"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 55 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шiлдеде № 28706 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында:

      1-тармақтың он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "дүлей күш жағдайларының туындауы кезінде өткізілетін іс-шаралар шеңберінде, оның ішінде төтенше оқиғаларды және олардың салдарларын алдын алуға және жоюға бағытталған, сондай-ақ тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн тетiктердiң, агрегаттардың, жабдықтардың, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етулердің, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың сынуы, iстен шығуы туындағанда (растау құжаттары болған кезде), электр энергетикалық объектілердегі, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріндегі, ерекше маңызды мемлекеттік объектілердегі және террористік тұрғыдан осал объектілердегі, сондай-ақ өнеркәсіп салаларының және қызмет түрлерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген "Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына сәйкес қауіпті өндірістік объектілер ретінде сәйкестендірілген объектілеріндегі апаттарды жою үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;";

      2-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі - "Мемлекеттік сатып алу туралы" (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу туралы заң), "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалыптастырылатын әлеуетті жеткізушілер мен жеткізушілердің тізбесі;";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Тендерлік комиссия әлеуетті жеткізушілердің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлескен орындаушыларының):

      1) банкроттық рәсіміне не таратуға қатысы жоқтығы;

      2) олар туралы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде мәліметтердің болуы немесе болмауы;

      3) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес атқарушылық құжаттар бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде орындалмаған міндеттемелердің болуы;

      4) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде әлеуетті жеткізушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшыларының (акционерлерінің) болмауы бөлігінде сәйкестігін нақтылау мақсатында тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурсында не мемлекеттік ақпараттық жүйесінде орналастырылған ақпаратты қарайды.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Әлеуетті жеткізуші мынадай:

      1) тендерлік өтінім тендер талаптарына сәйкес келмеген;

      2) дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;

      3) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған;

      4) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) банкрот болып табылған және (немесе) тарату процесіне жатқызылған;

      5) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;

      6) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) сатып алу күніне дейін 2 (екі) жыл ішінде өзі мен тапсырыс беруші арасында бұрын жасалған сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тапсырыс берушімен шарт жасасудан жалтарған факті болған;

      7) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайларда тендерге қатысуға жіберілмейді және тендерге қатысушы болып танылмайды.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы, егер:

      1) ол сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса;

      2) әлеуетті жеткізуші 1 (бiр) баға ұсынысын артық табыс етсе;

      3) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің ұсынысы техникалық ерекше нұсқаманың талаптарына сәйкес келмесе;

      4) әлеуетті жеткізуші техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну туралы талап болған кезде оны ұсынбаса;

      5) әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;

      6) әлеуетті жеткізуші немесе оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрса;

      7) сатып алуды жүргізу туралы жариялау күнінің алдындағы 2 (екі) жыл ішінде әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) өзі мен тапсырыс беруші арасында бұрын жасалған сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамау немесе тапсырыс берушімен шарт жасасудан жалтару фактісі болса;

      8) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген болса қабылданбайды.";

      158-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) авторлық қадағалау қызметтерін;";

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алу мына жағдайларда, егер:

      1) әлеуетті жеткізуші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      2) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушінің техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекше нұсқаманы ұсынған;

      3) әлеуетті жеткізуші Қағидалардың 161 немесе 162-тармақтарында көзделген құжаттарды табыс етпеген;

      4) әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімде сатып алуға қатысуға жазбаша келісімін (сатып алуға қатысу туралы растауын) жібермеген не шартты тікелей жасасу тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысудан бас тартқан;

      5) әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімінде тұрған;

      6) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайларда, өтпеді деп танылады.";

      198-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "198. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптамалық комиссияның (сарапшының), сатып алу порталы операторының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасалады.";

      199, 200, 201-тармақтар алып тасталсын;

      Қағидаларға 1-қосымшада:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілерін (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттары, үй-жайлары, кассалық орталықтар, сақтау орындары, өндірістік объектілер), оның ішінде ерекше маңызды мемлекеттік объектілерге және террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған объектілерді сатып алу, құру (салу), жөндеу (қайта салу), олардың үздіксіз және үзіліссіз жұмыс істеуін және жарақтандырылуын қамтамасыз ету үшін.

      Осы тармақшада көзделген жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні айқындау кезінде осы Қағидалардың демпингтік бағаны айқындау тәртібін реттейтін нормалары қолданылады;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеден асатын сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттандыру объектілерін құру, енгізу, дамыту үшін;".

      Қағидаларға 6-қосымшада 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуетті жеткізуші осы өтінім арқылы өзіне толық жауапкершілік қабылдайды және өзіне:

      1) әлеуетті жеткізуші және оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) (болған кезде) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрмауы және тапсырыс берушімен және (немесе) оның үлестес тұлғаларымен бұрын жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерін адал орындағаны;

      2) әлеуетті жеткізушінің құрылтайшылары, акционерлері, әлеуетті жеткізуші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болмайтыны не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қызметкерлері болып табылмайтыны;

      3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қызметкерінің тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпеуі, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатыспайтыны;

      4) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші басшысының:

      мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынасының болмағаны;

      мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылмайтыны;

      5) сатып алуға қатысуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген әлеуетті жеткізушінің басшысы болып табылмайды және (немесе) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынасы болған жоқ;

      6) атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес әлеуетті жеткізушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмағаны;

      7) әлеуетті жеткізуші мен әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасының бір тендерге (лотқа) қатыспағаны;

      8) банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы;

      9) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмегені туралы талаптарды қабылдайтынын растайды.";

      Қағидаларға 7-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы арқылы өзімізге толық жауапкершілікті қабылдаймыз және мынадай талаптарды қабылдайтынымызды растаймыз:

      1) әлеуетті жеткізуші және оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) (болған кезде) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрмайды және тапсырыс берушімен және (немесе) оның үлестес тұлғаларымен бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін адал орындаған;

      2) әлеуетті жеткізушінің құрылтайшылары, акционерлері әлеуетті жеткізуші басшыларының және (немесе) аталған әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие емес не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қызметкерлері болып табылмайды;

      3) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпеген, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатыспаған;

      4) сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi жеткізушінің басшысы:

      мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қарым-қатынаста болмаған;

      мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылмайды;

      5) сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуетті жеткізушінің басшысы болып табылмайды және (немесе) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қарым-қатынаста болмаған;

      6) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес әлеуетті жеткізушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері жоқ;

      7) әлеуетті жеткізуші және әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы бір тендерге (лотқа) қатыспайды;

      8) банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқ;

      9) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлерің) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген.".

      2. Қаржы департаменті (Ж.Ж. Стамбекова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Г. Пирматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады