы қалдықтар түріндегі өзге де міндеттемелер.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемдері жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және өтеусіз орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарымен, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасынан өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын қаржыландыру үшін берілген қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ теңгемен шығарылған және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының сауда жүйесінде саудаланатын халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын білдіреді.

      Банктің ішкі міндеттемелері реттелген борышты, мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражатты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.

      Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаты үшін Нормативтің 86 және 87-тармақтарына сәйкес

      жарғылық капиталдың, не;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент еншілес ұйымдарының реттелген борышына инвестициялар, Қазақстан Республикасының бейрезидент еншілес ұйымдарының акциялары шегерілген, бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,75-ке көбейтілген ең аз шамасы пайдаланылады.

      Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициенті:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентінің төмендеуі көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.";

      5-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      14-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ашық валюталық позицияның лимиттерi есепті апта ішінде кез келген шетел валютасы (тазартылған бағалы металл) бойынша асып түскен жағдайда кейiнгi 3 (үш) апта iшiнде бұзушылық жіберген банк үшін бұзылған валюталар (тазартылған бағалы металдар) бойынша ашық валюталық позициялардың лимиттерi осы Қағидалардың 3-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнен 5 (бес) пайыздық тармаққа азаюымен айқындалады.

      Жеке алынған шетел валютасы (тазартылған бағалы металл) ашық валюталық позициясының лимиттерін бұзылуы болып мыналар есептелмейді:

      0,09 (нөл бүтін жүзден тоғыз) пайыз шегінде;

      банкке байланыссыз себептермен, сот шешімі бойынша банк берген қарыз валютасының өзгеру бөлігінде банк белгіленген лимиттерді асыруы.

      Егер банкке қатыссыз, сот шешімі бойынша банк берген қарыз валютасының өзгеру бөлігінде банк ашық валюталық позицияларының лимиттерін асырған болса, банк ол туралы тез арада уәкілетті органға хабарлап, көрсетілген шектен асып кету айқындаған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзiмде жойылмаған жағдайда онда валюталар бойынша ашық валюталық позиция лимиттерiнiң асып кетуі көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап мұндай қалыптың бұзылуы ретінде қарастырылады.

      Ашық валюталық позицияның лимиттерi:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты әрбiр шетел валютасы немесе тазартылған бағалы металл бойынша банкке байланыссыз жағдайларда ашық валюталық позицияның лимиттерiнен асып кетуі жағдайында 2022 жылғы 21 ақпаннан 2023 жылғы 28 ақпан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған деп есептелмейді.

      Банк осындай асып кету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде ашық валюталық позиция лимиттерін белгіленген ең жоғары мәндерден аспайтын деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы асып кету іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, ашық валюталық позиция лимиттерi мәндерінің асып кетуі осы асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.".

  Қазақстан Республикасының
пруденциялық реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Ислам банктері үшін
пруденциялық нормативтердің
нормативтік мәндеріне және
өзге де сақтауға міндетті
нормалар мен лимиттерді есеп
айырысу әдістемесіне
2-қосымша

Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi

Баптар атауы

Тәуекел дәрежесi пайызбен

I топ

1.

Қолма-қол теңге

0

2.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң қолма-қол шетел валютасы

0

3.

Тазартылған бағалы металдар

0

4.

Қазақстан Республикасының Үкiметiне қойылатын талаптар

0

5.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне қойылатын талаптар

0

6.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар

0

7.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне қойылатын талаптар

0

8.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар

0

9.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша қойылатын талаптар

0

10.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар

0

11.

Ұлттық холдинг - оригинатор, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингі құрған ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық бағалы қағаздар

0

12.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар исламдық бағалы қағаздар

0

13.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

0

14.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар, Еуразиялық даму банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына номинирленген бағалы қағаздар

0

15.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "ВВВ-"- тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар банктерде ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар

0

II топ

16.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы

20

17.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерiне қойылатын талаптар

20

18.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне қойылатын талаптар

20

19.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар

20

20.

Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарына қойылатын талаптар

20

21.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "АА-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдарына қойылатын талаптар

20

22.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "АА-"-тен төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар ұйымдарға қойылатын талаптар

20

23.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар исламдық бағалы қағаздар

20

24.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

20

25.

Ұлттық басқарушы холдингке дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) 100 (жүз) пайызы тиесілі заңды тұлға-оригинатор құрған ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған Қазақстан Республикасының исламдық бағалы қағаздары

20

26.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

20

27.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған исламдық бағалы қағаздар

20

III топ

28.

Тазартылмаған бағалы металдар

50

29.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне қойылатын талаптар

50

30.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне қойылатын талаптар

50

31.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар

50

32.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен төмен емес "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар

50

33.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға қойылатын талаптар

50

34.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ-"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ға дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонеднттік шоттар бойынша қойылатын талаптар

50

35.

Мына талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: (осы кестенің 53, 57 және 58-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда) берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнын 50 (елу) пайызды қоса алғанда аспайды

35

36.

Мына талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: (осы кестенің 53, 57 және 58-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда) берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнынан 51 (елу бір) пайыздан бастап 85 (сексен бес) пайызға дейін қоса алғанда шекте болады

50

37.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарға сәйкес қарыздардың өтелмеген бөлігінен 35 (отыз бес) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптасқан Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар талаптар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 52, 53, 54, 57 және 58-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда)

100

38.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарға сәйкес қарыздардың өтелмеген бөлігінен 35 (отыз бес) пайыздан астам және 50 (елу) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптасқан Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар талаптар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 52, 53, 54, 57 және 58-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда)

75

39.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарға сәйкес қарыздардың өтелмеген бөлігінен 50 (елу) пайыздан астам провизиялар (резервтер) қалыптасқан Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар талаптар (ипотекалық тұрғын қарыздарын және осы кестенің 52, 53, 54, 57 және 58-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда)

50

40.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыздар:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 30 маусым аралығын қосқан кезеңде - қарыз сомасы меншікті капиталдың 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайды;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап – қарыз сомасы меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды;
2) қарыз валютасы – теңге

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алғанда – 50
2023 жылғы 1 шілдеден бастап – 75

41.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар исламдық бағалы қағаздар

50

42.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

50

43.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен бастап "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

50

44.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған исламдық бағалы қағаздар

50

45.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімінің "Негізгі" немесе "Балама" алаңшаларының "Борыштық бағалы қағаздар" секторына енген, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігіне ие, сомасы осы бағалы қағаздардың номиналды құнының кем дегенде 50 (елу) пайызын өтейтін және мына өлшемшарттарға сәйкес бағалы қағаздар:
1) эмитенттің бір бағалы қағаздар шығарылымына инвестициялар көлемі жеке капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды;
2) бағалы қағаздарды шығару валютасы – теңге.

50

46.

"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар

50

IV топ

47.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне қойылатын талаптар

100

48.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне қойылатын талаптар

100

49.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар

100

50.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BBB+"-тен "BB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар

100

51.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына қойылатын талаптар

100

52.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасымен берілген 1 (бір) жылдан астам мерзімі бар талаптар

200

53.

Жеке тұлғаларға, III топқа енгізілген тәуекелді қоспағанда, оның ішінде тұтынушылық кредиттерге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талаптар

100

54.

III топқа енгізілген тәуекелді қоспағанда, және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасымен берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер бойынша 1 (бір) жылдан астам мерзімі бар талаптар

200

55.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріне ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар

100

56.

Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 53, 57 және 58-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда)

100

57.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында жеке тұлғаларға берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде банк есептейтін мынадай өлшемшарттардың біреуіне сәйкес келетін тұтынушылық кредиттер: 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында қарыздарды ай сайын мониторингтеу кезінде:
1) қарыз алушы жеке тұлғаның орташа ай сайынғы кірісін есептеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан соңғы 6 (алты) ай үшін жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені немесе қарыз алушы жалақыны қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан 6 (алты) ай бойы банктің төлем карточкалары арқылы алғаны туралы ақпаратты қолдана отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 9125 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына сәйкес есептелген қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің деңгейі 0,35 асады;
2) берген күннің алдындағы соңғы 24 (жиырма төрт) ай үшін кез келген қолданыстағы немесе жабылған қарыз және (немесе) ол бойынша сыйақы берешегі бойынша мерзімі өткен төлем күнтізбелік 60 (алпыс) күннен асады не төлем мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам 3 (үш) реттен артық кешіктірілсе;
3) қарыздарды ай сайын мониторингтеу кезінде осы жолдың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген есеп айырысу үшін ақпарат жоқ.
Банкте осы жолдың 1) немесе 2) тармақшаларында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар қамтамасыз етілмеген болып танылады және осы жолға сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді

150

58.

Жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 57-жолында көрсетілген жеке тұлғаларға арналған қарыздарды қоспағанда)

100

59.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар исламдық бағалы қағаздар

100

60.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BBB+"-тен "BB-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

100

61.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

100

62.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент ұйымдар, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдар және Standard & Poor's агенттігінің "BBB+"-тен "BB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдар шығарған исламдық бағалы қағаздар

100

63.

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

100

64.

Негізгі қаражат

100

65.

Материалдық қорлар

100

V топ

66.

Банктің инвестицияларын қоспағанда, акциялар бөлігіндегі (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) әділ құн бойынша есепке алынатын инвестициялар

100

67.

Банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларынан (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнен) әрбіреуі 10 (оннан) кем пайызды құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы

100

68.

Банк шығарылған акцияларының (жарғылық капиталында қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызын иеленген қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестициялар сомасы және жиынтығында осы Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеуші түзетулерді қолданғаннан кейін банктің негізгі капитал айырмасының 17,65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан аспайтын, шегерілетін уақытша айырмаларға қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі және Нормативтердің 8-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілеуге тиіс сомалар

250

69.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің орталық үкіметтеріне қойылатын талаптар

150

70.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің орталық банктеріне қойылатын талаптар

150

71.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар

150

72.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар

150

73.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына қойылатын талаптар

150

74.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "ВВ-"-тен төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасында берілген қарыздар бойынша 1 (бір) жылдан астам мерзімі бар талаптар

200

75.

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қойылатын талаптар:
1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);
2) Андорра Князьдігі;
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату мемлекеті;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
20) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
21) Коста-Рика Республикасы;
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Маврикий Республикасы;
25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
33) Нигерия Федеративтiк Республикасы;
34) Палау Республикасы;
35) Панама Республикасы;
36) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
37) Самоа Тәуелсiз мемлекетi;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдiгi;
43) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

76.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған исламдық бағалы қағаздар

150

77.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

150

78.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

150

79.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар

150

80.

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар:
1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);
2) Андорра Князьдігі;
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату мемлекеті;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
20) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
21) Коста-Рика Республикасы;
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Маврикий Республикасы;
25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
33) Нигерия Федеративтiк Республикасы;
34) Палау Республикасы;
35) Панама Республикасы;
36) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
37) Самоа Тәуелсiз мемлекетi;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдiгi;
43) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана):
Острова Aнгилья;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

  Салымдардың кредиттiк тәуекел
дәрежесi бойынша өлшерленген
банк активтерiнiң кестесiне
қосымша

Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті банк активтерінің есебіне түсіндірме

      1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтері кестесінің (бұдан әрі – Кесте) 1, 2, 3, 11, 12 және 13-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі), сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырған кездегі коммерциялық кредиттер осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.

      Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 11, 12 және 13-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:

      салымдардың, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылған салымдардың 100 (бір жүз) пайыз сомасына;

      қамтамасыз етуге берілген исламдық бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;

      қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.

      Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сәйкес мөлшерленеді.

      2. Банкте "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының даусыз және қайтарып алынбайтын кепілдіктері, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді даусыз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты түрінде қамтамасыз етуі бар қарыздар көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін сома қамтамасыз етудің түзетілген құнын шегере отырып, тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің есебіне кіреді.

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының кепілдіктері, Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді даусыз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты түрінде қамтамасыз етудің түзетілген құны сақтандыру шарты сомасының 95 (тоқсан бес) пайызына тең болады.

      3. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттер, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.

      Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттердің, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      4. Қазақстан Республикасының мынадай бейрезиденттеріне ұсынылған, осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттер:

      1) офшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелгендерге;

      2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші офшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді немесе офшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға;

      3) офшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға;

      осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      5. Қазақстан Республикасының мынадай:

      1) офшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етілуіне аталған деңгейден төмен емес рейтингі бар бас ұйымның тиісті кепілдігі бар;

      2) офшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғалардан тәуелсіз, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші немесе офшорлық аймақ аумағында тіркелген, бірақ офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы офшорлық аумақтардың тізбесіне жатқызылған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қойылатын, ақпараттық алмасу бойынша міндеттемелер қабылдамаған талаптарды қоспағанда, рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігіне ие болған немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес заңды тұлғаға қатысты еншілес немесе олардың азаматтарына немесе жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын жеке иеленетін заңды тұлғаларға тәуелді болып табылатын ұйымдарға не көрсетілген офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын бейрезиденттеріне ұсынылған, осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттер;

      тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      6. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің активтерін есептеу мақсатында:

      жеке тұлғаларға тұрғын үй салу үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызын білдіреді;

      жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға ұсынылған, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредит тұтынушылық кредит дегенді білдіреді.

      7. Егер исламдық бағалы қағаздың арнайы шығарылым рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

      8. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша өлшенеді.

      9. 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 30 қыркүйекті қоса алған кезең ішінде Америка Құрама Штаттары және Еуропалық Одақтың мемлекеттері тарапынан санкциялық шектеулер енгізу себебінен борыштық немесе тәуелсіз рейтингі төмендетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарына берілген қарыздар, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары түріндегі активтер қайта қаралған борыштық немесе тәуелсіз рейтингтерді ескерумен кредиттік тәуекел дәрежесін қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтердің Кестеге сәйкес санатына дейін тең үлестермен көтерумен 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Standard & Poor ' s агенттігі (стандарт энд Пурс) немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірі берген борыштық немесе тәуелсіз рейтингтер негізінде Кестеге сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтер есебіне енгізіледі.

      10. Нормативтердің 11-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.

      11. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерін есептеу мақсаттары үшін қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар ретінде жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтарын, қамтамасыз етуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес банкте орналастырылған, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, тұтынушылық қарыз түсініледі.

  Қазақстан Республикасының
пруденциялық реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
  Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
5-қосымша

Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi

Баптар атауы

Тәуекел дәрежесі пайызбен

I топ

1.

Қолма-қол теңге

0

2.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы

0

3.

Тазартылған бағалы металдар

0

4.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген қарыздар

0

5.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

0

6.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілген қарыздар

0

7.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

0

8.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

0

9.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына берілген қарыздар

0

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзге де талаптар

0

11.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

0

12.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық даму банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен салымдар

0

13.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі

0

14.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша дебиторлық берешегі

0

15.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

0

16.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

0

17.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен номинирленген бағалы қағаздар

0

18.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар

0

19.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

0

20.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

0

21.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар

0

22.

Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

0

II топ

23.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "АА-"-тен төмен тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы

20

24.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

20

25.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

20

26.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

20

27.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына берілген қарыздар

20

28.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

20

29.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар

20

30.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

20

31.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

20

32.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар

20

33.

Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының дебиторлық берешегі

20

34.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі

20

35.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

20

36.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

20

37.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар

20

38.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

20

39.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

20

40.

Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА"-тен "АА-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-тен "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

20

41.

Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

20

III топ

42.

Тазартылмаған бағалы металдар

50

43.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

50

44.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

50

45.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

50

46.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

50

47.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"- тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар

50

48.

Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды

35

49.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаның сатып алу үшін белгіленген талаптарына сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары, сондай-ақ олар бойынша сыйақылар

35

50.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаға қайта берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талаптар

35

51.

Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 51 (елу бір) пайызынан 85 (сексен бес) пайызына дейін қоса алғандағы шекте болады

50

52.

Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 - жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда

100

53.

Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

100

54.

Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан көп және 50 (елу) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

75

55.

Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 50 (елу) пайыздан көп провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

50

56.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыздар: 1) 2022 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 30 маусым аралығы кезеңінде - қарыз сомасы меншікті капиталдың 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайды; 2022 жылғы 1 шілдеден бастап - қарыз сомасы меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды; 2) қарыз валютасы - теңге

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 маусым аралығын қоса алғанда - 50
2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 75

57.

Синдикатталған қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғаларға теңгемен берілген қарыздар

2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қоса алғанда – 50

58.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

50

59.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

50

60.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-дан "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар

50

61.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-дан "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі

50

62.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

50

63.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

50

64.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

50

65.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тан "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

50

66.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімінің "негізгі" немесе "баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы осы бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар:
1) эмитенттің бір бағалы қағаздар шығарылымына салынған инвестициялар меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды;
2) бағалы қағаздар шығарылымының валютасы – теңге.

50

67.

Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzА+"-тен "kzА-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

50

68.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ-"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар

50

69.

"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар

50

70.

Тәуекелдің ІІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы (осы кестенің 49 және 50-жолдарында көрсетілген активтер бойынша есептелген сыйақыны қоспағанда)

50

IV топ

71.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

100

72.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

100

73.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

100

74.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

100

75.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдарға берілген қарыздар

100

76.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар

200

77.

Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар

100

78.

Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар

200

79.

Банк есептейтін төмендегі өлшемшарттардың біріне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар:
2017 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында ай сайын қарыздарды мониторингтеу кезінде:
1) қарыз алушы - жеке тұлғаның бір айлық орташа кірісін есептеу үшін соңғы 6 (алты) айдағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені немесе қарыз алушының банктің төлем карточкалары арқылы қарыз алушы өтініш берген күн алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішінде жалақыны алу туралы ақпаратты пайдалана отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен белгіленген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшерінің 9-тарауына сәйкес есептелген қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің деңгейі 0,35 асады;
2) берілген күн алдындағы соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде кез келген қолданыстағы немесе жабылған қарыз берешегі және (немесе) ол бойынша сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер күнтізбелік 60 (алпыс) күннен асады не мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен асатын мерзімі өткен төлемдерге 3 (үш) реттен артық жол берілген;
3) қарыздарды ай сайынғы мониторингтеу кезінде осы жолдың 1) немесе 2) тармақшасында көрсетілген есептеуге арналған ақпарат жоқ.
Банктің осы жолдың жоғарыда көрсетілген тармақшаларының бірінде көзделген ақпараты болмаған жағдайда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар қамтамасыз етілмеген деп танылады және осы жолға сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді

150

80.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар (осы кестенің 79-жолында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын, қарыздарды және Нормативтерге 5-1-қосымшада көрсетілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

100

81.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар

100

82.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

100

83.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар

100

84.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі

100

85.

Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі

100

86.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

100

87.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

100

88.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

89.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

90.

Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

100

91.

"Стресстік активтер қоры" акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар

100

92.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар

100

93.

ІV тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

100

94.

Төлемдер бойынша есептеулер

100

95.

Негізгі құрал-жабдықтар

100

96.

Материалдық қорлар

100

97.

Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу

100

V топ

98.

Банктің қаржылық есептілігін халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне), мерзімсіз қаржы құралдарына, реттелген борышына банктің инвестициялары

100

99.

Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (оннан) кем пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы

100

100.

Банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызы және Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталы айырмасының және Нормативтердің 11-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуі тиіс соманың жиынтығында 17,65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан аспайтын шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі бар қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестицияларының сомасы

250

101.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

150

102.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

150

103.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

150

104.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

150

105.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдарға берілген қарыздар

150

106.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар

200

107.

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларға немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

108.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

150

109.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

150

110.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар

150

111.

