Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шiлдеде № 28711 болып тіркелді. Бұйрық 2022 жылғы 30 қыркүйекті қоса алғанда қолданыста болды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 30.09.2022 дейін (осы бұйрықтың 4 т. қараңыз).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 3-тармағына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 30 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Ә. Тамабек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 214 бұйрығына
1-қосымша

Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай айқындамалар мен ұғымдар қолданылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйымдар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі;

      2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – өтінім беруші) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;

      3) тауар – осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар.

2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде автоматты түрде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған "e-Аgrіculture" жүйесінде (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) жүзеге асырылады.

      4. Тасымалдау тәсілінің, алушының, алушының мекенжайының, жөнелту орнының өзгеруіне байланысты қайталама тиеп-жөнелту орындарында экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде бастапқы тиеп-жөнелту орындарында берілген квота көлемі өзгеріссіз қалады.

      5. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін ББАЖ АЖ-да тауарлар бойынша квота көлемінің сандық лимиті қалыптастырылады.

      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында (бұдан әрі – интернет-ресурс) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін бөлудің басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.

      Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі: тауардың атауы, бөлінетін квотаның көлемі, бір өтінім беруші үшін жол берілетін лимит, квотаны бөлудің басталатын күні мен уақыты.

      7. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемдерін бөлу ББАЖ АЖ-да карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге арналған фитосанитариялық сертификат алуға өтініштердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады.

      8. Квотаның қолданылу кезеңінде тауарларды әкетуге бір өтінім беруші үшін жол берілетін лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 (бес жүз) тоннадан аспайды.

      9. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін өтінім берушілер арасында бөлу тауарлар бойынша квота көлемі толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

      10. Комитет күн сайын интернет-ресурста мынадай ақпарат орналастырады:

      1) тауарлар бойынша берілген квота көлемінің саны;

      2) тауарлар бойынша бөлінуі тиіс қолжетімді квота көлемі.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 214 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды*

Тауардың атауы*

Квота мөлшері, тонна

Қолданылу мерзімі

1206 00 100 0

Ұсақталған немесе егіске арналған ұсақталмаған күнбағыс тұқымдары

15 000

2022 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы
30 қыркүйекке
(қоса алғанда)
дейін

1206 00 990 0

Күнбағыстың ұсақталған немесе ұсақталмаған өзге де тұқымдары

      Ескертпе: * сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады