"Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 шiлдеде № 28693 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында:

      2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Әскери есепке алуға Қазақстан Республикасының азаматтары жатады:

      1) әскери-есептік мамандығы (бұдан әрі ӘЕМ) жоқ әйелдерді;

      2) әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен алып тасталған не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды;

      3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды;

      5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда, әскери есепке алынуға жатады.";

      7-тармақтың бірінші бөлімін мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) орны бойынша жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) жүзеге асырады, ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) қамтамасыз етеді.";

      87, 88 және 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. "Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

      Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі тіркеу туралы куәлік беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталған;

      көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған материалдар, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      шақыру комиссиясының хаттамалары кітабында жазба болмаған,оған он жеті жас толған жылы қаңтар – наурызда әскерге шақыру учаскесіне тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде;

      тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде, тіркеу туралы куәлікті бүлдірген кезде көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік жаза қолдану қаулы болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарастыру үшін әскери есеп орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы ақпарат жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады (порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы).

      88. "Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – 7 (жеті) жұмыс күнін;

      аудандарда – 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

      Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталған;

      көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, 27 жасқа толмаған, денсаулық жағдайы бойынша әскери міндеттілердің әскери есебіне беруге жататын, 27 жасқа толған, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға (босатуға) байланысты әскери қызмет өткермеген, туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інісі немесе әпке-қарындасы) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған, ғылыми дәрежесі бар, тіркелген діни бірлестіктерде дін қызметшісі болып табылатын адамдар санаттары үшін әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабында жазба болмаған;

      әскери билетті жоғалту кезінде, әскери билетті бүлдіру кезіндеосы санаттағы азаматтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарастыру үшін әскери есеп орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы ақпарат жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады (порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы).

      89. "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар:

      1) әскери есепке қою үшін:

      осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді (әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін);

      осы Қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді (офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін);

      2) әскери есептен шығару үшін осы Қағидаларға 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 4 (төрт) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

      Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі осы Қағидаларға 43 және 44-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға әскери есепке қою және одан шығару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапболып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталған;

      көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      көрсетілетін қызметті алушыда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарастыру үшін әскери есеп орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      97. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс жəне

      аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады