"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Цифрлық даму,
инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 403 бұйрығымен бекітілген |
Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңының(бұдан әрі – Заң) 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік гранттар беру тәртібін анықтайды.
2. Өнеркәсіптік гранттар "Басым тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) басым тауарлар тізбесіне енгізілген бәсекеге қабілетті өнімді құруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қарсы міндеттемелер шарттарымен қоса қаржыландыру жолымен өңдеуші өнеркәсіптің өнеркәсіптік-инновациялық қызметінің жұмыс істеп тұрған субъектілеріне беріледі.
3. Өнеркәсіптік гранттар беруді өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне өнеркәсіптік гранттар беру көзделмеген.
5. Қарсы міндеттемелер "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28281 болып тіркелген) қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларға сәйкес айқындалады.
6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;
2) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіптік грант алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;
3) инженерлік-техникалық персонал-кәсіпорындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын, орта кәсіптік немесе жоғары білімі бар жеке тұлғалар (инженерлер мен техниктер, оның ішінде IT-мамандар);
4) кәсіпорынды жаңғырту - өндірістік процесті жетілдіруге, автоматтандыруға, жаңа технологиялар мен қуаттарды енгізуге, персоналды оқытуға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) Комиссия шешімі - Комиссия мүшелері қабылдаған және хаттамамен ресімделген және өнеркәсіптік грант беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді қамтитын шешім, дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
6) озық технология – нарықта тәжірибелік қолданысы аз және одан әрі тарату үшін жоғары әлеуетке ие технология;
7) офтейк келісімшарт – болашақта өндіру (өндіру) жоспарланып отырған тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сату/сатып алу (шикізат өндіру) туралы келісімшарттың көлемі мен бағасын азайту құқығынсыз, құны, саны (көлемі) және жеткізу мерзімдері бойынша алдын ала келісілген шарттар туралы келісім;
8) өнеркәсіптік грант – өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне олардың өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін және қарсы міндеттемелерді орындаған жағдайда қайтарылмайтын бюджет қаражаты;
9) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды салааралық үйлестіру мен қатысуға басшылық жасайтын орталық атқарушы орган;
10) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері –өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
11) өтінім – осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушының (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты болған кезде) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған және интернет-ресурс арқылы берілген (өтініш беруші электрондық өтінім мен электрондық құжаттар топтамасын береді) электрондық-цифрлық нысанда ұсынылғанға сәйкес қажетті құжаттар топтамасы;
12) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіптік грант алуға өтінімді қарауға ұсынған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;
13) өнеркәсіптік гранттар беру жөніндегі сараптамалық Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) - құрамына уәкілетті органның, өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтының, қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдерінен (келісім бойынша) тақ саны кіретін алқалы орган, осы Қағидаларда белгіленген өтінімдерге тексеру мен өнеркәсіптік гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтінім берушілердің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты шеңберінде құрылған тәуелсіз сарапшылар;
14) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – кәсіпорынды жаңғыртуға, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
15) технология – пайдалануы жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
16) технологиялық жабдық – технологиялық процестің белгілі бір бөлігін орындау үшін материалдар немесе дайындамалар, оларға әсер ету құралдары, сондай-ақ, технологиялық жарақтар орналастырылатын технологиялық жарақтандыру құралдары;
17) технологиялық желі – желіде келісілген түрде әрекет ететін дайын өнімді шығарғанға дейін салынған технологиялық процесті (дайындаманы бастапқы өңдеу, таза өңдеу) орындау үшін бір-бірін толықтыратын технологиялық жабдықтың (технологиялық) жиынтығы, олардың әрқайсысы белгілі бір ретпен шикізатты мынадай операцияға береді;
18) ұлттық институт –өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсететін өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты;
19) электрондық құжаттар топтамасы – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) толығымен қайталайтын бірінші басшының немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғаның (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты болған жағдайда) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжаттар;
20) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдары арқылы құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
7. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекітетін төлемдер кестесіне сәйкес өнеркәсіптік грант беруге көзделген қаражатты ұлттық институттың ағымдағы шотына аударады.
8. Ұлттық институт уәкілетті орган мен өнеркәсіптік даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік грант беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал келесі қаржы жылында өнеркәсіптік грант беруге жұмсалады.
9. Өнеркәсіптік гранттар беру туралы шарттар шеңберінде арналған өнеркәсіптік грант сомасына ұлттық институт кепілдік береді және өнеркәсіптік гранттар беру туралы өзге шарттар шеңберінде жұмсауға жатпайды.
Грант алушы ұлттық институттың ағымдағы шотына қайтарған өнеркәсіптік гранттар сомалары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал келесі қаржы жылында өнеркәсіптік гранттар беруге жұмсалады.
10. Ұлттық институт:
1) жыл сайын немесе сұрау салу бойынша уәкілетті органға бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану туралы есеп ұсынады;
2) іске асырылуы үшін ұсынылған өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуді талдау мақсатында ұсынылған өнеркәсіптік гранттың мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.
2-тарау. Өнеркәсіптік гранттар беру тәртібі
11. Өнеркәсіптік грант шеңберінде жобаны жалпы қаржыландыру сомасы 50 (елу) пайызды қоса алғанда соған дейін құрайды, бірақ 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден артық емес және мыналарға:
1) Технологиялық жабдықтар паркін жаңарту үшін жаңа жабдықтар сатып алуға;
2) озық технологиялар трансферті арқылы жаңа технологияларды жетілдіру және/немесе енгізуге;
3) жаңа өндіріс құру үшін технологиялық желі сатып алуға;
4) өндірістің технологиялық процестерін автоматтандыруға және/немесе диспетчерлендіруге ұсынылады.
Өнеркәсіптік грантты игеру мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиіс.
Ұсынылатын өнеркәсіптік гранттар шеңберінде енгізілетін технологиялар мен сатып алынатын жабдықтар мынадай шарттарға сәйкес келеді:
1) өндірісті жаңғыртуға және/немесе жаңа өндірісті енгізуге бағытталған;
2) өнеркәсіптік қолдану фактісінің болуы не қолдануға әзірліктің жоғары дәрежесі болуы (жартылай өнеркәсіптік сынақтардан өткен);
3) қосылған құны мен сапасы жоғары және/немесе еңбек өнімділігін арттыратын жаңа экспортқа бағдарланған өнімді өндіруге бағытталған.
Жобаны іске асыру нәтижесі технологиялық жабдықты және/немесе технологиялық желіні кәсіпорынның жұмыс циклына енгізу және өнім шығару болып табылады.
12. Ұлттық институт өнеркәсіптік гранттар алуға өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында орналастырады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күнді құрайды.
13. Өнеркәсіптік гранттар беру рәсімі мынадай дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1) ұлттық институттың осы Қағидалардың 26 – тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік гранттар алуға өтінімдерді (бұдан әрі-өтінім) қабылдауы және тіркеуі өтінімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін, осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкестігін, жобаны іске асыруға дайындық тұрғысынан тексеру өтінім қабылданған сәттен бастап 38 (отыз сегіз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша ұлттық институт 1 (бір) жұмыс күні ішінде кешенді сараптама қорытындысын қалыптастырады және Комиссияның қарауына шығарады;
3) кешенді сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия отырысы өткізіледі. Сараптамалық Комиссия отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып табылады.
Комиссия отырысына өтінім беруші өз жобасын көзбе-көз немесе аудио және бейнетіркеуі бар телекоммуникация құралдары арқылы таныстыру үшін шақырылады.
Қарау нәтижелері бойынша Комиссия өнеркәсіптік грант беру туралы немесе оны өтініш берушіге беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Ұлттық институт комиссияның шешімін уәкілетті органға келісуге жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
4) ұлттық институт уәкілетті орган Комиссия шешімін келіскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні шартқа қол қою қажеттігі туралы хабардар етеді немесе өтініш берушіге бас тарту негізін сипаттай отырып, өнеркәсіптік грант беруден бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Шартқа грант алушы не шарт жасасуға оның уәкілетті өкілі және ұлттық институт орналасқан жердегі ұлттық институт қол қояды.
Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалады.
14. Осы Қағидалардың тармақтарында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 44 (қырық төрт) жұмыс күнінен аспайды.
15. Комиссияның оң шешімін алған грант алушылар жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін жобаны іске асыруға арналған қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мақсатында грант алушының жобаны іске асырумен байланысты емес шығыс операцияларын жасау құқығынсыз депозитке салу шартымен Қазақстан Республикасының резиденті - екінші деңгейдегі банкте жеке ағымдағы шот ашады.
Банк шотын ашу туралы шартқа грант алушы, ұлттық институт және Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк арасында қол қойылады.
Шартқа қол қойылғаннан кейін грант алушы күнтізбелік жоспарға сәйкес мөлшерлерде жобаны қоса қаржыландыру үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаражатты жеке ағымдағы шотқа аударады.
Ұлттық институт грант алушыдан қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шығыстар сметасының күнтізбелік жоспарына сәйкес мөлшерлерде қаражатты жеке ағымдағы шотқа аударуды қамтамасыз етеді.
16. Қаржыландыру үшін мақұлданған жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік гранттар шеңберінде бөлінген қаражат өтінімдерде көрсетілген мақсаттарға пайдаланылады.
17. Өнеркәсіптік грант беру туралы жасалған шартқа сәйкес жобаның іске асырылу процесін бақылау мақсатында ұлттық институт күнтізбелік жоспарға және жобаны іске асыру шығыстарының сметасына сәйкес жобаның іске асырылу барысына тұрақты мониторинг жүргізеді.
18. Грант алушыға грант қаражатын аудару ұлттық институт жүргізген іс-шараларды іске асыру мониторингінің және грант алушының есепті кезеңде жүргізген шығындарын талдаудың нәтижелері бойынша кезең-кезеңімен (транштармен) өнеркәсіптік грант беру туралы жасалған шарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі, бірінші траншты қоспағанда, ол грант алушы өз қаражатын ашық жеке меншік қорға аударған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аударылады күнтізбелік жоспарға және шығыстар сметасына сәйкес екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шот.
19. Өнеркәсіптік грантты ұлттық институт кемінде екі траншпен аударады. Жоба бойынша гранттың барлық сомасын бір траншпен аударуға жол берілмейді.
3-тарау. Өнеркәсіптік гранттар беру өлшемшарттары
20. Өнеркәсіптік грант мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі:
1) отандық тауар өндірушілер болып табылатын;
2) шағын және орта кәсіпкерліксубъектілер болып табылатын;
3) қызметін ұлттық институтқа өтінім беру күніне дейін кемінде 3 (үш) жыл жүзеге асыратын ұйымдар;
4) Заңның 9-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілетін басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнімді өндіруге ғана бағдарланған өнім;
5) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;
6) жабдықтың меншік иесімен немесе өтінім берушімен жабдықтау жөніндегі құқықтарды басқаға беруді жүзеге асыратын тұлғамен үлестес болмауы тиіс;
7) қажетті біліктілік деңгейі бар инженерлік-техникалық персоналдың болуы;
8) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлеу мерзімі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) болмауы;
9) тарату процесінде болудың болмауы;
10) жоба құнының кәсіпорынның соңғы 3 (үш) жылдағы жиынтық жылдық табысынан аспайтын сомаға сәйкестігі;
11) өтінім берілген күні соңғы 3 (үш) жыл ішінде салық аударымдары бойынша оң серпінінің болуы (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы). Осы тармақшаның талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік үш жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын және/немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар қоса қаржыландыруға жатпайды.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Өтінім беру шарттары және қажетті құжаттар тізбесі
21. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар интернет-ресурс арқылы беріледі (өтініш беруші осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген электрондық өтінім мен электрондық құжаттар топтамасын береді).
22. Өтінімдерді қабылдау және қарау бойынша ақпараттық жүйе/интернет-ресурс болмаған/іркілістер болған кезде, өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде, бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжаттың болуы) және (немесе) оның міндетін атқарушы адам қол қойған PDF форматындағы электрондық құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште ұсынылады. нөмірленген түрде.
23. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған деректер көздері және есептеу жүргізілген күн көрсетіледі. Өтінім беруші өтінімді дайындау және ұсыну бойынша барлық шығыстарды дербес көтереді.
24. Өтінім беруші тек бір жобаға қатысуға өтінім береді және өтінімді қарау және мәлімделген жобаны іске асыру сатысында басқа жобалар бойынша өнеркәсіптік грант алуға үміткер бола алмайды.
25. Өнеркәсіптік гранттар беруді ақпараттық қамтамасыз етуді уәкілетті орган және ұлттық институт жүзеге асырады.
26. Өтініш беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) сатып алу шарттары көрсетілген жабдықты сатып алу туралы тараптардың ниетін растайтын алдын ала келісімнің көшірмесі;
3) бизнес-жоспар жобасы (Microsoft Word және PDF форматында ұсынылады);
4) үлестес тұлғалардың тізімі;
5) 1 (бір) жобаның компоненттері (іс-шаралары) және коммерциялық ұсыныстар алынған техникалық ерекшеліктер бойынша баламалы коммерциялық ұсыныс;
6) соңғы 3 (үш) жылдағы қаржылық есептіліктің көшірмесі (қаржылық есептіліктің жыл сайынғы аудитін жүргізу міндетті тұлғалар сондай-ақ көрсетілген уақыт кезеңі үшін аудиторлық есептерді ұсынады) басқа ұйымдардағы қаржылық қатысу туралы ақпаратты, баланс баптарының егжей-тегжейлі түсіндірмесін (қаржылық есептіліктің барлық баптарының сомасынан 10% және одан көп)қоса бере отырып;
7) корпоративтік кредиттік есеп;
8) өндірістік инфрақұрылымды растайтын құжаттар (ғимараттар мен құрылыстар);
9) еңбек шарты/қызмет көрсету шарты және инженерлік-техникалық персоналдың жоғары білімі және / немесе орта-техникалық білім туралы диплом;
10) өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау стратегиясы (болған жағдайда);
11) офтейк - келісімшарт (болған жағдайда).
27. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:
1) бірыңғай папкаға қалыптастырылады;
2) бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжаттың болуы) әрбір парағын куәландырады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалана отырып куәландыруға жол берілмейді;
3) араб цифрларымен толассыз нөмірлеу;
4) өтініш беруші мөрінің (бар болса) бедерімен әр парақтап куәландырылады.
Ұлттық институт ресми ашық көздерден алған құжаттар қарауға жатады:
1) тіркелген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі, филиалы немесе өкілдігі туралы анықтама;
2) есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) отандық өндіруші мәртебесін растайтын құжаттар /ақпарат ("СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат, Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігі туралы Сертификат / Декларация, Индустриялық сертификат).
4) тарату процесінде болудың болмауы;
5) кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама.
28. Өтінім материалдарына лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың (бар болса), дипломдардың және жобаға қатысушылардың біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Өнеркәсіптік грант беру туралы шарт жасалған өтінім материалдары жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде жарамды және өтініш берушіге қайтарылмайды.
29. Қабылдау мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінім тіркеуге және қарауға жатпайды.
Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларына қосымша |
Өнеркәсіптік грант алуға өтінім
Өтініш берушінің атауы | |
Өнеркәсіптік грант алу үшін қажетті материалдар топтамасымен осы өтінішті жолдайды. | |
Жоба атауы: | |
Басым тауарлар тізбесіне сәйкес өнім атауы | |
Өнеркәсіптік гранттың сұратылған сомасы,теңге(санмен және жазумен) | |
Толықжобақұны, теңге(санменжәнежазумен) |
Өтініш беруші туралы ақпарат
Өтініш берушінің атауы: | |
Құрылған күні: | |
Тіркеу деректері: | |
Өтініш берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) | |
Банктік деректемелер, есеп шоты, валюталық шоты, банктік жеке код | |
Алынған және өтелмеген теңге және валюталық несиелер | |
Телефон (мобильді, жұмыс) | |
Электрондық пошта мекенжайы | |
Ресми сайт | |
Өтініш беруші кәсіпорнының көлемі: | |
Шағын (100 жұмыскерге дейін және орташа жылдық табыс 300 мың айлық есептік көрсеткіштен артық емес) | Орта (100 бастап 250 жұмыскерге дейін және орташа жылдық табыс 300 мыңнан 3 млн. айлық есептік көрсеткішке дейін) |
Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне | |
Жұмыскерлердің нақты саны, соның ішінде: | |
инженерлік-техникалыққызметкерлер | |
әкімшілік-басқарушы қызметкерлер | |
Басқа | |
Құрылтайшылар (қатысу үлесін көрсетумен (болған жағдайда): | |
Бірінші басшы туралы ақпарат: | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Білімі/Ғылыми дәрежесі/берілген жылы | |
Телефон (мобильді, жұмыс) | |
Электрондық пошта мекенжайы | |
Лауазымы | |
Байланыс мекенжайы | |
Жауапты адам: | |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | |
Телефон (мобильді, жұмыс) | |
Электрондық пошта мекенжайы | |
Лауазымы | |
Байланыс мекенжайы |
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жоба мақсаты: | |||||
Жоба міндеттері: | |||||
Жобаны іске асыру орны | |||||
Жобаны іске асыру мерзімі | |||||
Өткізу нарығы (ел, өңір) | |||||
Осы жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма: | |||||
Иә | Жоқ | ||||
"Иә" болса, қандай көлемде, бағдарлама атауын, жобаны және алынған қаржыландыру сомасын көрсету қажет | |||||
Жоба командасының құрамы: | |||||
№ | Тегі, аты, әкесініңаты (болған жағдайда) | Жобадағы лауазымы/ Негізгі жұмысындағы лауазымы | Жұмыс тәжірибесі (жобаны іске асыру үшін қажетті) | Жобаға қатысуы (%) | |
Өнеркәсіптік грант туралы қандай көздерден білдіңіз? өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтының сайты өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтының таратуы өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтының семинарлары,конференциялары теледидар әлеуметтік желілер |
Осымен осы өтінім бойынша құжаттарды, материалдарды және ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметтерді қамтитын ақпаратты ұлттық институт, оның ішінде бөгде тұлғаларды тарта отырып сараптамалық бағалау жүргізген кезде пайдалануға, сондай-ақ, өтініш беруші туралы, барлық көздерде кредиторлық берешектің болуы (болмауы) туралы деректер жинауға өз келісімімді беремін, оның ішінде корпоративтік кредиттік есеп.
Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің дұрыстығын растаймын және дәйексіз деректерді ұсыну фактілері анықталған кезде өтінім қараудан бас тартылатыны ескертілді. Дәйексіз ақпарат ұсынған кезде өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Осымен осы өтінімге қоса берілетін материалдардың, ақпараттың, техникалық-технологиялық шешімдердің және ілеспе құжаттаманың қолдануға және таратуға қандай да бір шектеулері жоқ екенін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтымайтынын растаймын.
Сондай-ақ, ұлттық институтқа өтінім берген сәтте банкроттық сатысындағы не дәрменсіздік нәтижесінде таратылған, мүлкіне тыйым салынған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің меншік иелері және (немесе) басшылары болып табылатын немесе болған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі, меншік иесі және бірінші басшысы болып табылмайтынымды растаймын.
Осы арқылы сұратылып отырған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және /немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растаймын.
Осымен өнеркәсіптік гранттар беру шарттарымен келісетінімді растаймын. Талап етілетін материалдар және (немесе) құжаттар ______парақта қоса беріледі.
Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабар жүргізуге арналған электрондық пошта мекенжайы: _________________________________________________
Ескертпе: өтініш ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе уәкілетті адам қол қояды. Басшы ауысқан және байланыс деректері (пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы және телефоны) өзгерген кезде Ұлттық институтты хабардар ету қажет.
Өтініш беруші атынан қол қою өкілеттігі бар тұлғаның лауазымы |
__________________________________ |
Материалдарды және (немесе) құжаттарды алу туралы белгі
(Ұлттық институтпен толтырылады)
Алған күні: | 20 __ жылғы "_____" ________________ |
Өтінімнің тіркеу нөмірі | №_____ |
Тіркеуші |
__________________________________ |