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдивия Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

112.

Standard & Poor’s агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардың және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі

150

113.

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана;
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

114.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар

150

115.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

150

116.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

117.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

118.

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана;
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

119.

Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

350

120.

V тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

150

  Салымдардың кредиттiк тәуекел
дәрежесi бойынша өлшерленген
банк активтерiнiң кестесiне
қосымша

Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті банк активтерінің есебіне түсіндірме

      1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.

      Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:

      салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;

      қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;

      қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.

      Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.

      2. Банкте "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының қайтарып алынбайтын және сөзсіз кепілдігі, экспортты қолдау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты түрінде қамтамасыз етуі бар, сомасы көрсетілген қарыздар көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын қарыздар қамтамасыз етудің түзетілген құны шегеріле отырып тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің есебіне енгізіледі.

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының кепілдігі, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты түріндегі қамтамасыз етудің түзетілген құны кепілдік, сақтандыру шарты сомасының 95 (тоқсан бес) пайызына тең болады.

      3. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.

      Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      4. Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиіс банк активтерінің есебіне осы Түсіндірменің (бұдан әрі - Түсіндірме) 1-тармағында көрсетілген, мынадай:

      1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;

      2) офшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаға тәуелді немесе офшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;

      3) офшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      5. Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген, мынадай:

      1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard&Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар;

      2) офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді немесе офшорлық аймақтың аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      6. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің активтерін есептеу мақсатында:

      ипотекалық тұрғын үй қарызы деп жеке тұлғаларға тұрғын үй салу үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық қарыз түсініледі;

      тұтынушылық қарыз деп жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген кредит түсініледі.

      7. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

      8. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша өлшенеді.

      9. 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 30 қыркүйекті қоса алған кезең ішінде Америка Құрама Штаттары және Еуропалық Одақтың мемлекеттері тарапынан санкциялық шектеулер енгізу себебінен борыштық немесе тәуелсіз рейтингі төмендетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарына берілген қарыздар, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары түріндегі активтер қайта қаралған борыштық немесе тәуелсіз рейтингтерді ескерумен кредиттік тәуекел дәрежесін қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтердің Кестеге сәйкес санатына дейін тең үлестермен көтерумен 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Standard & Poor ' s агенттігі (стандарт энд Пурс) немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірі берген борыштық немесе тәуелсіз рейтингтер негізінде Кестеге сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтер есебіне енгізіледі.

      10. Борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Кестеге немесе Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесін мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес қарыз бойынша кредит тәуекелінің дәрежесі Нормативтерге 5-1-қосымшаға (бұдан әрі - Мәндер) сәйкес егер осындай қарызға қатысты қарыз алушы-жеке тұлға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларының 19-тармағына сәйкес жасалған оңалту жоспарын орындауды жүзеге асырса, екі есе азайтылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оңалту жоспарын қарыз алушы-жеке тұлға орындамаған жағдайда, қарыз Кестеге немесе Мәндерге сәйкес кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      11. Нормативтердің 21-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелі ескерілген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелер валюталарды айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген шартты және ықтимал міндеттемелерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.

  Қазақстан Республикасының
пруденциялық реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша
  Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
14-қосымша

Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесі

Баптар атауы

Ақша әкетілуі (келуі) коэффициенті пайызбен

Жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі

1

Тұрақты депозиттер

5

2

Тұрақтылығы төмен депозиттер

10

3

Жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша осы кестенің 1 және 2-жолдарына енгізілмеген өзге де ақшаның әкетілуі

100

Заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі

4

Толық көлемі баламасында Америка Құрама Штаттарының 1 (бір) миллион долларынан аспайтын, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын қаржылық емес ұйымдар орналастырған салымдар

10

5

Клирингтік, кастодиандық қызметпен, өтімділікті басқару қызметімен байланысты салымдар

25

6

Қаржылық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің, шет мемлекеттердің орталық банктерінің, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарының депозиттері

2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда – 20,
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 40

7

Қаржылық емес ұйымдардың (бір заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылған, бұл ретте әрбір заңды тұлғаның міндеттемелерінің мөлшері банктің негізгі капиталының 0,5 (нөл бүтін оннан бес пайызынан асатын жағдайларда қаржылық емес ұйымдар топтарының) депозиттері банк міндеттемелері сомасының 5 (бес) пайызынан асатын сомада

60

8

Өзге заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелер, оның ішінде шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер

100

Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі

9

Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер

0

10

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банктің алдындағы міндеттемелер

0

11

Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер

15

12

Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша 20 (жиырма) пайыздан жоғары емес мөлшерленетін, бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтермен қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелер

25

13

Өзге қамтамасыз етілген міндеттемелер

100

Шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі

14

Банктің ағымдағы рейтингінен 1 (бір), 2 (екі) не 3 (үш) сатыға дейін төмендеген кезде шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік толық көлемде

100

15

Туынды қаржы құралдары немесе өзге де операциялар бойынша позицияларды нарықтық бағалаудың өзгеру кезінде қосымша өтімділікке қажеттілік

Алдыңғы 24 (жиырма төрт) айдағы ең көп 30 (отыз) күндік ақшаның нетто әкетілуі

16

Туынды қаржы құралдары мен өзге де операциялар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалау кезінде қосымша өтімділікке қажеттілік (бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтерді қоспағанда)

20

17

Кез келген уақытта қайтарып алу көзделген туынды қаржы құралдары бойынша позицияны қолдауға байланысты банк ұстап қалатын қамтамасыз етудің асып кету мөлшері

100

18

Егер қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда шарттың талаптарына сәйкес қарсы агенттің талап етуі бойынша банктің қамтамасыз етуді ұсынуы көзделетін операциялар бойынша қосымша өтімділікке қажеттілік

100

19

Қамтамасыз етуді сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтерге ауыстыру мүмкіндігімен байланысты қосымша өтімділікке қажеттілік

100

20

Активтер бойынша, оның ішінде банк шығарған және өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша (оның ішінде ипотекалық бағалы қағаздар бойынша) ақшаның әкетілуі

100

21

Активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген және банктің еншілес арнайы ұйымдары шығарған, өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі (ұстаушының толық немесе бөлшек мөлшерінде мерзімінен бұрын сатып алуын талап ету құқығын көздейтін туынды қаржы құралдарын ескере отырып)

100

22

Жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі

5

23

Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына және халықаралық қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі

10

24

Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына және халықаралық қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі

30

25

Басқа банктерге берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі

40

26

Банктер болып табылмайтын қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі

40

27

Банктер болып табылмайтын өзге қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі

100

28

Өзге заңды тұлғаларға (оның ішінде банктің еншілес арнайы ұйымдарына) берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі

100

29

Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты міндеттемелер (факторинг және форфейтинг операцияларын жүргізуге байланысты кепілдіктер мен кепілдімелер, аккредитивтер бойынша)

5

30

Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты емес кепілдіктер мен кепілдімелер, аккредитивтер бойынша міндеттемелер

10

31

Осы кестенің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 және 30-жолдарға енгізілмеген міндеттемелер бойынша өзге де ақшаның әкетілуі

100

Ақшаның келуі

32

Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары

0

33

Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары

15

34

Сапасы жоғары өтімді активтерге жатпайтын активтерді қамтамасыз етуге бағалы қағаздарды сатып алу-сатуды жасау үшін (маржалық мәмілелер) ұсынылған қарыздар

50

35

Өзге активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары

100

36

Басқа банктер берген кредиттік желілер, өтімділік желілері

0

37

Басқа қаржы ұйымдарындағы клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар

0

38

Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қоспағанда, оның ішінде мыналарға берілген кредиттер бойынша ақшаның келуі:


жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне

50

қаржылық емес ұйымдарға

50

қаржы ұйымдарына

100

39

Туынды қаржы құралдары бойынша ақшаның келуі

100

40

Өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде ақшаның келуі күтілетін шарттар бойынша операциялардан түсетін өзге де ақшаның келуі

100


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады